СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Техническая карта по Художественной литературе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Техническая карта по планированию урока в дошкольных классах образования в казахских классах на целый год обучения

Просмотр содержимого документа
«Техническая карта по Художественной литературе»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сары алтындай жайқалға., жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Балалар сәлемдесіп, дөңгелене қол ұстасып, өлең жолдарын айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз неше айдан тұрады?

-Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

Сабақты «Табиғат мейірімді» ойыны арқылы бастау. Шарты: тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді одан әрі қарай жалғастырады.

Дәптермен жұмыс.

«Алтын күз» өлеңімен таныстырып, жаттату.

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Күзгі бақ туралы әңгімелеу.

Сергіту сәтін орындау.

«Қай ағаштың ойыны?» дидактикалық ойыны. Шарты: алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістерін көрсету. Әр жемісті сәйкес ағаштарға ілу керек.

Жұмбақ шешу. Жауып жаңбыр, жерде сабыр

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? (Күз)

- күз

- үш айдан

- сары түске өзгереді.

-Жер ана мейірімді, өйткені ол көкөністер мен жемістерді өсіреді.

-Күн мейірімді, өйткені ол жарығын, жылуын береді.

Өлеңді тыңдап жаттайды.

Суретпен жұмыс жүргізеді.



Сергіту сәтін қимыл көрсету арқылы орындайды.


Ойынды шарты бойынша ойнайды.


Жұмбақтың жауабын хормен айтып, шешеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «Алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. жиын-терін болады.

Балалар күз мезгілі туралы әңгімелейді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты меңгереді.

Біледі: күз мезгілінің айларын.
Игереді: күз мезгіліндегі адамдардың еңбегін, күздегі өзгерістерді.
Меңгереді: күздегі ауа-райының өзгерісін, бау-бақшадағы жиын-терін түрлерін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас. Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Қайдан келдің, бауырсақ?

Мақсаты: өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогты сөйлеуге үйрету. Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: диқан, наубайхана, дүкен.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру: Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар. (Бидай)

Дәптермен жұмыс.

Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстыру.

- Өлеңде не туралы айтылды?

- Бауырсақ қайда жатты?

- Қуыршақ не деп сұрады?

- Бауырсақ наубайға қайдан келді?

- Диірменге ше?

- Диқан бидайды қалай өсірді?

Сергіту сәті:

Жерді жыртамыз, егінді себеміз.

Суарамыз, күтіп баптаймыз.

Бидай үлкен болып өседі,

Комбайнмен орамыз,

Машинамен қамбаға тасимыз.

Диірменде ұн етіп дайындаймыз,

Ұнды қамыр етіп илеп, бауырсақ пісіреміз.

Дидактикалық ойын: «Не жасырынғанын тап»

Шарты: ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету, балалар көздерін жұмып, тәрбиеші бір суретті алып қояды. Балалар қай суреттің жоқ екенін табады.

Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкенші»

Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сатушы, екінші топ сатып алушы болып ойынды ойнайды.

Жұмбақты тыңдап шешуін табады.


Өлеңді мұқият тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.






Сергіту сәтін қимылмен көрсете отырып, орындайды.





Ойынды шарты бойынша ойнайды.





Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Балалар , сонымен бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?

-Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

-Бауырсақтың қандай түрлері бар?

-Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?

-еңбекпен


-диқаншы


-әртүрлі

-майға, дәмді.

-

Біледі:бауырсақтың қайдан, қалай келетінін.

Игереді:нанның еңбекпен келетінін, бауырсақтың жасалуын.

Меңгереді:еңбектенудің арқасында нанның пайда болуын, диқаншының еңбегін құрметтеп, меңгереді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас. Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы.

Мақсаты: балалардың бойында білімге деген қызығушылығын артыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қаламсауыт.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру.

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ұшымен қазық торкөзді жазық,

Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)

Әңгіме жүргізу.

Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету.

-Жанатбак биыл қайда барды?

-Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?

-Жанатбек дәптерді қалай былғады?

-Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

-Атасы немересін қайда апарды?

-Мұғалім Жанатбекке не берді?

-Жанатбек кітаптарды қайда салды?

-Кітап достарына қандай ақыл айтты?

-Кітаптың айтқаны дұрыс па?

-Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?

Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз.

Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?».

Тыныштық сәті.

Жұмбақты шешу:

1. Алты қырлы, алтын сырлы. (Қалам)

2.Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған.

(Бор)

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Мектеп, дәптер.




Ертегіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


-бірінші сыныпқа

-сөмке, қаламсауыт

-шимайлап сурет салды

-

-мектепке

-кітап

-сөмкесіне

-Жанатбекке көмектесуге

-ия

-жоқ


Сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, орындайды.



Үстелдегі қай заттың артық екенін табады.

Тыныштық сәтін өткізеді.


Жұмбақты шешеді

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?

- Оқу құралдарын қалай ұстау керек?

- Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды?

- Оқу құралдарын ата.

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді.


Біледі: оқу құралдарын.

Игереді:оқу құралдарын таза етіп ұстауды.

Меңгереді:мектепте ұқыпты, білімді болу керектігін.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас. Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Қайырымды қоян.

Мақсаты: ертегіні балаларға түсіндіре отырып, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

Сөздік жұмыс: қайырымды.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберіне тұрады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.



Шаттық шеберіне тұрып, өлеңді мәнерлеп айтады. Жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дәптермен жұмыс: «Қайырымды қоян» ертегісін оқып, таныстыру.

-Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?

-Бала қонаққа кімдерді шақырды?

-Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

-Қоян қандай қайырымдылық жасады?

-Бізде қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?


Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян, Қарап еді артына,

Естіп қалып сыбдырды. Қиығын сап көзінің.

Ойлы-қырлы жерлермен, Келе жатқан томпаңдап,

Ытқып-ытқып жүгірді. Көжегі екен өзінің.


Дидактикалық ойын: «Досым – менің мақтанышым».

Шарты: балалар бір – біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

  • Елжан, сен менің мейірімді досымсың.

  • Жайна, сен ақылды қызсың.

Осылайша ойын жалғасады.


Тыныштық сәті: көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз.


Мақалды жаттау:

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.


Ертегіні тыңдайды.


-Ата-әжесін, аға-әпкесін

-түгел ауылды

-қоян

-аңдарды жинап азықтар әкелді

-ия

Сергіту сәтін қимылмен көрсетіп орындайды.





Өз достарына гүл ұсынып, жақсы қасиеттерін айтады.






Тыныштық сәтін орындайды.




Мақалды жатқа айтады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


Балалар Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.


Балалар достарына қайырымды болып, қамқорлық жасауды түсінеді. Сұраққа жауап береді.


Біледі:ертегінің мазмұын.

Игереді:қамқорлықты, қайырымдылықты.

Меңгереді:ертегі бойынша аңдардың қайырымдылығын.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас. Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Алма.

Мақсаты: балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу. Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жабайы.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

  • Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!

  • Ақниет, сен алмадай тәтті бол!


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі неше айдан тұрады?

- Күз айында қандай жемістер піседі?

- Алма, алмұрт, шие, жүзім.


Дидактикалық ойын: «Дәмін тап» . шарты: жемістер мен көкөністерді кесіп алдын – ала дайындау. Балалар көздерін жұмып, ортаға кезекпен шығып, қандай жеміс екенін табады.


Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру.

  • Жылдың қай мезгілі еді?

  • Жабайы алма қайда қалды?

  • Алманы кім көрді?

  • Қоян қарғаға не деді?

  • Қарға не істеді?

  • Кірпі нені алып кетті?

  • Үшеуі қайда барды?

  • Аю не деп жауап берді?

  • Қандай мақал айтты?

Балалар жауап береді. «Береке басы - бірлікте».


Тыныштық сәті.

Сергіту сәті: Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлайық.



  • Күз

  • Үш

  • Алма, алмұрт



Ойынды барлығы бірге ойнайды.




Ертегіні мұқият тыңдайды.

-Күз

-Ағаштың басында

-Қоян

-Алманы түсіріп беруін

-Өзі алмақшы болды

-Алманы

-Аюға

-Үшеуіңе ортақ




Тыныштық сәтін өткізу.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.




Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


  • Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?

  • Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?

  • Алма қайда өседі?

  • Достар бір-біріне қандай болу керек?



-достармен бөлісу

-әрине

-ағашта

-мейірімді


Біледі: достармен тату болуды

Игереді:не болса да бөлісуді.

Меңгереді:достықтың қадірін біліп, сыйластықты меңгереді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Мақсаты: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасна деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.

Сөздік жұмыс: ынтымақ, жарасқан.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!



Шаттық шеңберіне тұрып, өлеңді мәнерлеп айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Тыныштық сәті.

Дидактикалық ойын: «Менің отбасым». Шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жақсы сөздер айтады.

  • Менің отбасым ... (тату)

  • Менің отбасы ... (көңілді)

Ойын осылай жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрату.

Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

«Отбасым-бақыт мекені»-жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.



Тыныштық сәтін өткізеді

Ойын шартымен танысып, допты лақтырып ойнайды. Отбасын сипаттайды.





Суретке қарап, отбасы туралы әңгімелейді.


Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Жоғары, орта, төмен дауыстарды айтады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


  • Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасына кімдер жатады?

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Өз отбасың туралы әңгімелеп бер?



Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді.


Біледі:отбасындағы өзара сыйластық пен татулықты.

Игереді:отбасына деген сүйіспеншілікті.

Меңгереді:отбаслық, туыстық қарым – қатынастың мәнін.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Айтшы, әжетай.

Мақсаты: балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қаракөл қой, табын, жиен аға, нағашы, жезде.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Шаттық шеңберіне тұрып, өлеңді барлығы қосылып айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі неше айдан тұрады?

  • Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Күз мезгілі несімен ұнайды?

Дәптермен жұмыс: Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен таныстыру.

  • Бала әжесінен нені сұрады?

  • Әжесі қалай жауап берді?

  • Атасы кім екен?

  • «Жылқышы» деген сөзді қалай түсінесің?

  • Анасы қайда жұмыс істейді?

  • «Тәрбиеші» деген қандай мамандық иесі?

  • Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз, өсіп-өніп толамыз,

Күнге қарай талпынып, көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз, қарлығаштай самғаймыз.

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?». Шарты: тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іліп, балаларға суреттерді көрсету. Көздерін жұмып, ашқанда қай суреттің жоқ екенін табады.

Тыныштық сәті.

«Мақалды аяқта» ойыны. Шарты: кез келген мақалды бастап беріп, балаларға аяқтату.

Ата – бәйтерек, ... (бала - жапырақ).

  • Күз

  • Үш

  • Айнала сарғаяды

  • Өздері жауап береді

Өлеңді мұқият тыңдайды.


-туыстарының мамандығын

-

-жылқышы

-жылқы бағатын адам


-балабақшада

-балаларды тәрбиелейді


  • ...



Қимылмен көрсетіп сергіту сәтін орындайды.



Ойынның шартын түсініп орындайды.





Мақалды тыңдап, аяқтайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Еңбек етсең жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы – білімді, еңбексүйгіш болу керек.

Сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:үлкендерді сыйлай біледі.

Игереді: үлкендердің еңбегін бағалай білуді.

Меңгереді:өлеңнің мазмұнын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: ________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Алтын бала.

Мақсаты: балаларды өздеріне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: алтын.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар шеңберге жиналады.

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамын.

  • Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?

  • Аналарыңа үй жұмыстарына көмектесесіңдер ме?

Балалар шеңбер құрып, өлеңді мәнерлеп айтады.




  • Ия, барамыз.


  • Көмектесеміз.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дәптермен жұмыс: С. Тұрдалиевтің «Алтын бала» әңгімесін оқып таныстыру.

  • Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

  • Зәукен кімді кездестірді?

  • Атайдың қандай затын жөндеп берді?

  • Анасы қайда келді?

  • Әжей Зәукен туралы не айтты?

  • Анасы неге қуанды?

  • Баласы анасына нені берді?

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гү-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Дидактикалық ойын:«Сөйлемді жалғастыр». Шарты: бастаушы суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.

  • Мен анама ... (көмектесемін).

  • Мен ініме ... (қамқор боламын).

Дәптермен жұмыс: Ребусты шеш.

Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.

Әңгімені мұқият тыңдайды.




Сұрақтарға жауап береді.





Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимылмен көрсетіп орындайды.






Суреттерге қарап, сөйлемді аяқтайды. Соңына дейін ойнайды.



Ребусты шешеді.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


  • Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен, тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тәртіпті, алтын бала боламыз.



Берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.


Біледі:өздеріне тапсырылған істі тиянақты орындауды.

Игереді:отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуды.

Меңгереді:үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуғды.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ойыншықтар.

Мақсаты: балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Сөздік жұмыс: арғымақ, қарғып.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар шаттық шеңберіне тұрады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Шеңберге жиналады.



Өлеңді мәнерлеп айтады.


Сұрақтарға жауап береді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дәптермен жұмыс: Қ. Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.

Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым(ойыншықтар суреті)мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ(арғымақтың суреті)

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным(қоянның суреті),

Алдына жем(сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:

-Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

-Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап». Шарты: бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

  • Менің ойыншығым ...(әдемі)

  • Мен қуыршақпен ...(ойнаймын).

  • Допты жоғары ...(лақтырдым).

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

Дәптермен жұмыс:

  • Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.

  • Жұмбақтың шешуін тап.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон)

Өлеңді мұқият тыңдайды. Сызба бойынша жатқа айтады.









Сөздік жұмысын мұқият тыңдайды.


Ойынның шарты бойынша ойнайды.

-әдемі

-ойнаймын

-лақтырдым.


Саусаққа арналған жаттығуды орындарынан тұрып, саусақпен және аяқтарымен көрсетіп орындайды.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.



Жұмбақтың шешуін табады.



Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

  • Қандай ойыншық түрлерін білесің?

  • Ойыншықты кімдер жасайды?

  • Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?

- күтіп

- аю, қуыршақ

- адамдар

- ....


Біледі:ойыншық түрлерін.

Игереді:ойыншықты күтіп, таза ұстайды.

Меңгереді:ойыншықты жасайтын мамандық иелері туралы.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ауылда.

Мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қармақ, күбі, едәуір.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Айналада қандай өзгерістер бар?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Жазғы демалысты қайда өткіздің?

  • Ауыл(қала) сендерге несімен ұнайды?


Шеңбер жасап тұрып, тәрбиешінің сауалдарына жауап береді. Жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Тыныштық сәті.

Дәптермен жұмыс: Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.

-Бейбарыс кімнің қасында болды?

- Атасымен бірге не істеді?

- Әжесі екеуі не істеді?

- Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

- Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

- Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?

- Шолпан қайда кетті?

- Бейбарыс ше?

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.

Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».

Шарты: қаланың және ауылдың суреттерін көрсетіп,балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.



Тыныштық сәтін орындайды.


Әңгіменің мазмұнымен танысады.


Тәрбиешінің қойған сұрақтарына әңгіменің мазмұны бойынша жауап береді.


Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимылмен жасап орындайды.




Дидактикалық ойынды шарты бойынша ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


- Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?

- Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?



Сұрақтарға барлығы жауап береді.


Біледі:ауыл мен қаланың айырмашылығын.

Игереді:ауылдағы тіршілікті, еңбектің түрлерін.

Меңгереді:ата-әжесіне көмектесуді, үлкендерді сыйлауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: ________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Менің Қазақстаным.

Мақсаты: балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел.



Шаттық шеңберіне тұрып, өлеңді мәнерлеп айтады. Жақсы көңіл күймен сәлемдеседі.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


  • Отан – біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

-Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Рәміздерді атаңдар.

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Қазақстан картасын білесің бе?

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Т. Молдағалиевтің «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Тыныштық сәті.

Сергіту сәті: Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

Дидактикалық ойын. Шарты: ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілері ілінеді. Астана – Бәйтерек, Алматы – Қазақстан қонақ үйі, т.б.



Отан туралы білетіндерін әңгімелейді.




-Астана


Әнұран, елтаңба, ту

- Н.Ә.Назарбаев

- ия

- Кентау.

Өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды.

Картамен жұмыс жасайды.


Тыныштық сәтін өткізеді.

Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимылмен көрсетіп орындайды.



Картаны пайдаланып, ойынның шартымен ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


Қазақстан республикасы – біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан – өте үлкен, бай республика.

«Жері байдың – елі бай».



Қазақстан республика туралы білімдерін бекітіп, сабақты аяқтайды.


Біледі:Қазақстанның астанасын.

Игереді:республиканың рәміздерін таниды.

Меңгереді:Туған жерін сүюді, қадірлеуді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Көліктер.

Мақсаты: балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.



Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп сәлемдеседі.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Тыныштық сәті.

Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтың «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанға ілінген, аспалы сым жолы бар.

Көшелерде жүгірген, Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды, басқа жаққа бұрмайды.

-Троллейбус мініп көрдің бе?

- Сым жолымен қалай жүреді?


Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз.

Кемелерді түземіз,

Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз.


Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер. Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға, жол белгілеріне қарап жолдан өтуі керек.


Жұмбақ шешу:

Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет.(Тікұшақ)

Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай).



Тыныштық сәтін өткізеді.

Дәптермен жұмыс жасап, өлеңнің мазмұнымен танысады.

Мәнерлеп айға дағдыланады.

Сұрақтарға жауап береді.



Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимыл көрсете отырып жасайды.






Ойынның шартымен танысып, ойнайды.

Жол белгілерімен, бағдаршаммен танысады.




Жұмбақтың шешуін бірлесе шешіп, табады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Алыс жол жүріп көрдіңдер ме?

- Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.



Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Біледі:көліктүрлерін.

Игереді:жолда жүру ережесін.

Меңгереді:Жолда жүру тәртібін сақтауды.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: ________________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Қыс.

Мақсаты: қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылын арттыру. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жасқанбаймын, шаттана.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Қыста қар неге жауады?

- Қардан не жасауға болады?

Балалар, бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесін белгілейді.

-қыс

- үш

- суықтан

- аққала

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттату.

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

-Сендерге аққала соққан ұнай ма?

- Аққаланы неден соғады?

- Ендеше ақала соғып көрелік.

Сергіту сәті: қарды жинаймыз, дөңгелектейміз. Тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бір-бірінің үстіне қоямыз. Қолын, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды.

Қимылды ойын «Қар жинау». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.

Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі)

Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр». Шарты: қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.



Өлеңді тыңдап, мазмұнын түсінеді.

Мәнерлеп айтуға жаттығады.



Аққала туралы әңгімелеседі.


Сергіту сәтін мектептің ауласына барып өткізеді. Қардан аққала жасап үйренеді. Қимыл қозғалыстары артады.




Жұмбақтың шешуін тауып, әңгімелеседі.




Ойынның шартымен танысып, ойынды барлығы ойнауға талпынады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

- Қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?

- Қыс мезгілі несімен ұнайды?

- Қардан тағы не жасауға болады?



Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.


Біледі:қыс мезгілінің ерекшелігін.

Игереді:табиғатты бақылауды, қорғауды.

Меңгереді:қыста болатын әртүрлі ерекшеліктерді, қысқы еңбек түрлерін.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Тәуелсіздік көкбайрағы.

Мақсаты: балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Елтаңба, әнұран, ту жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: рәміз, көкбайрақ, тәуелсіздік.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып гимн айтады.

Орындарынан тұрып айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Еліміздің бас қаласы қай қала?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Туымыздың түсі қандай?

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген – ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елімізде – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленген.

Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен таныстыру.

Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоймай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.

Ту туралы қысқаша түсінік беру.

Тыныштық сәті.

Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп.

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып.

Дидактикалық ойын: «Мен өскенде кім боламын?». Шарты: әрбәр мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып беруі керек.



-Қазақстан.

- Астана.

- Н.Ә.Назарбаев.

- көгілдір.

Республикамыз туралы әңгімені тыңдайды.

Білетіндерін ортаға салады.


Өлеңді зейін қойып тыңдайды.


Мәнерлеп жатқа айтуға дағдыланады.




Тыныштық сәтін өткізеді.


Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимыл көрсетумен орындайды.




Қандай мамандық иесі болатындықтарын ортаға салып, ойынды ойнайды.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Туымыздың авторы кім?

- Туымыз неліктен көгілдір түсті?

- Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

- Неліктен ою-өрнекпен әшекейленген?

-Ш.Ниязбеков.

- аспан түсті

- күн мен қыран құс


-салт-дәстүрімізге байланысы


Біледі:Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Игереді:Елтаңба, әнұран, ту жайлы түсініктерін.

Меңгереді:рәміздерге құрметпен қарауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Жаңа жылым – тамаша.

Мақсаты: қыс туралы білімін бекіту. Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.

Сөздік жұмыс: ырыс-құт, әлем.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Жақсы тілектер айтып амандасады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?

Балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелесу.


Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Жаңа жылым - тамаша» өлеңін жаттау.

Әкелді жыл ырыс-құт,

Әлемде той, тыныштық.

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылым – тамаша.


Қыс – жылдың қызықты мезгілі. Жаңа жыл мерекесі – отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Әрбір келген жыл ырыс, құт-берекесімен, өз жақсылығымен келеді. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды.жаңа жыл мерекесінің қонақтары – Аязата мен Ақшақар.


Дидактикалық ойын: «Шыршаны құрастыр». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.


Сергіту сәтін өткізу.


Дәптермен жұмыс: Шыршаны безендір.


-Қыс

- үш

- президент күн, тәуелсіздік күні, жаңа жыл.

Мереке туралы өз ойларын айтады.


Өлеңді тыңдап, жатқа айтады.





Қыс мезгілі, жаңа жыл мерекесі туралы әңгімені мұқият тыңдайды, өз ойларын ортаға салады.

Аязата мен Ақшақар туралы әңгімелейді.





Ойынның шартымен танысып ойнайды.


Сергіту сәтін орындайды.



Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды?

- Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғыларың келеді?

- Аязатадан қандай сыйлық күтесіңдер?



Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Біледі:жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін.

Игереді:қыс мезгіліндегі мерекелер туралы.

Меңгереді:жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ормандағы шырша тойы.

Мақсаты: балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: безендіру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Бір-бірлеріне жаңа жылдық жақсы тілектер айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?

- Жаңа жылда нені безендіреміз?

- Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендірген кезімізді көз алдымызға елестетеміз.

Тыныштық сәті.

Дәптермен жұмыс: «Ормандағы шырша тойы» әңгімесімен балаларды таныстыру.

-Руслан ата-анасымен қайда тұрады?

- Жаңа жыл қарсаңында қаладан қонаққа кім келді?

- Тимур Русланға қандай ой айтты?

- Екі бала шыршаны қалай безендірді?

- Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді?

- Анасы нені көріп қалды?

- Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?

Адамдар ғана емес, аң, құстар да жаңа жылды осылайша тойлады.

Сергіту сәті: Тербеледі шыршалар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай шыршалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Дидактикалық ойын: «Аңдарды құрастыр». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Алдын ала қиып дайындалған аң денелерін құрастыру керек. Қай топ тез құраса, сол топтың жеңіске жеткені.



-Қыс

- үш

- тәуелсіздік,жаңа жыл


  • Шыршаны

  • Ия



Тыныштық сәтін өткізеді.

Әңгімені тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.




Әңгіменің мазмұнын сұрақ-жауап әдісі арқылы меңгереді.






Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимыл жасап орындайды.


Дидактикалық ойынды шарты бойынша барлығы ойнайды.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алатындықтарын суретке салып, әңгімелеп береді.

Жаңа жыл туралы әңгімелейді.


Біледі:қыс мезгілінің ерекшелігін.

Игереді:әңгіменің мазмұнын.

Меңгереді:шыршаны тамақпен безендіруге болмайтындығын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Біз тебеміз сырғанақ.

Мақсаты: қыс мезгілі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшелігін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.

Сөздік жұмыс: шыңдайды, құйындатып, мығым.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру:

Қыс келді, қыс келді,

Ақтарды ақ қарды.

Ақ қарды шимайлап,

Шаңғымен сызалық.

Шаттық шеңберінде өлең жолдарын айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай?

- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Жұмбақ шешу: Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап».

Шарты: балалар шеңберге тұрады. Әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше «шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау» қимылдарын көрсету керек.

Дәптермен жұмыс: Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттау: Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

-Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма?

- Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек?

- Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба?

Сергіту сәті: Ішік, пима, қолғаптар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз, алақай!

Дәптермен жұмыс: қыс мезгілінің ұнаған сәттерін, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ребус шешеді.

Тыныштық сәті.

Сұрақтарға жауап береді.



Жұмбақтың шешуін табады.




Ойынды белсене ойнайды.






Өлеңді зейін қойып тыңдайды. Өлеңді мәнерлеп жаттайды.



-ия

-шымыр

-ия

Сергіту сәтін орындарынан тұрып орындайды.



Қыс мезгілін суретке түсіреді.

Ребус шешеді.

Тыныштық сәтін жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма?

- Сырғанақта немен сырғанайсыңдар?

- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?

- Қардан не жасауға болады?

-ия

-шана, коньки, шаңғы

-қалың

-аққала


Біледі:қыс мезгілі туралы.

Игереді:өлең мазмұнын.

Меңгереді:қыс мезгілінің ерекшелігін бақылауды.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Қысқы баспана.

Мақсаты: балаларға ертегіні оқып таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тақтай, еден.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру: Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.

(Мысық)

Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық азан салып,

Өңеш керген айғайы бар. (Әтеш)

Дидактикалық ойын: «Қайсы қалай дыбыстайды?». Шарты: үй жануарларының суреттерін көрсетіп, олардың атауын табады. Қалай дыбыстайтынын айтуы тиіс.

Дәптермен жұмыс: «Қысқы баспана» ертегісімен балаларды таныстыру.

-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?

- Олар күзде не тұрғызды?

- Олардың үйіне нелер келді?

- Қасқырлар неден қорықты?

- Бұқа, қошқар, әтеш, мысық, шошқа қандай дос?

Сергіту сәті: Озып кетсең егерде,

Қуана бер, қуана,

Бірімізді біріміз,

Ұстап алмай қоймайық,

Кел, қошақан, екеуміз,

Қуаласпақ ойнайық.

Мақал жаттау:

«Береке түбі-бірлікте»-жоғары дауыс

орта дауыс

төмен дауыста

айтылады.

Жұмбақтың шешуін табады

-мысық

-әтеш




Ойынды шарты бойынша ойнауға тырысады.



Ертегінің мазмұнымен танысады.


Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.



Сергіту сәтін қимылмен орындарынан тұрып жасайды.




Мақалды жатқа айтады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Үй жануарларына қандай көмек көрсету керек?

- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

- Үй жануарларының азығы не?

- Үй жануарларына баспананы кім жасайды?



-қорғау


-еті, сүті, терісі

-жем, шөп

-адамдар


Біледі:үй жануарларын.

Игереді:үй жануарларына қамқорлық жасауды.

Меңгереді:үй жануарларының пайдасын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Шана.

Мақсаты: қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: күнұзақ.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін құру.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Қыста қардан не соғамыз?

- Сырғанақта немен сырғанаймыз?(Шана)


Дәптермен жұмыс: Г. Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен таныстыру.


-Бала ұйқысынан тұрып қайда қарады?

- Ол терезеден кімді көрді?

- Әкесі мен шешесі не істеп отырды?

- Бала ата-анасына қандай сөз айтты?

- Әкесі баласына не әкеліп берді?

- Анасы баласына қандай ақыл айтты? Анасы неліктен олай айтты?

- Баласы не деп жауап берді?


Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.


Дидактикалық ойын: «Қандай қимыл жасағанын тап» . шарты: бастаушы түрлі қимылдар жасайды. Балалар қандай қимыл жасағанын табуы керек.


Тыныштық сәті.



-қыста қар жауып, айнала аппақ болады

-аққала

-шанамен

Әңгімені тыңдайды. Мазмұнын меңгереді.


-терезеге

- Жәнібекті

- шай ішіп

- «Кімде-кімнің баласы бар,

Барлығының шанасы бар»

-шана

- күнұзақ далада жүрме

-жарайды


Сергіту сәтін орындарынан тұрып қимылмен жасайды.



Шаңғы, шана, коньки, хоккей құралдарының қимылдарын табады.



Тыныштық сәтін көздерін жұмып, көз алдарына елестетіп жасайды.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы қандай?

- Қыста қандай қызықтар болады?

- Қысқы ойындарды ата.

- Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?




Біледі:қыс мезгілінің ерекшеліктерін.

Игереді:Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды.

Меңгереді:сырғанауға арналған заттарды ажырата білуді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Шынықсын денеміз.

Мақсаты: балаларға өлеңді жаттата отырып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру. «Шынықсаң шымыр боласың» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: құрыспай, құрыштай.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар шаттық шеңберін құрады:

-Сымбат, денсаулығың мықты болсын!

- Дулат, шымыр болып өс!

Жылы лебіздерін білдіріп, тілектер айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ шешу: Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Қимылды ойын: «Кім жылдам?». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Ортада белгі көрсетілген. Балалар көрсетілген белгіге сырғанап жетіп, өз орындарына сырғанап жетуі керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс: Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңін жаттау.

Жүріңдер, балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай,

Шынықсын денеміз.

-Қыста ауырмас үшін не істеу керек?

- Сырғанақ теуіп ойнасақ, қандай бала боламыз?

- «Құрыспай, құрыштай» деген сөзді қалай түсінесің?

Сергіту сәті: Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

Дәптермен жұмыс: Жұмбақтарды шеш.

«Қайқы тұмсық қос табан, қос таяқпен ұштаған,

Итерсең алға зулайды, шойын жолдан аумайды».

(Шаңғы)

«Қыста үйге кірмейді, көктем шықса жүрмейді».

(Шана)

Дидактикалық ойын: «Кім тез шананы құрайды?». Шарты: бірнеше қиып дайындалған шана бөліктері. берілген белгі бойынша балалар шананы құрастырады. ойын Осылайша жалғасып отырады.

Жұмбақтың шешуін табады.

-қар

Бойларын жазып, ойынға қатысады.



Өлеңді мұқият тыңдайды.

Жаттайды.





-таза ауаға көп шығу

-шымыр

-сергек


Орындарынан тұрып сергіту сәтін орындайды.



Жұмбақты шешеді.


-шаңғы


-шана


Қиылған бөліктерді жылдам құрап шананы құрастырады. Барлығы қатысады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?

- Сырғанаққа барған несімен ұнайды?

- Қыс мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып бер.

-ия

-шана, шаңғы,хоккей, коньки

-тақпақтарын айтады.


Біледі:қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін.

Игереді:қыс мезгілінің ерекшеліктерін.

Меңгереді:«Шынықсаң шымыр боласың» сөзінің мағынасын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Аққала.

Мақсаты: балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.

Сөздік жұмыс: ақша қар.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Балалар шаттық шеңберіне жиналады.



Шаттық шеңберінде жақсы тілектер айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Қыста қардан не жасауға болады?


Дәптермен жұмыс: Ғ. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау.

-Қыста жерде не жатады?

- Қардан не жасауға болады?

-Аққала соғып көрдің бе?


Сергіту сәті: Ауыл сырты, баққа да,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Би белейміз шаттана.


Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр». Шарты : балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.


Тыныштық сәті.


Дәптермен жұмыс: өздері соққан аққаланың суретін салады.


Жұмбақты шешу: Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.

(Аққала)



-қыс

- үш

- аққала


Өлеңді жаттайды.






Сергіту сәтін орындарынан тұрып орындайды.




Қиындыларды құрап аққала жасап ойынды жалғастырады.



Тыныштық сәтін өткізеді.


Аққаланың суретін салады.



Жұмбақты тыңдап, шешуін табады.

Аққала туралы әңгімелейді.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Аққаланы неден соғамыз?

- Қардан қолымызға жаурамас үшін не киеміз?



-қардан

-қолғап


Біледі:балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін.

Игереді:қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын.

Меңгереді:қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығын.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Қатынас. Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі).

Мақсаты: ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.

Сөздік жұмыс: дәуіт, жардың қуысы, амалы таусылып.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Армысың, Алтын күн,

Армысың, Жер ана,

Армысың Көк аспан,

Қуанамын шаттана!

Шаттық шеңберін құрып, өлеңді айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ертегі әуеніне қосылып, балалар ән айтады. Есік қағылып, ішке ертегілер елінен тазша бала кіреді. Ол өзімен бірге ертегі, жұмбақ ала келіпті. Тазша баланың жұмбағы:

Қонып алып жарға, қарқылдайды ...(қарға).

Өзі жасыл әрі батыр, ол не? (дәуіт)

Өзі қара, бауыры ақ, ол не?

Тазша бала «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін айтып береді.

Дәптермен жұмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.

-Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

- Жылан не үшін келді?

- Қарлығаш көмекке нені шақырды?

- Көкек не деді?

- Қарға ше?

- Дәуіт не істеді?

- Қарлығашқа не көмектесті?

Ертегіні рөлге бөліп ойнату.

Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.

Құстың ұясын бұзба!

Құстың балапанына тиіспе?

Құсқа тас лақтырма!

Сергіту сәті: Қане, қанат қағайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты». Шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде, қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек.

Балалар кіріспе бөлімін мұқият тыңдайды. Тазша баламен танысады.


Тазша баланың жұмбағын шешеді.




Ертегіні тыңдайды.





Сұрақтарға жауап береді.




Рөлге бөліп ойнайды.



Тыйым сөздерді жаттайды.



Сергіту сәтін орындайды.




Ұшты-ұшты ойынын барлығы ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Қарлығаш – адамға дос.

- Дәуіт – адал, достарына көмектеседі.

- Қиындықта достарыңа көмектесу керек.

Балалар сабаққа белсене қатысады. Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын.

Игереді:бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруді.

Меңгереді:ертегінің мазмұнын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Көктем сәні.

Мақсаты: ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қорбаңдап.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.



Шаттық шеберін құрып, өлеңді мәнерлеп айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Дәптермен жұмыс: «Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.


-Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?

- Қандай аңдар жиналды?

- Ақбөкен не деп жауап берді?

- Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?

- Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?


Дидактикалық ойын: «Кім тез құрайды?». Шарты: бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін құрастыру.


Сергіту сәті: Арыстан ақырады,

Қоян секіреді.

Түлкі қылмыңдайды,

Аю қорбаңдайды.


Тыныштық сәті.



Ертегіні тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.






Ойынды шарты бойынша ойнайды.



Сергіту сәтін орындайды.





Тыныштық сәтін жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


Көктем сәні – ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.



Көктем туралы әңгімелейді


Біледі:көктем мезгілінің ерекшелігін сезінді.

Игереді:табиғатты аялай білуге, қамқор болуды.

Меңгереді:ертегінің мазмұнын, жабайы жануарлардың ерекшеліктерін.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Не сыйлау керек?

Мақсаты: әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сыйлық.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


-Ана – не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!

- Ана деген өмірдің болашағы!

- Ана деген қуанышы өмірдің!

- Өмірде үш қадірлі зат бар, ол-күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті!

-Алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?

- Мерекеде аналарыңа не сыйлағыларың келеді?



Шаттық шебріне тұрады. Аналарына деген жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Дәптермен жұмыс: Ж.Әлмашевтың «Не сыйлау керек?» әңгімесін балаларға оқып таныстыру.

-Балғынға көкесі не ескертті?

- Балғын қайда келді?

- Балғын не ойлады?

- Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?

- Балғын ненің суретін салды?

- Анасына қандай сыйлық беретін болды?

Сергіту сәті:

Дала гүлін сыйлйқ үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен аналарға сыйлаймыз.

Дидактикалық ойын: «Анаңды таны». Шарты: үнтаспаға аналарының дауыстары басылған. Балалар өз аналарының дауыстарын тануы керек.

Тыныштық сәті.



Әңгімені тыңдайды. Мазмұнын түсінеді.


Мазмұны бойынша қойған сұрақтарға жауап береді.





Сергіту сәтін орындарынан тұрып, қимыл жасай отырып көрсетеді.

Үнтаспадан өз анасының дауысын табады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

- Аналарың нанға жұмсаса, барасыңдар ма?

- Аналарыңа қандай сыйлықтар жасайсыңдар?

- Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?



Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:аналарының қадірін.

Игереді:анаға құрмет көрсете білуді, сүйіспеншілікке бөлеуді.

Меңгереді:аналарды сыйлау керектігін.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Наурыз тойы.

Мақсаты: намерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: көгерсін, теңелді.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?

Өлеңді мәнерлеп айтады.




-көктем

-үш

-қар еріп, айнала көгереді

-ұлыстың ұлы күні, жаңа жыл

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дәптермен жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрастыру. Ә.Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттату.

Күн менен түн теңелді,

Күн шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді,

Наурыз тойы-салтымыз,

«Көгерсін»,-деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Наурызда күн менен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.

Тыныштық сәті.

Дидактикалық ойын: «Бұл қай салт-дәстүр?». Шарты: қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің суреттері көрсетіледі. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол туралы толық айта білуі керек.

Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді-жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Дәптермен жұмыс: Наурыз көжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қосу.

Ұлттық ойын: «Қамшы алу». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт бала ортаға шығып, арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе, сол баланың епті болғаны.

Сурет бойынша наурыз тойы туралы әңгіме құрастырады.



Өлеңді жатқа айтады.




Мереке туралы білетіндерін ортаға салып әңгімелейді.


Суретке қарап салт-дәстүрлерді атайды. Көрсетеді.


Қимылмен көрсетіп сергіту сәтін орындайды.


Дәптермен жұмыс жүргізеді.


Шарты бойынша ойынды барлық бала ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Наурыз мерекесі қандай мереке?

- Наурыз көжені кімдер пісіреді?

- Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды?

-ұлттық

-апа, әже

-көжесімен


Біледі:Наурыз – жыл басы, ұлыстың ұлы күні екенін.

Игереді:салт-дәстүрімізді.

Меңгереді:адалдықты, ұлтжандылықты, мейірімділікті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Келе бер, көктем.

Мақсаты: көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шуақты, жер көйлегі.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?

Балалар көктем келді.

-Жаңбыр, Жаңбыр, сен неге сыртылдайсың?

-Көктем келді.

-Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырлайсың?

-Көктем келді.

-Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар?

-Көктем келді.

Балалар бір-біріне «Досым, біз де күлімдейікші»,-деседі.

Тәрбиеші:

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Диалогты бірге орындайды.





Бір-біріне қарап жылы лебіздерін білдіреді.


-үш

- күн жылынады

- бәйшешек

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арнаған өлеңін жаттату.

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзге енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Қар еріп, қайда сіңеді?

- Жер қандай түске өзгереді?

- Жерде не өседі?

Тыныштық сәті.

Дидактикалық ойын: «Гүлдер». Шарты: тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екенін табу.

Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Жұмбақтың шешуін тап:

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)

Өлеңді зейін қойып тыңдайды.


Мәнерлеп айтып, жаттайды.




-күн жылынады, қар ериді.

-жерге

-жасыл

-гүлдер, шөптер


Ойынды ойнап бойларын жазады.



Қимылмен сергіту сәтін орындайды.



Суретке қарап әңгіме құрастырады.

Жұмбақтың шешуін табады.

-көктемде

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

- Ауа райын бақыла.

- Ағаштар қалай өзгереді?

- Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы.

Игереді:табиғаттағы құбылыстарды бақылауды.

Меңгереді:өлеңнің мазмұнын.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі)

Мақсаты: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: төрт түлік, төл.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Балалар шаттық шеңберін құрып, аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады:

-Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.

-Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» деп еркелетеді.

Шаттық шеңберін құрып, аналарының еркелететін сөздерімен бөліседі.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дидактикалық ойын: «Төлін тап». Шарты: тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.


Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.

-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

- Лақ не айтты?

- Құлын ше?

- Бұзау не деді?

- Қошақан, бота не деді?

- Адам не деп жауап берді?


Сергіту сәті:

Айналайын торпақ, бола берме қорқақ,

Айналайын қозым, малда жуас бозым.

Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,

Жалт-жұлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.


Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым).

Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,

Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты).

Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді ... (қозы).


Шарты бойынша ойынды ойнайды.





Ертегімен танысады. Төлдер туралы сұрақтарға жауап береді.







Сергіту сәтін орындарынан тұрып қимылмен көрсетіп орындайды.




Жұмбақтардың шешуін тауып, төлдердің пайдасы туралы әңгімелейді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.

- Малдарды қалай шақырады?



Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты аяқтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:төрт түлік мал төлдерінің аталуын.

Игереді:малдарды қалай шақыру керектігін.

Меңгереді:төлдерге қамқорлықпен қарауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Сәруар. (ертегі).

Мақсаты: ертегіні оқып бере отырып, балаларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәбиелеу.

Сөздік жұмыс: ғарыш.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

-Айға ұшқыларың келе ме?

- Айға ұшуымыз үшін қандай болуымыз керек?

- Айға немен ұшады?

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне өлеңді айтып амандасады.


Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы


Тыныштық сәті.


Дәптермен жұмыс: С. Оспановтың «Сәруар» ертегісімен таныстыру.

  • Сәруар қайда ұшпақ болды?

  • Не үшін Аюға барды?

  • Аю келісті ме?

  • Қасқыр келісті ме?

  • Түлкі келісті ме?

  • Қоян неге қорықты?

  • Айға ұшуға күшік пен мысық неге келісті?

  • Сәруардың нағыз достарын ата.

Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.

Әрқашанда тілектес,

Досыңа көмектес.


Дидактикалық ойын: «Менің досым». Шарты: балалар бір-біріне гүл ұсына отырып, өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

  • Әлішер, сен ақылды баласың.

  • Жансая, сен әдемі қызсың.



Тыныштық сәтін көздерін жұмып, терең тыныс алып орындайды.


Ертегінің мазмұнымен танысады.

Берілген сұрақтарға жауап береді.









Қимылмен көрсете отырып, сергіту сәтін орындайды.





Ойын шарты бойынша барлығы ойынға қатысады. Ойынды ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


  • Айға ұшу сендерге ұнар ма еді?

  • Айға ұшу үшін қандай болу керек?

  • Айға ұшқанда қасыңа кімді ертер едің?




Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:ғарыш, ай туралы ажыратады.

Игереді:батылдықты, адалдықты.

Меңгереді:айға ұшу үшін білімді, ақылды болуды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Тоқтар батыр.

Мақсаты: ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтың ерлігін балаларға түсіндіру. Балаларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Байқоңыр, ғарыш, зымыран.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңынан ерем,

Ер ғарышкер ағаның.

Жұмбақ жасыру: Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.

(Зымыран)

Шаттық шеңберін құрып, өлеңді мәнерлеп айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Тыныштық сәті.


Дәптермен жұмыс: Т. Молдағалиевтің «Тоқтар бала» өлеңімен таныстыру.

Айналады бір сенен,

Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың,

Тұңғышына бір сәлем!

Қабанбайдың ұланы,

Бөгенбайдың қыраны.

Айтылатын мәңгілік,

Қазағымның жыр әні.


Сергіту сәті: Біз ұшамыз, ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

Әрбір ел мен қалаға,

Қуаныш, бақыт сыйлаймыз.


Дидактикалық ойын: «Ұшақ». Шарты: балалар ұшаққа отырады, ұшақ оталады, қанатымызды жаямыз, баяу қозғаламыз, аспан әлеміне ұшамыз. Міне, көкте ұшып жүрміз.


Дәптермен жұмыс: Ғарыш кемесін салу.


Тыныштық сәтін орындау.

Өлеңді тыңдайды.

Мәнерлеп айтып үйренеді.


Сұрақтарға жауап береді.







Сергіту сәтін орындайды.





Ойынды бірлесе орындап демалады.





Зымыранның суретін салады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Қазақ халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?

- Ғарышқа ұшу үшін қандай болу керек?

- Өскенде ғарышкер болғың келе ме?



Сұрақтарға толық жауап береді. Ғарыш туралы өз ойларын айтады.


Біледі:тұңғыш ғарышкеріміз Т. Әубәкіровты.

Игереді:ғарыш туралы түсініктерін.

Меңгереді:өлеңнің мазмұнын.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз.

Мақсаты: достық, ынтымақ сәздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту.

Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ, татулық.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!

Шаттық шеңберін құрады. Өлеңді мәнерлеп айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде орыс, татар, ұйғыр, неміс, кәріс, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.


Дәптермен жұмыс: Ә. Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін жаттату.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын кең де, көл де ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

  • «Ағайынбыз бәріміз» деген сөз нені білдіреді?

  • «Ынтымақ» деген сөзді қалай түсінесің?

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар»-жоғары

орта

төмен дауыс


Дидактикалық ойын: «Досыңды тап». Шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз досының қолын, шашын, киімін ұстап, сипау арқылы табады.


Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

Ұлттар жайлы тәрбиешінің әңгімелеуін зейін қойып тыңдайды.

Өздері білетін ұлт өкілдерін атап айтады.



Өлеңді тыңдап, мәнерлеп айтады, жаттайды.







Сұрақтарға жауап береді.



Мақалды оқиды.




Ойын шартымен танысып, ойнайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


-Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

- Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері өмір сүреді?



Сұраққа жауап береді.


Біледі:Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екенін.

Игереді:сыйластық, татулық туралы түсініктерін.

Меңгереді:достық, ынтымақ сәздерінің маңыздылығын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Жеңіс күні.

Мақсаты: балалардың «Жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: отшашу, соғыс ардагері.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

-Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Бейбітшілік болсын!

Балалар шаттық шеңберін құрады. Жақсы тілектер айтып сәлемдеседі.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

9 мамыр – жеңіс күні! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, т.б.

Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды.

Еске алу: 1 минуттық үнсіздік.

Дәптермен жұмыс: Қайрат Жұмағалиевтің «Жеңіс күні» өлеңін жаттау.

Ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

-Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн?-деп.

Бейбіт күннің бәрі де,

Жеңіс күні, шырағым!

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла». Шарты: бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез табуы керек.

Сергіту сәті: Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен,

Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Қолды жоғары көтеріп,

Қолды төмен түсіріп,

Терең тыныс аламыз.

Дәптермен жұмыс:

«Ерлер есімі мәңгі өшпейді!»-жоғары

орта

төмен дауыста айтылады.

Жеңіс күні туралы әңгімелеуді мұқият тыңдайды.


Батырлар туралы өз ойларын қосады.


1 минут үнсіздікпен еске алады.

Өлеңді мәнерлеп оқиды. Мазмұнын түсінеді.






Ойынды ойнайды.



Орындарынан тұрып сергіту сәтін орындайды.









Мақалды жаттайды. Жоғары, орта, төмен дауыста хормен айтады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • «Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз?

  • «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің?

  • Соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек?

  • Соғысқа қатысқан батырларды ата.



Сұрақтарға жауап береді.


Біледі:«Жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы.

Игереді:патриоттық сезімді, ынтымақтастықты, достықты.

Меңгереді:ардагерлерге құрметпен қарауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: _______________ Күні:_____________

Білім көздері: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Жарқын жаз.

Мақсаты: жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз мезгілінде айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: жарқылдап, қаңқылдап, қалтылдап, қауыз.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күншуақ.

Шаттық шеңберін құрады. Өлеңді айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру:

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)


Дәптермен жұмыс: Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастырту.

  • Жаз мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?

  • Жазда балалар қайда шомылады?

  • Мал қайда жайылады?

  • Жазғы демалыста қайда барасың?

  • Жаз мезгілі несімен ұнайды?

Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.


Дидактикалық ойын: «Жылдың қай мезгілі екенін тап». Шарты: бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастыру керек.


Сергіту сәті: Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше,

Алма тарту көбейсін,

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің.

Бақшамызда ендеше,

Қарбыз жинау көбейсін.

Тыныштық сәті.



Жұмбақтың шешуін табады.




Сурет салып, өлеңді тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.







Өлеңді тыңдайды. Мәнерлеп жаттап келеді.


Шартымен ойынды ойнайды.




Қимылмен көрсете отырып, сергіту сәтін орындайды.






Тыныштық сәтін өткізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Жаз мезгілі – жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады.

Жаз мезгілі туралы әңгімелейді.


Біледі:жаз мезгілінің ерекшеліктерін.

Игереді:жазда болатын қызықтарды, өзгерістерді.

Меңгереді:табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуді.