Құқық және біз
Мақсатым:
Оқушыларға азаматтық құқық түсінігін беру, оның қағидаларымен таныстыру; құқық қабілеттілігін ұғындыра отырып, олардың қызығушылығын арттыру; құқықтық мәдениетін көтеру, құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу.
Елімізде жүргізіліп жатқан саяси- экономикалық және рухани- әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арасындағы байланыстарды реттеп отыруы қажет. Қоғамда қылмыс өсуде, қоғам мен жеке адамдардың меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық, адам өлтірушілік, өзін-өзі өлтіру, т.б. орын алуда.
Көптеген азаматтар заңның үстемдігі жоқ, мемлекеттік ұйымдар құқық талабын іске асыруға дәрменсіз, азаматтардың өз құқығын таратуға, іске асыруға кепілдік жоқ деп есептейді. Бұлардан шығатын қорытынды — әрбір адамның құқықтық санасын көтеру керек. Осы төңіректе оқушылар, сендер не айтасыздар? Қандай ойларыңыз бар?
1-оқушы:
- Қазіргі уақытта адамдар өте күрделі, жан-жақты құқықтық ақпарат алуға ұмтылуда. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және лауазымды адамдар әрбір азаматты өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті екендігі Конституцияда тұжырымдалған.
2-оқушы:
- Уақыт өте келе халықтың саяси мәдениеті мен санасы өсіп келеді. Құқықтық ілімді насихаттаудың тәсілдері көп. Құқықтық тәртіп бұзушылар құқықтық ілімді өздерінің заңсыз іс-әрекеттерін жасыруға, қоғам алдындағы жауапкершіліктен тануға пайдаланғысы келеді.
Мұғалім:
- Олай болса, күн тәртібінде құқықтық насихатты одан әрі жақсарту, құқықтық ілімді тарату ғана емес, заңды оқыту, оны ұйымдастыру мәселесі қойылып отыруы тиіс. Ол қоғамның барлық жіктері мен топтары үшін маңызды қажеттілік. Құқыққа, заңға құрметпен қарау талабын іске асыру үшін көп күш-жігер қажет.
ІІІ. Қазір біз осы тақырыпқа байланысты білім деңгейімізді бақылау үшін бірнеше тапсырмалармен жұмыс жүргіземіз.
№ 1. Глоссарий: «Тәртіп орнат»
(мына сөздерді байланыстыр):
Құқық | Еліміздің негізгі заңы |
Конституция | Мемлекет басшысы |
Мемлекет | Негізгі саяси- қоғамдық ұйым |
Азамат | Тәуелсіздік |
Құқық бұзушылық | Заңдар жүйесі |
Президент | Заң шығарушы орган |
Парламент | Заң жүйесін бұзу |
Егемендік | Құқығы бар ел тұрғыны |
№2. Байқау. «Құқық дегеніміз не?»
(кесте толтыру)
Құқықтың түрлері қандай?
Адам құқығы қашан пайда болды?
Адамның негізгі құқығы
Бостандық деген не?
Мемлекеттік биліктің үш тармағы
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
Жеке саяси экономикалық
Туғанынан беріледі
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
Бостандық – таңдау мүмкіндігі
Заң шығарушы, атқарушы, сот
Халық
3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері (тақтамен жұмыс)
Оқушылар өздері білетін міндеттерді кезектесіп тақтаға жазады.
Заңдарға бағыну.
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.
Қаржы, салықтарды төлеу.
Тарихи, мәдени байлықтарды сақтау.
Табиғатты, табиғи байлықтарды сақтау.
Ата-ананың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата-ана алдындағы міндеттерін орындауы.
№4. Талқылау: «Жаза мен қылмыс» (оқушылардың пікірлерін сараптау)
Жол ережесін бұзу
Қылмыс жасағандарға қоғам кінәлі ме?
Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
Қылмыскерлерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?
№5. Сіз білесіз бе? Конституция жайлы бірер сұрақ
(ауызша жүргізіледі)
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
ҚР-ның ең қымбат қазынасы
ҚР-ғы мемлекеттік тіл
«Заң мен соттың алдында жұрттың бәрі тең» деп нешінші бапта айтылған?
Ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы
Әрбір азаматтың қасиетті борышы, парызы
Заң шығарушы ең жоғарғы өкілді орган
ҚР-ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?
34-бапта не жазылған?
Сенат депуттаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?
Президенттік басқару нысанын- дағы біртұтас мемлекет (2-бап)
Адам, адамның өмірі, құқықтары, бостандықтары (1-бап)
Қазақ тілі (7-бап)
14-бап
Балаларын қамқорлық жасау, тәрбиелеу (27-бап)
ҚР-сын қорғау
Парламент (49-бап)
Жоқ (10-бап)
Әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті
Алты жыл (50-бап)
№6. Жоба қорғау.
(оқушылар бірігіп қорғайды).
«Бақытты өмір» дегенді қалай түсінеміз?
Тірек сөздер: тәуелсіз ел, бақытты балалық шақ, шат күлкі, адамгершілік
IV. Қорытындылау.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Ол заңды қолданғаннан гөрі құқық тәрбиесін жүргізуге үлкен әсер етеді. Мұндай жағдайда қоғам да, жеке адам да құқықтық тәрбие мемлекеттік құрылысты қалыптастырудың, қоғамдық қатынасты реттеудің құралы екендігін мойындайды, қоғамға әлеуметтік тұрақтылық береді. Өмірдің шындығы және оған деген сенім адамдардың іс-әрекеттерімен ғана нығайтылады. Құқық мәдениетін дамыту және нығайту құқықтық ақпаратты және құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар құқықтық шығармашылық қызметке халықтың қатысуы оның жағымсыз көріністер мен құбылыстарға қарсы күресінде, қоғамның қарыштап ілгері дамып, түбегейлі жаңаруында маңызды орын алады.