СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по химий 9 класс

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

​Биология сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты өткізуге тырысамын. Себебі, оқушылар ынтамен тыңдаса, берері көп. Қоршаған ортаны әр түрлі ластанудан қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалана отырып, экологиялық проблемаларды тиімді шешудің жолдарын қарастырамыз. Сабақта топтық, жұптық, жеке оқушылармен жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.

Просмотр содержимого документа
«Урок по химий 9 класс»


Ұзақ мерзімде жоспарлаудың тақырыбы:Тотығу және тотықсыздану реакцияларды

Мектеп:. 44ЖОББМ

Күні:

Мұғаліматы-жөні:

Сынып: 10

Сабаққа қатысқан оқушылар :

Сабаққа қатыспаған оқушылар :

Сабақ тақырыбы


Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану .


Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

9.2.2.3 тотығу дәрежелерін табу қағидаларын білу және қолдану

9.2.2.4тотығу және тотықсыздануүдерістері өзара байланысты екендігін және әрқашан біруақытта өтетіндігін түсіну;


Оқу мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

«тотығу дәрежесі», «тұрақты, айнымалы тотығу дәрежесі» ұғымдарын білуі тиіс

тотығу дәрежелерін анықтау қағидаларын білуі керек;

бинарлы қосылыстар құру қағидатын және керісіншесін, атаулары бойынша заттар формулаларын құруды білуі керек;

Оқушылардың көбісі білуі керек:

Күрделі иондарда атомдардың тотығу дәрежесін;

Оқушылардың кейбіреулері білу керек:

күрделі иондар үшін тотығу-тотықсыздандыру схемаларын жазуды

Бағалау критерийі

Егер:

бинарлы қосылыстарда немесе одан күрделі қосылыстарда тотығу дәрежесін анықтаса;

алгоритмді қолдана отырып, атаулары бойынша бинарлы қосылыстардың формулаларын құраса;

реакция теңдеуінде тотығу және тотықсыздандыру процесін анықтай алса оқушы мақсатқа жетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өзінің оқу қызметін түсінгенін көрсету үшін жаңа лексиканы қолдана алады;

пайдалы сөз тіркестері: электрбейтараптық қағидасына сәйкес; атомХ электрондарды жоғалтады,сондықтан оның қосылыстағы тотығу заряды/дәрежесі,

тотығу - бұл… ,ал тотықсыздану - бұл…

тотығу\тотықсыздану … болады

тотығу\тотықсыздану процесінде …

X/Y ... кезінде қосылады/кемиді(жоғалтады)

Құндылықтар

Сабақ барысында ашықтық, ынтымақтастық, құрмет, мектеп мүлкіне мұқият қарауды, сыныптастармен қарым-қатынаста толерантты болуды дағдыландыру; топпен/жұппен жұмыс істеу кезінде ұжымдық оқу жұмысының нәтижелеріне жауапкершілікке үйрету.

Пәнаралық байланыс

Математика, тотығу дәрежелерін, ионның жиынтық зарядын есептеу

Алдыңғы білім

Оқушылар атомның құрылысын, электронды қабықшаның құрылысын, валентті электрондар ұғымын біледі;

химиялық реакцияларда металдар атомдары сыртқы деңгейден электрондар беретіндігін, ал бейметалдар атомдары сыртқы деңгейді аяқтау үшін электрондарды қабылдайтындығын біледі, мұны октет қағидасына сүйене отырып түсіндіреді (тұрақты күйге жету).

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың басында оқушылардың осы тақырып бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында әңгіме өткізу, сабақтың соңында күтілетін нәтиже.

Мәселелерді бірлесіп талқылау оқушылардың сабақтағы жұмыс уәждемесін арттыруға мүмкіндік береді.

  1. Атомның тұрақты күйі деген не

  2. Атомның тұрақтануы қалай болады?

  3. Октет қағидасы деген не?

  4. Элементтің тотығуы//тотықсыздануы қалай өтеді


II.Оқушыларға жұппен металдар мен бейметалдар атомдарының тұрақтанған бөлшектерге айналу схемаларын құруды ұсыну, мысалы, калий, магний, алюминий,оттегі, хлор, күкірт

Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талқылау, бағалау


Оқушыларға атомдардың электрондарды қосып алу немесе беру салдарын түсіндіруді ұсыну.





Сабақтыңортасы


III. Оқушыларға сабақтың тақырыбын жариялау, оқыту мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.


Оқушыларға металдар атомдары электрондарды беретін химиялық элементтер екенін, ал бейметалдар атомдары электрондарды қабылдайтын және беретін химиялық элементтер екенін естеріне салу керек.


Оқушыларға магний мен хлор атомдары арасында электрондарды беру және қабылдау процесін жазуды ұсыну. Олардан қосылыстарда химиялық байланыс қалай түзілетіндігін сұрау?


Қандай бөлшектер байланысты түзуге қатысады?

Одан соң егер екі бейметалдың атомдары өзара әрекеттесе не болатындығын сұраңыз? Мысалы, күкірт пен оттегі атомдары арасында


Атомның өзіне басқа атомдардан валентті электрондар тарту қабілеті ретінде электртерістілік (ЭТ) ұғымын естеріне салыңыз.

1-қосымша

Оқушыларға химиялық қосылыстарда қосылыстар түзілетін иондар зарядтары тотығу дәрежесі деп аталатындығын түсіндіру.

Тотығу дәрежесі — бұл барлық қосылыстар (ионды, ковалентті-полярлық) тек иондардан құралады деген болжамның негізінде есептелген қосылыстағы химиялық элемент атомдарының шартты заряды.



Оқушыларға жұппен машықтану жаттығуларын орындауды ұсыну.

1-тапсырма.

Мына элементтердің қосылыстары формулаларын құраңыз, олардың тотығу дәрежелерін атаңыз:

а) магний мен күкірт; в) натрий мен фосфор; c) литий мен азот; d) хлор мен күкірт.

Оқушылардың жұмыс нәтижелерін бағалаңыз.

Оқушылармен «тотықтырғыш агент» және «тотықсыздандырғыш агент»терминдерін талқылаңыз.

Ж азылған мысалдардан тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш агенттерді, тотыққан және тотықсызданған агенттерді анықтауды ұсыныңыз.

Оқушыларға Mg + Cl2MgCl2реакциясының негізінде тотығу және тотықсыздандыру біруақытта өтетін процестер екендігін көрсету қажет.


Қабылданған электрондар саны = берілген электрондар саны.

Қабылданған және берілген электрондардың санын көрсететін қосылыстағы заряд– бұл тотығу дәрежесінің мәні.

Мұғалімнің тотығу-тотықсыздану процесінің өзара байланыстылығын түсіндіруі.

Тотығу және тотықсыздану – әрқашан біруақытта жүретін процестер. Бір зат тотыққанда, екіншісі тотықсызданады және керісінше болады. Тотығу және тотықсызданудың кез келген реакциясытотығу-тотықсызданудың бірыңғай процесін құрайды:

Zn + Cl2 = ZnCl2.

ZnмұндаZn2+дейін тотығады, ал Cl2болса 2Clдейін қалпына келеді.

Мына ұғымдарды енгізу:

тотықтандырғыш/тотықсыздандырғышнемесе

тотықтандырғыш агент, тотықсыздандырғыш агент;

тотыққан зат/тотықсыздандырылған зат.

Реакция барысында берілген және қабылданған электрондар санын анықтау үшін машықтану жаттығуларын орындауды ұсыну.

2-тапсырма.

Мына мысалдардан тотықсыздандырғышпен берілген және тотықтырғышпен қабылданған электрондардыңсанын анықтаңыз:
а) Fe + HCl; c) Al + Fe2O3;

в) Zn + Br2;d) Fe2O3 + C.

Оқушыларға қосылыстарда тотығу дәрежесін анықтау үшін кейбір қағидаларды қолдану қажеттігін түсіндіру керек.

2-қосымша

Оқушыларға өзгермейтін тотығу дәрежесі бар элементтерден басталатын тотығу дәрежелерінің кестесін көрсету.

3-қосымша

Жұппен машықтану жаттығуларын орындауды ұйымдастыру.

3-тапсырма.

Мына қосылыстарда тотығу дәрежесін анықтаңыз:

MgO, ZnCl3, О2, Fe2O3, CaS, Na3N, P2O5, SiH4, NaH, AsH3, HNO3, CaSO4.

Озат оқушылар үшін мына мысалдарды ұсынуға болады: Ca(OH)2, Ca3(PO4)2, (NH4)2CO3 жәнеCO32-, PO43-, OH-, MnO4-, Cr2O72- .


 IV.Оқушыларға элементтердің тотығу дәрежесі қосылыстардың формулаларын дұрыс жазу үшін қолданылатындығын түсіндіріңіз.

Тотығу дәрежесін, марганец оксидтерін (IV) және (II), көміртегі оксидтерін (IV) және (II), темір (III) және (II), күкірт (IV) және (VI) оксидтерін қолдана отырып, азот оксидтерінің атауын қайталаңыз.

V.Айнымалы тотығу дәрежесі ұғымын енгізіңіз. Көптеген элементтерге айнымалы тотығу дәрежесі тән екендігін түсіндіріңіз.

Тотығудың 3 дәрежесіндегімыс:

A – металл мысы, 0

B – мыс хлориді (+1),

C – мыс хлориді(+2)

Одан әрі өзара тексере отырып, жұппен жұмысты ұйымдастырыңыз

4-тапсырма. Мына қосылыстардатотығу дәрежесін анықтаңыз:

А) СО2, СН4, СО

В) CrO, Cr2O3, CrO3, H2Cr2O7

С) AlCl3, Cl2O7, HClO, HClO3, HClO4

Тапсырма жаппай орындалады, алдымен оқушылар оны жұппен орындайды, одан соң кездейсоқ таңдау әдісімен (мұғалім оқушылардың аты жазылған жолақтарды алады), тақтада тапсырманы жазу үшін 4 оқушыны шақырамыз.Оқушылар жұмыстарды өзара бағалайды, дұрыс шешімін ұсынады, осыдан кейін өздерінің қателіктерін көрсетеді. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау ұсынылған табысқа жету критерийлеріне сәйкес өткізіледі.









Сабақтыңсоңы

Формативті бағалау үшін тапсырманы орындауды ұйымдастыру 1-қосымшаСабақтың чоңында оқушылар рефлексия жүргізеді: үш жерге жазу журналы:

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Үй тапсырмасы

http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/definitions.html

эhttp://chemege.ru/materials/oxnumber/ - тотығу дәрежесі деген не

ресурс

4-қосымша


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы



Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдарыменресурстарыноқушылардыңжекеқабілеттерінесепкеалаотырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін.

Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепкеалаотырып, сабақтыңкез-келгенкезеңіндеқолданылаалады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері.

ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары



Сабақбойыншарефлексия


Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.


Жалпыбаға



Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Қосымша 1. Электртерістілік шкаласы

2-қосымшаҚосылыстарда тотығу дәрежесін анықтау қағидалары

3-қосымшаАйнымалы тотығу дәрежелері

4 -қосымшаТотығу дәрежесін анықтау ресурсы

1. Тотығу дәрежесі – бұл барлық қосылыстар (ионды, коваленттіполярлық) тек иондардан құралады деген болжамның негізінде есептелген қосылыстағы химиялық элемент атомдарының шартты заряды

2. Т.Д. оң “+” және теріс “-” цифрлар алдында элементтер белгілерінің үстінен, оның ішінде бірге қойылады.

ҚАҒИДА:

Бос атомдар мен қарапайым заттардың тотығу дәрежесі 0 тең: (; Mg0)

Бейметалдармен қосылыстарда сутегінің тотығу дәрежесі +1 тең, ал металдармен -1 тең: (NaH-1, H+1Cl).

Қосылыстарда фтордың тотығу дәрежесі әрқашан -1 тең: (HF-1, CaF-12).

Қосылыстарда оттегінің тотығу дәрежесі -2 тең (NO-2, Al2O-23), алпероксидтерде -1 (H2O-12, O+1F2)

Қосылыстарда металдардың тотығу дәрежесі әрқашан оң, металдарда I-A, II-A, III-A сәйкесінше +1, +2, +3 тең.

Молекулада барлық атомдар тотығуының жиынтық дәрежесі 0 тең.

Элементтің тотығуының жоғары дәрежесі (топтың +№) тең.

Тотығудың төмен дәрежесі:металдар үшін 0 тең, бейметалдар үшін (топтың № -8).

Тотығудың жоғары дәрежесіндегі элементтер тек электрондарды қабылдайды.

Тотығудың төмен дәрежесіндегі элементтер тек электрондарды береді.

Тотығудың аралық дәрежесіндегі элементтер электрондарды қабылдай алады және бере алады.

ТАПСЫРМА:

Мына заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау: Na2O; O2; H2SO4; N2; S; H2O; Al; Cu; HNO3; F2; Ca.

Бинарлық қосылыстарды белгілеңіз.



ТОТЫҒУ ДӘРЕЖЕСІ:

I-А, II-А, III-А–топтың тұрақты элементтері

барлық қалғандары айнымалы (жақшада рим цифрімен көрсетіледі)

Бинарлық қосылыстар (“би” – екі) – екі химиялық элементтен тұрады.

Қосылыстарда бірінші орында оң тотығу дәрежесі бар элемент (немесе бөлшек) жазылады,ал екіншісінде — теріс тотығу дәрежесімен.

Мына формула бойынша тотығу дәрежелерін анықтау алгоритмі:

Тотығу дәрежесін анықтауды Т.Д. тұрақты немесе қағидаларға сәйкес белгілі элементтен бастайды (Р2О-25)(жоғарыда қараңыз);

Осы Т.Д. атом (немесе топтың) индексіне көбейту (– 2 * 5 = – 10);

Алынған санды екінші элементтің (немесе топтың) индексіне бөлу (– 10 / 2 = – 5);

Алынған Т.Д. қарама-қарсы белгімен жазу2+5О5-2).

БИНАРЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ АТАУЫ:

тотығудың теріс дәрежесімен элементтің латынша атауы (“-”) + суффикс -ид

ілік септігінде оң тотығу дәрежесімен элементтің орысша атауы (“+”)

(айнымалы тотығу дәрежесімен рим цифрі)

Мысалы: Al+32O-23 – алюминийоксиді; Cu+2O-2 – мыс оксиді (II)

Cl-1 – хлорид; O-2 – оксид; Н-1 – гидрид; S-2 – сульфид; C-4 – карбид; N-3 – нитрид; P-3 — фосфид; Si-4 — силицид.

Атаулары бойынша формулалар құру алгоритмі:

Мына тәртіппен элементтердің (бөлшектердің) белгілерін жазу: бірінші орында – оң зарядталған, екіншісінде – теріс зарядталған ( Al O );

Тотығу дәрежелерін қою ( Al+3 O-2);

Тотығу дәрежелерінің мәндері арасында ең кіші жалпы еселіні (ЕКЖЕ) табу, оны арасына жазу;

ЕКЖЕ тотығу дәрежелерінің мәніне бөлу, алынған нәтижелерді индекстер ретінде жазу (6/3=2; 6/3=3 Al2O3).




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!