СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сызықтық алгоритмдерді программалау

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сызықтық алгоритмдерді программалау                                                                                                                                                                           

 

Просмотр содержимого документа
«Сызықтық алгоритмдерді программалау»

Ұзақ мерзімді жоспар.

Күні: 07.02.2018

Сынып: 7

Мектеп: А. Фердауси ЖОМ КММ

Пәні: Информатика

Мұғалімнің аты-жөні: Исмоилов Маъруфжон

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Сабақтың оқу мақсаты

  • 7.3.2.1- алгоритмді программалау тілінде жазу

  • 7.3.3.2- сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: сызықтық алгоритм, сызықтық бағдарлама туралы түсінік қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі: сызықтық алгоритмнің блок - схемасын құра алады.

Кейбір оқушылар: сызықтық алгоритмді программасын құра алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар сызықтық алгоритм жасай алады. Программалау тілінде программалық код жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Сызықтық алгоритм, Паскаль тілі, Lazarus, Rad операторы, Write операторы.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Сызықтық алгоритм - ...

Сызықтық программа - ...

Программалау тілі - ...

Құндылыққа баулу

Құрмет және ынтымақтастық.

Бұл құндылық сабақта бір-біріне құрметпен қарауға баулиды,

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, орыс тілі.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жоба интерфейсі.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

















Ұйымдастыру кезеңі

• Амандасу

• Түгендеу


Психологиялық дайындық.

«Сағат тілі» әдісі. Бұл әдісте балалар сағаттың суретін салады да, онда «12», «3», «6», «9» сандарын еңгізеді де, оларға өз сыныбындағы адамдардың атын еңгізеді. Сол еңгізген адамдармен әр түрлі бағытта амандасады.

«12»-қолмен амандасу

«3»-құшақтасып амандасу

«6»- Иықпен амандасу

«9»- көзбен амандасу


Үй тапсырмасын тексеру.

Кейбір оқушылардың орындарына стикер жабыстырып, стикері бар оқушылардан өткен сабақты сұрау.


Жүрек суреті








Кітап, слайд.










Сабақтың ортасы













Сызықтық алгоритм-тарақталу мен қайталану әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм. Сызықтық алгоритм-барлық әрекетті тізбекпен, бірінен соң бірін табиғи реттілікпен бір реттен орындалатын алоритмдік құрылым.

Сызықтық программа

Сызықтық программа деп шартты тексеру, тармақталу және қайталану операторлары жоқ, енгізу, шығару операторларынан және орындау командаларынан тұратын, қарапайм программаны айтамыз. Программалау тілін пайдаланып, компьютерге мәліметтерді енгізуге, өңдеуге, өңделген нәтижелерді экранға шығаруға немесе файлға жазуға болады. Өткен тақырыптарда танысқанымыздайПаскалб программалау тілі модульді программалау тіліне жатса, Lazarus – Паскаль тілі негізінде жасалған объектіге-бағытталған визувлды программалау ортасына жатады. Lazarus программалау ортасында модульдік программа жазуға мүмкіндік бар. Ол үшін «Создать..Модуль–Модуль Паскаля» командаларын орындау керек. Біз сендермен модульдік және объектіге–бағытталаған программалау тілдерін салыстыра отырып үйренеміз. Бұл сендерге программалау процесін түсінуге үлкен көмегін тигізеді. Енді Паскаль негізінде мудульдік программалау жолдарымен танысайық. Программада мәліметтерді енгізу үшін Read операторын қолданамыз.

Read операторы

Жалпы жазылуы: Read (a, b, c, …, n). Бұл жерде енгізілетін a, b, c, …, n айнымалы шамалар. Айнымалылар әртүрлі типтерге тиісті болуы мүмкін. Енгізу кезінде айнымалыларды бос орынмен бөліп енгізу керек. Әрбір айнымалыны жеке қатарға енгізу үшін Readln (Readln(a, b, c, …, n)) операторы қолданылады.

Write операторы

Жалпы жазылуы: Write (a, b, c, …, n). Бұл жерде a, b, c, …, n

Экранға немесе файлға жазылатын нәтижелер. Ал әрбір нәтижені жеке қатарға шығару үшін Writeln (Writeln(a, b, c, …, n)) операторы қолданылады. Сонымен бірге Write операторын мына түрде қолдануға болады: Write(‘қосынды=’,’ең үлкені’). Математикада көптеген алгоритмдер сызықтық алгоритм түрінде шешіледі.

Lazarus-та сызықтық программалардан тұратын жобалар жасауға болады. Мұндай жағдайда «Жоба пішініне» ақпаратты енгізу немесе нәтижені шығару үшін өткен тақырыптарда танысқан компоненттерден Edit-ті қолданамыз.

Енді осы операторлардың іс жүзінде қалай жұмыс жасайтынын көріп шығайық.


Практикалық тапсырма

«Сынып бөлмесінің ауданын есептеу» жобасы

Сынып ұзындығын a және ені b болатын тіктөртбұрышты бөлме. Осы бөлменің периметрі P мен ауданы S – ті есептейтін сызықтық бағдарлама құрыңдар.

Алгоритмі: тіктөртбұрыштың периметрін P=2*(a+b) және S=a*b формуласы бойынша есептеңдер. 4.25-суретте тапсырманың модульдік программадағы мәтіні берілген. 4.9 –кестеде жобада қолданған компоненттердің қасиеттері берілген. 4.26 және 4.27–суреттерде жобалардың дайындалу кезеңдері сипатталған.

Lazarus программасында жасалған «Периметр мен ауданын табу» жобасының «Периметр», «Аудан» және «Аяқтау» батырмаларына жазылған коды.

Procedure TForm1.Button1Click(Sender:TObject);

var a, b, p:integer;

begin

a:=StrToInt(edit1.text);

b:=StrToInt(edit2.text);

P:=2*(a+b);

edit3.text:=IntToStr(P)

end;


Procedure TForm1.Button2Click(Sender:TObject);

var a, b, s:integer;

begin

a:=StrToInt(edit1.text);

b:=StrToInt(edit2.text);

S:=a*b;

edit3.text:=IntToStr(S)

end;


Procedure TForm1.Button3Click(Sender:TObject);

begin

exit;

end;

Lazarus-та енгізу және хабарламаны шығару терезелері

Визуалды ортада мәліметтерді терезе көмегімен енгізуге және нәтижені шығаруға болады.

Енгізу терезесі InputBox( ) функциясымен орындалатын стандартты диалогтік терезесі болып табылады. Бұл функцияның мәні пайдаланушы енгізген жол. Функцияның жалпы түрі:

айнымалы:=InputBox(‘тақырып’,’түсініктеме’,’мән’;

Мұндағы айнымалы – пайдаланушы енгізген String типті айнымалының мәні, тақырып – енгізу терезесінің тақырып мәтініне түсініктеме беру, түсіндіру – хабарлама мәтіні, мән – енгізу терезесінің өрісі арқылы енгізілетін санды және мәтіндік ақпарат.

Мысалы: минутты сағатқа айналдыратын жоба жұмысымен танысайық.4.28 - суретте жобаның жасалу кезеңі, 4.29,4.30 – суреттерде жобаның орындалу кезеңі берілген, 4.31- суретте «Орында» тапсырмасына арналған прорамма коды жазылған.

Lazarus программасында нәтижені терезге шығару үшін Show Message( ) процедурасы қолданылады. Show Message процедурасы экранға мәтін және ОК командалық батырмасы бар шағын терезе шығады.

Show Message(‘Хабарлама’);

  1. Мысалы: Show Message(‘Берілген шаманы енгіз’). Бұл терезенің тақырыбы қалыпты жағдайда Project болып жазылады. Оны өзгерту үшін мәзір қатарынан Project\Options\Application\Title командасы орындалады










Компьютер, слайд









Сабақтың соңы


Қорытынды.

«Өрмекші» әдісі арқылы.

Оқушылар бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.

Рефлексия.

«Бес саусақ» әдісі

Бағалау.


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
















Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?