СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Зат есімнің тәуелденуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс- әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Просмотр содержимого документа
«Зат есімнің тәуелденуі»

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 78-сабақ. Зат есімнің тәуелденуі

МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 3

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен

негізгі ойды анықтау;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі. Жаңа білімді меңгереді. Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Берілген тапсырмалар бойынша ой қорыту жасай алады.

Алдыңғы

білімдер

Зат есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

1 минут










4 минут

(Ұ) «Ыстық лебіз».

Оқушылар қолдарына үлестіріп берген гүлдің гүлшелеріне тілек сөздер жазып, бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.



(Ұ; Қ) «Ертегі құрастырайық» ойын-жаттығуы.

«Ертегі құрастырайық» ойын-жаттығудың шарты: орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай ретімен айтып беру тапсырылады.











Интерактивті тақта



«1. Түлкі абайсызда апанға түсіп кетіпті. 2. Ол

ешкіге рақаттанып тұрмын депті. 3. Мұны естіген ешкі де апанға түсіпті».

Бұның қай ертегі екені анықталып, ертегі ары қарай жалғастырылады.


ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)

6 минут

3.2.4.1 (Ұ; Т; Қ) Мәтінді түсініп оқып, ат қою. 47-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Сызбада берілген мәтін атауларын оқиды. Мәтіннің мазмұнын қай атау бейнелей алатынынын анықтайды. Себебін түсіндіріп, дәлелдейді.

Берілген тапсырмаларды оқып, мәтіннен не туралы білуге болатынын анықтайды.

Оқулық

5 минут

3.3.4.1 (МК; Ө; Қ) Сұрақтарға жауап жазу.

Тәуелденген сөздерді табу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

«Ою», «өрнек» сөздерін тәуелдеп жазады. Жазған жұмысынан тәуелденген сөздерді тауып, сұрақ қояды. Олардың қай жақта екенін айтып, дәлелдейді.

Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

№3 дәптермен жұмыс

1 минут

Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

http://balapan.ka ztrk.kz

6 минут

3.2.6.1 (Т; Қ) Мәтін бөліктерінің атауларын толықтыру. Оқыған мәтінінің түрін анықтау. 48-жаттығу. Жоғарыдағы мәтін бөліктерінің атауын толықтырады. Мәтінді мазмұндап айтады. Жоғарыда оқыған, мазмұнын айтқан мәтінінің түрін анықтап, дәлелдейді.

Оқулық

3 минут

3.4.2.2 (Ө; Ұ; Қ) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Тәуелденген сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту.

49-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады. Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады. Жұмбақтың

шешуі: ешкі.

Оқулық

5 минут

3.4.2.2 (Т; Ө; Қ) Тиісті әріптерді қойып, сөздерді оқу. Шыққан сөздерді тәуелдеп жазу. Шығармашылық үзіліс.

50-жаттығу. Тапсырманы түсініп оқиды. Оқушылардың назары тоқыма торға аударылады. Тиісті әріп түрлерін қойып, ши тоқуда қолданылған ағаш атауларын оқиды. Шыққан ағаш түрлерін тәуелдеп жазады.

Оқулық

№3 дәптермен жұмыс

4 минут

3.4.2.2 (Ө; Ұ; Қ) Артық сөздерді табу. Тәуелденген сөздерді анықтай алу.

51-жаттығу. Тапсырманы түсініп оқиды. Артық сөздерді табады. Себебін айтып түсіндіріп, дәлелдейді.

Оқулық

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

3 минут

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.

№3 дәптермен

жұмыс

2 минут

2.1.3.1 (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нәтижелері топта жарияланады.

№3 дәптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар

Қосымша ақпарат

Дифференциация: Балаларға

Бағалау:

Пәнаралық байланыс:

қалай көмектесесіз?

Оқушылардың

Денсаулық пен

Қабілетті балаларға қандай

білімдерін қадағалауды

қауіпсіздік

тапсырмалар бересіз?

қалай жоспарлайсыз?

АКТ



Құндылықтар

Бақылау:

Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс- әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?


Қорытынды бағалау:

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. 1.

Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?