Ұйымдастыру- шылық- ізденістік | Педагог өзі экспедиция жетекшісі болады. Картада көрсетілген бағыт бойынша сапар барысында балалар әртүрлі жолдармен жүріп,кедергілерден өтеді. 1-«Көмір» аялдамасы. (Әр аялдамадан пайдалы қазбаның шартты белгісі көрсетілген карточкалар табылады). -Бұл жерден не табылды?Таскөмір қалай пайда болды деп ойлайсың?Ол не үшін қкжет?Оны сипатта.Педагог балалардың жауабын толықтырады: Ертедегі өсімдіктердің шіріген қалдықтары жиналып сазға айналып,жер қойнауында қатып,көмірге айналған.Бұл үдеріс жыл өткен сайын қайталанып отырып,бірнеше қабаттан тұратын көмір пайда болған.Көмірді микроскоппен қарасаң,өсімдік бөліктерінің қалдықтарын көруге болады. -Оны қалай өндіреді? (Суреті көрсетіледі). -Көмір еліміздің қай жерінде өндіріледі?Картадан шартты белгі бойынша өндірілетін орындар көрсетіледі. 2-«Мұнай» аялдамасы. -Балалар,елімізде мұнай қай жерде өндірілетінін білесіңдер ме? -Мұнайдан не алынады? Педагог балалар жауабын толықтырады: Мұнайдың түсі қоңыр қошқыл,кейде ашық сарғыш түсті болады.Оны «қара алтын» деп те атайды.Біздің еліміз мұнай қоры жөнінен алдыңғы орындардың бірінде тұр. Одан жанар-жағармайдан басқа парафин,иіссу,крем,дәрі-дәрмек,пластмасса т.б.алынады.Мұнай көп жылғы жиналған өсімдік,жануарлар қалдықтарынан пайда болған.Газ мұнаймен бірге жүреді. Педагог газбен және ауамен толтырылған екі шарды салыстыруды ұсынады.Газдың не үшін пайдаланатынын сұрайды. Картадан мұнай,газ өндірілетін орындар көрсетіледі. Сергіту сәті: Кәне,қызық ойындар Қтарласа қойыңдар. Отырыңдар,тұрыңдар, Маған мойын бұрыңдар. Қолымызды жаяйық, Құстай қанат қағайық. Аяқты бір басыңдар, Кәне,тағы,тағы да. Қол соғайық жабыла Кәне,тағы,тағы да. 3-«Темір рудасы» аялдамасы. -Темірден не жасалады? -Темір рудасы қай жерде өндіріледі? Қазақстан темір өндіруден 3-орында тұр.Темір кен орнының көпшілігі Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.Атақты Сарыбай кен орнын бір ұшқыш ашқан.Ол ұшақпен темір кенінің үстінен ұшып өткенде құбылнаманың тілі ауытқыған екен.Көп ұзамай ол жерден кен орны ашылады.Ол жердің кенінің сапасы өте жоғары.Темір рудасы ашық әдіспен өндіріледі. 4-«Тұз» аялдамасы. -Тұз не үшін қолданылады? -Ас тұзы қайда өндірілетінін білесіңдер ме? -Ас тұзы,сондай-ақ,Балқаш көлі,Ертіс,Есіл өзендерінде де таралған. Картадан қарау. Тәжірибе жүргізу. Бір кесек тұз және бір кесек ақ тұз,2 стақан су алынады.Бірінші стақандағы суға тұз,екіншісіне тас салынады. -Тұз қайда? 5-«Құрылыс материалдары»аялдамасы. -Балалар,қандай құрылыс материалдарын білесіңдер? -Құрылыс материалдары не үшін керек? Құрылыс материалдарын қарауды ұсынады. -Құмнан не алынады? -Сазбалшықтан не алынады? Қазақстанда цемент,кірпіш,бетон,гипс т.б.құрылыс материалдарын өндіру ісі жақсы жолға қойылып келеді. -Балалар,біз пайдалы қазбалардың кейбір түрімен ғана танысып отырмыз.Біздің жеріміз пайдалы қазбаларға өте бай.Бірақ олар да таусылады,сондықтан үнемі пайдалану керек.Басқа да пайдалы қазбалармен кейінірек танысын боласыңдар. | Балалар педагогпен бірге экспедицияға аттанады. Бұл-көмір.Оны үйді жылыту үшін,үлкен пештерді қыздыру үшін пайдаланады.Көмірдің түсі қара,қатты.Ол әртүрлі заттардың жиналып қатып қалуынан пайда болды деп ойлаймыз. Балалар сурет бойынша көмірдің қалай өндірілетін айтады. -Қарағанды,Екібастұзда өндіріледі. Атырау,Ақтау,Ақтөбе,Қызылорда -Мұнайдан жанармай,жағармай алынады. Балалар салыстыру үшін екі шарды ауаға жібереді.Ауа толтырылған шар жерге түседі де,газ толтырылған шар жоғары көтеріледі. «Газ ауадан жеңіл»деген қорытынды жасайды. Өлең мазмұнына сәкес қимылдар жасайды. Балалар өздері білетінін айтады. Балалар шартты белгісі бойынша картадан іздейді. Балалар тұз туралы білетіндерін айтады. -Ас тұзы Арал теңізінде өндіріледі. Тұз еріп кетті,яғни тұз суда ериді. -Құм,топырақ,тас,кірпіш,бетон, Гипс,әк т.б. -Тұрғын үйлер,түрлі ғимараттар Салу үшін керек. -Шыны алынады. -Сазбалшықтан керамикалық Ыдыстар жасалады. |