СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ұстаз-ұлағатты ұғым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздар күніне орай оқушылар бойында сыйластық, құрметтеу қасиеттерін қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз-ұлағатты ұғым»

Тақырыбы: Ұстаз-ұлағатты ұғым

Мақсаты:Оқушыларға ұстаз еңбегін , ұстаздық тәлім – тәрбие бағыттарын құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Оқушының өзіндік қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін дамыту .

Сабақ түрі : құттықтау, сахналау, түрлі сұрақтар – мен жауаптар , қызықты сәттер

Көрнекілігі: шар, гүлдер, Ұстаз туралы ұлағатты сөздер,

І жүргізуші : Ұстазыңды түсінгенің тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлес,

Ол да бірге қуанышқа кенелген .

І Іжүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып .

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иелік мәңгілік!!!

«Ұстаз еңбегі» бөлімі

(Сахнаға бір ұстаз шығады жанында «нан» және « бор » деген сөздер жазылған жасырын. Бірінші нан сөзіне толық мағұлмат береді. Бірақ шын мәніндебор туралы мағұлмат беріп тұр. )

І жүргізуші: - Ұстаз болған баршаға,

Ардақты жандар қаншама.

Шәкірттің күнде қуантсын,

Шаршама Ұстаз ,шаршама!!!

«Гүл жинау » бөлімі

( гүлдерді жинап алу үшін артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек )

- Ұстаздар , жиналған гүлдер сіздердің құрметтеріңізге, қабыл алыңыздар !!!

«Кітап –білім бұлағы » бөлімі

(оқулық ішінде жасырылған қызықты оқиғаға өз пікіріңіз )

ІІ- жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен

Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен

Сен арқылы бастау алып дана ,ғалым

Сен арқылы әлемді танып білген .

Құлпырған еліміздің ұл –қызымыз,

Әзірге үлпілдеген құндызымыз.

Арасын жер мен көктің бағындырар

Ертеңгі жарқыраған жұлдызыымыз !!!!!