Мотивациялық- қозғаушылық | Педагог балаларды дөңгелете отырғызып, «Сымсыз телефон» ойынын ұйымдастырады. | Бастаушы бір баланың құлағына бір сөз айтады,ол бала жанындағы балаға сыбырлап,басқаларға естіртпей жеткізу керек. |
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік | Жұмбақ шешу. Педагог жұмбақ жасырады. 1.Бар екен бір терезе ғажап үйде, Кино болар терезеден күнде-күнде. 2.Айтқан сөзді сыбырлап осы жерде, Естіп алар бір құлақ алыс елде. 3.Жазуы бар ақ парақ қанат қақты, Жеткізеді әлемдегі жаңалықты. -Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады? -Хатты қалай жібереді? -Балалар,пошта,телеграф, телефон-байланыс құралдары. -Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз? -Теледидар,радио,газет, интернет-ақпараттық құралдар.. -Өрт шықса қандай телефонға қоңырау шалу керек? -Ал дәрігердің көмегіне жүгіну керек болса ше? -Ал полиция қызметкерлерін қалай шақырамыз? -Балалар,бұрынғы заманда телефон,телеграф жоқ болған кезде,адамдар бір-бірімен қалай хабарласқан? -Үнді тайпаларында түтіннің белгісі арқылы бір-бірімен хабар алысқан.Кейін үлкен қалалар салынған кезде қаладағы үйлерге нөмір берілген,пошта,телеграф, телефон пайда болды. -Балалар, мен қазір сендерден интервью аламын.Интервью дегенді білесіңдер ме? Билингвалды компонент: байланыс құралдары-средства связи,ақпараттық құралдар-средства информаций,өрт-пожар. | Балалар жұмбақтың шешуін табады. -Теледидар. -Телефон. -Газет. -Бір-біріне хат жазады,телеграмма жібереді,телефонмен сөйлеседі. -Пошта арқылы. -Теледидар,радио,газет және интернет арқылы. Балалар суретке қарап,ақпарат құралдарының пайдасын әңгімелейді -101. -103. -102 -Поштаны көгершіндер арқылы,арнайы шабарман арқылы хат жіберген. Сұрақтарға жауап береді. Қайталайды. |