Ересек тобының ҰОӘ конспектісі
Топ: «Ақ-кеме»
Өткізілген күні: 03.10.2019
Тәрбиеші: Турсынбаева Ж.К.
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: «ҚМҰҚ»
Өтпелі тақырып: «Алтын Күз!»
Тақырып: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты: «Архиметтің ойындары»бөлшектерін пайдалана отырып,сызба бойынша суреттерді қағаз бетіне құрастыруға бейімдеу.Мектеп жасына дейінгі балалардың есептеу қабілетін жетілдіру.Заттардың есептік ара қатынасын және тиісті сандарды белгілеуді үйрету,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Көптілділік: Город-қала,путешествие-саяхат,клад-қойма.
ҰОӘ бырысы:
1.Мотивациялық-қозғаушы
Таңғы шеңбер.
Балалар менің қолымда саяжайда тауып алған карта.Қане қараймыз сендер одан не көріп тұрсыңдар?Қалай ойлайсыңдар ,бүгін біз не істейміз?Біз картадағы маршрут сызбасы бойынша қойманы іздейміз.Карта ескі болғандықтан кейбір қалалар көрінбей қалған.Біз оларды қайта тауып белгілеуіміз керек.Сонымен біздің саяхатымыз қай қаладан басталады?
(Балалар музыка әуенімен бойларын жазып , қимылдар жасайды
Аяқ пенен топ-топ-топ.
Ақылменен хлоп-хлоп-хлоп
Бір оңға,бір солға
Айналайық кел мында
Қолымызды бір сілтеп
Басымызлы шайқаймыз
Бір оңға,бір солға
Ойнайықшы кел мында
Секірейік жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мында
Балалар өздерінің
қуаныш ,қызығушылықтарын танытады.
-Карта көріп тұрмыз.
-Саяхат жасаймыз.
-Геометриялық пішіндер қаласы.)
2.Ұйымдастырылған-ізденіс
№1 тапсырма
-Көк үшбұрышты қызыл шеңбердің ішіне,бірақ жасыл мен сары шеңбердің сыртында тұратындай қылып қоямыз.
Қызыл төртбұрышты жасыл шеңбердің ішіне,бірақ қызыл мен сары шеңбердің сыртында тұратындай етіп қоямыз.
-Қара сопақшаны жасыл мен сары шеңбердің ішінде,қызыл шеңбердің сыртында тұратындай етіп қою керек.
-Сары дөңгелекті бір уақытта қызыл мен сары шеңбердің ішінде ,ал жасыл шеңбердің сыртында тұру керек.
-Жасыл тіктөртбұрышты үш шеңбердің де ішінде болатындай етіп қою керек.
№2тапсырма.
Картаға қараймыз келесі бөлім қалай аталады?
Балалар ребус шешеді
№3тапсырма
Ал,сендер ұшақты сызба бойынша құрастыра аласыңдарма?
№4тапсырма
Картамызға қараймыз бұл қала қалай аталады?
Балаларға есеп беріледі.
Сергіту сәті:Санамақ.
(«Геометриялық пішіндер қаласы»
Балалар картаны жағалай қоршап алып,өздерінің бар қызығушылықтарын білдіреді.
Өздері геометриялық пішіндерді столдың үстінен алып,шеңбердің ішіне дұрыс орналастырады..
Бірінші шеңбердің ішінде үшбұрыш,тіктөртбұрыш,
дөңгелек.
Екінші шеңбердің ішінде шаршы,сопақша,тіктөртбұрыш.
Үшінші шеңбердің ішінде с
опақша,дөңгелек,тіктөртбұрыш.
«Ребустар қаласы»деп аталады.
-Кино көруге кинотеатрға барамыз.
-Кинотеатрдың аты:Отау
-Отауға қыз келе жатыр.
-Қыздың аты Айгүл.
-Айгүл төрт жаста
«Авиаконструкторлар қаласы»
деп атаймыз.
Бұл қалада ұшақты құрап жасайтын адамдар тұрады.
Балалар ұшақты қажетті бөлшектермен құрап шығады.
Келесі қалаға ұшақпен ұшып барады.
Оң қанатты алға
Сол қанатты алға
Бір,екі,үш
Ұшағымыз ұш
Балалар суреттегі балалардың атын атайды.
-Бірінші тұрған Мақпал.
-Үшінші тұрған Нұржан.Ең төмен бала Бек
Балалар қойылған барлық сұрақтарға жауап береді.)
Рефлексивті-түзеуші
Жақсы балалар айтыңдаршы,саяхат кезінде біз сендермен не үйрендік?
Тапсырма кезінде қандай қиыншылықтармен кездестік?
-Тату балалар қаласының балалары сендердің тапқырлықтарына таң қалды
Қоймадағы затты балаларға үлестіріп береді.
(Балалар өз түсініктерін жетік жеткізе білуге талпыныс жасайды.
Бір бала ортаға шығып, қойманы іздеп табады.)