Өткізген: Жумабекова М.Ж.
Уақыты: 15.02.2016ж
Пәні: Биология
Сыныбы:8 «В»
Сабақтың тақырыбы | Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек. |
Мақсаты | а/ Білімділік: Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа технология әдістерін енгізе отырып оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру. ә/Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Сұрақ - жауап, тест жұмыстары арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту. б/Тәрбиелік: Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, денсаулықтарын қорғауға, оны қалпында сақтауға тәрбиелеу. |
Оқу нәтижесі: | Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды және жаңа сабақты түсінеді |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Блум таксономиясы, диалог, жеке жұмыс, топтық жұмыс,"Баспалдақ" әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Кластер»әдісі. |
Уақыт | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
2 минут
2 минут
8 минут
1минут
15 минут
2 минут
10 минут
4 минут
1минут
| Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.  
Тапсырма беру арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
"Баспалдақ"әдісі бойынша топ оқушылары алдағы жатқан тағамдарды өз тобына сай бөледі.
«Миға шабуыл» Оқушылар кім ас туралы мақал мәтел біледі?
«Кластер»әдісі. Оқушыға түсінікті дәрежеде мәтін алып келеді де таратады, және жұмыс барысын түсіндіреді
Тақырып бойынша түсінгендерін кластер арқылы қорғайды.
«Ыстық орындық»әдісі
Рефлексия .
Бағалау
Үйге тапсырма | Шарлардың түстері байланысты бір бірлеріне сыйлап, тілек айту.
Қоректік заттар бойынша топқа бөлу: 1.Көмірсулар : картоп, күріш, нан, қызылша, қант, сәбіз. 2.Нәруыз: жаңғақ, ірімшік, ет, жұмыртқа, балық, бұршақ. 3. Майлар: сұйық май, кәмпит, маргарин, жер жаңғайғы, жемістер, көкөністер. Алдарындағы парақтағы кестені орындай отырып үй жұмысын орындайды.
«Ас адамның арқауы» Онда біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз асқорыту мүшелері жайында.
Кластер арқылы 3-топқа тапсырма берілді
1-топ. Ас қорыту мүшелері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш. 2-топ.Асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек. 3-топ. Бездер: сілекей бездері, ұйқыбез және бауыр. Тақырып бойынша түсінгендерін кластер арқылы қорғайды.
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Оқушылар бір балаға сұрақ қояды соған жауап береді
Орындықтың артында стикер жабыстырып қойылады, үш түрлі түсті. Сабақты түсінгендеріне байланысты таңдайды.
§45, 106-суретті салу. | Үш шапалақ
Бас бармақ
Бас бармақ
Үш шапалақ
Бас бармақ
| Оқуды басқару және көшбасшылық
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
АКТ-ны пайдалану
Диалогтік әдістің зерттеушілік түрі
Дарынды және талантты балаларды оқыту
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
Оқыту үшін және оқуды бағалау
|
Қосымша тапсырма: | Сергіту сәті «көңілді күн», ас қорыту мүшелерінің құрылысы жайында қосымша мәліметтер оқылды. |
Не сәтті өтті? | |
Не сәтсіз болды? | |
Нені дамытуым керек? | |
Тағам түрлері | Көмірсу | Нәруыз | Майлар |
Картоп | | | |
Нан | | | |
Маргарин | | | |
Ет | | | |
Жұмыртқа | | | |
Балық | | | |
Алма, Алмұрт | | | |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Флипчартта 3 адам бейнесі шығады. Бейненің үстінен номерлеген 5 карточка қойылған. Карточканың артқы бетінде «адам организміне қажетті тағамдық заттар» жазылып тұрады. Карточканың сұрақтары проблемалық, яғни логикалық ойлау дәрежесін бақылау мен бағалау үшін негізделген. Дұрыс жауап болса карточка алынады, ал қате болса карточка орнында қалады. Карточка толық ашылу керек. Егер суретте 1 немесе 2 карточка қалып қойса, онда адам организмінде сол тағамдық заттардың жетіспеуінің белгісі болады. Адам бейнесін толық ашқан топ жеңімпаз болады.
1 - ші карточка сұрақтары:
1. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек)
2. Ал қоректік заттар дегеніміз не? (нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)
3. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде? (Құрамында нәруыздар, майлар және көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім; Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды заттар, су, витаминдер, күрделі өңдеуге ұшырайтын органикалық қосылыстар)
4. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына, адам организммін құрастырушы бір күндік нәруыз мөлшері 100 - 120 гр. Осы нәруыз тағы нелер түзеді? (ферменттер мен гормондар)
5. Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт (үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды)
2 - ші карточка сұрақтары:
1. Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағамдар құрамында болады. Ал май тышқанда бола ма? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды)
2. Адам организіміндегі нәруыздар, көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай? (нәруыз - құрылыс материалы, майлар - энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу – энергия көзі, витаминдер – алмасу процесіне белсенді қатысады)
3. Нәруыздар негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал жәндіктерде кездесе ме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, м/ы: ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда)
4. Ас қорыту дегеніміз не? (тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)
5. Ферменттердің рөлі қандай? (Нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді)
3 - ші карточка сұрақтары:
1. Организм қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Организмге түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады)
2. Адам организміндегі тамақтың рөлі қандай? (Организмнің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)
3. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді)
4. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Организм үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам организмімін өлтіруге дейін барады)
5. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (кейде адам тамақтан шашалып, тұншығып, өліп кетуі мүмкін)
Сұрақ қою?
Неге тағамдық заттарды, қанға тікелей жіберсе адам өліп кетеді? (м/ы: сүт немесе тауық сорпасын) (Сыртқы ортадағы тағамдық заттар организмдерді қажетті заттармен және энергиямен қамтамасыз ету үшін, сіңіруге дайын күйде ену қажет. Тірі организмдер қоректі химиялық жолымен ыдыратады, олар зат алмасуға қатысады және сіңіріледі).
2. Сандар сөйлейді:
1. 2 - 3литр (асқазан сыйымдылығы)
2. 1500 грамм (бауыр)
3. 4 млн (ішек бүрлері)
4. 1, 5 - 2 метр (тоқ ішек)
5.8 - 15 см (соқыр ішек)
6. 11 - 13 см (жұтқыншақ)
7. 25 см (ұлтабар)
8. 5 - 6 метр (аш ішек)
10. 60 - 80 грамм (ұйқы безі)