СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөз және сөз құрамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көздерін жеткізу. 2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын молайту, өз ойларын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру, сауаты да көркем жазуға үйрету. 3. Тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтауға, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білім негіздерін меңгерту Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ - жауап, көрнекілік. Көрнекілігі: кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама. Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың назарын сабаққа аудару. II Үй тапсырмасын сұрау 1. Сөз және оның 

Просмотр содержимого документа
«Сөз және сөз құрамы»

Қазақ тілі 2 сынып Бекітемін: 11.05.17
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Сөздің мағынасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден құралатындарына көздерін жеткізу.
2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын молайту, өз ойларын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру, сауаты да көркем жазуға үйрету.
3. Тәрбиелік мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтауға, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім негіздерін меңгерту
Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ - жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі: кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама.
Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын сұрау
1. Сөз және оның мағыналары туралы білімдерін бақылау мақсатында сұрақтар беріледі.
«Топтастыру» стратегиясы


Сөз дегеніміз не?
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Қарама - қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?


Жауап берген оқушылар бағаланады.
III Жаңа сабақ
Сөз және оның құрамы туралы түсінік беріледі.
*Сөз тек дыбыстардан емес, басқа да бөлшектерден құралады.
Осы ережені түсіндіріп, ұғындыру үшін 1 - жаттығу талданады.
Мәтін жазылған плакат тақтаға ілінеді.
• Мәтінде Алматы сөзі жеті рет кездеседі.
• «Алматы» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
• 7 санының киелі сан екендігі туралы айтылады.
1. «Тез өзгерт» ойыны
Шарты: әр топқа бір сөз жазылған парақша таратылады. Осы сөздерді өзгертіп айту керек.
2. Оқулықпен жұмыс
3 - 4 бала ережені қайталап оқиды.
2 - жаттығу Талабы: жақша ішіндегі сөздерді өзгертіп, сөйлемдерді көшіру.
Нанды жерге тастама, басуға болмайды. Ас атасы - нан, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нанды алып қой.
3. Өзіндік жұмыс
Көзіңді қолыңмен сүртпе. Кітапты жатып оқыма, көзің ауырады.
4. Дәптермен жұмыс
5 - жаттығу Талабы: мақал - мәтелдерді көшіріп жазу.


Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Ердің атын ел шығарар.


5. Топпен жұмыс Берілген сөздерді өзгертіп жазу.
I топ қала, бала. II топ білім, терезе. III топ оқу, мектеп.
IV Қорытынды.
Сауалнама жүргізіледі.


1. Сөз неден құралады?
А) дыбыстан ә) буыннан б) екі сөзден в) сөйлемнен
2. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
А) силықтың ә) сыйлығ б) сыйлықтың в) сыйлықтің
3. Дұрыс құрылмаған сөйлемді белгіле
А) Ауылда тұрамыз біз.
Ә) Біздің үй тауға жақын.
Б) Мұғалім тапсырманы тексереді.
В) Менің атым - Есет.
4. Сөйлемді керекті сөзбен толтыр. Кәмшаттың құрбысы ------- келді.
А) Астаналар ә) Астанасы б) Астанадан в) Астананың


V Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау. 3 - жаттығу.
VI Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Пәні: Әдебиеттік оқу Бекітемін: 10.05.17

Сабақтың тақырыбы: Өрттен құтқарушы иттер

Мақсаты:  

Білімділік: Жаңа материалды меңгерту.

Дамытушылық: оқу техникасын жақсарту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі: аралас 

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Найзағай» мәтінінің мазмұнын сұрау.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: а) Сұрақ-жауап; ә) Қорытындылау.

ІV. Мақсат қою кезеңі. Өрттен құтқарушы иттер.

  • Өрт деген не?

  • Өрттен құтқарушы деген ше?

  • Өрттен құтқарушы иттер дегенді қалай түсінесіңдер?

V. Жаңа сабақ:

а) Ребусты шешіп, шешуіндегі сөздің мағынасын ашу. /Табиғат апаты/

ә) Автордың өмірбаянымен таныстыру. 

Лев Никола́евич Толсто́й 1828 жылы Ясная Поляна, Тула губерниясында туған —1910 жылы Астапово станциясы, Тамбов губерниясында қайтыс болған. Лев Никола́евич Толсто́й  — орыс жазушысы, ойшылы. Граф. Севастополь қорғанысының қатысушысы, ағартушы, публицист.

б) «Өрттен құтқарушы иттер» әңгімесін мұғалімнің оқып беріп, талдауы.

в) Сергіту сәті.

VІ. Бекіту кезеңі:

а) Суретпен жұмыс:

  • Әңгімеде қандай оқиға болған?

  • Суреттегі итке ат қойыңдар.

  • Ол не істеп жүр?

  • Өртке оранған үй туралы әңгімелеңдер.

  • Өрт неден шығуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

  • «Өрт-тілсіз жау» дегенді қалай түсінесіңдер?

ә) Дәптермен жұмыс:


-Ереже құрастырып жазу.

Өртті болдырмау шаралары

Өрттен сақтану шаралары

Үйден шығарда тоқты, газды сөндіріп шығу  керек.

Өрт сөндірушілерді шақыру керек (телефон нөмірі-103)

 

 

 

 

VІІ. Қорыту кезеңі:

1.Үйге тапсырма: «Өрттен құтқарушы иттер» мәтінін оқу, мазмұндау.

2. Бағалау.











Пән: Дүниетану Бекітемін: 10.05.17

Сабақтың тақырыбы: «Жабайы және үй құстары»

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын,
қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз өмірінде қандай рөл атқаратынын санасына қалыптастыру.

Көрнекіліктер: құстарың суреті, кластер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздерме,балалар! Отырыңыздар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін. Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл-күйіміз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

а) Психологиялық дайындық

Қуанамын  мен  де,

Қуанасың  сен  де.

Қуанайық  достарым,

Арайлап  атқан  әр  күнге.

-Балалар,  сабақты бастамас  бұрын  мен  сендердің  көңіл-күйлеріңді  білгім  келіп  тұр.  Ол  үшін  тақтадағы  смайликтер  арқылы  көңіл-күйіміздің  қандай  екенін  көрсете  қойыңдар.

-Жарайсыңдар, балалар.

II.Үй тапсырмасын тексеру

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? (Жабайы және үй жануарлары)

III. Жаңа сабақ

-Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып  алдым.  Ол жай  сандық  емес, сиқырлы сандық  екен.Бұл сандықтың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

-Ия.

-Білгілерің келсе алдымен мен жасыратын жұмбақтардың шешуін табуларың керек.Ендеше бастайық. ( әрбір  жауаптағы  құстардың суретін  тақтаға ілу)

1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз)
2. Қық - қық етеді, 
Кезіп жүріп көшені. 

Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай, 
Айқайлайды таң атпай. (әтеш.) 
4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қаладай. (үйрек.

-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

-Құстар.

-Өте жақсы, құстар деп атаймыз.

-Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Құстар.Жабайы және үй жануарлары» деп аталады.

-Құстар туралы жалпы не білеміз? (Тақтада құстың суреті ілулі)

-Жарайсыңдар.

-Ал балалар құстардың қандай пайдасын білесіңдер?

  • адамға дос;

  • зиянды құрттарды жояды;

  • ән салады;

  • егінге пайдалы;

  • бау-бақша;

  • ағаштарды қорғайды;

  • сән береді;                        

  • IV.Оқулықпен жұмыс

  • -Оқулығымыздың 98-бетін ашайық. Бұл жерде құстардың түрлері туралы жазылған, яғни жабайы және үй құстары туралы мәтін. Ендеше мәтінді тізбектеп оқиық.

  • 1 «Бейімділік» дегенді қалай түсінетіндігіңді нақты мысалмен дәлелді етіп әңгімеле.

  • 2. Құстардың қоректенуіне өз тұмсықтары қандай қолайлы жағдай туғызатынына мысал келтіріп әңгімеле.

  • 3.Үй құстарын адамдар не үшін асырайды, әңгімелеп бер.

  • 4.Жабайы және үй құстарын атаңдар.

  • 5.Жабайы және үй құстарының айырмашылығы?

  • V.Тақтамен жұмыс

  • -Балалар тақтаға назар аударсақ, мына жерде құстар тұр ия?

  • -Ия.

  • -Ендеше сендерге мынадай тапсырма, мына құстарды «жабайы» және «үй» құстары деп екіге бөліп орналастырайық.

  • VI. Сергіту сәті

  • VII.Бекіту

  • Стуациялық сұрақтар:
    (Балаларға құстар бойынша сұрақтар беру)

  • - Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп , ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
    1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
    2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен не істер едің?

  • -Жарайсыңдар.

  • VIII .Қорытынды

  • -Бүгін қандай тақырып өттік?

  • - Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?

  • -Құстар орманда, далада мекендейді.

  • - Құстар ұясын қай жерде жасайды?

  • -Құстар ұясын ағаштың басына,  шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

  • -Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

  • -Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

  • -Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

  • -Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

  • -Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

  • -Сабақ ұнады ма?

  • IX.Үйге тапсырма

  • Үйде «Жабайы және үй құстары» туралы» оқып келеміз.

  • X.Бағалау

  • -Тамаша балалар, сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Белсене қатысып отырған балаларды бағалаймын.Сау болыңыздар!