| Интербелсенді тақтадан А.Құнанбайұлының «Күз» өлеңін тыңдайды, есте сақтайды. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Ауа-райы қандай? Жылқы не істеді? Шөп, ағаш қандай? Біреу, жас әйелдер не істейді? Қаз, тырна, шомшы не істеді? Адамдардың көңіл-күйлері қандай? Неге? Неге үйде ит жоқ? Үйде неге от жақпайды? І топ – өлеңнің 1, 2, 3 шумағымен; ІІ топ – өлеңнің 4, 5, 6 шумағымен жұмыс істейді. Сөздік жұмыс: Өлеңді оқып, түсініксіз сөздерді теріп жазып, аудармасын жазып, есте сақтаңдар.(2 мин.) Флеш-кәртішкесіне (жапыраққа) жазылған орысша сөздерді оқиды, аударады, сөйлемдер құрастырады. Сөздер: малма-тері илейтін ашытқы, сапсиды-араластыру, шуда жіп-түйе жүні жібі, жыртық, жабыраңқы, құржаң қағу, кеміру, ыс-қара дақ. 1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқиды. Өлеңнен күз көрінісін бейнелеген жолдарды тауып оқы. Адамның, жан-жауарлардың тірлігі берілген жолдарды тауап оқы. Жұптық жұмыс. Өлең мазмұны бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырып, өзара сөйлесуге дайындалыңдар. |