СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 26.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Латын Америкасы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Латын Америкасының шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Просмотр содержимого документа
«Латын Америкасы»

9


Жанәділ Орынбасар Басарұлы

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ


ГЕОГРАФИЯ. Дүние жүзіне аймақтық шолу / жаратылыстану-математика бағыты /

11 сынып.


Сабақтың тақырыбы: Латын Америкасының шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі – Латын Америкасының шаруашылығы туралы білім беруде құрылымдық салаларымен дүниежүзілік шаруашылықта алатын үлесі туралы оқып-үйрену және сыртқы экономикалық байланыстарымен танысу.

2. Дамытушылығы – оқушылардың топтық жұмыстары арқылы оқулық мәтінін пайдалана отырып, карталар мен диаграмма, сызбалармен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі қалыптастыру.

3.Тәрбиелілігі – аймақтың шаруашылықты жүргізу барысында туындайтын экологиялық проблемаларды анықтау және оны шешу жолдарын үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Оңтүстік Американың саяси картасы.

Дидактикалық материалдар: тапсырмалар жазылған картачкалар, өзін-өзі бағалау парқтары.

Пәнаралық байланыстар: тарих, өнер, экономика.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, лекция-диалог.

Сабақтың әдісі: жартылай ізденіс, топтық жұмыс


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру (сыныпты сабаққа дайындау)

2. Өткенді қайталау ( ауызша сұрау).

Тақырып: Латын Америкасының халқы.

1. Еуропалық отаршылдыққа дейін Латын Америкасында қандай халықтар өмір сүрді ?

( үндістер ) 1 балл

2. Үндістердің аса ірі мемлекеттерін атаңдар.

( ацтек, мая және инктер ) 1 балл

3. Аймақта нәсілдердің араласуынан қандай жаңа этностық топтар қалыптасты?

( метистер, муллаттар, самбо ) ) 1 балл

4. Латын Америкасы мен Ағылшын Америкасы халқының құрамында айырмашылықтар бар ма, оларды немен түсіндіруге болады?

( Латын Америкасының ресми тілдері – испан, португал , ал Ағылшын Америкасының ресми тілдері - ағылшын ) 2 балл

5. Латын Американың этникалық құрамының қалыптасуы неше құрамдас бөліктерден тұрады?

( төрт ) ) 1 балл

6. 1-ші құрамдас бөліктердің халықтарын кімдер құрайды?

( үндістердің арғы аталары – Мексикадағы ацтек, мая, Андыдағы - инктер

2 балл

7. ІІ-ші құрамдас бөліктерге ше?

( Еуропадан келген жер иеленушілер. Олар негізінен Испания мен Португалиядан келгендер. Оларды «креолдар» деп атайды) 2 балл

8. ІІІ-ші құрамдас бөліктерге ше?

( Африкалықтар құрайды. ХҮІ ғ. еуропалықтар құрлықтың табиғат байлықтарын игеру және Вест – Индия мен Бразилияға плантацияда жұмыс істеу үшін әкелінген негр құлдар. ) 2 балл

9. ІҮ-ші құрамдас бөліктерге ше?

( Еуропа мен Азия елдерінен келген иммигранттар. Олар- италияндықтар, немістер, поляктар, арабтар, жапондар, индонезиялықтар т.б. )

2 балл

10. Аймақтағы халқының құрамы әркелкі мемлекеттерді атаңдар:

( Бразилия, Мексика, Венесуэла, Колумбия, Кариб алабы мемлекеттері ) 2 балл

11. Азиялықтар басым мемлекеттер:

( Суринам мен Гайана ) ) 1 балл

12. Еуропалықтардың үлесі жоғары елдер:

( Аргентина - 93%, Уругвай - 88%, Косто-Рика - 87% ) 2 балл

13. Үндістер басым елдер:

( Боливия - 63%, Гватемала - 54%, Перу - 47% ) 2 балл

14. Бразилиялықтардың ерекшеліктері неде?

( африкалықтардың дәстүрлі мәдениетінің көптеген элементтерін бойына сіңіруі.) 2 балл

15. Мәдениеттің қандай элементтерін атауға болады?

( діни нанымдары мен мерекелері, әдет-ғұрыптары мен киім кию үлгісі және т.б.) 2 балл

16. Бразилияда жылда өтетін ең үлкен қандай мереке?

( к а р н о в а л ) 1 балл

17. Карновалдардың түп тамыры неде?

( африкалықтардың көсемді таққа отырғызуға арналған салтанатты шеруінің өзгертілген түрі ) 2 балл

18. Карновалда орындалатын самбо биі нені бейнелейді?

( африкалық құлдардың қант қамысы плантацияларында еңбек ету үрдісі бейнеленген ) 2 балл

19. «Сенімге кірген ақ адамдар » деп кімдерді атайды?

( бай муллаттарды ) ) 1 балл

20. Латын Америкасындағы 33 елдің қаншасы испан тілін мемлекеттік тіл деп санайды?

( 18 ел ) ) 1 балл

21. Бразилиялықтар қай тілде сөйлейді?

( португал ) ) 1 балл

22. Ағылшын тілінде қай мемлекеттер сөйлейді?

( Кариб аралдарындағы 12 ел ) ) 1 балл

23. Діни құрамы қандай?

( 90%-н астамы католиктер ) ) 1 балл

24. Католиктердің саны көп мемлекеттер:

( Бразилия -132 млн., Мексика – 76 млн.) 2 балл

25. Латын Американың халқының саны қанша?

( 2000 ж. 518 млн. ) ) 1 балл

26. Адамдардың өмір жасының орташа тығыздығы қанша?

( 70 жыл ) ) 1 балл

27. Халықтың орташа тығыздығы қандай?

( 1 км² - 24 адамнан) ) 1 балл

28. Халықтың ең тығыз орналасқан жерлері:

( Кариб алабындағы Барбадоста 1км² - 700 адам ) 2 балл

29. Урбандалу дәрежесі жөнінен қай мемлекеттер жетекші орын алады?

( Уругвай - 91%, Аргентина - 89%, Венесуэла - 86%, Чили - 85% ) 2 балл

30. Миллионер қалалардың саны қанша?

( 40 қала ) ) 1 балл

31. Бразилияда қанша миллионер қала бар?

( 18 қала ) ) 1 балл

32. Аймақ бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны қанша?

( 40 млн. адам ) ) 1 балл

33. Ең ірі агломерацияларды атаңдар:

( Мехико, Сан-Паулу, Буэнос-Айрес ) 2 балл


3. Жаңа сабақ:

а/ оқушыларды 4 топқа бөлу,

ә/ сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру

б/ әрбір топқа өз беттерімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар үлестіру

( топтың тапсырмалары қосымшада көрсетілген)

Оқу элементтерінің реті


Тапсырмалар көрсетілген оқу материалдары

Жұмысты орындау уақыты / балл


ОЭ-1



ОЭ-2








ОЭ-3











ОЭ-4


Мақсаты: Қара металлургия өнеркәсіп саласының даму ерекшеліктерімен танысу.


Оқулықтың 194 бетіндегі Қара металлургия тақырыпшасындағы мәтінді оқып, мынаны анықтаңдар:

1.Жергілікті шикізат базасының жағдайын.

2.Жаңа технологияны пайдалану нәтижесін.

3. Болат балқытудан ерекше көзге түсетін мемлекеттерін.


Оқулықтың 196 бетіндегі 26 суретке, атластың 15 бетіндегі Қара металлургия картасына сүйене отырып, мынаны анықтаңдар:

2.Қара металлургия шикізаттарының таралған аумақтары мен елдерін.

6.Жан басына шаққанда болат өндіру мөлшерін.

7. Дүние жүзі бойынша болат өндірудің жалпы мөлшерін.

8. Темір кені мен болат прокатын экспорттау бағыттарын.


ОЭ-2; ОЭ-3 тапсырмаларын орындай отырып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:


1. Аймақтағы қара металлургиясының даму ерекшеліктері қандай? Темір рудасының мол кен орындарының шоғырланған елдерін атаңдар.

2. Болат балқытуда негізгі көрсеткіштері қандай? Болат прокаты қайда экспортталады?








4 мин.







3 мин.













2



3


в/ топтың берілген тапсырмаларын қорғауы. Бөлінген топтар жеке шаруашылық салаларына сипаттама береді.


Оқушыларға берілетін карточка үлгісі:

І-ші топ

Топ басы - Төлепов Бектұрсын

р/с

Шаруашылық салалары

Негізгі шикізаттар

Экспорт

/ қайда?

Импорт

/ қайдан?

Негізгі көрсеткіштер


1.


Энергетика










Бағасы:


4. Жаңа сабақты бекіту: Оқушылардың өз бетінше қорытынды кестені толтыру және қорғауы.

Латын Американың шаруашылығына жалпы сипаттама беру кестесі

р/с

Шаруашылық салалары

Негізгі шикізаттар

Экспорт / қайда?

Импорт / қайдан?

Негізгі көрсеткіштер


1.


Энергетика



а/ мұнай, газ









б/ өзен сулары


Батыс Еуропа мен АҚШ


Парсы шығанағы, Солтүстік Африка, Қазақстан (офф-шорлық зона)


- Мұнай кендері: Бразилия, Аргентина, Эквадор, Перу, Колумбия.

- Д/жүзінде өңделетін мұнайдың 14%-ы тиеселі.

- Мұнай өндіру – Мексика 4-ші (180 млн. т), Венесуэла 8-ші орында (150 млн.т)

- Мұнай мен газ энергиның 85%-н береді.

- Мұнай өңдеу зауыттары – Виргин аралы (37 млн.т), Багам аралдары (26,5 млн.т)


- Су энергиясының үлесі - 10%.

- Ең ірі СЭС –ы салынған өзендер – Амазонка, Оринока, Парана.

- Аймақтағы электр энергисын өндіру мөлшері – 360 кВт/сағ.

- Жан басына шаққандағы мөлшері – Бразилия, Аргентина, Мексикада 500-2000 кВт/сағ.

- Гаити, Гондурас, Боливияда 100 кВт/сағ. одан да төмен.

Әр топқа жоғарыда көрсетілгендей жеке шаруашылық салалары көрсетілген кесте үлестіріліп беріледі. (оқушылар оқулық мәтінін және атласты пайдалана отырып, кестені толтырып оны қорғайды.)


Тест тапсырмаларын орындау арқылы жаңа сабақты бекіту.


І нұсқа

1. Латын Америка мемлекеттерінің қайсысы елеулі мұнай қорына ие және ОПЕК құрамына кіреді?

А/ Чили Б/ Аргентина В/ Венесуэла Г/ Перу

2. Латын Америкасының көп бөлігі қандай дінге табынады?

А/ иудаизм Б/ католицизм В/ синтоизм Г/ мұсылмандық

3. Куба мемлекетінің астанасын ата

А/ Саньтяго Б/ Манагуа В/ Кито Г/ Гавана

4. Аймақтағы барлық өңдеуші өнеркәсіптің 4/5-і қай үш мемлекетке келеді?

А/ Эквадор, Аргентина, Чили Б/ Панама, Косто-Рика, Перу

В/ Мексика, Бразилия, Аргентина Г/ Куба, Эквадор, Гондурас

5. Бразилиядағы латифундиялар қалай аталады?

А/ фазендалар Б/ рончо В/ гаснендалар Г/ шаруа қожалығы


ІІ нұсқа

1. Латын Америкасының ірі қалалық агломерациясын ата.

А/ Каракас Б/ Сан-Паулу В/ Бразилиа Г/ Үлкен Мехико

2. Шаруашылық орналасымының қандай тұрпаты Бразилияға тән?

А/ көлдердің жағалауында, Б/ өзен жағалауларында

В/ ішкі құрлықта Г/ мұхит жағалауында

3. Латын Америкасының қай мемлекеті АҚШ және Канадамен НАФТА ұйымының мүшесі болып саналады?

А/ Мексика Б/ Боливия В/ Венесуэла Г/ Бразилия

4.Латын Америкасы территориясының қанша бөлігін ормандар алуда?

А/ 1/3 Б/ 1/6 В/ 1/2 Г/ ¼

5. Латын Америкасындағы жалғыз социалистік мемлекеті ата

А/ Перу Б/ Бразилия В/ Куба Г/ Эквадор


ІІІ нұсқа

1. Кубаның халықаралық маманданған саласы:

А/ дәнді дақыл Б/ қант өнеркәсібі В/ машина жасау Г/ банан өсіру

2. Перу мемлекетінің астанасын ата

А/ Монтовидео Б/ Сан-Паулу В/ Сантьяго Г/ Лима

3. Латын Америксындағ субаймағындағы ірі елді ата

А/ Бразилия Б/ Перу В/ Мексика Г/ Аргентина

4. Бразилия дүние жүзінде қандай өндіріс салалары жөнінен алдығы орында?

А/ кофе, қант тұқымдастар, банан Б/ картоп, томат, табак

В/ жүгері, маниоки, репс Г/ шырын, апелсин, лимон

5. Аргентина мемлекетінің астанасын ата

А/ Буэнос-Айрес Б/ Каракас В/ Мехико Г/ Асуньон


ІҮ нұсқа

1. Латын Америкасы мемлекеттерінің қайсысында жеке дара билеп басқару нысаны бар?

А/ Перу Б/Эквадор В/ Аргентина Г/ Жеке дара билеу жоқ

2. Бразилия мемлекетінің астанасын ата

А/ Саньтяго Б/ Манагуа В/ Бразилиа Г/ Гавана

3. Еуропалықтардың келуіне дейін қай елде өркенниетті құрушы ацтеки мен мая тайпалары тұрған?

А/ Мексика Б/ Боливия В/ Перу Г/ Колумбия

4.Дүние жүзі бойынша кофе көп өсіретін ел?

А/ Мексика Б/ Бразилия В/ Боливия Г/ Куба

5. Панама мойнағынан ең алғаш кеме жүзіп өткен жыл:

А/ 1903 Б/ 1885 В/ 1925 Г/ 1914


Тест сұрақтарының кілті.

І- нұсқа 1 – В, 2 – Б, 3 – Г, 4 – В, 5 – А.

ІІ- нұсқа 1 - Г, 2 – Г, 3 – А, 4 - А, 5 – В.

ІІІ- нұсқа 1 - Б, 2 – Г, 3 – А, 4 - А, 5 – А.

ІҮ- нұсқа 1 – Г, 2 – В, 3 – А, 4 – Б, 5 – Г.

/ әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі /


5. Қорытындылау. Оқушылардың жаңа сабақты өту барысында не үйреніп, нені меңгергендерін анықтап, бағыт-бағдар беру.

6.Бағалау. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парақтарын тексеріп, тиісті шкала бойынша баға қою.

7. Үйге тапсырма: § 47. Латын Америкасының шаруашылығы тақырыбын оқу және оқулық соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Закрыть через 5 секунд
Комплекты для работы учителя