| Сабақтың тақырыбы | Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр. |
| Сабақтың мақсаты: | Фигураның ауданы ұғымымен, оны өлшеу және өлшем бірлігімен танысу, ақпаратты өз бетінше меңгеру, топта бірлесе жұмыс жасай білу |
| Сілтеме | 3 сынып математика оқулығы |
| Оқыту нәтижелері | Тапсырмаларды өз бетінше орындап, фигураның ауданы ұғымын меңгереді, оны өлшеп және өлшем бірлігін анықтай алады. Ақпаратты өз бетінше меңгереді, топта бірлесе жұмыс жасай алады. |
| Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
| Әдіс - тәсілдер | Шаттық шеңбері, топқа бөлу, "Ой қозғау", "Бос орын", "Сызба сызу", "Болжау", "Сұрақ - жауап", Кестені толтыру, Талдау стратегиялары |
| Ресурстар | Қима қағаздар, слайдтар, интернет тақта |
| Сабақ кезеңдері | Әдіс - тәсілдер | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушылардың іс - әрекеті |
| Қызығушылықты ояту | Шаттық шеңбері | Ортаға жиналып, өлең жолдарын бірге қайталап,киіз үй құрау керектігін айтады | Орындарынана тұрып, өлең жолдарын айтып, киіз үй құрайды Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық. |
| | Топқа бөліну | Геометриялық фигуралардың түстері арқылы топқа бөлу | Шаршы, тіктөртбұрыштардың түстері арқылы топқа бөлініп отырады |
| | Бағалау әдісі | Бағалауды жүргізу әдісімен таныстыру | Топ басшысын сайлап, бағалау әдісімен танысады |
| Мағынаны тану | "Ой қозғау" стратегиясы | Математикалық диктантты 1 минутта жазып беру тапсырылады | Алдарына берілген математикалық диктант жазылған қима қағаздарына көбейту кестелерін жазып береді |
| | "Бос орын" стратегиясы | Әр топқа мәні белгілі өрнектер беріледі. Ондағы бос орындағы сандарды тауып жазу ұсынылады | Берілген амалдарды орындап, ондағы бос орындағы сандарды тауып жазады |
| | "Сызба сызу" стратегиясы | Топтарға дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінді сызу ұсынылады. | Дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінділер сызады |
| | "Болжау" стратегиясы | Кітаптағы ауданы 1см2 және 6см2 болтын фигураларды қалай түсіндіруге болатынын қарап, айтуға тапсырма беру | Кітап бойынша топтарында берілген фигураларды талдап, қорытынды жасайды. |
| Ой толғаныс | "Сұрақ - жауап" стратегиясы | 1.Берілген кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп жандарына жазу ұсынылады 2. Топқа бөлінгенде алған фигураларының аудан мен периметрін табу | Кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп, жандарына жазады Өз қолдарындағы фигуралардың ауданы мен периметрін табу |
| | Кестені толтыру | №6 берілген кестені толтыру ұсынылады | Алдарындағы бетке №6 толтыру |
| | Талдау стратегиясы | №4, 3 есептер шығарылады | Осы есептерді шығарады |
| Бағалау | Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы жиынтық баға | Әр берілген есеп пен тапсырмаларға балл қойылып,өз-өзін бағалау ұсынылады. Жиынтық бағалау жүргізеді | Өз еңбектерін берілген критерийлерге байланысты бағалап, өз -өздеріне бал қояды |
| Кері байланыс | Геометриялық фигуралар | Өз қолдарындағы фигураларға кері байланыс жазуларын сұрайды | Оқушылар қолдарындағы фигураларға сабақтан алған әсері мен білгендерін жазып,тапсырады |
| Үйге тапсырма | | №7 (88 бет) Мөлдір пластинаға 1см2 бөліп сызып әкелу тапсырылады | Берілген тапсырмаларды орындайды |