СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тарих пәні бойынша жоба

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Тарих пәні бойынша жоба»

Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министірлігі









Авторы: Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Базарбек Жанеля





Тақырыбы: «Егеменді елдің нышаны»



Жетекшісі: Ерғазиева Мөлдір Қырғызбайқызы

Тарих пәнінің мұғалімі



Секция : Тарих,өлкетану



Әйтеке би кенті






Жоспар Кіріспе. ...............................................................................................1-3 Негізгі бөлім.......................................................................... ..............4-7 І тарау Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні 1.1 Геральдика қосалқы пән ретінде .................................. ..........8-16 1.2 Гербтердің шығу тарихы ........................................ ........17-20 1.3 Қазақстан республикасының мемлекеттік символдары ....... 21-25


Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер тізім
















Аннотация

Ғылыми - ізденіс жұмысының тақырыбы «Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні»

Ғылыми - ізденіс жұмысының мақсаты – Жұмыстың негізгі мақсаты жастар мен жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз – рәміздерді насихаттау. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екеніне  мән беруге бағытталған.

Ғылыми - ізденіс жұмысының міндеті – Тәуелсіз Қазақстан жерінде өсіп өнген қоғам жастары туған жерін, елін, Отанын құрметтей білуге бағыттау.

Ғылыми - ізденіс жұмысының өзекті мәселесі –  «Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деген мағына үстейді. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.

Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпы ұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынылады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік мәртеге ие екенін келер ұрпаққа насихаттау.

Ғылыми - ізденіс жұмысының жаңалығы – Мемлекеттік рәміздің жаңа түрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енбек. Арнайы стандарт бойынша елтаңбаның өлшемі бекітіліп, түсі алтынға боялмақ. Оған басты себеп бүгінге дейін елтаңбаның түсі, тіптен көлемі әр түрлі болып келген. Жалпы жаңадан бекітілген мемлекеттік рәміз 2017 жылдың шілде айына дейін ауыстырылып бітуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа елтаңбаны барлық мекемелер өз бюджеттерінен жаңалайды. Ол үшін Үкіметтен ешқандай артық ақша бөлінбейді. Ал, ескі елтаңба 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін толық ауысып бітуі тиіс. Елтаңбаны арнайы рұқсаты бар жарнама агенттіктері бекітілген стандарт бойынша жасауы қажет. Егер қандай да бір олқылық жіберсе, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл жүктеледі. 

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны латын әріпімен шығарыла бастады.

Зерттеудің барысы бір тарау дан тұрады.

Зерттеудің бірінші тарауында: Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні


Аннотация

Тема научно - исследовательской работы - «Воспитательное значение государственных символов»

Цель исследованияОсновная цель работы пропаганда среди молодежи и юношей государственных символов. Глава страны Н.А.Назарбаев говорил: «Государственные символы олиуетворяют суверинитет и независимость нашей страны. Эти символы показывают яркие страницы из прошедшего, сегодняшнего и будущего нашей страны.»

Государственные синволы символы – это отличительные показывающие дух, национальное самосознание, мужество и величие, веру в будущее, мечты и чаяния нашего народа. Знамя со цветом неба возвышает мечты народа и как парящий высоко в небе орел возвышает нашу страну в голубизне.

Научно - исследовательской работы по актуальным проблема – Дать направление молодежи почитать и гордиться своей Родиной, уважать родную землю и независимый Казахстан на которой родился и живет.

Основная проблематика научно – исследовательской работы работы – Слово «Символ» греческое слово, означает точный перевод этого слова. Символ – одна из главных степеней философии и психологи.

Во многих странах государственные символы являются основной силой способствующие к объединению и сплоченности всей науки. Символы пропагандируют будущему поколению свою возвышенность над религиозными, партийными, родо-племенными понятиями.

Открытие научно – исследовательской работы – Новые государственных символов вводятся в применение с 1 января 2016 года. По специальному стандарту утверждены размеры герба, цвет будет покрашен в золотистый. До сегодняшнего дня цвета, размеры герба были различными. Утвержденные новые государственные символы должный вступить в применение с июля месяце 2017 года. Кроме того, новый герб будет финансироваться за счет собственного бюджета учреждений. Для этого Провительства не будет выделять средства. Старый герб должен быть заменен до 1-го июля 2017 года. При допущении каких либо ошибок, палагается штраф в 400 месячных показетелей.

  • Государственный гимн начал издаваться латинскими буквами.

Объем и структура научный работы. Исследование состоит из одной главый. В первой главе исследования: Воспитательное значение государственных символов



Кіріспе

Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» - дейді. [3.103-б].

Өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді.
Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.
Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған. [1. 10-12б].
Көк түс қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады. Кезінде Түркі қағанаты (552-630 ж, 682-743 ж), Хазар қағанаты (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанаты (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті, Қазақ хандығының (1465-1737 жж.) бірқатар хандары мен батырлары көк асаба көтерген. Қазақ КСР-нің (1920 - 1991 жж.) мемлекеттік жалауында да шағын көк жолақ республиканың төл болмысының нышандық белгісі ретінде пайдаланылады. «Көк» сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен белгілі бір нақты географиялық ақпарат алуға болады. Ол геральдика тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.
Ал, күн бейнесі - байлық пен береке белгісі. Күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы адамзаттық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.
Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсар, жан дуниесінің кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады. [2.1-3-б].
Ал, енді саяси тұрғыдан келсек ол – мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан Республикасының бас рәмізтанушысы Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, тертінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. [3.11-б].

















Негізгі бөлім. Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні

Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген.Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым.Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір. [4. 3-5 б].
Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы. Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.
Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді.
Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу. [2. 10-б].
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.

Адамзат қашаннан бері әртүрлі таңбалар мен белгілерді қолдануға әуес болған. Халқына, тайпасы мен әулетін белгілі бір таңбамен белгілеудің терең тарихы бар әрі жаһан жұртына тән құбылыс. Жер бетіндегі қай мемлекеттің болмасын елтаңбасына сол халықтың дүниетанымы, тарихы тікелей ықпал етеді. Өйткені елтаңбаларда белгілі халықтың дүниетанымы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тарихы мен рухы сіңіп тұрады. [3. 15-б].
Тайпалық белгілер мен рулық нышандарды «тотем» деп атайды. Олар бүгінгі заманауи елтаңбалардың ет жақын туысы. «Тотем» сөзінің төркіні Солтүстік Америкалық үндістердің «оттем» сөзі, яғни «оның елі» дегенді білдіреді. Тотемдік дәстүр бойынша тайпаны жебеп, қорғап жүрген жебеушісі ретінде жануар яки өсімдіктер бейнесі арқылы сол тайпаның негізгі нышандық белгісі таңдалады. Бұл дәстүр өте ежелгі халықтар арасында кең таралған. Алайда, сол көне салтқа сай елтаңбалар бүгінде кездесіп жататыны да белгілі.
Ал, осы сынды түрік және монғол тектес азия халықтарында «тамға» дәстүрі бар. Оған сәйкес әр тайпа, әр рулы ел өздеріне тән аң-құс бейнесі, қару-жарақ яки тайпаға ғана тән басты белгілерді байрақтарына бейнелеген. Қазақ руларының да өзіндік белгілері мен ұрандары болған. Яғни, әр рудың таңбасымен қатар ұраны тең жүрген. Шайқас ұрандарын кейіннен еуропалық рыцарлар да иемденіп, қолданыстарына енгізген. Негізі елтаңба тарихы осы жаумен шайқас кезіндегі ұрандар мен байрақ таңбаларынан бастау алады.
Елтаңбалардың арғы тегі – байрақтарға, киімдерге, жүзіктер мен жеке әулеттік заттарға бейнеленіп, көмкерілген алуан түрлі белгілік нышандар. Ұрандар мен төл белгілер тулар мен елтаңбалардан көрінген. Батырлар, билер мен қолбасшылардың өздеріне тән белгілері болған. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайынның әскери дулығасында – теңіз аты (гиппокамп), Ахиллес бас киімінде – бүркіт, Нумибия патшасы Масиниса дулығасында – ит, римдік император Каракалы басында – бүркіт суреттелген.
Ал, антикалық дәуірдің қалалары мен аралдарының кейбір белгілері әрдайым монеталардан, төс белгілер мен мөрлерден көрініс тапты. Мәселен, солардың бірі Афин қаласының белгісі – үкі, Қорынтық қаласының белгісі – пырақ, Самос шаһарыныңкі – тауыс, Родос аралдары – раушан гүлімен таңбаланған екен.
Ассирия, Бабыл, ежелгі Мысыр елдерінің елтаңбалары мөрлерде таңбаланатын болған. Ал, б.з.д. үшінші мыңжылдықта шумерлер мемлекетінде бүркіт пен жолбарыстың бастары бейнеленген өз елтаңбасы болды. Бұл тарихтағы алғаш мемлекеттік елтаңбасымен танылған мемлекет болып есептелінеді. [2. 13-б].
Үш жүзден тараған қазақтардың да терең мағынаға ие рулық таңбалары болған. Төл таңбамызды зерттегенде алғаш тастарда қашалып жазылған руна жазуы көзге келеді. Оны бекер еске алып отырғанымыз жоқ. Себебі, көшпенді бабаларымыз кішкентай ғана белгіге тарихын, санасын, пәлсапасын, дүниетанымын, мәдениетін, болмысын сыйдырып қойғанын аңғаруға болады. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабының сегізінші томында таңба хақында былай деп жазылған: «Әлемдік хат мәдениеті тәжірибесінде құпия сақтау мақсатында туған код пен шифр арқылы жазу үлгілерімен салыстырғанда көшпелі түркілердің рулық таңбалары мен руникалық тұжырымдамасы жер бетінде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде идеографиялық жазудың айрықша түрі ретінде таңбаны атайды».
Қазақ тегіне берік екенін білеміз. Рулық таңбалар – түркі халықтарының тектік қасиеті. Бүгінде сол түркі халықтарының ішінде рулық таңбаларын қазақтар әлі күнге дейін сақтап келеді. Рулық таңба қасиеті жөнінде «Қазақ руларының таңбасы» атты мақаласында Мақсұтбек Сүлеймен былай дейді: «Рулық таңба – түркілік төлқұжат, өмір шындығын танып-білудің даналық құпиясы, ақпараттық жүйе, қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын танытатын қасиетті рәміз, ұлттық ойлаудың айнасы. Рулық таңбалар – қазақтың шығу тегі барша рулардың бірігуінен шыққанын дәлелдейтін тарихи құжат, жәдігер. Тек соның құпия сырларының кілтін таба білуіміз қажет».
Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде, ең алдымен олардың таңбалық белгілерін зерттеудің қажеттілігін алғаш аңғарған Николай Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете зерттеген Сәрсен Аманжолов болды. Олар белгілі бір атадан рудың, одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына кәміл сенді.
Таңбаны бір жағынан түркі халықтарының этникалық құрылымының сыртқы рәміздік белгісі деп қарасақ, оның терең де басты мағынасында таңба – рудың қасиеті, ары, тегі, шежіресі, жаршысы.
Таңба – ақпарат сақтау мен таратудың коды дейді таңба зерттеушілері. Осы шифрдың кілтін таппаған бөгде жұртқа қазақтың ішкі сыры мен рухын ұғыну жұмбақ күйінде қалады. Бағзы қазақтың ойлау жүйесінде геометриялық өлшем, симметриялық дәлдік – таңбатану өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл түркі халықтарының этникалық біртұтастығын сақтап тұрған киелі қорғаны, ең маңызды ұлттық құндылығы екенін мойындауымыз тиіс.





1.1 Геральдика қосалқы пән ретінде

Геральдика қосалқы тарихи пәннің шығуы латын сөзі “Геральдус”

глаштай деген мағынадан басталды. Геральдикалық зерттеулің негізгі мәні жекелеген тұлға, фамилия әулет, мемлекет мекеме және тағы басқа символдық белгісі-гербтің анықтау болып табылады. Грербтің басқа символдық белгілерден айырмашылығы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалуында. Түрлі символдық белгілер немесе эмблемалар ежелден-ақ пайдаланған. Мұндай айыру белгісі ХІ-ХІІғ. Гербтерге айналды.Геральдиканың қосалқы тарихи пәне ретіндегі негізгі міндеті гербтерді атрибуциялау. Геральдика сфрагистика және гениалогиямен тығыз байланысты дамиды.

Гербтердің шығуының негізгі себептері орта ғасырдағы рыцардың жүзін жаулап тұратын, әскери сауаттын шығуымен байланысты болды. Орта ғасырлық батыс Еуропада өтетін рыцарлық әскери турнирлер герптерді сипаттайтын арнайы мамандар геральдтардың шығуына себепші болды. Осылайша рыцарлардың айырма белгісі мұраға қалып отырған. ХІҮ ғасырдың Батыс Европа елдерінде Геральдия деп аталған теориялық және практикалық геральдика мәселелерімен айналысатын арнайы мекемелері ашылды. Сонымен қатар гербті құрастырушылардың қатаң тәртіпте де жұмыс істеді. Геральдиялық қызметтің нәтижесі түрлі гербтік анықтамалар жасау болды. Бірте-бірте мұндай жұмыспен мамлекеттікұйымдар айналысты. Рессейде геральдика ХҮІІІ ғасырда пайда болды. 1722 жылы Петр бірінші геральмеистрлік контор ашып, оған қалалық және жеке гербтерді жасау тапсырды. 1726 жылы ғылыми академиясы жанынан геральдика кафедрасы ашылды.

Теориялық геральдика-гербі құрастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер жиынтығы. Өйткені,оны меңгермейінше анытама жасау мүмкін емес. Тәртіптерге сүйене отырып жасалатын гербтің құрамы мынандай; қалқан, шілем, карона, шеңбер, қалған ұстағыш, ұран, мантия тағы басқа. Бұл бөліктердің біреуі негізгі, қалғандары қосымша болып келеді. Гербтің негізгі бөлігі болып қалқан табылды. Қалқанның геральдикалық бірнеше түрі белгілі. Франсуздық-төртбұрышты; Испандық-төменгі жағы домалақ;Вариактық-үшбұрышты жан-жағы толқымалы болып келген.Италияндық-домалақ; Германдық-кескінді тәріздес; орыс геральдикасында франсуздық үлгі кең таралған. Гербтер бедерлі болғандықтан жазық және түрлі-түстілер кең таралған. Олар металдан,түрлі-түсті эмальдан және теріден құралған. Гербтер тұрмыста көп пайдаланатын заттарға иелік белгісі ретінде түскендіктен белгілі бір түстердің сақталу талап етілген.Осындай тәртіп қағаз бетінде де қолданылған. Алтын ақ параққа қара нүктелерінен, ал күміс ақ кеңістікпен  финистидің түсі сол қалпында берілген. Ақтышқан мен тиынның терілерінен жасалған. Қалғандары бір түсті және көп түсті болған. Гербті бейнелеген фигуралар

Геральдикалық және геральдикалық емес деп бөлінеді. Геральдикалық фигураның алты түрі белгілі;    Қалған басы 2/7ұзындығы жоғарыдан төмен қарай басқа         түспен боялды.Біріккен жері немесе табан асты 2/7 қалқанның ұзындығы   төменнен жоғары қарай басқа түспен берілді.

    Бағана –1/3 қалқанның көк дененің ортасында басқа түспен берілді.

    Белдеу 1/3- қалқаннң ұзындығы ортасында басқа түспен берілді.

    Аспа бау – 1/3 қалқандар оң жақта немесе сол жақта басқа түспен айқындалады.

   Тіреуіш – қалқанның жоғары жағанда жетпейтін 2 аспа бау.

Мұның басқа геральдиканың фигураларының 200-дей түрлері анықталған. Геральдиканың емес фигуралар табиғи, жасанды, аңызға айналған болып бөлінеді. Табиғи фигуралар тірі жан иесінің бейнесі (адам, аң, т.б.), аспан түстес (күн, ай, жұлдыз) және құбылыстар (су, от, т.б.) жатады. Мұндай фигуралар геральдика тәртібі бойынша сол жақта беліленеді.

     Жасанды фигураларға адам қолмен жасалған – садақ, қылыш, және т.б. жатқызылыды.Аңызға айналған фигураларға табиғатта болмаған тіршілік иелері – айдаһар, екі баста бүркіт, жалғыз мүйіз жіне т.б.

  Гербтің басқа бөліктеріне оңшалықты мән берілмеген қалқан үстінде жиі ауыстырлып тұратын шлем екі түрлі – дөңгелек формалары, үшкір ұшты болған.Карона шлемінің астында немесе үстінде де ораласа берген. Княздық, графтық, баронды, дворяндық кароналар түрлері бар.  Шілем үсті каронадан немесе шлемнен шыққан жоғары қарай белгіленген фигураны белгілейді, жануарлар бейнесі кең таралған. Мантия және шеңбер-орта ғасырлық рыцарь плашының бейнесі болып табылды. Мантия каронаның астында орналасады, брахтан немесе ақтышқан терісінен жасалады. Орыс геральдикасында мнтия тек қана княздық гербтерде кездеседі. Шебер-шлемнен шыққан веньетка тәріздес әшекей, оның жоғарғы жағы кез-келген түсте болса да төменгі жағы алтынна немесе күмістен жасалған. Қалқан ұстағыш-табиғи немесе аңыздық фигуралар қалқанның екі жағында тұрады.Ұран-Герб иесінің өмірлік қағидаларын білдіретін қысқа сөйлем (көбінесе латын тілінде жазылды).Жоғарыда айтылған теориялық геральдика гербтерді құрастыру және сипаттаумен айналысады, ал практикалық геральдика гербтердің шығу тегі, тарихы, классификация мәселесі айналысты.Орыс жерінің бір орталықтанған бір мемлекетке бірігу процесі геральдика айқын көрінеді. Мөрдегі бейнелер бірте-бірте біртектес және мұралық болып гербтерге айналды. Мысалы; ХІҮ-ХҮ ғ Москва княздарының мөрімен монеттерінде бейнеленген салт атты үш ғасырдаң соң Москваның гербі болып белгіленді.

Иван ІІІ-ші княздығында екі басты бүркіт бейнесі пайда болды. Салт атымен екі басты бүркіт Рессейдің мемлекеттік гербінің негізгі бейнесіне айналды. Мемлекеттік мөрде де екі басты бүркіт пен салт атты бейнеленген. Салт аттыдан орыс жерінің қорғаушысы ретінде князь жауынгері байқалды.

1972 жылғы үлен мемлекеттік кітапта “ТИТУЛЯРНИК” зтыз үш облыс пен қалалар гербтері берілген. Көптеген орыс қамалдарының гербінің тарихы өте қызық қалалық мөрлерден кейін пайда болған. Жеке гербтердіқұрастыру Рессейге ХҮІІ-ші ғ. кіреді. 1686 жылдары елшілік жарлықта дворяндық әулеттері гердінің алғашқы жинағы “Бархыт кітап” деген атпен жарлық көреді. Мұнан І-ғасыр өткен соң Н.И. Новиков осы кітаптың жаңа басылымың шығарды. Геральд-министірлік контор ашылғаннан кейін және 1977 жылғы “Рангалар жөніндегі табель” Кітабы шыққан соң, сегіз кластық шеңі бар тұлғалар мұрагерлік, дворяндық соған қоса әулеттік герб ашуға құқығы болды. ХҮІІІ ғасырдың соныңда Павел-І кезіңде бүкіл Рессей империясының дворяндық әулеттерінің “жалпы гербтері” еңбегі құрастырылды. І-ші бөліміне  княздық, графтық, баронды, әулеттік, дворяндық гербтер, ІІ-бөліміне двориандық ұсынылған тұлғаларың гербтері, ІІІ-ші бөліміне дворяндықты  еңбегімен алғаш тұлғалардың гербтері енді. Осылай “Гербтік” кітаптың жиырма томы дайындалып, оның 10-ы жарыққа шығып қалғандары архивте сақталды.Бүкіл двряндық гербтерді үш категорияға бөліп қарауға болады. Герольдмейсерлік контор құрылғанна кейін, оның басшысы болып Поемонтттық ақсүйек Франциек Санти тағайындалды. Ол орыс геральдикасында үлкен орын алды. Ф. Сантидің кезінде қалалық гербердті құрастыру жұмысы алға қойылды. ХҮІІІ ғ. соңына дейін 500 қалалық герб бекітілді. Сонымен қатар губерниялық және уездік қамалдырды гербтерін қосып бейнелеу орын алды. Қалалық герб екі бөліктен құралатын болды. Жоғары бөлігінде губерниялық, төменгі бөлігінде қалалық герб бейнеленді. Губерниялық және облыстық гербтерде бекіту 1878-1881 жылдар жүреді. [4. 3-б].

  Ұлы қазан революциясынан кейін кеңес мемлекетінің алдында жаңа герб жасау мәселесі тұрды. В.И. Лениннің тапсыруымен  1918 жылы мемлекеттік мөр дайындау қолға алынды. Жаңа жоба 1918 жылы 19 маусымда бекітілді. 1918 жылы шілдіде бүкіл рессейлік кеңестік съезде РСФСР-дің мемлекеттік гербі қабылданды.

   СССРО-нің алғашқы гербінің суратшілері И.И. Дубасов, В.П. Корзунның проектысы бойынша жасалды және О.А.К.-ның 1963 жылы 6 – шілдеде өткен 2-ші сесиясында бекітілді.

Бүгінгі күні таңбалардың қыр сырын зерттейтін ғылыми тармақты «геральдика» деп атайды. Бұл ғылымның пайда болу тарихы өте қызық. Алда айтып кеткеніміздей, бүгінгі мемлекеттік елтаңбалар тарихы ұрыс алаңдары мен жекпе-жектерден, яғни, соғысқа аттанған батырлар мен қолбасшылардың таңбаларынан бастау алады. Жалпы геральдика өнері Х ғасырдан бастау алды деседі кейбір деректер. Бірақ батыста алғашқы мөрлер мен құжаттарда бейнеленген гербтер ХІ ғасырдың еншісіне келеді дейді ғалымдар. Ал бұл өнердің дамып, өркен жая бастаған кездері рыцарлар жекпе-жегі мен крест жорықтары кезеңі. Рыцарлар жекпе-жегінің ХІІ –ХVІ ғасырларда қызу өркен жайған кезі болатын. Жекпе-жекке шыққан рыцарь міндетті түрде өз таңбасымен шығуға тиіс еді. Алғашында кез келген рыцарь қарсыласының белгісін танып, сол ен арқылы оның қай әулетке тиісті екенін білген. Сонымен жекпе-жекке бір уақытта, бір жерде әр елден жиылған феодалдардың ұлттық мінезі туады, бір-бірін тануға деген қажеттілік пайда болады. Ал, рыцарлар білім мен тіл білу жағдайында шығыстық өркениеттен алынған өз атын, таңбасын қорғау, жаумен шайқасу, қарулануы сынды қабілеттерді игереді. Рыцарлардың батылдығымен қатар таңбалар білімін жетілдіруі геральдиканың безендіруі мен пайда болуына жол ашты.
«Heeralt», демек герольд – Германияда батыл, беделі бар ардагер рыцарь дегенді білдіреді. Еуропада ежелгі әскерлерде жаумен келіс сөз жүргізу үшін, жарлықтар мен хабарландыруды жария ететін адамдарды «менестрели» (ақын, әнші), «глаштай» деп атаған. Уақыт өте осы үш мамандықтың қосындысы ретінде «герольд» деген кәсіп иелері пайда болады. Олар жекпе-жектерге қатысушылардың атын ғана емес, дәулетті әулеттердің, олардың атынан шығатын қатысушының, рыцарлардың таңбасын жетік білуге міндетті еді. Осылайша герольд кәсібі геральдикалық мәнге ие болып, жекпе-жектер таңбалардың қыры мен сырын ашатын геральдика ғылымының дүниеге келуіне себеп болды. Ал, XIII ғасыр соңы мен XIV ғасырларда геральдика тек әскерлер киімдерінде емес қоғамдағы бар салаға еніп, әдебиетте, өнерде, тұрмыстық жағдайда сәнге айнала бастады.
Сөзтүйін. Бүкіл бір елдің қасиетіне баланған таңба сызықтар шимайы, түсініксіз түртпелер емес. Белгі жан-жақты зерттелген, оңайшылықпен өзгерте салынатын дүние де емес. Өйткені онда баба аманаты, әке тағылымы, тектік тәлім, қандық қасиет, ұлы армандар мен арлы болмыс жататыны белгілі.
Таңба туралы мәлімет:
* Таңба, таңма, тамға – ерекше белгі.
* Таңбалар ежелгі заманнан-ақ қолданыста болған.
* Көшпелі түркілердің дүниетанымы, рухани мәдениеті, тарихы таңбаға көшіріліп, құпиясы жасырын сақтаулы тұр.
* Түркі таңбалары туралы Рашид әд-Диннің, Г.Н.Потаниннің, А.И.Левшиннің, Н.И.Гроздековтің, Н.А.Аристовтың, Ш.Құдайбердіұлының, М.Тынышбайұлының еңбектерінде айтылған.
* Қазақтың рулық таңбалары белгілі бір жүйеге бағынған.
* Таңбатануда Е.Д.Плотниковтің еңбегі өте құнды.
* Орыстанған түркі тектес әулеттердің отбасылық гербтерінің негізі рулық таңбаларымыздан алынған.
* Түркі тектес халықтардың ішінде түріктер, өзбектер, ұйғырлар, әзербайжандар т.б. этностар руларын және рулық таңбаларын жоғалтып алды.
* Ежелгі түркі руна жазуы таңбаларынан ортақ модель шығады, сол арқылы күллі ғаламның нысандарын белгілейтін таңбалар жаратылады.
Ресми дерек:
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. [5. 10-б].
Елтаңбасы – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды.
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды.

Рәміз белгілердің тарихы мен мазмұнынын зерттейтін арнаулы ғылыми сала геральдика деп аталатыны белгілі. Ол тарих ғылымының бір саласына жатады. Латын тілінен аударғанда жаршы деген мағынаны білдіреді. Еуропа корольдерінің сарайында гербтерді тіркейтін, жүйелейтін, жаңа гербтердың сызбасын жасап шығаратын арнайы мамандар болған. Оларды герольдтар деп атаған. Бертін келе олар «Герольдия» деп аталатын мекемеге біріктірілді. 1722 жылы Ресейде гербтерді тіркеп отыру үшін Сенат жанынан арнайы герольдмейстерлік кеңсе құрылды. Олар сан жылдар сорабынан өткен герб тарихын зерттеп, бір жүйеге келтірді. Сөйтіп гербтердің суреттерін, мазмұнын, тарихын  қамтитын арнаулы жинақтар шығарды. ХХ ғасырдың басында осындай жинақтардың  саны 20 томға жетті. Осы томдықтардың ішінде 1649-1900 жылдар аралығында шыққан заңдар жинағында Қазақстан қалаларының ертедегі гербтері туралы деректер бар. Оның ішінде Петропавл, Верный, Орал, Семей, Торғай, Ақмоланың гербтері бар... Ерте замандардан бастауын алған геральдика ғылымы бүгінде елімізде қай деңгейде дамыған? 

Жаздың алғашқы айы маусымның 4-інде мемлекеттік рәміздер күні тойланады. 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік Рәміздері» туралы заңы күшіне енгені белгілі. «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңда Туды, Елтаңба мен Әнұранды дұрыс қолданбағандар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген бап бар. Бұл әрине, азаматтардың рәміздерді құрметтеуге үндейтіні анық. Аталған заңның 5-бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары мемлекеттік туымызбен бірдей болмауға тиіс делінген. Алайда, осы Заң талабы көбіне ескеріле бермейді. Мәселен, кейбір қаржы тапқыш компаниялардың өз тулары бар. Соны кейде мемлекеттік тудан да үлкен етіп жасап, іліп қояды. Соны байқап, жауапқа тартып жатқан жан жоқ. Мұндай мысалдарды кез-келген банктер мен қонақ үйлердің алдынан кездестіруге болады. Оның үстіне көк туымыздың түсі оңып, күнге күйіп, жыртылып кетсе де, ауыстырылмай тұра беретін жағдайлар да жиі көрініс береді.  Заңда, Мемлекеттік Ту мемлекеттік стандартқа сәйкес келмеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс делінген. Мұндай келеңсіздікпен күресте осалдық танытып жатқанымыз анық. Сондай-ақ, Мемлекеттік Ту мемлекеттік мекемелерден бөлек жеке үйлерде де тігілуі мүмкін делінген. Жеке үй түгілі кейде тіпті мемлекеттік мекемелердің өзінен туды көре алмай пұшайман болатын жағдайлар жиі кездеседі. АҚШ пен Еуропаның ірі мемлекеттерінде, сондай-ақ Түркияда президенттердің кездесуінде ғана емес, кез-келген бұқаралық жиындарында жүздеген туларын желбіретіп қояды. Мұның астарында үлкен саясат жатқаны белгілі... Елімізде 10 шақты ғана кәсіпорынның Ту жасауға рұқсаты бар екен. Мемлекеттік рәміздерді лицензиялау арқылы тәртіп орнатуға да болады. Алайда оны жасау аясын тарылтпау қажет. Өткен жылы облыстық Әділет департаменті лицензиясы жоқ бірнеше фирманың жұмысын тоқтатты. Олардың бірнешеуі лицензиясы бола тұра мемлекеттік стандартқа сай келмейтін рәміздерді жасап шығарғаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Рәміз жасауда қарапайым ғана қағидаларды сақтамаған. Біреуінде тудың көлемі кіші болып шықса, екіншісінде күн сәулелері негізгі стандарттан ауытқып мүлде басқаша сипат алған. Бұл дегенің туға деген, рәміздерімізге деген «құрметіміздің» қандай екенін көрсетсе керек...

Алашнама 

Швеция, Ресей, Литва сынды бірқатар елдерде Ұлттық ту күні мерекесі тойланады. Ал, елімізде 4 маусым тек ту күні ғана емес Мемлекеттік рәміздер күні деп белгіленген. 

Ту-ақпарат 

Әлемде 200-ге жуық мем¬лекет бар болса, соншама ту бар. Ең көне ту АҚШ –тыкі болып саналады. Оның алғашқы нұсқасының жасалғанына 200 жылдан асқан. Алпауыт мемлекеттің алғашқы туын үй шаруасындағы әйел ой¬лап тауыпты. «Апама жездем сай ...» болып оның күйеуі де шебер екен. Әйелі тудың суретін салып, матаға тіксе, күйеуі тудың сабын әзірлепті. Осы ту көптің көңілінен шыққан екен. АҚШ-тың бүгінгі туы алғашқы нұсқасынан ауытқымаған, жетілдірілген түрі. 

Қазақ туының мазмұны 

Геральдика яғни, гербтану ілімінде – көк түс адалдық пен сенімділіктің белгісі. Ежелгі түркі тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Ол түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Нұр шашқан алтын күн тыныштық пен татулықтың, байлықтың белгісі. Қанатын жайып қалықтаған құс еркіндіктің белгісі. Себебі қыран - өте биікке ұшатын әрі ұзақ  жасайтын құс. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран құс елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухының белгісіндей. [4. 17-б].











1.2 Гербтердің шығу тарихы

Герб–мемлекеттің, әулеттің, әкімшілік бөліністің, т.б. дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін, оларды әлеуметтік-тарихи тұрғыдан даралау мақсатында жасалатын айырымдық белгі, рәміз, таңба. Қолданылу аясы мен ерекшелеу денгейіне орай гербтер әулеттік, топтық, жергілікті (қалалық, облыстық, аймақтық) гербтер және мемлекеттік гербтер болып бөлінеді. Қазақ тілінде мемлекеттік гербті "Елтаңба" деп те атайды. Гербтердің пішімі мен мазмұны, сипаттамасы патша жарлығымен бекітілген. 1649- 1900 жылдараралығында шыққан заңдар жинағында Қазақстан қалаларының ертедегі гербтері туралы деректер де бар. Мәселен, уездік қалалардың - Петропавл(7.9.1842), Верный, Орал, Семей мен Торғайдың (1.7.1878) патша жарлығымен бекітілген гербтерінің кескіні, ресми сипаттамасы берілген.

Қазақстанның алғашқы Мемлекеттік Гербтері Қазан төңкерісінен кейін жасалды. 1923 жылы 6 маусымда БОАК біртұтас КСРО-ның бірінші мемлекеттік гербін бекітті, оның сипаттамасы 1924 жылы жылы Конституцияда мазмұндалған. Соған сәйкес әрбір одақтас республиканың өз Мемлекеттік гербі болу қажеттігі туралы мәселе көтерілген. [3. 103-б].

1936 жылы қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік гербінде республиканың этно-мәдени болмысы мен дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін нышандардан гөрі Кеңес Одағындағы идеолог, біркелкілікті, таптық айырымды ғана әспеттейтін нышандарға басымдық берілді.

ҚР дербес ел ретіндегі айбының бейнелейтін Мемлекеттік гербі 1992 жылы 4 маусымда ресми түрде бекітілген. Оның жобасын - белгілі сәулетші Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков жасаған. Мемлекеттік гербімізде көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, оны айнала, күн шапағындай тарап, уықтар шаншылған. Осы нышандарды халық ертегілеріндегі пырақтардың алып қанаты көмкеріп түр. Гербтің жоғарғы жағында көне түркі заманынан қастер тұтылған белгі - бес бұрышты жұлдыз жарқырайды, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар.

ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рэміздері туралы" конституциялық заң күші бар жарлығына (24.1.1996) сәйкес Мемлекеттік гербтің көшірме бейнесін орналастырудың жалпы тәртібі мен реттері жөнінде ереже белгіленген. Осы құжаттың 7-бабында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербінің көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақтаулы тұрған Мемлекеттік герб эталонының түрлі түсті немесе ақ-қара бейнесіне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс" делінген.

Елімізде аймақтық (қалалық, облыстық) гербтерді де жасау үрдісі де берік орныққан. Әсіресе, Астана, Алматы қалаларының гербтері бірегей нышандық сипаттарымен ерекшеленеді. [3. 13-б].

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. [3. 23-б].

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр. [2 103-б].
















1.3 Қазақстан республикасының мемлекеттік символдары

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

Адамзат қашаннан бері әртүрлі таңбалар мен белгілерді қолдануға әуес болған. Халқына, тайпасы мен әулетін белгілі бір таңбамен белгілеудің терең тарихы бар әрі жаһан жұртына тән құбылыс. Жер бетіндегі қай мемлекеттің болмасын елтаңбасына сол халықтың дүниетанымы, тарихы тікелей ықпал етеді. Өйткені елтаңбаларда белгілі халықтың дүниетанымы, мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы, тарихы мен рухы сіңіп тұрады.

Тайпалық белгілер мен рулық нышандарды «тотем» деп атайды. Олар бүгінгі заманауи елтаңбалардың ет жақын туысы. «Тотем» сөзінің төркіні Солтүстік Америкалық үндістердің «оттем» сөзі, яғни «оның елі» дегенді білдіреді. Тотемдік дәстүр бойынша тайпаны жебеп, қорғап жүрген жебеушісі ретінде жануар яки өсімдіктер бейнесі арқылы сол тайпаның негізгі нышандық белгісі таңдалады. Бұл дәстүр өте ежелгі халықтар арасында кең таралған. Алайда, сол көне салтқа сай елтаңбалар бүгінде кездесіп жататыны да белгілі.

Ал, осы сынды түрік және монғол тектес азия халықтарында «тамға» дәстүрі бар. Оған сәйкес әр тайпа, әр рулы ел өздеріне тән аң-құс бейнесі, қару-жарақ яки тайпаға ғана тән басты белгілерді байрақтарына бейнелеген. Қазақ руларының да өзіндік белгілері мен ұрандары болған. Яғни, әр рудың таңбасымен қатар ұраны тең жүрген. Шайқас ұрандарын кейіннен еуропалық рыцарлар да иемденіп, қолданыстарына енгізген. Негізі елтаңба тарихы осы жаумен шайқас кезіндегі ұрандар мен байрақ таңбаларынан бастау алады.

Елтаңбалардың арғы тегі – байрақтарға, киімдерге, жүзіктер мен жеке әулеттік заттарға бейнеленіп, көмкерілген алуан түрлі белгілік нышандар. Ұрандар мен төл белгілер тулар мен елтаңбалардан көрінген. Батырлар, билер мен қолбасшылардың өздеріне тән белгілері болған. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайынның әскери дулығасында – теңіз аты (гиппокамп), Ахиллес бас киімінде – бүркіт, Нумибия патшасы Масиниса дулығасында – ит, римдік император Каракалы басында – бүркіт суреттелген.

Ал, антикалық дәуірдің қалалары мен аралдарының кейбір белгілері әрдайым монеталардан, төс белгілер мен мөрлерден көрініс тапты. Мәселен, солардың бірі Афин қаласының белгісі – үкі, Қорынтық қаласының белгісі – пырақ, Самос шаһарыныңкі – тауыс, Родос аралдары – раушан гүлімен таңбаланған екен. [1.103-б].

Ассирия, Бабыл, ежелгі Мысыр елдерінің елтаңбалары мөрлерде таңбаланатын болған. Ал, б.з.д. үшінші мыңжылдықта шумерлер мемлекетінде бүркіт пен жолбарыстың бастары бейнеленген өз елтаңбасы болды. Бұл тарихтағы алғаш мемлекеттік елтаңбасымен танылған мемлекет болып есептелінеді.

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. [3 7-8-б].

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Рулық таңба

Үш жүзден тараған қазақтардың да терең мағынаға ие рулық таңбалары болған. Төл таңбамызды зерттегенде алғаш тастарда қашалып жазылған руна жазуы көзге келеді. Оны бекер еске алып отырғанымыз жоқ. Себебі, көшпенді бабаларымыз кішкентай ғана белгіге тарихын, санасын, пәлсапасын, дүниетанымын, мәдениетін, болмысын сыйдырып қойғанын аңғаруға болады. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабының сегізінші томында таңба хақында былай деп жазылған: «Әлемдік хат мәдениеті тәжірибесінде құпия сақтау мақсатында туған код пен шифр арқылы жазу үлгілерімен салыстырғанда көшпелі түркілердің рулық таңбалары мен руникалық тұжырымдамасы жер бетінде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Ғылыми әдебиеттерде идеографиялық жазудың айрықша түрі ретінде таңбаны атайды».

Қазақ тегіне берік екенін білеміз. Рулық таңбалар – түркі халықтарының тектік қасиеті. Бүгінде сол түркі халықтарының ішінде рулық таңбаларын қазақтар әлі күнге дейін сақтап келеді. Рулық таңба қасиеті жөнінде «Қазақ руларының таңбасы» атты мақаласында Мақсұтбек Сүлеймен былай дейді: «Рулық таңба – түркілік төлқұжат, өмір шындығын танып-білудің даналық құпиясы, ақпараттық жүйе, қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын танытатын қасиетті рәміз, ұлттық ойлаудың айнасы. Рулық таңбалар – қазақтың шығу тегі барша рулардың бірігуінен шыққанын дәлелдейтін тарихи құжат, жәдігер. Тек соның құпия сырларының кілтін таба білуіміз қажет».

Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде, ең алдымен олардың таңбалық белгілерін зерттеудің қажеттілігін алғаш аңғарған Николай Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете зерттеген Сәрсен Аманжолов болды. Олар белгілі бір атадан рудың, одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына кәміл сенді.

Таңбаны бір жағынан түркі халықтарының этникалық құрылымының сыртқы рәміздік белгісі деп қарасақ, оның терең де басты мағынасында таңба – рудың қасиеті, ары, тегі, шежіресі, жаршысы.

Таңба – ақпарат сақтау мен таратудың коды дейді таңба зерттеушілері. Осы шифрдың кілтін таппаған бөгде жұртқа қазақтың ішкі сыры мен рухын ұғыну жұмбақ күйінде қалады. Бағзы қазақтың ойлау жүйесінде геометриялық өлшем, симметриялық дәлдік – таңбатану өте жоғары деңгейде дамыған. Бұл түркі халықтарының этникалық біртұтастығын сақтап тұрған киелі қорғаны, ең маңызды ұлттық құндылығы екенін мойындауымыз тиіс. [5.6-8 б].






Қорытынды.

Қорыта келгенде өз тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздер дуниеге келді. Тәуелсіз ҚР рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы да кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты.Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.Мемлекеттік әміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнүранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған. Рәміздер саяси төуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып табылады. Демек, мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өмір салтын, бүкіл болмыс - ерекшелігін, айрықша арман - аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Әр елдің мемлекеттік рәміздері географиялық, мәдени-тарихи және геосаяси жағдайларына байланысты қалыптасады. Қазіргі Қазақстан аумағында ерте дәуірден бері талай мемлекеттік құрылымдар дүниеге келген. Орта ғасырдан осы мерзімге дейінгі қазақ мемлекеттілігінің сыртқы белгілері мен жаңа заманға сай рәміздері Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының негізгі белгісін құрайды. Қазақ мемлекеттілігінің үш кезеңін қамтитын рәміздер тарихына тоқталсақ, олар: Қазақ хандығы, Кеңес одағы құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы және Қазақстан Республикасы. Әр тарихи кезеңнің мемлекеттілік билігіне тән белгілерінің өзіндік ерекшелігі бар.


Qazaqstan memleketining A’n u’rany

Altyn ky’n aspany,

Altyn da’n dalasy,

Erlikting dastany,

Elime qarashy!

Ejelden er degen,

Dangqymyz  shyqty ghoy.

Namysyn bermegen,

Qazaghym myqty ghoy!

Qayyrmasy:

Mening elim, mening elim,

Gy’ling bolyp egilemin,

Jyryng bolyp to’gilemin, elim!

Tughan jerim mening – Qazaqstanym!

U’rpaqqa jol ashqan,

Keng baytaq jerim bar.

Birligi jarasqan,

Ta’uelsiz elim bar.

Qarsy alghan uaqytty,

Ma’nggilik dosynday.

Bizding el baqytty,

Bizding el osynday!

Qayyrmasy:

Mening elim, mening elim,

Gy’ling bolyp egilemin,

Jyryng bolyp to’gilemin, elim!

Tughan jerim mening – Qazaqstanym!




Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Әйтеке би кентіндегі

№266 мектеп- лицейдің

7 сынып оқушысы

Базарбек Жанеля

«Егеменді елдің нышаны»

атты ғылыми жобасына





Пікір

Базарбек Жанеля ғылыми зерттеу жұмысында Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі деген еді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екеніне  мән беруге бағытталған жан – жақты зерттеген.

Осы деректерді топтастырып ғылыми жұмысын жүйелі жазып шыққан. Орындалу дәрежесі оқушы деңгейіндегі талапқа сай, ізденістің нәтижесін саралай келе, ғылыми жұмыс деңгейі жоғары деп бағалаймын.





Жетекшісі: М.Ерғазиева





Ұсыныс

Мемлекеттік мекемелерде, мектептерде, оқу орындарында, саяси маңызды шараларда мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуына терең мән беріп, жіберілген қателіктерді дер кезінде жойылса.

Әсіресе, шекара бекеттерінде мемлекеттік тудың бүлінуіне жол бермеуге және оны болашақта болдырмау .























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Назарбаев Н. Тарих толқынында. – А., «Атамұра», 1999.

2.     Сыдықов Е. Тәуелсіздік тірегі – тарихи таным // Қазақ тарихы. - 2003 ж. №2.

3.     Жұмабаев С. Қазақ тарихындағы рәміздер // Дала мен қала. - 2007 ж. 18 мамыр.

4. Сарсембаев, М. Символы нашей независимости // Казахстанская

правда, 2012, 5 июня.

5. Конституция Республики Казахстан: принята всенар. голосованием

30 авг. 1995 г. – Норма-Инфра-М, 2011. – 128 с.

6. Сергазинова А. У символики есть свои стандарты: [изготовление

государственной символики] // Костанай.- 2008.- 3 июня.




14



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!