Білу Қызығушылық тарын ояту | «Сәйкестендір» әдісі Математикалық диктант «Иә», «Жоқ» | Үйге берілген тапсырманы алдарына беріген карточка арқылы дұрыс жауапты түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау. «Иә-жоқ» математикалық диктантын жүргізу тиімді. • 25 пен 3-тің көбейтіндісі 85-ке тең. • 5 санын 10 есе арттырғанда 15 шығады. • 12 мен 5 сандарының қосындысын 4 есе арттырғанда 68 шықты. • 50-дің бестен бір бөлігін 12-ге арттырғанда 130 болады. • Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 12-ге тең. Көбейтіндінің мәні 60-қа тең. • 11 мен 9-дың көбейтіндісі 100-ден кіші. • 67 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырғанда 100 шықты. • Бөлінгіш 72, бөлгіш 20 мен 11-дің айырмасы. Бөліндінің мәні 9-ға тең. • Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82. | Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу. |
Түсіну | Дәптермен жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі (топтық жұмыс) | Сәуірдің он бесі Тақырып: жазбаша көбейту және бөлу Мұғалім 32 • 4 мысалын баған түрінде жазуды ұсынады және кез келген оқушыға шығарып көруді тапсырады. «Ойланыңдар, көбейтуді неден бастаймыз? Алынған нәтижені қайда жазамыз? «Бірліктердің астына. Бірліктерді көбейтіп болғаннан кейін, нені көбейтеміз? Неше болды? 2 ондық болды. 12 санын қайда жазамыз? 10 ондық - бұл ? жүздік. Жүздікті қайда жазамыз?». Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге берілген бірінші мысалды мұғалім тақтаға жазып түсіндіреді. Көбейтудің бірліктерден басталатыны естеріне түсіріледі. №1 тапсырма арқылы жаңа сабақ бойынша алған білімдері тиянақталады. | Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді |
Қолдану
| Салыстыру, сатылай кешенді талдау (топтық, жұптық жұмыc
| Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде өзіндік жұмыс беріледі.Әр топтан бір оқушы жауптарын оқиды. | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді
|
Сергіту сәті | «Қара жорға» әнін тыңдаймыз | Оқушылар сергіту сәтін жасайды | Экранда көрсетілген бейнероликке назар аударады |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин) | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |