СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өнер-өмір өзегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка урока по самопознанию об искусстве как источнике жизни

Просмотр содержимого документа
«Өнер-өмір өзегі»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектебі: Қарауылкелді орта мектебі

Мерзімі: Қармысова А.А

Мұғалімі: Класы: 8 «А,Ә» Оқушылар саны:

Тақырыбы: Өнер - өмір өрнегі

Құндылығы: қиянат жасамау

Қасиеттер: толеранттылық, ақжарқындылық, мәдени мұраны құрметтеу


Мақсаты: - өнер-өмір өрнегі екенін түсіндіре отырып қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: - ақжарқындылыққа үйрету;

- толеранттылыққа дағдыландыру;

- ақжарқындылыққа, толеранттылыққа, мәдени мұраны құрметтей

білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: ( құралдар, мәліметтер үнтаспа)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 5 Т

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.. Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашамыз. Рахмет!


Үй тапсырмасын тексеру

№4 сабақ 21-беттегі «Қос өнерпаз» мәтіні.

- Халық өнерлі адамдарға деген құрметін қалай білдірген?

- Қос өнерпаз бірін-бірі қалай түсінді?

- Өнерлі адам не себепті елге сыйлы болады?


Дәйексөз

Ең қуаттылардың қаруы – қиянат жасамау.

Махатма Ганди

Ұлдарға 2 рет, қыздарға 2 рет, бәрімі бірге 1 рет айту.


Мұғалім сыйы. Қайырымдылық. Леонардо да Винчи

Жылы ұясынан басын шығарып, балапан құздан төменде ұшып жүрген көптеген құстарды көрді.

- Шеше,мынау қандай құстар?- деп сұрады ол ана қыраннан.

- Біздің достарымыз, деді ана қыран. Қырандар жалғыздан –жалғыз тұрады.Біздің табиғаттан алған еншіміз осы. Қырандар сондықтан маңайында басқа құстар да болғанын қалайды. Мына көріп отырғаның біздің сенімді достарымыз.

Анасының тәптіштеп түсіндіргеніне риза болған балапан қыран төменде өзіне дос құстардың ұшқанына қызықтай қарады.Сол сәтте ол:

- Әне, әне ана құс біздің жемімізді ұрлап алып кетіп барады!- деп айқай салды.

- Сабар ет, ұлым. Олар ешнәрсені ұрлаған жоқ.Мен оларға өзім бердім.Ал енді менің мына сөздерім есіңде болсын.Қырандар өзіне тамағы жетпесе де маңайындағы көршілес мекендеген құстарға қайырымдылық көрсетіп, көмектесуі тиіс. Өйткені, ол құстар қыран сияқты биікке ұшып,жейтін жемін тауып әкеле алмайды. Мұндай күш оларда жоқ.

Кімде - кім өзіне адал дос тауып алғысы келсе, ол ең алдымен өзі сабырлы, салиқалы, басқалардың мүддесіне мұқият қарайтын, рақымды болуы тиіс. Құрметпен сыйластықты ешкім күшпен алмайды. Қайырымдылық, рақымдылық көрсеткен жан ғана құрметті болады, соны ғана басқалар сыйлайтын болады.

- Балапан нені көрді?

- Анасы қалай түсіндірді?

- Қайырымдылық көрсету дегенге қалай түсінесің?

- Қандай адамның досы көп болады?

- Рақымды адам неге құрметті болады?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

2-тапсырма

(Өз туған жерлеріңнің жеті кереметін тауып, фото-көрме жасаңдар.)

«Әнші мұраты» мәтінін сахналау

Автор: Мұңға батқан жүректі ән оятар,

Тәтті үннің әсері жан оятар.

Жанға қуат, жүрекке шаттық сыйлап,

Жас балаша көңілді жадыратар.

Ұлы Отан соғысы кезінде майданға аттанған қазақ жауынгерлеріне рухани қолдау көрсету үшін бірнеше жас әншілер майданның алғы шебіне аттанды. Солардың ішінде жас та болса Роза Бағланова да бар еді.

Генерал: Қатардағы жауынгерлер Тұрысов, Закиров! Үшінші батальонға концерт қоюға әртістер келіпті. Ертеңгі күннің жағдайын менсіз де білесіңдер. Сол әртістерді біздің батальонға ертіп келіңдер.

Тұрысов: Сәлеметсіздер ме? Уа, айналайын, өзіміздің қаракөздер екенсіңдер ғой! Мұнда неғып жүрсіңдер?


Түйіндеме. Өз ойларын айту.

  • Ойыңды арамдық пен зұлымдықтан қорғасаң - әлемнің рухани тазалығын нығайтасың;

  • Көзіңді жамандықтан, зұлымдықтан және қызғаншақтықтан қорғасаң - әлемнің әсем сұлулығын көресің;

  • Құлағыңды өсектен, өтіріктен және лақап сөзден қорғасаң - әлемнің шынайы дауысын естисің;

  • Қолыңды адал, таза ұстасаң - әлемге әділдік орнатасың;

  • Бойыңды ластан қорғасаң - әлемнің саулығын арттырасың;

  • Пейілің мен ниетің ақ болса - әлемге сүйіспеншілік нұрын төгесің.


Топпен ән айту. Өзгермеңдерші адамдар

Орындаушы: Нұрмұхаммед Жақып

Сіздер таусылмас тірлікпен алданып жүргендейсіздер,

Біздер деп жүріп біздерге кей кезде үлгермейсіздер.

Сіздердей болам ертең, ақ қанат арманға ерсем болмас қамалдар,

Бар адам жақсы деген тек ойды жас жүректен аластамаңдар.

Қайырмасы

Өзгермеңдерші, өзгермеңдерші адамдар,

Өзгерсін уақыт, өзгерсін мейлі замандар.

Сәби кезімнен, сәби көзімде қап қойған,

Бәріңнің дағы құн жетпес қымбат бағаң бар.


Бұрын жүреді сөздерім, үрледі көздерім дағы,

Бүгін келмес сол кездердің елес болып өзгерді бәрі.

Өшпестей ойда қалған, пейілің қайда дархан даламдай мынау,

Шын жомарт аңғалдығың ақ көңіл адалдығың қалғандай сірә.

Қайырмасы


Үйге тапсырма

№5 сабақ 24-бет «Адам өмірі» аңыз-әңгімені оқу.


Сабақтың қорытынды минуты

Баяу әуен қойылады. Сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!





Өзiн- өзi  тану  сабағының жоспары


Мектебі: Қарауылкелді орта мектебі

Мерзімі Сабақ 1

Мұғалімі: Қармысова А.А Класы: 6 "А,Ә,Б" Оқушылар саны:

Тақырыбы: Ізгілікке бастар жол

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: байсалдылық, ізгілік, шыдамдылық


Мақсаты: Ізгілікке бастар жол туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: - байсалды болуға үйрету.

- ізгілікті іс жасауға дағдыландыру;

- байсалдылыққа, ізгілікке, шыдамды бола білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер

үнтаспа)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

Тыныштық сәті .     Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте ақырын шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз!

Жаймен көзіңізді ашамыз. Рахмет!



2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жазғы демалысты қалай өткіздім?» тақырыбына әңгімелесу.

- Жазғы демалыста істеген ізгі істерің туралы айтып беріңдер.


3. Дәйексөз

Ішкі тыныштыққа кез-келген уақытта ие болуға болады, ешқашан кешікпейсіз.

Шри Чинмой

2 рет қыздарға, 2рет ұлдарға айтқызу, хормен 1 рет оқу

4. Мұғалім сыйы. Өмірден тыныштық іздеген адам. Шығыс аңызы

Шулы қаладан әбден мазасы қашқан адам ойлана-ойлана тыныш орын табуға шешім қабылдайды.Ол адам баласы жоқ орманға келеді.Отырып тыныштыққа құлақ түреді. Орманға одан әрі үңілген сайын ол құстардың әнін естиді.Ол дыбыстан да қашқан адам үңгірге кіріп, одан тыныштықты іздейді. Үңгірден тыныштықты таптым деп жайғаса кеткені сол-ақ еді,бірақ ойлағанындай болмады. «Тырс-тырс» деген дыбыс құлағына келіп дыбыстан тітіркенген адамға дыбыс одан сайын күшейе түскендей болды. Бұл су тамшысының дыбысы еді. Адамның ендігі амалы шағын үйге барып есігін құлыптап терезесін жауып үнсіз отырса, «тық-тық» деген дыбыс тағы да адамның тыныштығын бұзады. Содан қолындағы сағатына ренжіп, оны қабырғаға лақтырып сындырады. Сағатын жарамсыз қылған адам жайғасып тынышталып, терең тыныс алады. Тыныштықтан өзін бақытты сезініп отырған сәтінде « тук-тук, тук-тук...» деген дыбыс күшейіп жарып шығардай қатты соғады. Ол кеудесіндегі жқрегі екен.


-Адамды мазалаған қандай ой?

-Адам қайда барды?

- Іздегені не? Тапты ма?

-Жақсыны ойлау не үшін керек?

-Ұнатпаған нәрседен жақсылықты көре аласыңдар ма?

-Сыпайылықты қалай көрсетесің?

-Қай кезде шыдамдылық таныттың?

Адамның жаны қай кезде тыныш болады?

-Ол үшін тып-тыныш жер іздеу керек пе?


6. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

Түрлі түсті қағаздармен 3 топқа бөліну

Тапсырма

Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңыздар.

Мысалы ізгілікті болу үшін:
- мейірімді бол
- үлкендерді сыйлап-құрметтеу
- өзіңді қоршаған адамдарға көңіл бөлу
- әлсіздерге көмектесуге ұмтылу
-достарыңмен ізгілікті қарым-қатынаста болу


Топпен ән айту. Бала тілегі Әні: Ф.Жолдасова Сөзі:С. Молдасланұлы

Бал балалық балдырған шақ сан арман,сан арман

Барлық бала армандауға жаралған,жаралған.

Кел, достарым әндетіңдер билеңдер,билеңдер

Гүлденсін деп атамекен, қара орман. 2-рет



Болашақтың иесіміз бәріміз, бәріміз

Туған жердің түрлендірер нәріміз,нәріміз.

Алтын бесік ұлан байтақ елімде, елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз,әніміз. 2-рет



Қалықтаған көгершіні көгінде, көгінде

Мұңаймасын ешбір бала елінде, елінде.

Ата берген батаменен көркейсін, көркейсін

Ұлы Отаным тілегім сол менің де, менің де. 2-рет


8. Үйге тапсырма

№2 сабақ аңыз-әңгімені оқу

Қайырымдылық, ізгілікті іс туралы аңыз әңгіме жинастыру, сөзжұмбақ құрастыру

Дәптермен жұмыс 1-тапсырма


9. Сабақтың қорытынды минуты. Көзімізді жұмамыз. Бүгінгі айтылған жақсы сөздерді жүректеріңізге орналастырыңыздар. Рахмет балалар, мен сіздерге ризамын!






































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!