Оқушының аты – жөні: _________________________________________________
Сыныбы: 11а Күні: 24.10.2016ж
Үй тапсырмасы: Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
Мәліметтер қоры (МҚ) | Арнайы пішімдегі файл, ол берілген құрылымдағы ақпараттардан тұрады. |
Желілік МҚ | Бұл әрқайсысы өзара бір-бірімен байланыста болуы мүмкін түйіндер жиыны |
Ақпараттық – логикалық үлгі | Заттық саланың мәліметтерін ақпараттық нысандар мен олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы түрінде анықтайды |

Өзіңді тексер!
1. Мәліметтер қоры дегеніміз –
А) арнайы пішімдегі файл, ол берілген құрылымдағы ақпараттардан тұрады
В) ақпараттарды кесте түрінде ұйымдастырудағы мүмкіндік беретін программалық құралдың түрі
С) кестелік мәліметтерді өңдеуге арналған программалық құралдың түрі
Д) ақпаратты іздестіруді жүзеге асыратын программалық құралдың түрі
2. Иерархиялық мәліметтер қорының мысалын көрсетіңдер
А) мектептің сынып журналы
В) дискінің файлдық құрылымы
С) автобустардың қорғалу кестесі
Д) электрондық кесте
3. Иерархиялық қорда мәліметтер құрылымымен олардың арасындағы байланысты сипаттау үшін ... қолданылады
А) кесте
В) желілік сұлба
С) ағашқа ұқсас құрылым
Д) кестелер тобы
4. Реляциялық мәліметтер қорында мәліметтер құрылымен олардың арасындағы байланысты сипаттау үшін ... қолданылады
А) кесте
В) желілік сұлба
С) ағашқа ұқсас құрылым
Д) кестелер тобы
5. Реляциялық мәліметтер қорының ең ұқсас аналогын таңдаңдар
А) бір құрылымға келтірілмеген мәліметтер жиыны
В) бағытталған вектор
С) генеалогиялық ағаш
Д) екі өлшемді кесте
6. Ақпараттық технологиялардың құралдарымен өңдеу үшін жиі қолданылатын мәліметтер қорының құрылымы қандай?
А) таралған
В) реляциялық
С) иерархиялық
Д) желілік
7. Негізгі болып табылатын реляциялық мәліметтер қорының нысанын көрсетіңдер
А) көрсеткіш
В) форма
С) кесте
Д) баған
8. Мәліметтер қоры кестелермен беріледі. Жазбалар дегеніміз:
А) кестелердегі көрсеткіш
В) көрсеткіш атауы
С) кестедегі қатар
Д) ұяшық
9. Мәліметтер қорының кесте көрсеткішінде ... енгізуге болады
А) тек бір типтегі мәліметтерді
В) жазбалар нөмірлері
С) бір мезгілде сандық және мәтіндік мәліметтерді
Д) жазбаларды жасау уақытын
10. Сыныптастарыңның қызығушылықтарын сипаттайтын үлгі бар және төмендегі көрсетілген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді:
1. Компьютермен айналысатын барлық балалардың жасын көрсету;
2. Ән айтумен айналысатын қыздардың атын көрсету;
3. Хоккейге қатысатын ұлдардың тегін көрсету.
Бұл ақпараттық үлгіде көрсетілген нысандардың атрибуттарын көрсетіңдер
А) тегі, жынысы, хоккей, ән, жасы
В) аты, жасы, хоббиі, жасы
С) аты, жасы, хоббиі
Д) тегі, аты, жынысы, жасы, хоббиі
11. Дұрыс тұжырымды таңдаңдар:
А) мәліметтер қорының кестелер көрсеткіші берілген ережелерге сай қолданушы еркін түрде атау береді
В) мәліметтер қорының кестелер көрсеткіші автоматты түрде номірленеді
С) мәліметтер қорының кестелер көрсеткішінің атауы нақты әрбір МҚБЖ-ға сай келетін ережелер бойынша жасалады
Д) мәліметтер қорының кестелер көрсеткіші нақты әрбір МҚБЖ-ға сай келетін ережелер бойынша нөмірленеді.
12. Төмендегілердің қайсысын жойғанда мәліметтер қорының кестелер құрылымы өзгереді?
А) бір жазбаны
В) көрсеткіштердің біреуін
С) бірнеше жазбаны
Д) барлық жазбаларды
13. Мәліметтер қордың кестесінде әр жазбасында ... орналасуы мүмкін.
А) әртүрлі типтегі мәліметтер
В) тек бір типтегі мәліметтер
С) тек мәтіндік типтегі мәліметтер
Д) тек сандық типтегі мәліметтер
Балы:___________________ Бағасы:_____________________