СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Түбір мен қосымша Қазақ тілінен сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түбір мен қосымша туралы білімдерін тереңдету

Просмотр содержимого документа
«Түбір мен қосымша Қазақ тілінен сабақ»

Сабақтың технологиялық картасы

Сынып 2 А Мерзімі 23 .01.2017ж Пән қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы Тема урока

Түбір мен қосымша

Сабақтың тақырыптық орны

Место урока по теме


Сабақтың мақсаты Цель урока

Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуiн жеңілдету, белсендiлiктерiн арттыру.

Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін көркем жазу дағдыларын жетiлдiру.

Жаңа технологияға сүйенiп оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған бiлiмдерiн тиянақтау. Сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі Тип урока/ вид урока

Пысықтау

Жұмыстың формасы Формы работы

Жаппай, топтық, дара: Топпен жұмыс, шығармашылық карта,сұрақ-жауап.

Оқыту әдісі Методы обучения

Үйретеді,сөздік, тәжірибелік жұмыс, салыстыру түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу жұмыс, «кубизм» стратегиясы, семантикалық карта

Пед.технология Пед. технологии

Өздігінен меңгере білу

Оқыту модулі Модули обучения

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»,

Ресурстар Ресурсы/ оборудование

Оқулық, тақта, схемалар, таблицалар



Мұғалімнің әрекеті

Деятельность учителя

Оқушының әрекеті

Деятельность ученика

Компетенциялық құзірет компе тенциялық аспектілер

Формируемые компетенции

I Ұйымдастыру сәті (уақыты 1мин) Организационный момент-время (1 мин)

Кезең міндеті: Оқушылардың сабаққа қатысып, әрекеттенуге жағдай жаса

Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа дайындықтарын бақылау, сабаққа зейіндерін аудару


Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Бір бірін сыйлауға баулу

III Мәселелі жағдайды туғызу,мақсатты тұжырымдау (мақсат пен міндетті орнату-3 мин)

Ой козғау.( Шеңберде тұрады.)

Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жағдайлар жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. ( Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.)
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
-Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгiлi екенін көремiз? (Қыс)
Жұмбақ жасыру.
Қыста жер бетiн жабады, ал көктемде су болып ағады. (Қар)
Ендi дәптеріңді ашып, бүгiнгi күндi, сынып жұмысын жазып койыңдар.
«Қар» сөзiн бiр жолға көркем етiп жазып қояды.
-Балалар, бүгiнгi сабақта бiз бәріміз «Бiлiм елiне саяхат» жасаймыз. Саяхатымыздың қызықты
болары анық.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге не берiлiп едi? (Түбір мен қосымша туралы ережесiн қайталап айту) олай болса,
саяхатымыздың басы «Мектеп аялдамасынан» басталмақ. «Мектеп аялдамасы» сендердің
бiлiмдерiңдi және үй тапсырмасын калай орындағандарыңды тексеру мақсатында «Қар лақтыру" ойынының ойнайық.
Ойын ережесімен таныстырып өтемін. әр топқа сиқырлы куб дайындалды.
-Түбір дегеніміз не?
- Түбірге қосылған бөлігі қалай аталады?
-

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Білімділік жаңа тақырыппен танысамыз

Ойланамыз, ізденеміз,салыстырамыз

Таза жазамыз

шапшаңдыққа

іздемпаздыққа баулиды

IV Жаңа материалды меңгеру (оқу міндеттерін орындау-13 мин) Изучение нового материала /решение учебной задачи – время (13 мин)

«Бiлгiрлер» аялдамасына да жетіппіз. Бұл аялдамада ауа райының суығына байланысты

«Күн шуағына жылын» ойынын ойнайық.

Берілген сөздердің ішінен түбір сөзді тап.

Түбір сөздердің соңғы буынын алып тастап оқып көру. Кү, гү, кіта, ,ан- бұл буындардың мағынасы бола ма? Әрине жоқ. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

гүл заңгер

тігінші ана

кітап жазушы

Түбір сөзді одан әрі бөлуге болмайды.

Жасырылған жұрнақтарды тауып жазу

балық + =
кітап + =
көз + =
ас + =
ғарыш + =

«Не қажет?» ойыны

1.Балалар серуен..... шық....

2. Олар орман.... .іші...... кел.....

3. Биік өскен ағаш........ көр.... .

- Не байқадыңдар, не қажет болып тұр?

-Қосымшалар, яғни жалғаулар қажет. Жалғаулар сөзбен сөзді байланыстырып тұрады.

Оқулықпен жұмыс

267 жаттығу

Мәтінді оқу Домбыра туралы.

268-жаттығу тақтада орындау.

Оқушылар домбыра туралы білетінің еске түсіреді.

Музыкалы, ішекті, аспаптар, құлақ. тоғыздан.

Топтастыру стратегиясы


Оқушылар орындайды.


Сергіту сәті Физминутка

Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәріміз тұратын көңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!


V Алғашқы түсініктерін тексеру-5 мин Первичная проверка понимания-время (5 мин)

Жақсы балалар, келесi аялдамаға да жетiп калдыңдар, Бұл «Мергендер» аялдамасы екен. Ендi оның да тапсырмасын орындап, өзiмiздiң мақсатымызға жетейік. «Мергендер аялдамасы» бiзге арнап мынандай тапсырма дайындапты:

Суретке жан бітір» . Балық, кітап, жылқы, ас домбыра, дәрі, қобыз, ғарыштың суреттеріне жұрнақ жалғап туынды сөз жасау. Ережесін айту

Топпен жұмыс қима қағаздар таратады.

Ойларымен бөліседі, жауап тарын салысты рады дұрыс шешімін тауып үйренеді


VI  Алғашқы бекіту (меңгерген білім,дағдыларын қолдану-7 мин) Первичное закрепление (применение знаний и умений в новой ситуации) – время (7 мин)

269-жаттығу

VII  Оқыту әрекетінің рефлексиясы (сабақ қорытындысы –5 мин) Рефлексия учебной деятельности (итог урока) – время (5 мин)

Балалар бiз белгiлi бiлiм еліне саяхат жасап, бiлiм көрсетіп, енді өзіміздің сүйiктi сыныбымызға оралайық.
Сонымен балалар, бүгiнгi сабақта не iстедiк? (Бiлiм еліне саяхат жасадық, жаттығулар орындап,

Қандай тақырыпты қайталадық? (Түбiр мен қосымша)
Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз)

Орындаған тапсырмаларын естеріне түсіріп, атап шығады.

Сабақта қандай әрекет, тапсырма лар орындаған дарын біліп жүру.Бағалау.

VIII  Үй тапсырмасын ақпараттандыру, оны орындау жолымен таныстыру Информация о домашнем задании, инструктаж по его выполнению– время (1 мин)

271- жаттығу Қыс тақырыбына әңгіме құрау.



























































































"Қар лақтыру" ойыны


1 – топ

Мақалды көшіріп жаз. Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.
Мына сөздерге жұрнақты қалай жалғаймыз:
"Шана мен сырғанау" ойыны
Ойын ережесімен таныстырып өтемін.
2 – топ

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.
" Аққала құрастыру" ойыны
Ойын шарттарымен таныстырамын.
Сөз құрамына талда:
құрылысшы отыншы үйлердің дәрігер аспаз балаға
"Коньки тебу" ойыны
Ойын шартымен таныстырылады.
3 – топ

Мақалды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.

"Хоккей" ойыны
ойын ережелерін таныстырып өтемін.
1. Берілген сөзді құрамына қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгілеңдер.
БАЛЫҚ
*а) Түбір сөз
ә) Қосымшалы сөз
Берілген сөзді құрамына қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгіле.
ОҚУШЫ
а) Түбір сөз
*ә) Қосымшалы сөз
3. Берілген сөздің қосымшасын түріне қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгілеңдер.
ДОСТАР
а) Жұрнақ
*ә) Жалғау
4. Берілген сөздің қосымшасын түріне қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгілеңдер.
ТІЛШІ
*а) Жұрнақ
ә) Жалғау