4.Оқиғаларды әңгімелеу. Әңгімелеу Бақытты отбасының сыры. Өсиет әңгіме.  Бір шағын қалада екі отбасы көрші тұрады. Бір отбасында үнемі ұрыс болады, ал екінші отбасында барлығы тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні бақытты отбасына қызығып жүрген екінші үйдің баласы олардың қалай өмір сүріп жатқанын білгісі келеді. Сөйтіп, бір күні ол көрші үйге келіп, жасырынып, бақылап отырады. Бақытты үйде барлығы әкесі, анасы, балалары да ылғи көңілді жүреді екен. Олар бәрін бірлесіп жасап жатыр. Анасы үйін тазалап жүріп бір құмыраны сүртіп тұр еді, кенеттен біреу телефон соғады. Ол құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді. Анасына көмектесіп жүрген баласы бөлмедегі жаңағы құмыраны байқамай құлатып алады. Құмыра сынып қалады. Бала «Міне қазір ұрыс басталады» деп ойлайды. Өйткені олардың отбасында осылай болушы еді. Анасы оны көріп, ұлына: - Кешір, балам. Мен кінәлімін. Мен оны дұрыс қоймадым. - Жоқ, мен кінәлімін. Байқамай қалдым. - Жарайды, ештеңе етпейді, бұл болмашы нәрсе,- дейді әкесі. ... Көрші бала оларға қызыға қарап, өз үйіне қарай жүгіре жөнеледі. Анасы: - Не болды, сонша жүгіріп, бірдеңе көрдің бе? - Иә! - Анашым, мен көршілердің бақытының сырын, олардың бізден ерекшелігін енді ұқтым. - Олардың отбасында әркім өзін кінәлайды. Ал біздің отбасымызда әрқайсымыз «менікі дұрыс» дейміз....
Сұрақтар: 1. Өсиет әңгіме не туралы? 2. Неліктен бала бақытты отбасын сырттан бақылады? 3. Анасына көмектесіп жүрген бала неліктен өзін кінәлады? 4. Бақытты отбасы болу үшін оның мүшелері қандай қасиеттерге ие болу керек? 5. Сенің отбасың салауатты болу үшін бойыңдағы қандай қасиеттерді дамытар едің? |