СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс гигиенасы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

2

Просмотр содержимого документа
«Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс гигиенасы»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп: Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Әлкен Назерке Ерланқызы

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. (жаңа тақырыпты меңгерту, моделдеу)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру

Сабақтың мақсаты

  • Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;

  • Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • Омыртқасыздар (жауын құрт), күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстырады.

  • Жауын құрты, сиыр мен адамның асқорыту жүйелерінің әртүрлі болуының себептерін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Асқорыту мүшелерін атайды, олардың жануарлар ағзасында және адам ағзасындағы орналасуын сабақтас тіркестерді пайдаланып сипаттайды және ас қорыту жүйесін көрсететін сызбаны дұрыс құрастырады туралы ауызша сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тазқарын, қарын, жемсау, ұлтабар, жұмыршақ, қатпаршақ, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, жұтқыншақ, өңеш,.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Жауын құрты асқорыту жүйесінің ерекшелігі ....... болып табылады. Күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту жүйесіндегі ......, ал адамда ........ болады.

Адамның асқазанынан кейін ас ........., ал жануарда қатпаршақтан кейін ....... түседі.


Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Асқорыту мүшелерінде жүрілетін процесстер арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттері- 6 сынып, қоректену типтері, органикалық заттар -7 сынып.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин






Оқушыларға асқорыту жүйесі мүшелерін атау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар өздеріне таныс мүшелерді атаған соң, не себептен осындай әртүрлі мүшелер бар? сұрағы талқыланады. Оқушылардың жауаптарын қоректің құрамының әртүрлі болуына байланысты әртүрлі қызмет атқаратын мүшелер болады деген жауапқа қарай бағыттау дұрыс.

Сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы деген сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау үшін осы жүйелер жөнінде қандай білім қажет деп талқылау жүргізіледі. Бағалау критерийлері таныстырылады.


1 – 2 слайд







Сабақтың ортасы

4-18 мин




Оқушылар әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйелерін зерттейді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар асқорыту жүйелерінің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен танысады.

Оқушылар 3 аялдаманы топпен/жұппен/жеке аралап, қажетті ақпаратты жазып алу арқылы ақпаратты жинақтайды. Бір аялдамада 2 минут жұмыстайды.

Әрбір аялдамада оқушыларға РРТ, ақпарат парақшалары, суреттер және мүмкін болған жағдайда ноутбуктерде алдын ала жүктеліп ашылған видеоматериалдар сияқты әртүрлі ресурстар ұсынылады.

1- аялдама. Шұбалшаңның асқорыту жүйесі

2- аялдама. Сиырдың асқорыту жүйесі

3- аялдама. Адамның асқорыту жүйесі

Әрбір асқорыту жүйелерін сипаттау критерийлері ұсынылады.

Олар:

- асқорыту жүйесінде орналасқан мүшелерді атау;

-әр мүшеде жүрілетін процессті атау;

- мүшенің құрылыс ерекшеліктерінің жануардың қорек түрімен байланысын түсіндіру.

1 - қосымша





3-6 слайдтар


19-29мин


Оқушылар асқорыту жүйелерін салыстыру үшін 3түрлі ағзаның асқорыту жүйелерін үлгілеу тапсырмасы ұсынылады.

Моделдеу жолдары: постер/кластер/сызба/комикс кітапшасы/ермексазды үлгі т.б. Дайын болған жұмыстар «көрмеге» қойылып, оқушылар аралап, сұрақтар қойып, тапсырмада асқорыту жүйелерінің ерекшеліктері түсіндіріледі.

Бұл тапсырма саралауды қолдайды. Оқушылар тақырып мазмұнын түсінгенін өздері қалаған жолмен көрсете алады.


Қатты қағаз, ақ қағаз, қайшы, желім, А3 қағазы, ермексаз

7-слайд


30-38 мин

Оқушыларға алған білімді бекіту үшін тапсырмалар ұсынылады.

2- қосымша


Сабақтың соңы

39-40 мин







Кері байланыс

«Қызық, құнды, қиын»

  • Қызық

  • Құнды

  • Қиын

Кері байланыс тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі, мысалы, шұбалшаңның асқорыту жүйесінің ішектер түрінде болуы қызықты болды, немесе сиырдың қарынының көп бөлікті болуы, оның күйіс қайыруының себебін білу құнды болды т.б.

8 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлері ұсынылады (ресурс арқылы саралау)

Оқушылар тақырыптың мазмұның өздері қалаған ақпарат түрімен жұмыс жасау арқылы меңгереді (процесс арқылы саралау)

Оқушылар тақырыптан түс інгенін өздері қалаған жолмен көрсетеді (тапсырма арқылы саралау)


Кейбір көмекті қажет ететін оқушылар үлгілеу кезінде дайын сызбаларды пайдаланады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары, үлгілеу жұмыстары, оларды қорғауы, тапсырмаларды орындаулары арқылы, ауызша жауаптары мен сұрақтар қоюы арқылы бағаланады.

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Аялдамаларды аралап жүру кезінде қауіпсіздікті, тәртіпті сақтау. Аялдамаларды аралау кезінде оқушылар белсенді қимыл жасап қозғалуы қамтамасыз етіледі.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!