СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мамандығым мақтанышым

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Мамандық - өмір таңдауы. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың жаманы жоқ десем, жаңылыса қоймаспын. Мамандықтың түрі әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, қаржыгер, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер, және т.б.  Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды нәрсе - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Мен өз өмірімді ұстаздық жолына арнадым.   Ұстаз осынау сөзді айтқанда көкірегіме жылылық ұялайтын. Ұстаздық мамандығына деген құмарлық мені бүгінгі мамандығыма алып келген жол болды.

Просмотр содержимого документа
«Мамандығым мақтанышым»

«Мен таңдаған мамандық»

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы.

Ғафу Қайырбеков.

Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Мамандық - өмір таңдауы. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың жаманы жоқ десем, жаңылыса қоймаспын. Мамандықтың түрі әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, қаржыгер, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер, және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды нәрсе - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Мен өз өмірімді ұстаздық жолына арнадым. Ұстаз осынау сөзді айтқанда көкірегіме жылылық ұялайтын. Ұстаздық мамандығына деген құмарлық мені бүгінгі мамандығыма алып келген жол болды. Сонау бала кезімнен бастап алғаш қолыма қалам ұстатып, әліппедегі қырық екі әріпті танытқан, мейірім мен шуағын төккен алғашқы мұғалімнің тұлғасына еліктеуші едім. Оны құдіретті күштің иесіндей сезініп, сол мұғалімнің орнында болғым келетін. Оның тұлғасы мен үшін қол жетпес армандай болатын. Енді, міне, араға бірнеше жыл салып, сол құрметті де қасиетті мамандық иесі атандым. Ұстаздық - қасиет табиғат дарытқан құдырет.

Бейтаныс біріне айтсам кісілердің,

Мендегі қуанышты түсінер кім?!

Мен кеше шәкірті едім ұстазымның,

Ал бүгін ұстазымын кішілердің, - деп ,

Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап апамыз айтқандай, көзбен көріп, қолмен ұстағанда, ұстаздық менің қиялымдағыдай әлемдік пен әдептіліктен ғана тұрмайды екен.

Ұстаз - ең алдымен, бала үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімнің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай қасиеті бар, бала бақшаның табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт - бағдар беретін тұлға.

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деген Әл - Фараби бабамыздың сөзін жадымда сақтай отырып, мен тәуелсіз мемлекеттің дамуында тамшыдай үлесімді қосу мақсатында Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Ақбота» бөбекжайында қызмет атқарудамын.

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздың еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп, дана Абай айтқандай, шын ұстаз ешқашан балаға үйретуден, тәрбиелеуден жалықпайды. Менің таңдаған мамандығым ол ән- күй пәнінің мұғалімі. Осы мамандықты таңдаған себебім, маған кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс жасау өте қатты ұнайды. Өйткені тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Десек те мен оларға, олар маған қажет екеніне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр ұстаздың бақыты. Бақытым да, байлығым да осы менің кішкентай тәрбиеленушілерім. Біріншіден - өз мамандығымды сүйдім, өз мамандығымды сүю арқылы тәрбиеленушілерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өнерге сүйсіндіре білдім.

Екіншіден - шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, бүлдіршіндерімнің ынта - жігерін билеп, білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін жүрегіне ұялатуға тырысудамын.

Мен,саз жетекшісі мамандығына ие болуды кішкентай кезімнен армандаған едім. «…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт…», деген нақыл сөзді жадымда ұстанамын. Өйткені мен өнерді ерекше құрметтеп, бағалаймын.

Өнер - ол халық тарихының шежіресі. Халық, өнерді әрқашан даналық пен ақыл - парасатты оятар тәңірдің ерекше сыйы деп білген. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналды.

Ұлттық өнерімізді бізге жеткізе білетін салалардың бірі - музыка. Музыка - сезім тілі. Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның сан түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканы шынайы таза жүрекпен қабылдап, жан дүниеңді өзгертетіндей тыныш ортада тыңдағаның жөн. Балабақшада тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ өнерпаздар, әншілер, жазушылыр, ақындар талай мамандық иелері шығуы мүмкін. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерді ерте кезден байқап, өнерге баулу ең алдымен ата - ана мен тәрбиеші, ұстаздардың сезімталдығына, ізденімпаздығына байланысты болмақ. Сол тәрбиенің бір саласы -шығармашылық сала. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық, эстетикалық тәрбие дегеніміз - сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, оны қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет - дағдыларына айналдыру. Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Өзімнің сабақтарымда балаларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып, олардың ішіндегі сан түрлі сезімдерін оятуға, музыкаға әсерлену қабілетін дамытамын. Музыкалық шығармаларды сипаттау кезінде балалардың сан түрлі ой-қиялын, ойынан шыққан суреттемелерін барынша демеп қолдап отырамын. Өзімнің әр сабағымда музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды мінез-құлқының тұрақтануына және сабағымның әр бөлімінде ойын болсын, би болсын баланың көңіл-күйінің көтеріңкі, жағымды болуына көп көңіл бөлемін. Баланың балабақшада шығармашылық тұрғыда қалыптасуы, дамуы бір күндік жұмыс емес, баланың сәбилік жасынан мектеп жасына дейінгі уақытта жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс және осындай жүйелі жұмыстың арқасында ғана мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-эстетикалық тұрғыда қалыптасуы мүмкін деп ойлаймын. Музыкалық тәрбие әдістері - сендіру, үйрету, жаттықтыру. Музыкалық тәрбие әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттілігін айқындайды. Музыкалық тәрбие мен оқыту әдістері біртұтас.

Мен бала кезімнен ән айтқанды жақсы көретінмін, осы уақытқа дейін көптеген мерекелерде, әр түрлі іс-шараларда, ән шырқап жүрмін. Ән - көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен - сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Ән - төңіректегі шындықты терең түсінудің жарқын, бейнелі формасы. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде, өнерден алар белесімізді өрнектеп көрсетеді. Ал аудандық мәдениет үйінен сыналып, бағаланып шығатын, киелі сахнадан шыңдалатын өнерпаздардың өмірдің үлкен белестерінен алар орны ерекше болмақ.  Ән айту баланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын, ықылас-ілтипатын туғызады, ал кейде одан басқа жаңалықтардан гөрі өзгеше қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, балалалық шақ туралы, Астана туралы әндерді аса бір асқақтықпен орындаса, түрлі халықтардың әндері мен билері олардың әдет - ғұрыптарын білуге ынталандырады.

Заман ағымына байланысты түрлі жаңалықтарды тәжірибемізге енгізе отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауық кештерін, ертеңгіліктерді жиі ұйымдастырып отырамыз.

Ән айтуға үйрету процесі баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуымен салыстыруды, фортепианода немесе баян аспаптарында орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйренеді. Ән айту бала тұлғасына жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі. Сонымен қатар біз ән айтпас бұрын түрлі жаттығулар жасаймыз. Ән айтуды үйрету кезінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері: эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық есту қабілеті, ырғақты сезіну қабілеті тез дамиды. Ән айту музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы болып табылады және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттері енеді. Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына еліктейді. Дыбыстың дұрыс немесе бұрыс екендігін аңғарады. Егерде оқыту дұрыс жолға қойылса баланың есту қабілеті қалыпқа келеді. Бірте - бірте есту қабілеті тиянақталады. Мұнымен қатар баланың дауысы мен есту қабілетін сақтауға көмектесетін қолайлы «дыбыс ахуалын» туғызу маңызды. Балалардың тым дауыстап ән айтуына еліктемей, әнді қиналмай айтып, еркін сөйлеуін үнемі қадағалап, үйретіп отырамын. "Музыка адам жанын жалындатып, жарқындатуға тиіс", яғни, музыка адамның рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын қиялы, нәзік сезімі. Музыка адам жанын баурап, ақыл ой, сана сезімінің кеңейіп, жақсы мінез құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Осындай жас өрендерді шыңдамақ ниетпен «Ақбота» бөбекжайында жас өрендерді тәрбиелеп, өнерге баулып жатырмын. Осы бөбекжайда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерім өнерге жақын, әншілер, кішкентай әртістер, мың бұралған бишілер және халық салтын жалғастырушылар болып тәрбиеленулеріне көп үлесімді қосқым келеді.