СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көшедегі қауіпсіздік

Нажмите, чтобы узнать подробности

мммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммсчссссссссссссссссссссссссс

Просмотр содержимого документа
«Көшедегі қауіпсіздік»

Балаларды көшедегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу

Балалар-жол қозғалысына қатысушылардың ең әлсіз категориясы. Сондықтан көшедегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу кіші жастан басталуы тиіс.

«Қауіпсіз мінез-құлық негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары балаларды жол қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруды қамтиды. Қоғамдық орындарда дұрыс мінез-құлық дағдыларына тәрбиелеу мектеп жасына дейінгі балаларға көшелерде, жолдарда және көлікте қауіпсіз әрекет ережелерін үйретуді қарастырады.

Балаларға жол қозғалысының қауіпсіздігі негіздерін үйрету бойынша тәрбиелік-білім беру жұмысының мақсаты оларда көшедегі қауіпсіз мінезқұлықтың қалыпты, жағымды әдеттерін тәрбиелеуге қажетті біліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Білім беру процесін:

  • балалар көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын, жол белгілерін, бағдаршамдарды, жаяу өтпе жолдарды бақылайтын мақсатты серуендер кезінде жол кеңістігін тікелей қабылдау арқылы;

  • жол тақырыбы бойынша арнайы дамытушы және үйретуші ойындар барысында жүзеге асыру ұсынылады.

Баланың ненің дұрыс немесе бұрыс екенін түсінуі, өзінің және өзгелердің қылықтарына саналы қатынасы сияқты дағдылары мен әдеттерін дамыту маңызды. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларда өздерінің реніштерімен, талап-тілектерін тежей білу әдеттерін (мысалы, қауіп төнгенде қашу және т.б.) қалыптастырудың маңызы зор. Оларға балабақша шегінен тысқары шығып кетуге болмайтынын, көшеге тек қана ересектермен шығуға болатынын және міндетті түрде ересектің қолынан ұстауы тиіс екендігін түсіндіру қажет. Балаларды үнемі: жол қозғалысы тақырыбы бойынша қауіпті және қауіпсіз жол жағдаяттарын талдауда, ұйымдастырылған оқу қызметтері, ойындар, серуендер, арнайы жаттығулар, дамытушы қимыл дағдылары барысында, сурет бойынша альбомдарда тапсырмаларды орындауда, штрихтар жүргізуде, құрастыруда тәрбиелеп отыру керек.

Балалар өздері барлығын көруі, естуі, ұстап көруі және тануға ұмтылысын іске асыруға тиісті жұмыста дәстүрлі түрде қолданылатын көрнекілік ұстанымының маңызы ерекше.

Осылайша, Үлгілік бағдарлама көшедегі қауіпсіз мінез-құлықтың пайдалы дағдылары және әдеттерін қалыптастыру мен дамытуды өзіне мақсат етіп қояды.

Дидактикалық ойындар балалар жолда бағдарлай білуі үшін қажетті біліктерін, танымдық қабілеттерін дамытуға:

-көлік жақын келетін қауіпті жерлерді байқауға;

-көліктің көлемін ажыратуға;

-жақындап келе жатқан көлікке дейінгі арақашықтықты анықтауға;

- жол белгілеріне, бағдаршам белгілеріне сәйкес бағдарлауға;

-жедел қызмет нөмірін теруге;

-өз ойларын байланыстырып жеткізе білуге ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке дамуының түрлі деңгейін ескере отырып, жұмыс олардың қызығушылықтары ескеріліп, жүргізілуі тиіс.

Балабақшада әр топта «тәуекел тобына» енетін балалар бар екендігін ұмытпау керек. Бұл шектен тыс қимыл-қозғалыстары белсенді балалар немесе керісінше, қимыл-қозғалыстары тежеулі балалар болуы мүмкін. Балалармен жұмысты тәрбиеші олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізеді және міндетті түрде ата-аналарымен кеңестер ұйымдастырады.

Балаларды диалогке белсенді түрде қатыстыруға бағытталған оқытудың интерактивті әдісін қолдану тиімді болып келеді. Осы әдістің көмегімен тәрбиеші балаларға көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысын көз алдарына елестетуге, нақты жағдайларда қауіпті және қауіпсіз әрекеттерді түсінуге, оларда көрнекі ақпаратты бақылауға, салыстыруға, талдауға, жалпылауға және қорытындысында оны шынайы жол оқиғаларына ауыстыруға көмектеседі.

Бір жас тобынан келесі жас тобына өткенде балада көшедегі қауіпсіз мінезқұлық негіздері бойынша белгілі бір білімдері болуы тиіс, осылайша білімдерін кеңейтіп, олар мектепте барғанда көшеде бағдарлай білуі және жол қозғалысы ережесін анық білулері қажет.

Кіші топта қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыруды серуенде өткізген жөн (балалар өздері көру үшін).

Серуенде тәрбиеші балаларға жаяу жолды, жолдың жүретін бөлігін көрсетеді, олардың мәнін түсіндіреді. Балалар кімді жүргізуші, жаяу жүргінші, жолаушы деп атайтынын біледі. Бағдаршам туралы түсінік бергенде қозғалысқа тыйым салатын қызыл және сары белгілердің және қозғалысқа рұқсат ететін жасыл белгінің мағынасын түсіндіреді.

Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балалар көлік қозғалысын, жаяу жүргіншілерді бақылайды, көлік түрлерін атауы және көлемі (үлкен/кіші) бойынша ажыратуға үйренеді: жеңіл автокөлік, трамвай, автобус, троллейбус және т.б. Педагогтің балаларға шынайы автокөліктердің оларға таныс ойыншық автокөліктермен салыстырғанда қауіпті екенін түсіндіруі маңызды.

Жол жағдаяттарын көрнекі модельдеуге жүгіну пайдалы. Ең тиімді әдісбалаларға әрбір әрекетті дауыстап айтатын машиналармен ойындар ойнату (автокөлік бұрылды, артқа шегінді, жылдамдығын ұлғайтты және т.б.).

Балалардың кеңістікте дұрыс бағдарлауын дамыту үшін оларды заттардың тұрған орнын (оң жақта, сол жақта, алдында, артында, жоғарыда, төменде),олардың өлшемдерін анықтауға, заттарды осы параметрлер бойынша салыстыруға үйрету керек.

Осындай әрекеттер нәтижесінде олар бағдаршам, көлік, жол туралы білім алады. Балалар көшеде жүргенде ересектің қолынан ұстауға әдеттенеді. Мектепке дейінгі орта жастағы балалармен серуенде төңіректі бағдарлауға үйрету балабақша аумағын бағдарлаудан басталуы тиіс. Сонымен қатар, тәрбиеші міндетті түрде балабақша аумағынан тысқары шығуға болмайтынын түсіндіруі керек.

Мектепке дейінгі ұйымның аумағынан тыс серуенде балалардың көлік құралдары, олардың түрлері және құрылымдық ерекшеліктері туралы білімдері кеңейтілуі тиіс. Тәрбиеші балаларға жаяу жүргіншілерге қауіпсіз көше бөліктерін: жаяу жолды, жаяу жүргінші жолын, ересектің қолынан ұстап өтуге болатын жолдың жүретін бөлігін көрсетеді.

Көшеде көзбен шамалауды және көздің қырымен көруді дамытуға арналған жаттығуларды жүргізу пайдалы. Осылайша, балаларда жолдағы қауіпті сезіне білулері және ажырата білулері қалыптасады.

Топта педагог балаларға жол жағдаяты туралы әңгіме құрастыруға тапсырма береді. Мысалы, балалардың машинамен қалай жүріп келгендерін (автобуста, трамвайда және т. б.) немесе балабақшаға қалай жаяу келгендерін әңгімелеп берулеріне болады. Тәрбиеші балалардың көшеде қандай орындар қауіпті болып табылатыны туралы түсініктерін бекітеді, сондай-ақ балалардың жол қозғалысына байланысты сөздерді қаншалықты жақсы игергенін анықтайды.

Түсіндіру барысында көрнекі материал: қауіпті жағдайлар бейнеленген кітаптар мен плакаттарды қолдану тиімді.

Бес жасқа қарай балалардың көшедегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктері кеңейтіледі, жолда болып жатқан оқиғаларды бақылау дағдылары қалыптасады.

Ересек топта балаларды жол қозғалысы және жаяу жүргіншілердің ерекшеліктерімен таныстыру жалғасады. Балалардың тәрбиешілердің

қатысуымен балабақша аумағында еркін бағдарлай білулері бекітіледі. Олар атааналарының балабақшаға қандай бағдарлық көлікпен келетінін түсіндіре білулері керек.

Мектепке дейінгі ұйым аумағынан тыс серуендер кезінде балалардың назарларын басқа жаяу жүргіншілердің дұрыс және бұрыс әрекеттеріне аударту ұсынылады. Педагог кейбір жаяу жүргіншілердің бұрыс әрекеттерін, неліктен олардың әрекеттері қауіпті және қауіпсіз жағдайда болу үшін не істеу керек екенін балалардың өздері әңгімелеп бере алатындарын бақылауы тиіс.

Ірі және шағын көлемді көліктердің: үлкен жүк көліктерінің, автобустың, троллейбустың және үлкен көліктердің артынан көрінбейтін жеңіл автокөліктердің, мотоциклдердің қозғалыс ерекшеліктеріне балалардың назарын аударту. Педагог егер жаяу жүргінші белгіленбеген орында жолдан өтсе, ол үлкен көліктің артында жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоциклді, жеңіл көлікті көрмей қалуы мүмкін екендігін түсіндіреді. Автокөлік (мотоцикл) жүргізуші де егер жаяу жүргінші белгіленбеген орында жолдан өтсе көрмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде көліктің жаяу жүргіншіні қағып кетуі орын алады.

Қызықты және тиімді жұмыс түрі балалардың көшедегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын автоматтандыруға дейін жеткізетін рөлдік ойындар болып табылады.

Тәрбиеші балаларды макеттің айналасына орналастырып, оларға қала, көше, бағдаршам, жаяу жүргінші жолы туралы әңгімелеп беруіне болады. Жаяу жүргіншілер мен көлік пішіндерін қолданып, жол қозғалысы ережесін бұзған жағдайда не болатынын көрнекі түрде көрсету. Өзін көшеде және жолда қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіру, көше қиылыстарындағы көліктің қауіпті бұрылыстарын көрсету.

Даярлық топтың балаларына ерекше көңіл бөлу керек, олар- болашақ мектеп оқушылары, мектепке барғанда өздері жолдан өтіп, жаяу жүргінші мен жолаушының міндеттерін орындайтын болады. Бұл топта таным процестері: зейінді, қабылдауды, қиялды, ойлауды, есті, сөйлеуді дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу қызметтері жалғасады.

Даярлық топ балаларының кеңістік аралығын және кеңістікте бағдарлауды қабылдау қабілеттерін дамыту қажет. Олар жүргізушінің, жаяу жүргінші мен жолаушының әрекеттеріне өздері баға бере білулері, көшедегі қауіп-қатерді көре білулері тиіс.

Осы жастағы балалар жол жағдайын көру, есту (бағдаршам белгісін көрді, автокөлік жүргізушісінің ескерту дыбыстық белгісін естіді және т.б.) арқылы бақылай білуге, бағалай білуге, жолдағы қауіпті орындарды түсіндіре білуі тиіс.

Топтардағы заттық-дамытушы орта мазмұны:

Бірінші кіші топ (2-3 жас): көлік құралдарының ойыншықтар жиынтығы, көлік құралдары бейнеленген иллюстрациялар, қызыл және жасыл түсті дөңгелектер, жаяу жүргіншілер бағдаршамының макеті, «Көлік» сюжетті-рөлдік ойынға арналған атрибуттар (түрлі-түсті рөлдер, төс белгілер, көлік түрлері бейнеленген желеткелер), дидактикалық ойындар «Машина құрастыру» (4 бөліктен), «Бағдаршам».

Екінші кіші топ (3-4 жас): бірінші кіші топтың жол қозғалысы қауіпсіздігі бұрышында бар заттарға: «Жолаушылар қандай көлікпен жол жүреді», «Ұқсас суретті табу» көлік түрлерін топтастыруға арналған ойындар үшін суреттерді, жаяу жол мен жолдың жүретін бөлігі көрсетілген көшенің қарапайым макетін, көлік бағдаршамының макетін қосу ұсынылады. Ортаңғы топ (4-5 жас): екінші кіші топтың жол қозғалысы қауіпсіздігі бұрышында бар заттарға: ауыстыру белгілері бар бағдаршам макетін, «Өз түсіңді тап», «Бағдаршам құрастыр» дидактикалық ойындарын, жаяу жүргіншілер жолы көрсетілген көше макетін қосуға болады.

Ересек тобы (5-6 жас): ортаңғы топтың жол қозғалысы қауіпсіздігі бұрышында бар заттарға: алмалы-салмалы заттары бар көше қиылысының макетін, «Жаяу жүргіншілер өтпесі», «Жер асты жаяу өтпесі», «Автобус тоқтайтын орын», «Балалар», «Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады», «Велосипедпен жүруге тыйым салынады», «Велосипед жолы», «Орын бер», «Аурухана», «Телефон», «Тамақтану пункті» жол белгілерінің жиынтығын, «Белгілер нені білдіреді?», «Қиылыс», «Біздің көше» дидактикалық ойындарын,

«қауіпті жағдаяттар» картотекасын қосуға болады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!