СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сөйлем түрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету

Просмотр содержимого документа
«"Сөйлем түрлері"»

10 Технологиялық карта

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Сөйлем түрлері (хабарлы, лепті, сұраулы).

Мақсаты: сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету; дауыс ырғағына қарай оларды ажырата білу іскерлігін дамыту; табиғатты сүйіп, қорғай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қима суреттер,жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: өңір-аймақ,желу-жылдам жүріс.

Билингвальды компонент: аққала-снеговик,далада қар жакып тұр-на улице идет снег.

Оқу іс-әрекетінің-

кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғалаушылық

-Балалар, біз бір-бірімізді түсіну үшін не істейміз?

-Біі-бірімізді түсіну үшін сөйлесеміз, тілдесеміз.

Ұйымдастыру-

шылық-

ізденістік

Сөйлемдердің үш түрі болады.

Біріншісі-хабарлы сөйлем. Бір нәрсені хабарлап айтады. Сөйлем соңынан нүкте қойылады. Мысалы: Далада қар жауып тұр.

Нүкте деген білгенге,

Жай ғана бір ноқат па?!

Жоқ онсыз сөйлем де,

Жоқ өлең де, жоқ хат та!...

Жазып жатқан кездерде

Асықпай ол күтеді,

Асқан дана сөздер де,

Сол нүктемен бітеді.

-Ал енді сендер хабарлы сөйлемге мысал келтіріңдер.

-Сөйлем соңына не қойылады?

Сөйлемнің екінші түрі-лепті сөйлем.

Адамның түрлі көңіл күйін-қуану,ренжу,өкіну,таңдану т.б. білдіреді. Мысалы: Алақай! Қар жауды! Лепті сөйлем ерекше сезіммен айтылады. Ал енді сендер мысал келтіріңдер.

Үшінші сөйлемнің түрін сұрлаулы сөйлем дейміз.Сұрлаулы сөйлемдер бір нәрсені сұрап білуді білдіреді. Соңынан сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар? Ал енді сендер сұраулы сөйлемге мысал келтіріңдер.

-Балалар, сендерге өлең жолдарын оқимын. Өлең жолдары арасынан сөйлемнің қандай түрін естігендерінді табуларың керек.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Билингвальды компонент: аққала-снеговик,далада қар жауып тұр-на улице идет снег.

Аппақ қып өңірді,

Қар жауды!

Қар жауды!

Көп бала көңілді.

Қызығып таңғалдық.

Сергіту сәті

Аққала

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында

Мұзайдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда.

«Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Ойнап жүрген балаларға ат қою.Олардың көңіл күйіне назар аудару,іс-әрекеттері туралы айту.


-Иә,балалар,сендердің құраған әңгімелерің маған ұнады.

«Қажетті тыныс белгілерін қой» дидактикалық ойын:

Ойын шарты:Берілген суреттердің мағынасына байланысты құрастырылған сөйлемдердің тыныс белгілерін қою.

Дәптермен жұмыс.дәптердегі №10 тапсырма бойынша орындалады.Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.







Балалар нүкте туралы өлеңнің мағынасын түсініп тыңдады.



-Аялдамада адам аз екен.


-Нүкте қойылады.




-Қап!Бекер келдім!

-Келді!Келді! Атам келді!








-Қыздар қайда?

-Атаңыз кім?

-Досың бар ма?






-Бұл айтылған өлең жолдарына сұраулы сөлемді естіп тұрмыз.

Қайталайды.



-Бұл өлеңде «қар жауды!қар жауды!»-лепті сөлем,өйткені көтеріңкі көңіл күймен айтылып тұр.







Балалар өлең мазмұнына байланысты іс қимыл жасайды.



Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

-Таза ауада демалған қандай тамашы!Арман шанамен сырғанап келеді.Балжан,Дәулет екеуі аққала жасап жатыр.Шаңғышылар шаңғы тебуде.Конькиді Нүрлан жақсы тебеді.






Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар, бүгін қандай сөйлем түрлерімен таныстыңдар?


-Қандай тақырып бойынша әңгіме құрадыңдар?

-Хабарлы,лепті сұраулы сөйлем түрлерімен таныстық.

-Қысқы ойындар.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Сөйлем түрлерін ажыратып,тыныс белгілерін қоюды,суретке қарап әңгіме құрауды,өлең жолдарынан сөйлем түрлерін табуды.

Түсінеді: өңір,желу сөздерінің мағынасын.

Қолданады: қыс мезгіліне байланысты ойын түрлерін.