СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс гигиенасы

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға тістің құрылысы мен қызметін және гигиена жайлы түсіндіру.

Просмотр содержимого документа
«Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс гигиенасы»


Мектеп: Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Әлкен Назерке Ерланқызы

Сынып: 8

Барлығы -

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қоректену


Сабақтың тақырыбы:

Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.2.2 - тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Тістің құрлысы мен қызметін, маңызын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Тістердің әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: Әртүрлі тістер мен олардың арасындағы байланысты сипаттай отырып, тіс аурулары мен тісті күту ережелерін қайта құрастырады

Бағалау критерийі

Тістердің ағзада атқаратын қызметінің маңызын біледі.

Тіс түрлерінің қызметін және байланысын сипаттай алады

Тіс аурулары мен тісті күту ережелерін қайта құрастыра алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады: Тістің түрлерін ажырата алады, олардың өзара байланысын айта алады.

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: Тіс, тіс қаптамасы, тіс, мойыны,тіс түбірі, сүт тіс, тұрақты тіс, күрек тіс, ит тіс, азу тіс, эмаль, цемент, дентин, пульпа

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар: Тіс бүлінді дегенше,....

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен тісті күніне 2 рет жұмсақтығы орташа тіс щеткасымен тазалап тұру керек, ....

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тісті күту маңызды, өйткені ... . Жапония еліндегі қабылданған 2080 Бағдарламасына сіздің көзқарасыңыз қандай?

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Пәнаралық байланыс

Химия және медицинамен байланысады.

Саралау

Қолдау көрсету, сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы.

Бағалау

Көмектесу, бақылау, бірін-бірі бағалау, сұрақтар қою, кері байланыс

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сынып топтық жұмыс жасау үшін жабдықталған

Ресурстар

«PISA-2018/компьютерлік халқаралық зерттеуі құралдары»:Жинақ-«Ақпараттық-талдау орталығы» А.Қ.Астана,2018

PISA-2018/компьютерлік халқаралық зерттеулерінің ашық тапсырмалары

PISA ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы мен креативті ойлауды қалыптастыру әдісі

Алдыңғы білім

7.1.2.2

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы

Жағымды психологиялық ахуал тудыру.Оқушылар шеңберге тұрып қолдарына жүрек ұстап, бір біріне ұсынып, тілек айтады. «Мен тілеймін.........»

Үй тапсырмасын сұрау.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Қос шеңбер»

Мақсаты: Оқушылар екі шеңбер бойымен тұрып 1 минут ішінде өзіне қарама –қарсы тұрған оқушыдан үй тапсырмасы бойынша бір сұрақ қойып,жауап алады да, орын ауыстырады.

Ұйымдастыру формасы: ұжымдық

Шағын топтарға топтастыру.

Тақырыпқа байланысты сөздер бойынша бөлу: дентин, эмаль, пульпа, цемент.

«Алдын-ала берілген атаулар» стратегиясы

Мақсаты: Интерактивті тақтада жаңа тақырып бойынша терминдер шығарылып,оқушылар ол терминдердің мағынасы,мазмұны туралы ойланып,өз ойларын білдіру арқылы жаңа тақырыпқа өздері шығады.

Бейнебаян көру «Тістің құрлысы қызметі»

Білім деңгейі: білу,түсіну

Жұмыс түрі: топтық

«Кейс әдісі бойынша проблемалық сұрақ»

Мақсаты: Берілген ақпарат бойынша бар білгендерін ауызша ой салу

Саралап оқытудың жолы: Мазмұны бойынша дерексөздерді қарқын,диалог және қолдау көрсету,бағалау

Сабақтың ортасы





Оқу сауаттылығы мен жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар.

Тапсырма 1.

Мәтінмен жұмыс

Жұмыс түрі: топтық

Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма? Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын ойлап тапты. Кәдімгі тіс щеткасымен артық күш салмай екі минуттық тазалау жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер тіс щеткасына қатты күш салсаңыз, 27 тісті тамақ қалдықтарынан толық тазарта алмайсыз, керісінше тістің эмалі мен қызыл иегіне зақым келтіресіз. Тіс тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс щеткасын да солай ұстаған дұрыс», – дейді. Ол: «Бір жақ бұрышынан бастап тістің бүкіл қатарын тіс щеткасымен тазалап шығыңыздар. Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар! Тілде ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін», – деп кеңес береді. «Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?» – бұл норвегиялық журналдан алынған мақала. Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін «Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?» мақаласының мәтінін пайдаланыңыздар.

Дескриптор:

1.Тістің зақымдану себептері туралы пікірлерін айтады.

2.Гигиена ережелерін сақтау тістерді сақтауға мүмкіндік беретінін мысалдар келтіріп дәлелдейді.

ҚБ: ҚҚҚ(қызық,құнды,қиын)


Тапсырма 2.

Жұмыс түрі: жеке жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Попс формуласы»

Мақсаты:Берілген ақпартат бойынша оқушылар өз пікірлерін дәлелдеп,көзқарасын білдіріп,шешім шығарады.

Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?

Бұл мақала не туралы?

A. Тісті тазалаудың ең дұрыс жолы қандай

B. Қандай тіс щеткасын пайдаланған дұрыс

C. Тістің жақсы болуы қаншалықты маңызды

D. Адамдар тістерін қалай тазалайды

Дескриптор:

  1. Мақала туралы өз ойларын айтады

  2. Тісті күту ережелерін құрастырады

ҚБ: БББ(білемін,білдім,білгім келеді)

Тапсырма 3.

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары:

Бенте Хансес кеңес бергендей ,неге тілді де тазалау керек?

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сұрақ- жауап»

ҚБ: «Топтар бір-бірін бағалайды»


Сабақтың соңы


Рефлексия

«Білім нысанасы»

  1. Т ақырыпты толық түсінген болсаң, қолында берілген стикерді нысананың дәл ортасына қоясыңдар

  2. Тақырыпты жартылай түсінген болсаң, қолында берілген стикерді нысананың 6-3 бөлігіне қоясыңдар

  3. Тақырыпты түсінбесең, қолында берілген стикерді нысананың шет жағына қоясыңдар


Үй тапсырмасын беру:

1.«Тісі саудың – дені сау» туралы РАФТ кестесін толтыру.

2. Адамның асқорыту мүшелерін моделін құрастыру







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!