«Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ
география пәнінің мұғалімі Бархыбаев Абылай Мейрамбекұлының
II-тоқсан бойынша рефлексивті есебі
Күзгі демалыс кезінде мектеп базасында мектепішілік олимпиада өткізілді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқанын тапсырған оқушылар санынан байқауға болады. Олимпиаданың мақсаты- мектеп ішіндегі барлық оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын, пәнге қызығушылығын, сондай-ақ оқушылар ішінен топ жарған дарынды және талантты балаларды тауып, оларға бағыт-бағдар беру. География пәнінен тапсырған оқушылар саны- 69. Олимпиада кезеңі 2 турдан тұрды. Бірінші кезең- теориялық тур, оқушылар берілген географиялық терминдер мен тестке жауап берсе, екінші-практикалық тур болды (сәйкестендіру, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмалар және т.б).
Олимпиада өз дәрежесінде өтіп, жұмыстар тексеріліп, оқушыларға орын берілді.
8 сыныптар бойынша 1 орын- Кусаинов Расулға (8 «В» сыныбы) бұйырды. 2 және 3 орын иегерлері – Кусаинов Еламан (8 «В»), Сейтжанов Мәди (8 «А») және Сапар Еркебұлан (8 «Б») марапатталды.
Олимпиаданың 9 сыныптар арасындағы қорытындысы бойынша Балтабаев Дияс, 9 «А» сынып оқушысы (59 балл) 1 орын алды. 2 орын Исағали Айтолқын (9 «А» сыныбы) мен Токен Болат (9 «В» сыныбы), 3 орын Кусаинова Светланаға (9 «Б» сыныбы) бұйырды.

Оқушылар мектепішілік тест тапсыру сәтінде
Олимпиада оқушыларға жаңа білім мен өз-өзін тексеріп, білімінің қай деңгейге тұрғанына тағы да бір анализ жасады. Қорытынды шығарылды.
Тоқсан басталып, оқушылармен қайта қауыштық. Бұл жолы оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану модулі мен сын тұрғысынан ойлауға үйрету болды.
Сын тұрғысынан ойлау- бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы. Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен- жоғары сынып оқушыларымен байланыстырады. Бұл кездейсоқ емес, өйткені сыныптарымның көбісі 8-9 сыныптар. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Балаларды диалог пен дәйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктерді жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеушілер де көбею түсуі.
Нәтижелі білім беру және білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, қөзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек; олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырамдайды, бір-біріне кеңес береді, алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге баруы керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, әрбір сабағымның әртүрлі форматта қызықты әрі балаларға түсінікті болуға бар күш-жігерімді жұмсадым.

Сын тұрғысынан ойлау мен «миға шабуыл» стратегиясы

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
16.11.2016 жылы мектеп базасында 9 «В» сыныбымен қалалық деңгейде ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: Мұнай-газ өнеркәсібі.
Бұл сабаққа қалалық пән мұғалімдері мен Балқаш қалалық білім бөлімінің әдіскері К.К.Айнабекова қатысты.
Сабақ бастамас бұрын, үй жұмысын «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сұрап шықтым. Интербелсенді тақтада және үйде оқып, қайталап келген сұрақтарын балалар жауап беріп жатты. Жалпы, сабақтың тақырыбы өте қызықты, бір жағынан қазіргі таңда мұнай мен газ өнеркәсібі еліміздің мемлекеттік бюджетінің 4\5 бөлігін құрайтынын балалар бұрыннан білетін. Сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрған кезде қалыптастырушы бағалау мен топтық, жұптық жұмысты және бағалауды қалай енгіземін деген ойда болдым. Сабағымды барынша өмірмен байланыстыруға тырыстым. Сабақтың мақсатына қалай жететінімді және күтілетін нәтижеге жеткенше асықтым. Әртүрлі деңгейдегі стратегияларды барынша кіріктіруге тырыстым, бір ескеретіндігі, жас ерекшілігі модулі болды.
Психологиялық ахуалды орнатып болған соң, «менің күнделікті қолданылатын заттарымды» балаларға көрсеттім яғни, иіс су, дискілер, пласмассалар және т.б. Бұл заттардың табиғаттан қалай, қайтіп алынатындығына аса назар аударылып, түбінде мұнай қалдықтарынан алынатынын өздері айтып берді. Сосын, «Қазақстан мұнай өнеркәсібінің тарихы» атты бейнефильм көрсетілді. Бұл оқушылардың еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінің қашан, қай жерден бастап дамығанын және қазіргі таңдағы еліміздің потенциялын анықтап берді. Оқытуда жаңа технологияларды толық қолдана білдім. Бұл бейнефильм балаларға ұнады, әрі оқытуда АКТ қолдану баланың ақпаратты есте сақтауына 30% өз үлесін қосты деп ойлаймын. Сосын балаларды 4 топқа бөлдім, бірінші-топ «Мұнай», екінші топ- «Газ өнеркәсібі», үшінші топқа- «мұнай-газ өндірісіндегі экологиясы» және төртінші топқа- «мұнай-газ секторының экономикамызға пайдасы» болып бөлінді.
Топтан бір-бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бір- бірімен ұйымдаса отырып орындағандарын байқадым және өзім жаңаша әдістермен тапсырмалар беруде топтан топ басшылар шықты.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» сабақ үдерісіндегідей «бағалау кретерийі» және «өзін өзі бағалауы», «жұппен бағалау», «топты бағалау» сияқты стикерлік ұсыныстар мен пікір білдіруде көрінді. Мен сабақ барысында оқушыларды әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «жақсы», «керемет» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Бағалау бөлімінде әр топқа топ басшылары оқушылардың қаншалықты деңгейде қатысқандығын түрлі фигуралар арқылы бағалады. Онда жұлдызша -5 деп, төртбұрыш-4, ұшбұрыш-3 деген бағалау арқылы әр топ мүшелерін бағалады. Топ басшыларын бағалау кретерийлері бойынша бағалады және өзін-өзі бағалаттым. Өзін өздері бағалатуда оқушылар сабаққа қаншалықты дәрежеде болғандарын әділ бағалап шықты. Мұнда тек формативті бағалау болды.

Оқушылар «Қазақстан мұнай тарихы» бейнефильмін көруде.
Оқушылар топтық жұмысты орындап болған соң, оларға мұнай өнімдері таныстырылды. Мұнайдан алынатын түрлі қалдықтар мен дайын бұйымдардың мұнайдан айыру арқылы алынатынын балалар білді. Әрбір топтарға әртүрлі 4 мұнай қалдығы тапсырылды. Мұндағы тапсырманың міндеті; оқушылар бұл қандай қалдық, одан өмірде қандай зат жасап шығатынын өздері табу болатын. Әрине, басында өзім де эмоционалдық тұста аздаған қорқыныш болған. Оқушылар сирек қолданылатын мұнай қалдықтары туралы ақпаратты қайдан тауып, қалай айтып береді екен деген ой мазалады. Бұл жерде балалар АКТ көмегімен, яғни, ұялы телефон арқылы өздігінен ізденіп, топпен жұмыс жасап, химия пәнімен байланыс жасады. Менің күтілетін нәтижем де осы болатын. Балалар шапшаңдық пен топта, жұпта жұмыс жасауға әбден дағдыланған, ең бастысы, осы алған білімдерін ертеңгі болашақ өмірде қолданылуында. Балалар өз жұмыстарын қорғап, бір-бірін бағалап болған соң, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар таратып бердім. Негізі 5 тапсырмадан тұрды, критерийлер берілген. Орындауға 8-10 минут уақыт берілді. Мұнда да функционалдық сауаттылық, өздігінен іздену, сыни тұрғыдан ойлау да болды. Орындалған жұмысты оқушылар сыныптастырымен бір-бірін бағалап шықты.

Мұнай өнімдері оқушыларға таныстырылуда

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар таратылуда
Бұл сабағымның оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Әсіресе, оқушыларым сабақ барысында ғылыми мәтінді өздері түсініп, аударып өз ойларының артқанын және бір бірінен қалыспай, өте қызықты дәлелдер мен пікірлер келтіре алғаны мені қатты қуантты.
Сабақтағы сәтті өтуі:оқушылардың сабақты жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір-біріне көмектесе, ақылдаса тапсырмаларды орындауы.
Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденуіне, бір- бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айта білуге,сөздік қорларының молаю үшін әртүрлі оқушылар деңгейіндегі сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ қоюымды алғы мақсатқа қоямын.
Сондай-ақ, мектебімізде 21 желтоқсан 2016 жылы магниттік мектептерге арналған қалалық семинар болып өтті. Негізгі міндеті- сертификатталған мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсете отырып, бағдарламаның негізгі идеясын оқыту үдерісінде тиімді қолдану және тарату болып табылады. Деңгейлік курстан өтпеген әріптестерімізге өз білімдерімізді таратып, оны үйрету- біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз. Осыған орай мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Тәжкеевамен бірге жұмыс жасадым. Әріптесіммен бірге сабақтың мақсаты мен күтелетін нәтижеге қалай жетуге болатынын алдын-ала талқыладық. Сабақтың құрылымын талқылап, бағдарламаның 7 модулін тиімді қолдану арқылы сабақтың сапасын көтеру- ең басты мақсатымыз болды. Алдын-ала тәлімгер ретінде екеуміздің арамызда жоспар жасалынды. Әсіресе, жас ерекшелік пен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер модуліне аса мән бердік. Сабақ барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдердің оқушылардың қалай қабылдайтыны, тиімді жақтары және одан күтілетін нәтиже пысықталды. Жас ерекшеліктеріне аса мән бердік, себебі, 5-7сыныптар болатын. Бала бұл жаста барлық жаңашылдыққа дайын тұрады, берілген ақпараттарды тез игеріп кетеді. Түбінде- сабақтың сапалы, ең бастысы әрбір сыныптағы балаға қолжетімді сабақ беру болатын. Деңгейлік курстан өткен мұғалім ретінде әріптесіме «миға шабуыл», «ассоциация», «шаттық шеңбері» сияқты стратегиялар үйретіліп, нәтижесінде сыныптағы атмосфераны қалыптастырып алдық. Қазақ тілі пәні бойынша «Көнерген сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Тәжкеева берілген стратегияларды дұрыс орындап шықты. Магниттік мектептер арасында өткен семинарға келген мұғалімдер сабақты «жақсы» деп бағалады. Әрине, бәрі оңай болған жоқ. Барлығы дұрыс қолданылған қадамдар арқасында қол жеткізілді. Алдағы уақытта пән мұғалімімен қолға алынған әріптестігімізді одан әрі жалғастыра беретін боламыз. Сондай-ақ, семинар барысында мектебіміз НЗМ тәжірибесіне біртіндеп ену, сонымен қатар критериалды бағалау жүйесі таныстырылды.
Тәжірибе бағдарламасына НЗМ білім беру үрдісі мазмұнының жаңашылдықтары таныстырылды:
бағалаудың критериалды жүйесі;
тілдерді деңгейлік оқыту бағдарламаларының құрылымы;
мұғалімдердің зерттеушілік тәжірибесі;
көшбасшылық және басқару жолдарының ерекшеліктері;
тәрбие жұмысының мазмұны – таныстырылып, оны енгізу жолдары қарастырылды.
Өз тәжірибемізбен бөлісу барысында өз әріптестерімізбен кіріктірілген сабақ көрсетілді. Сабағымызға 6 «Б» сыныбы таңдалып алынып, оған дүние жүзі тарихы, география, бейнелеу өнері және музыка пәндерін кіріктірдік. Басты пән ретінде- дүние жүзі тарихы пәнін алдық. Тақырыбы- Парфия патшалығы. Тақырып күнтізбелік жоспарға сай алынды. Деңгейлік курстан өткен әріптесім, тарих пәнінің мұғалімі А.Ермағанбетова, музыка пәнінің мұғалімі- Ш.жакупбекова, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Г. Қанат барлығымыз бірлесе жұмыс жасадық. Қолданылатын әдіс-тәсілдер таңдалынып алынып, оқушылармен қалай жұмыс жүргізетініміз алдын-ала талқыланды. Әрине, дүние жүзі тарихы құрылымы қиын сабақ, оны өз пәнімізге қарай кіріктіру оғай болған жоқ. Тек барлығымыздың бірге жұмыс істегеніміздің арқасында ғана, сабаққа қысқа мерзімді жоспар жасалынды. Сабаққа қойылатын мақсат пен күтілетін нәтиже де талқыланды. Сабақ барысында «миға шабуыл», «Ассоциация», «ойлан, бөліс» және т.б. стратегиялар қолданылды.

Үй жұмысы мен жаңа сабақтың тақырыбына оз қозғау сәті
Оқушыларды түгендеп, 4 топқа бөлдік. Психологиялық ахуал орнатылып, енді бабалар бір сабақта 4 пән мұғалімін қалай қабылдайды екен деген ой болды. Сабақ алдында үй жұмысын «миға шабуыл» страгеиясымен сұарлды. Оқушылар берілген сұрақтарға жарысы жауап беріп жатты. Мағынаны тану мен жаңа сабақтың тақырыбын баланың өзіне қалай ашқызсақ екен деген сауал ұзақ мазалап, соңында балалар берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбын өздері тауып берді. Жаңа сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашып шықтық. Музыка пәнінен балалар Парфия патшалығының терриориясында орналасқан халықтардың дәстүрі мен сол замандағы Римдіктермен соғыстарын көрініс ретінде қойса, екіншісі сол замандағы соғыс дабылын көрсетіп жатты. Музыка пәнінде оқушылар «театр» және «оркестр» тобы болып бөлінді. «Театр» тобы- Римдіктер мен Парфиялықтардың соғысын сахналыө өойылым ретінде сомдап шғу тапсырылса, «Оркестр» тобына- дабылдың дыбысын топ болып айнытпай салып, тыңдату болатын. Оқушыларымыз шығармашылық жағынан мықты екен, берілген тапсрымаларды аса шеберлікпен орындап шықты.

Парфиялықтар мен Римдіктер соғысын сомдау барысында.
Бейнелеу өнері сабағында балалар осы соғысты бейнелеп шықты. 10 минут ішінде оқушылардың сурет салудан бір-бірінен қалыспайтынына көзіміз жетті. Римдіктермен соғыс картинасы жақсы шықса, екінші «Тиридат» тобы да одан қалыспады.
География сабағында Парфия патшалығының картасы қырқылып, мозайка ретінде баларға таратылып берілді. География пәнімен байланыс орнатылып, қазіргі кездегі Иран территориясы екенін оқушылармен бірге анықтадық. Таратылып берілген картаның екінші бетінде бірнеше сұрақтар болды. Физикалық-географиялық орны, өзен атаулары, орналасқан матригі, қай ұлт пен тіл семьясына жатанына байланысты сауалдар таратылды. Оқушылар топ болып берілген сұрақтарға жауап берді. Әсіресе, «Тиридат» тобы шапшаң, тез тауып, картадан Ефрат пен Тирг өзендерін, Месопотамия ойпатын дүние жүзінің физикалық картасынан тауып көрсетіп берді. Басқа топтар да олардан қалыспай, сұарқтарға жауап беріп, мозайка құрастырылып, нәтижесінде Парфия патшалығының территориясы көрсетілген карта құрастырылды. Тапқырлық пен дәлдік, сыни тұрғыдан ойлау білетін топ басшыларының арқасы мен топтардың бірігуі- оқушылардың сабақтағы мақсаттарына жеткенін анықтап берді.

Оқушылардың физикалық картамен жұмыс жасау сәті

Сабақ бектіліп, оқушылар формативті бағаланды. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, үйлеріне қуанышпен тарап жатты. Кіріктірілген сабақ балаларға ұнайды. Өйткені, сабақ әртүрлі бағытта, жан-жаөты өтеді. Бүгінгі таңдағы біздің оқушыларымыз кез-келген өзгеріске дайын. Сабақта көрсеткен белсенділіктері осыған дәлел бола алады.
I жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жалғасын тапты. Мектебімізде сондай-ақ, НЗМ білім беру жүйесінің қала мектептеріне тарату мақсатында семинар өткізілді. Қала мектептерінен келген мұғалімдерге «жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін» таныстырылып, сөз сөйледім. Семинарға мектебіміздің директоры Қ.Ш.Дүбірбекова, әріптестерім А.Садвакасова, Ш.Сатенова, И.Жуматова қатысып, өз білімдерін таратты. Тиімді білім беру одан әрі жалғасын табарына сөзсіз сенемін. Түбінде- өз оқушыларымыздың әрбір сабақта сапалы білім алуы болып табылады.