СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тәуелсіздік - тұғырым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

«Тәуелсіздік - тұғырым» атты

салтанатты жиынының

жоспары

Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік - тұғырым»»

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Л.Қыдыралиева



М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

«Тәуелсіздік - тұғырым» атты

салтанатты жиынының

жоспары


р/с

Атқарылатын жұмыстар


Жауаптылар

1

Жүргізуші

Ұланбасы

Оразбек Ақтілек

Қалдарбек Айжан

2

Мектеп директорының құттықтау тілек сөзі


Қыдыралиева Лаисира Батырқызы

3

Тәлімгерге рапорт тапсыру

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант береді

2-сынып оқушысы: Алибай Аяулым

5а-сынып оқушысы:Мадибекова Ақниет

5ә-сынып оқушысы: Мұрат Әдемі

4

Ән «Егемен ел»

Үсен Балмекен


5

Би «Жүрегім қазақ»

«Шұғыла» би тобы


6

Ән «Көк тудың желбірегені»

Мұрат Әлихан








ДТІЖО: Н.Боранбаев


Тәлімгер : А.Әліппекова


Үйірме жетекшісі: К.Анарбаева











Жүргізуші:

Қайырлы күн ,қымбатты оқушылар және ұстаздар!


Бүгінгі «Тәуелсіздік - тұғырым» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер!


Тәуелсіздік-елдің ерен еңбегі,


Тәуелсіздік-барша ұлттың теңдігі.


Тәуелсіздік-байтақ елдің кеңдігі


Тәуелсіздік-еліміздің елдігі!


Ұланбасы:ҚР Мемлекеттік Туы кіргізілсін!

ҚР Әнұраны орындалады!


Жүргізуші: Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Жас Ұлан ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға тілек білдіру, құттықтау сөз мектеп директоры Қыдыралиева Лаисира Батырқызына беріледі.


Жүргізуші:


Жас ұлан-жігерлі де жайдарлы ұйым


Төл мерекең жыл сайын тойлайды ұйым!


Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға


Жасұлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.


Ұланбасы:

Бүгін салтанатты түрде 2 сынып оқушыларын «Жас қыран» қатарына қабылдаймыз. Осындай атаулы күні мектеп оқушылары республикалық «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына сап түзеді.

Жүргізуші:

«Жасұлан» ұйымы қанатын кеңге жаюда. Бүгінгі салтанатты жиында белсенді оқушыларымыздың қатары тағы бір мәрте көбеймек. Ұйым қатарына мектебіміздің 2 сынып оқушыларынан 26 оқушы қабылданады.

Ұланбасы сөзі: Елдің болашағын баянды ететін жастар. Олар әрқашанда қоғаммен біте қайнасып әр бала өзін сан алуан қырынан танытады. Сонымен қатар өзіндік орнымен ерекшеленеді. Алайда осы жастарды бір арнаға тоғыстырар бұлақ көзі болу қажет. Осы бір күні сол арна біздің қоғамда бар. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Елбасының тікелей жолдауымен Республикалық бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын. Біз бақытты жастар осылайша тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатқанымызға бақыттымыз. Осы бір айтулы мереке қарсаңында бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылуы біздің патриоттық сезімімізді арттыра түспек.


Жүргізуші:

Қымбатты қонақтар және «Жасқыран» және «Жасұлан» ұйымына мүше болуға ынта білдірген оқушылардан салтанатты Ант қабылдау рәсімін бастаймыз!


Ұланбасы:

Топ басшылары, бүгінгі «Жас қыран» және «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал.


Рапорт мәтіні: 2 сынып оқушылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар ұйымына қабылдауына дайын!

Рапорт тапсырушы топ басшысы Алибай Аяулым Ермекқызы.

Ұланбасы: рапорт қабылданды


Топ басшысы Алибай Аяулым: Біздің топ - Білімділер

Біздің ұран: Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.


Рапорт мәтіні: 5а сынып оқушылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауына дайын!

Рапорт тапсырушы топ басшысы Мадибекова Ақниет.

Ұланбасы: рапорт қабылданды

Топ басшысы: Біздің топ - Үздіктер

Біздің ұран: арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты...........


Рапорт мәтіні: 5а сынып оқушылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауына дайын!

Рапорт тапсырушы топ басшысы Мұрат Әдемі.


Ұланбасы: рапорт қабылданды


Топ басшысы: Біздің топ - Ақсұңқар

Біздің ұран: сотқарларға ермейміз, ел намысын бермейміз...........


Жүргізуші:

Барлық «Жасұлан» ұйымының мүшелерін қабылданған оқушыларға галстук тағу рәсіміне шақырамыз.


Ұланбасы: «Жасқыран» ұйымының галстугын кеуделеріне алғаш болып тағушы ұландарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

«Жасұлан» ұйымының жаңа мүшелері өз бірлестіктерінің қатарына қосылсын!


Жүргізуші: ЖасҰлан!


Қатысушылар: Ел ертеңі!


Жүргізуші: ЖасҰлан!


Қатысушылар: Күн сәулесі!


Жүргізуші: ЖасҰлан!


Қатысушылар: Жеңіс қанаты!


Жас Ұландар әнұраны ойналады!


Ұланбасы:


Біз Жасұлан өнегеміз,


Ұл-қызына әлемнің


Бізден ізгі үлгі алады,


Балалары бар елдің.-


Үсен Балмекеннің орындауында ән «Егемен ел»


Жүргізуші:

«Шұғыла» би тобының орындауында би: «Жүрегім қазақ»



Жүргізуші:

Мұрат Әлиханның орындауында ән: «Көк тудың желбірегені»


Жүргізуші:

Салтанатты жиынға қатысушылар, құрметті қонақтар, «Жасұландықтар»! Патриоттық сезімге толы салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті, ендеше республикалық «ЖасҰлан» ұйымына қабылдау салтанатын жабық деп жариялаймыз!

Сау болыңыздар!