СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен табиғатты бақылай аламын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен табиғатты бақылай аламын»

Мектепалды даярлық тобында ұймдастырылған іс-әрекет қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Таным

Пән:Жаратылыстану

Өтпелі тақырып:Мен табиғатты бақылай аламын ба?

Тақырыбы:

Мақсаттары:

1.Білімділік: Бақылау ұғымын түсіну .Күзгі табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.

2.Тәрбиелік:Табиғатты бағалай білуге .

3.Дамытушылық:Табиғат құбылыстарын қоршаған орта арасынан айыра білу/.

Сабақтың әдісі:Шығармашылық , сұрақ –жауап,түсіндіру/.

Кқрнекілігі:үлестірмелі материялдар,суреттер,жұмыс дәптері/.

Педагогикалық техналогиялар:шығамашылық техналогия,дамытушылық техналогиялары.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сабақ басында балалардың оң күйлерін орнату.
Жылулық шеңбері
Қайырлы таң!
Қайырлы таң, мөлдір көздерім!
Қайырлы таң, жұмсақ қолдарым!
Қайырлы таң, мықты аяқтарым!
Қайырлы таң, арайлы күн, аспан!
Өлең тыңдаймыз
Мақсұт Неталиевтің «Күз суреті» өлеңін оқу:
Сары ала жапырақтар,
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар,
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен,
Ағады жылға - бұлақ.
Сұрақтар қою:
- Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған, қандай жыл мезгілі туралы жазылған?
Жауаптарын тыңдап, толықтыру.
Жаңылтпаш айтамыз
Санай бер, қарай бер,
Бояуы жүз, келді күз.
«Жапырақтар» тыныс алу жаттығуы
Жіпке байланған жапырақтың үлгісіне үрлету.
Жапырақтардың қайда ұшып баратыны туралы сұрақ қойып, балаларды орманға серуенге баруға шақыру.
- Көзімізді жұмып, сары жапырақтар сияқты айналып, орманға ұшып барамыз.

Ұйымдастыру - іздестіру
«Ормандағы оқиға» ойыны
Топтың бір бұрышына алдын ала орман көрінісін дайындау: ағаштар мен бұталар, тығылып отырған сұр қоян, түлкінің суреттері.
«Бұл қандай жануар?» ойыны
- Балалар, орманда қандай жануарларды кездестіруге болады?
- Қараңдаршы, анау ағаштың арасында біреу отырған сияқты (қоянның құлақтарын көрсету)
Балалармен ағашқа жақындап қоянның суретіне назар аудару, сұрақтар қою:
- Қоян қандай? Түсі қандай?
Осы ретпен суреттен түлкіне де тапқызып, ол туралы сұрақтар қою, екеуін салыстыру.
Сөздік жұмысы: «қалқып, мүлгиді, ішік» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.
«Жаңғақтарды себетке жина» дидактикалық ойыны
- Балалар, жерде көп жаңғақтар жатыр, қане, теріп жинайық, мына себетке салайық, аю қарны ашып оянғанда, себеттегі жаңғақтарды алып жейді.
Аю дегенде қандай әріп естіліп тұр?
А - А - А - А - А - А - А
Балалардың қолдарына себеттер беріледі, орман ішінде жатқан түстері, көлемдері әртүрлі жаңғақтарды жинауға тапсырма беріледі (жаңғақтардың ішінде жасыл жаңғақтар да бар, оларды жинамау керектігін ескерту). Ойын соңында неге жасыл жаңғақтарды жинамау керектігін сұрау.
- Себеттерді ағаштың түбіне қою.

Қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелелері.Тәрбиешінің рұқсатыңсыз артық затты қолданбау.Үлестірмелі материялды мұқият қолдану.

Рефлексия.

Тәрбиеші қорытынды жасайды.Балаларға өздерін бағалауды ұсынады.