СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Саңырауқұлақ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру.Ермексазбен саңырауқұлақтың бейнесін әртүрлі пішіндермен жасау

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Саңырауқұлақ"»


Жазғы сауықтыру жоспарының технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Мүсіндеу

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар (ақ,қызғылт сары саңырауқұлақтар)

Мақсаты: түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге үйрету; балалардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту; еңбекқорлыққа ұжымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар-жабдықтар: серуен кезінде жасанды саңырауқұлақ алқабын бақылау, әртүрлі саңырауқұлақтың суреттері,шөп өскен алқап,кірпі.

Билингвальды копонент:Саңырауқұлақ- грибов


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық


Педагог шаттық шеңберін жасайды.

«Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойнайық.

Шынашағым,орманға бар!

Шылдыр шүмек саңырауқұлақ тап!

Ортан терек тазалап ал!

Балаң үйрек,қуыра сал!

Бас бармағым барлығын жеп,

Өсіп қапсың толып.


«Саңырауқұлақ» саусақ ойынын білеміз.Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл қозғалыс жасайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік


Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші.Педагог саңырауқұлақты мүсіндеу жолдарын көрсетіп,түсіндіреді.

Ақ ермексазды алақан арасына салып сопақша пішінге келтіреміз.

Өздерінің қалған түсті ермексазды алыңдар.Оны домалақтап,бас бармақпен ортасын үңгімейміз,сұқ саусақпен жалпақтап,қалпақтың пішініне келтіреміз.

Сергіту сәті:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.


Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршектер жасап,қалпақтың үстіне жапсырамыз.Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз.

Кезекші бала тазалықшараларын айтып өтеді.Балалар жұмыс жасайды.







Балалар өлең сөздеріне байланысты қимылдар көрсетеді.

Балалар педагогтың көрсетуімен саңырауқұлақты мүсіндей бастайды.

Рефлексиялық - реттеушілік

-Балалар бәрің де саңырауқұлақты әдемі мүсіндедіңдер!(Балалар назарын шөптесіп алқапқа аударады).Осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар.Бұл «Саңырауқұлақ алқабы» болады.


-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Балалар өздері жасаған саңырауқұлақтарын алқапқа кірпінің үстіне орналастырады.

Сипаттап әңгімелейді.

-Ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: саңырауқұлақтар атауларын,түстерін.

Түсінеді: әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып мүсіндеуді.

Қолданады: саңырауқұлақ түрлерін,пайдасын.