СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қыс келді»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.12.2018                                                                                                                                 Тәрбиеші: Абенова М.К.

Білім беру саласы: Таным                                                                                                                                   Пән: Жаратылыстану                                                                                                                                     Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»                                                                                                                                                  Тақырыбы: «Қыс келді»                                                                                                                                                     -Тәрбиелік: Табиғатты бақылауға,жақсы көруге,қоршаған ортаны сұлулығын көруге тәрбиелеу.                                                                             - Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын , танымдық қабілеттерін дамыту.                                                                                                                                            -Оқыту: Бақылауға салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар:денсаулық технологиясы,ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, қар, ұлғайтқыш                                                                                     Көптілділік: табиғат-природа-nature, қар-снег-snow

Просмотр содержимого документа
««Қыс келді»»

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.12.2018 Тәрбиеші: Абенова М.К.

Білім беру саласы: Таным Пән: Жаратылыстану Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді» Тақырыбы: «Қыс келді» -Тәрбиелік: Табиғатты бақылауға,жақсы көруге,қоршаған ортаны сұлулығын көруге тәрбиелеу. - Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын , танымдық қабілеттерін дамыту. -Оқыту: Бақылауға салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар:денсаулық технологиясы,ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, қар, ұлғайтқыш Көптілділік: табиғат-природа-nature, қар-снег-snow


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам. Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?
2. Қыста адамдар қалай киінеді?
3. Қыс мезгілі қызықты деп неге айтамыз?
4. Қар қандай болады? 5. Қардан не жасаймыз? 6. Біз қыста терезелердегі суреттерді қалай атаймыз?
Қыс мезгілінің суретін қарастыру.
Қыс келді. Айналаның бәрі аппақ. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұтақтарын қырау басқан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Үйдің мұржасынан түтін шығып жатыр. Балалар қыста шана, шаңғы, коньки тепкенді жақсы көреді. Кейбір балалар жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалар қардан аққала жасады. Қыстап қалған құстар бұтақтарға қонып отыр. Балалар істеген жұмыстарына қуанды.
Сергіту сәті:
Қарды домалатып аққаланы жасаймыз. Тағы, тағы домалатып аққаланы жасаймыз. Қолдарында, аяғында жасаймыз. Көздерінде, қастарында жасаймыз. Мұрынында жасаймыз.
Дидактикалық ойын : « Кім жылдам» .

Шарты:Суреттерден қысты құрастыру, киімдерді топтастыру, қысқы ойындарды сурет бойынша табу.

-Балалар сендер кар , аяз туралы жұмбақ білесіндер ме? Жұмбақтар: Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ , тістап алады. -Ал, балалар біз енді осы ұлпа қарларды біз сіздермен әртүрлі заттардан құрастырамыз, ол үшін үш топқа бөлінеді. Балалар мұз, қармен әр түрлі тәжірбиелер жасауға болады. Мұз дегеніміз не? Мұзды суға айналдыру үшін не істейміз. -Ендеше, біз сіздермен тәжірбие жасаймыз. Мұз- қатып тұрған су. Мұзды ұстап көрсек ауыр, түссіз. Мұз еріп ,суға айналады. Су стаканда қандай түссіз. Суға түйме салайын көрініп тұр. Енді бояу қосамын. Су өзгерді, түйме көрінбей қалды. Судың түсін өзгертуге болады. Қар еріп, суға айналды. Қар жылы жерде еріп кетеді.

Қар жұмсақ, ал мұз.........

Қар ақ, ал мұз........


ІІІ. Қорытынды.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, дұрыс, қыс мезгілі.
- Қыстың қандай ерекше белгілерін білесіңдер?
- Қыста қар, боран, аяз, күн суық болады.
- Қыста балалар не тебеді?
- Қыста балалар шана, шаңғы, коньки тебеді.
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Сұрактарға жауап береді.