| Мотиватциялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң, балалар! Алдын ала өткізілген жұмыс: Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен тасбақаның суретін құрастыру. Ойыншығын қарап сипаттамасын жасау. Тасбақа қайда тұратынын, не жейтінін балаларға түсіндіру. | Үстелді жағалай отырады. Үстелге отырып оқу қызметіне дайындалады. Балалар мұқият қарайды. | | |
| Ұйымдастыру– іздестіру | — Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде біз табиғат бұрышындағы мекендеушілердің бірімен таныс боламыз. Балаларға жұмбақ жасыру: Аяғы бар, басы бар Арқалаған тасы бар.
— Дұрыс: «Тасбақа» Балалардың алдына тасбақаны әкеліп қоямын. Балалар, 1 – 2 минут тасбақаны бақылаймыз:
— Бұл не?
— Тасбақаның қандай дене мүшелері бар?. тасбақаның басы; денесі; аяғы.
Тәрбиеші тасбақаны қолына алып әр балаға көрсетеді. Балалардың назарын тасбақаның сүйекті сауыты болатының ескертіп, басы, аяғы, құйрығы бар екеніне назар аудару.. Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, балалармен әңгімені жалғастырады. Балалар тасбақаны қолымен сипап ұстап, сипаттап береді. Балаларға тәрбиеші тасбақа туралы мәлімет береді — Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Ол ұйықтайды. Тасбақа екі түрлі болады. Жерде және суда өмір сүретін болады. Тасбақаны топта ұстауға болады.
Сергіту сәті: Алақанды ұрайық, Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық. (2 рет)
Балалар сендер білесіндерме тасбақа немен қоректенеді? Қырыққабат, сәбіз, алманы жақсы көреді. | Балалар қуанады. Балалардың жауабы Тасбақа Тасбақа. Басы, ауызы, көзі, денесі, аяқтары Қатты, жуан сүйекті сауатының арасында басы, аяғы көрінеді. Балалар мұқият тыңдайды.
| | |
| Рефлексивті– түзету | — Балалар бүгін біз не істедік? — Тасбақа қандай? Дене мүшелерін атап кетейікші. Тасбақада не бар? Балалар біздің табиғат бұрышында тасбақа мекендеушіледің біреуі болсын, онымен достасайық. Дидактикалық ойын: «Тасбақаны құрастыру». Балаларға ойын шартын түсіндіру. | — Тасбақаны бақыладық. — Басы, көзі, ауызы, аяқтары, құйрығы. | | |