Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Үй»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 11.09.18
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Таным
Пән: Құрастыру
Өтпелі тақырып: Менің балабақшам
Тақырыбы: Үй
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Балаларды бірізділікпен жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Сұрақ- жауап арқылы тілдерін дамыту
3.Оқыту: Үй құрастыру арқылы үйдің бір және бірнеше қабатты түрлерімен және олардың бөліктерімен таныстыру, қағаздан үйді құрастыра білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Үй және мұнаралардың үлгі суреттерін көрсетіп талдау жасайды.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Үйдің бір және көп қабатты болатынын түсіндіреді. Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек және мұнараны жасау үшін қандай материалдар керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға тапсырма береді.
2.Үлгі көрсету
Алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсету. Бір қабатты үйге төрт текше, екі үшбұрыш керек екенін және оны қалай қою керек екендігін түсіндіру. Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше кірпіштер керек екендігін айтады. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес қрналастыруды ұсынады. Екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары түсті кірпішті қояды.
3.Қол жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты оң саусақ.
4.Жұмыс барысы
Текшелерді бірінің үстіне бірін қоямыз, бұл балалардың бұрын алған тәжерибелерін бекіту бағытында өздері құрастырады, текшелер не құрлым көп болса мұнараның биік болатынын, ал егер текше аз болса мұнара аласа болатыны жайлы айтады.
Дайын болған құрылыстарды ұсақ ойыншықтармен, ағаштармен безендіріп, мазмұның беруге бағыт береді.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Тәрбиеші балалардың құрылыстарын мұқият қарап шығып әр баланың жұмысына жеке талдау жасайды, жетістіктері мадақталады. Көрме ұйымдастыру.