Абибулла Жанат
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.
Ұлпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті –қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.
Абайдың “ Қыс ” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Мағжанның “ Қысқы жолда ” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Абайдың “ Қыс ” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Мағжанның “ Қысқы жолда ” өлеңіндегі кейіптеу сөздер
Ақ киімді, денелі,
ақ сақалды , соқыр, мылқау ,
қасы жауып екі көзін , түсі суық, кәрі құдаң , басқан жері сықырлап келіп қалды.
Екі иінінен дем алып ,
Ішін тартып, кейде қатты ысқырып , аңдай ұлып ,
сақ-сақ күледі .
САБА ҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
“ С А Ғ Ы Н Д Ы М ”
- Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу. Оқушыларды Отанын, туған жерін, елін, ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталу, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашу.
- Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу.
- Оқушыларды Отанын, туған жерін, елін, ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
МАҚСАТЫ:
ТИПІ
Жаңа сабақ
ТҮРІ
Жаңа білім беру
ӘДІСІ
Топпен жұмыс, топтастыру.
КӨРНЕКІЛІГІ
Ақын суреті.
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
“ Қарашығым, құлыным !” деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеште, күндіз-түні арылмас.
Тапал , салқын, тым қараңғы үңгір тар.
Есігімде мықты қара құлып бар.
Кіп – кішкене терезелер темірлі,
Мұндай үйден кісіге естілер ащы зар !
Алтын күнді, қара жерді сағындым ,
Жан жолдасым- жүйрік желді сағындым.
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
Ағайынды, туған елді сағындым.
Ас бола ма сасық сорпа, қара нан,
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Қоңырау қағып оятады ақырып,
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң.
Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.
Ойыны бір құрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан,
Сырласатын жан достарды сағындым.
Не көрсем де – Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім !
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды –сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ , мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.
Тәңірі ием, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма ?!
Баласынан тұтқын болып сарғайған
Кім жеткізер сәлемімді анама ?
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.
“ Қарашығым , құлыным !” деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
2 2 2 2 3
Алтын күнді қара жерді сағындым,
1 3 2 2 3
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
2 2 4 3
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
4 2 2 3
Ағайынды, туған елді сағындым.
(2 + 2 + 2 + 2 + 3 = 11 )
1 шумақ, 4 тармақ, 11 буын, қара өлең ұйқас
АЛАШ ЕЛІН
АНАНЫ
С А Ғ Ы Н Д Ы М
АҒАЙЫНДЫ
ДОСТАРДЫ
ТУҒАН ЖЕРДІ, ЕЛДІ
І топ
Ана, өмірдің алтын кілті сенде ғана
ІІІ топ
Досы жақсының -өзі жақсы
ІІ топ
Туған елін сүйе алмаған,
Сүйе ала ма туған жерін
“ САҒЫНДЫМ”
“ СҮЙЕМІН”
Қарт ана
Жар
Сарыарқа
Туған жер
Алаш елі
Ана
Дос
Сарыарқа
Туған жер
Алаш елі
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
М.Жұмабаев
1. “САҒЫНДЫМ” өлеңі.
2. Өлеңдегі өзіңді толқытып, тебіренткен жыр жолдарын жаттау.
3. Өлең құрылысына талдау.
Б А Ғ А Л А У