Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының гимні.
орындаған: «Қарлығаш» шағын орталығының ұжымы және тәрбиеленушілері.
Жүргізуші: Тәуелсіздікке 25 жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтандық ата-баба үмітін,
Қолымызда көк ту менен бостандық.
Армысыздар, қадірменді қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім- Қазақстан» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын,сендерсіңдер! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ән: «Ұлы Отан», орындаған: хор
Жүргізуші: -Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біз қай мемлекетте тұрамыз, Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Балалар, Отан дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?
- Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші?
- Біздің ұлттық тіліміз,қай тілде сөйлейміз?
Балалар, кім Отан туралы тақпақтар біледі? Ортаға келіңдер...
Сағдина: Отан-ұран
Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді.
Асанали: Отан-жерім
Отан-суым
Отан-қуат,нәр береді.
Дильназ: Отан-тарих
Отан-тіл
Отан- ауыл
Отан-әжем
Жасын: Отан-елдің анасы
Отан-жердің анасы
Бақытты ғой дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы.
Адема: Отаным күндерім
Отаным үндерім
Отаным гүлдерім
Кеудемде жүр менің
Айлана: Отан деген-ата мекен
Отан деген-туған жер
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан-туған ел!
Сұлу: Отан-аспан,суым,далам
Отан-менің сүйікті анам
Тербететін бесігінде
Балапанын ұйықтаған.
Ән: «Отаным менің-ауылым», орындаған: хор
Би: «Қамажай» орындаған: қыздар
Жүргізуші: Балалар, елбасымыз, рәміздер туралы тақпақтар кім біледі?
Закир: Елбасымыз жолдайды,
Халық оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Жасын: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Айгүл: Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат,әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әлемі.
Мақсат: Құт береке-шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Нұрхан: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-елтаңбам.
Айлана: Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы
Тірегі әке-баланың
Қазақстан жалауы.
Закир: Туға мойын бұрамыз,
Елтаңба деп тұрамыз
Гимн айтып асқақтап
Рәміздер сөзін ұғамыз
Көк байрақ, көк аспан
Алтын күн нұр шашқан
Әлемге танылған, тәуелсіз Қазақстан.
Ән: «Біздің елтаңба»,орындаған: хор
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз Тәуелсіздік туралы жырларын айтады.
Даниал: Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай ,Шоқаным
Тәуелсіздік- сәбиімнің күлкісі,
Тәуелсіздік-ақ батасы атамның.
Аңсар: Жайдарлы жерім бар
Өрісті елім бар
Ерлікке баулитын
Егемен елім бар.
Дінмұхаммед: Қазақстан туған өлкем,
Жер көп пе сендей көркем
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желбіретем.
Ернияз: Әйнегі-күн
Шатыры-аспан
Кең далам, төсі толқыған егін
Көлдері көкке ақ күміс шашқан
Қазақстан-Республикам менің!
Мансур: Қазақстан жерінде
Көк туымыз желбіреп
Біз бақытты болайық,ұзақ өмір жасайық!
«Көк тудың желбірегені»,орындаған: хор
флешмоб: «Алға Қазақстан»,орындаған: балабақша тәрбиеленушілері
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар тәуелсіздік мерекесіне өз тілектеріңізді білдіріңіздер,мерекелік шашу шашылсын!
Ән: «Атамекен»,орындаған: тәрбиеленушілер мен «Қарлығаш» шағын орталығының ұжымы.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен Тәуелсіздіктік 25 жылдығына арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Кішкентай бүлдіршіндеріміз көк туымызды көк аспанда мәңгілік желбірете берсін! Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!!!