СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Негізгі және туынды етістік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күнделікті сабақ жоспары. Арнайы мектеп оқушыларына арналған.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Негізгі және туынды етістік"»

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік
Сабақтың мақсаты:
білімділік - оқушылардың алдыңғы сабақтарда негізгі және туынды етістік туралы алған білімін пысықтау; тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; дамытушылық – оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақта қолданылатын әдіс: сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,қима қағаздар ,карточкалар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды түгендеу;
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Кубизм әдісі бойынша әр топқа етістікке байланысты сұрақтар беру.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
3. Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
4. Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз сабақта негізгі және туынды етістік тақырыбын жалғастырамыз.
Сурет бойынша сабақты түсіндіру. Сурет соңында сөйлемдер жазылған.( Суретте тақта алдындағы оқушы бейнеленген.)

1) Кезекші, тақтаны сүрт. Кезекші тақтаныы сүртті.

Сөйлемдегі сүрт түбірі, -ті жұрнақ.

2) Талғат сабақ айт. Талғат сабақ айтты.

Бұл сөйлемдердегі сүрт –сүртті,айт-айтты сөздеріне сұрақ қою. Ереже айту,жұрнақ арқылы жасалған етістікті көрсету.

Негізгі және туынды етістіктер ережесін І-ІІ деңгейлі оқушыларға қайталату.
- ІҮ Сабақты пысықтау

1) Оқулықпен жұмыс:

1-тапсырма
І-ІІ деңгей. 1 – жаттығуНегізгі және туынды етістіктерді топтап жазу
• Туынды етістік • Негізгі етістік

(Әңгімелес, өрнекте, ұсақта, шаңдат, достас (кел, жаз, оқы, ер)
Туынды етістіктерді сөз құрамына талда.
2-тапсырма Тазала, іріле, бұрғыла, сула, қабылда, жөнде.
Өзің қалаған екі - үш туынды етістікті қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.


ІІІ- ІҮдеңгей

1-тапсырма: 2 - жаттығу
Апам демалыс күні бөлмелерді ақтады. Мұғалім оқушылармен достық туралы пікірлесті. Асқар таңертеңгілік жүгіруге әдеттенді. Марат көрші баламен достасты. Цирктегі үйретуші қонжықтарды билетті.
Туынды етістіктерді тауып, астын сыз.

2-тапсырма :Берілген сөздерге төмендегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды етістік жасап жаз.
Дос, үтік, жаңа, тазала, амандас, көмектес.

Керекті жұрақтар: тас, те,ла, дас, тес.

Ү. Сергіту сәті Ойындар: «Жалғасын тап».

Мақал-мәтелдердің сыңарын таптыру, етістікті табу.


Әкеге қарап ұл өсер, ... ... ... ... .



Етікші етікке жарымас, ... ... ... .

ҮІ. Қорытынды сабақ: «Хат тасушы»ойыны.

Берілген қима қағаздағы сұрақтарға кім жылдам жауап берсе, соларға жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш белгілеріндегі хат беріледі.

1.Етістік дегеніміз не?

2.Туынды етістік дегеніміз не?

3. Негізгі етістік дегеніміз не?

4.Дара етістік дегеніміз не?

5.Сөз таптарын атап беріңдер.

6. Түбір етістік дегеніміз не?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, сол бойынша геометриялық пішіндегі хат табыс етіледі.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

Енді қолындағы геометриялық пішіндер арқылы кім қандай белгі алды?

Жұлдызш-бес.

Төртбұрыш-төрт.

Үшбұрыш-үш.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

І-ІІ деңгейлі оқушыларға 3-жаттығуды көшіріп жазу. Ережені жаттау.Негізгі туынды түрлерін ажырату.

ІІІ-ІҮ деңгейлі оқушыларға 3-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазу.Ережені оқу.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!