Тақырыбы: Мамандығым – мақтанышым !
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі Мамандығым – мақтанышым ! атты жас мамандармен кездесуімізге қош келіпсіздер!
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
Жас мамандарға сұрақ:
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады ма?
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады ма?
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек пе?
Ақша болса, мамандық қажет емес деп ойлайсыздарма?
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет пе?
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі ме?
Мамандық таңдау – күн көріс қамы дегенді қалай түсінесіз?
Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Келген қонақтар сұрақтарға жауап береді.
Келесі кезекте «Ең жақсы» ойынын ойнайық.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен
Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Жамбыл бастауыш мектебі

(жас мамандармен кездесу)
Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.
2015 – 2016 оқу жылы
Өткізілген іс-шараға сараптама
Тақырыбы: Мамандығым – мақтанышым !
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Мектебімізде жас мамандармен кездесу болып өтті. Бұл кездесуге жас маман Күмісбекова Айкүміс қатысты. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс екендігі айтылып түсіндірілді. Одан әрі келген жас мамандарымызға сұрақтар қойылды. Мысалы:
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар? Деген сұрақтар қойылып сол сұрақтарға жауап алынды. Келесі кезекте «Ең жақсы» ойынын ойнадық. Мамандығым –мақтанышым атты жас мамандармен кездесуімізді Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» сөзімен аяқтадық.