Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 арнайы мектебі " КММ
Тақырыбы «Үй жануарлары»
Мұғалім-дефектолог: Тәнірбергенова А.Е.
Оқушы: Бақдаулетов Айдар.
Сынып : 1 «В»
Нұр-Сұлтан 2020ж
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 арнайы мектебі " КММ
Мұғалім-дефектолог: Тәнірбергенова Ақтоты Есенқызы
Сабақтың тақырыбы: "Үй жануарлары".
Күні: 27.11.2020 ж
Мақсаты:Үй жануарлары тақырыбы бойынша білімдерін нақтылау және бекіту.
Білімділік:Оқушының үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір-бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізетін пайдасы туралы айту.
Түзету-дамытушылық:Оқушыға жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Түзету-тәрбиелілік: Оқушыны жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.
Құрал-жабдықтар:Үй жануарларының суреттері, сергіту минуты, көзге арналған бейне гимнастика.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру сәті.
Оқушының назарын сабаққа аудару
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
-Күздің қай айы?
- Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жұмбақтар арқылы ашатын боламыз. Жұмбақтар жасырамын, жұмбақтың жауабын табу арқылы сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
I.Жұмбақтар жасыру.
Мақсаты: Оқушының ойлау қабілетін дамыту, логикалық байланыстыру орнату. Сөздік қорын дамыту.
1.Қамыс құлақ,
тостаған тұяқ,
мінсең қанат,
сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
2.Кезікті бір жануар.
Үстінде екі тауы бар (Түйе)
3. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)
4.Өзі күшті, мүйізі мықты,
Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.(Сиыр)
II. «Төлін табу» дидактикалық ойыны
Мақсаты:Оқушыны үй жануарларын ажырата білуге үйрету. Олардың төлдерін танып, аттарын атуға үйрету.
Ойын шарты:Оқушы үй жануарларының төлдерін табады.
III. «Бұл қай жануар?»
Мақсаты: Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: Суреттен жасырылған үй жануарларын тауып, атау.
IV.«Ненің дауысы» дидактикалық ойын
Мақсаты: Есту арқылы қабылдау түйсігін дамыту.
Ойын шарты: Оқушыға үнтаспадан үй жануарларының дауысын естіртеміз.
Оқушы сол жануардың атын атап, суретін көрсетеді.
V.«Көз жаттығулары» Бейнежазбада көрсетілген көз жаттығуларын жасау.
VI. «Сергіту сәті»
Топ-топ етіп, басайық,
Ауылға біз барайық.
Қозыларды санайық
Бір,екі,үш деп,
Алақанды соғайық.
Төрт,бес,алты деп,
Қораларға қамайық.
VII. «Шимайланған суреттер»дидактикалық ойын
Мақсаты: Оқушының зейіні дамыту, есте сақтауын дамыту.
Ойын шарты: Шимайланған суреттер ішінде қандай үй жануарлары жасырылғанын табу.
IX.Сабақты бекіту
«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Оқушыны үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Ойын шарты: Оқушыға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.