СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Мұғалімге арналған нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) негізінде әзірленген әдістемелік оқу құралы болып табылады және біліктілікті арттыру курсында және курстан кейін де қолдануға арналған.
Нұсқаулықта жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері туралы ақпарат, мұғалімдерге сабақ жоспарлау және сабақ беруге көмектесетін ресурстар, оқулықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешенін қолдану, жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалану және критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ақпарат қамтылған.
Бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасы
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 5
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ 7
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 9
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 19
ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 33
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 36
ОҚУЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІМЕН ЖҰМЫС 40
ЖҮЙЕЛІ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНМЕН ЖҰМЫС 44
ОҚУ ЖОСПАРЫ 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 48
ГЛОССАРИЙ 52
3
КІРІСПЕМұғалімге арналған нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) негізінде әзірленген әдістемелік оқу құралы болып табылады және біліктілікті арттыру курсында және курстан кейін де қолдануға арналған.
Нұсқаулықта жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі аспектілері туралы ақпарат, мұғалімдерге сабақ жоспарлау және сабақ беруге көмектесетін ресурстар, оқулықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешенін қолдану, жүйелі-әдістемелік кешенді пайдалану және критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ақпарат қамтылған.
Біліктілікті арттыру курсындағы ықшамсабақ үдерісінде мұғалімдер Нұсқаулықты пайдаланады. Ықшамсабақ арқылы мұғалімдердің Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндігі болады.
Бағдарламаның мақсаты:
Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
мұғалімдердің бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
Оқу нәтижелері:
мұғалімдер бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасының мақсатын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі.
бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдау
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімнің күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау қарастырылған. Біліктілікті арттыру курсының оқу жоспарына сәйкес біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдауға арналған жаттығулар барысында тренер мұғалімдердің идеяларын тыңдайды, белгілі бір мәселелерге қатысты бағамдау аспектілері тұрғысынан мұғалімдерді бағамдайды. Мұғалімдерді бағамдау аспектілері бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салаларға бөлінген. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. Дескрипторларға қарап мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді. Мұғалімдер бағаланатын барлық аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес. Курс барысында бағамдау қалай жүретіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді меңгеруде қолдау көрсетілетін болады.
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы
Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс енгізу
үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту, жаңартылған оқу бағдарламасын әзірлеу, сынақтан өткізу және 2016-2017 оқу жылынан бастап 1- сыныптарда енгізу аталған процестің бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған мазмұн түрлі проблемаларды шешудің дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздеріндегі ақпаратты зерделеуге бағытталған. Білім алушылар білімдерін әрі қарай басқа да жағдайларда жинақтап, қолдана алу мақсатында бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына және әрбір білім беру саласындағы пәндерді негізге ала отырып, түсініктерін қалыптастырады. Сондықтан оқушылар өз білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуға және болашақта оларға кездесуі мүмкін кез келген күрделі міндеттерді шешуге үйренеді.
Бастауыш сынып пәндерін табысты оқыту ұстаздың кәсіби тәжірибесі мен құзыретіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсібилігін жетілдіруге бағытталған.
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқу бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет
«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым- қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады».
Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):
1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар | Дағдылар |
|
|
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасынан көруге болады.
Халықаралық зерттеу барысында оқу бағдарламасы мен бағалау оқыту үдерісінен күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды.
Гриффин және басқалар (Griffin, P.et al, 2012)
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) оқу бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға негізделген өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия, Норвегия,
Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды. Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің оқу бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері
пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады.
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады (1-сурет):
1-сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі
Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі оқу бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫБастапқы кезеңде оқушыларға оқудың біртіндеп тереңдеуін сақтай отырып, кеңінен, бірақ логикалық тұрғыдан байланысты және үйлесімді негізде үйренуге мүмкіндік берілуі керек (Harnett & Vinney, 2007). Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару – оқушылар үлгерімінің жоғары болуының негізгі тетігі (Alexander, 2002). Жан-жақты оқу бағдарламасы оқушыларға бірқатар теориялық, тәжірибелік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді (Primary education in England, 1978). Алға ілгерілеуіне қарай оқушылар оқудың әртүрлі бағыттарын байланыстыра отырып, оларды зерттеп, осылайша анағұрлым терең түсінік қалыптастыратын болады. Бұл ретте оқушыларда толыққанды түсінік қалыптастыру үшін бастауыш сынып пәндері мен бағыттары арасындағы байланыс анық, нақты болуы керек (Ewing, 2012). Оқушылар нені үйреніп жатқандарының мәнін нақты ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын түсінуі керек.
«Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері - тыңдалым және айтылым, , оқылым, жазылым.
Бастауыш мектептегі тілдік пәндердің («Қазақ тілі», «Сауат ашу» және «дебиеттік оқу») оқу бағдарламаларының мақсаты – қазақ тілін үйренуге негіз қалау, оқушылардың функционалды сауаттылығы негізін қалыптастыру, тілдік дағдыларды дамыту. Бұл әртүрлі қарым-қатынас салалары мен жағдайлары, стилистикалық ресурстар, дұрыс дыбыстау, орфографиялық және орфоэпиялық нормалар, сондай-ақ жанрлар мен стильдерді білуге қатысты құрылым мен функцияларды қамтиды.
«Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында оқу мен жазуға қатысты жұмысты интеграциялау арқылы жүзеге асады (Оқу бағдарламасы).
«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар, сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.
«Сауат ашу» пәні оқушылардың:
қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;
оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;
айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;
жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.
«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
«Қазақ тілі» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады: оқушылардың дүниетанымы мен ұлттық болмысын қалыптастыру үшін ана тілінің мүмкіндіктері мен сөз өнерінің әлеуеттерін терең меңгеруіне көмектеседі. «Қазақ тілі» пәні
бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің тарихы мен рухани-мәдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет етуге ынталандырады.
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасының мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);
дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін
«оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру
(оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
саралап оқыту технологиясы (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).
Төмендегі кестеде (2-кеста) әрбір тілдік бағыт үшін талап етілетін мазмұн, білім мен дағдылар көрсетілген:
2-кесте. «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша дағдылар
Бағыт | Сауат ашу | Қазақ тілі | Әдебиеттік оқу |
Тек 1-сынып | 2-4-сыныптар | 2-4-сыныптар | |
Тыңдалым және айтылым | Кез-келген пәнді оқу үшін талап етілетін айтылым және тыңдалым дағдыларына назар аударады. 1-сыныпта оқушылар мыналарды дамытады:
мақалдарды, жұмбақтарды және т.б. мәнерлеп оқу үшін тілдік және қарым- қатынас дағдылары (дауыс ырғағы, кідіріс, үнсіз тілдесу). | Айтылым және тыңдалым дағдыларын дамыту арқылы тілге назар аударады. 2-4-сыныптарда оқушылар:
мазмұнын/ идеяны, қолданылатын ишараларды түсінеді;
бағамдайды, мысалы, басқалардың көзін жеткізу үшін; әдеби тәсілдерді пайдаланады;
пайдалана отырып, диалогке араласады, материалдың мазмұнын айтады, тұжырым жасайды. | Айтылым және тыңдалым дағдыларын дамыту арқылы әдебиетке назар аударады. 2-4-сыныптарда оқушылар:
/мәтіндерді бағамдайды. |
Оқылым | Кез-келген пәнді оқу үшін қажет негізгі оқылым дағдыларына назар аударады. 1-сыныпта оқушылар мыналарды дамытады:
| Тілді дамыту мақсатында оқылымға назар аударады. 2-4-сыныптарда оқушылар:
тәсілдерін пайдалана отырып, мәтінді оқиды;
| Әдебиет туралы және тіл қалай пайдаланылатыны туралы білім алу мақсатында оқылымға назар аударады. 2-4-сыныптарда оқушылар:
бірліктері туралы білімін тереңдетеді. |
Жазылым | Кез-келген пәнді оқу үшін қажет негізгі жазылым дағдыларына назар аударады. 1-сыныпта оқушылар мыналарды дамытады:
сөйлемдерді ұқыптап жазу, тақырыптарды, сөздерді, графиктерді/ диаграммаларды, кішкентай және бас әріптерді пайдалануға дейін
ережелерді пайдалану дағдылары | Жазылым дағдыларын (құрылымы, грамматика, тыныс белгілері және т.б.) дамытуға назар аударады. 2-4-сыныптарда оқушылар:
тәсілдерін пайдалана отырып, мәтіндердің әралуан түрлері мен стильдерін құрылымдайды (жоспарлайды) және жазады;
пайдаланады;
грамматикалық және тыныс белгілері ережелерін қолданады;
түзету үшін тіл туралы білімін пайдаланады. | Шығармашылық жұмысқа назар аударады. 2-4-сыныптарда оқушылар:
|
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері («Сауат ашу» пәні) Тыңдалым және айтылым:
Мұғалім мен өзге оқушылардың сөзін тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс және нақты жауап беру, сөз мағынасын түсіну, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлеуде қолдану. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер, санамақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жатқа айту. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппаратты дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Фонетика: дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңішке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Тыңдаған материал бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру, мазмұнын айтып беру.. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениетін сақтау, этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.
Оқылым:
Сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. Дыбыстардың мағына ажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата білуі; әріп – дыбыстың таңбасы екенін білу. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Дауыстап оқу. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу», рөлге бөліп оқу. Сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация). Жылдың соңында таныс емес мәтінді оқу техникасының нормасы: минутына 20- 25 сөз бен тыныс белгілері. Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру. Сөздердің мағынасын (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы) ажырата алу. Мәтін туралы жалпы түсінік. Әңгімелеу мәтінін, ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату. Әңгімелеу сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, не туралы екенін анықтау. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; оқыған материалға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Әліпби ретімен құрылған дереккөздерден яғни суретті кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялардан қажетті ақпараттарды (мұғалімнің жетекшілігімен) табу. . Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.
Жазылым:
Сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу,
үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылу. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатынын білу және қолдану. Сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық талапқа сай дұрыс жазу. Ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде.. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғыну, оларды орынды қолдануға үйрету. Әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыстардан буын құрап жазу. Буындардан сөз құрап жазу. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрап жазу. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану. Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау, дұрыс жазу. Заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау. Көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану. Жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде орынды қолдану. Тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде орынды қолдану. Іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) орынды қолдану. Сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу. Мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау («Сауат ашу» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынан алынды).
«Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Математика негіздерін үйрену арқылы оқушылар басқа пәндер аясында, мысалы, жаратылыстануды оқу кезінде қажет болатын анағұрлым күрделі математиканы түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, математика әртүрлі мәселелерге қатысты қалай әрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып математикасы бойынша оқу бағдарламасының мазмұны «Сандар және өлшемдер», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық
модельдеу» бөлімдерінен тұрады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
Жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау,
коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;
мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
Бастауыш сыныптағы «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны
«Мен зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш»,
«Табиғат физикасы» бөлімдерінен тұрады және негізгі мектепте «Биология», «География»,
«Химия», «Физика» пәндерін оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
«Дүниетану» – адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысандары – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта.
«Дүниетану» пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пәннің міндеттері:
оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру.
«Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың қиялын ояту арқылы олардың білімқұмарлығын ынталандыруды көздейді, пәннің мазмұны «Мен және қоғам», «Елімнің табиғаты» және «Тарих беттерінен» бөлімдерінен тұрады.
Спиральді оқу бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал.
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.
Сыныптан сыныпқа өткен кезде алға жылжу арқылы оқушылар оларға дүниетанымдар аясын кеңейтуге көмектесетін, оларды қалай және неліктен пайдаланатыны тұрғысынан мойындап және бағалап, олар сүйенуі мүмкін дереккөздер аясын кеңейтуге көмектесетін, көбірек тәжірибе мен терең білім алады. Жасы мен тәжірибесі де оқу үдерісінде дербес шешімдер қабылдауға жағдай жасайтын болады. Мысалы, бастауыш сыныптағы математикасының спиральді оқу бағдарламасындағы сандарды оқу, жазу және салыстыру бойынша ілгерілеуді оқу мақсаттарының жүйесінен оңай көруге болады (3-кесте):
3-кесте. Сыныптан сыныпқа көшу бойынша ілгерілеу
1-сынып | бір таңбалы сандарды және 10 санын/ 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру |
2-сынып | екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру |
3-сынып | үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру |
4-сынып | көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу |
Оқушылардың бойында өмір бойы білім алу дағдыларын қалыпастыру мақсатында бастауыш сыныпқа арналған пәндердің аясында мұғалімдер әрбір оқу жылында нені оқыту керектігін және оқу сапасы қандай болу керектігін анық білгені абзал. Оқушылардың, сондай-
ақ мұғалімдер мен мектептердің әралуандығын қамту үшін бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы айтарлықтай икемді. Оқушылар әртүрлі пәндердің аясында қолдануға болатын білім алып, дағдылары мен мінез-құлқын қалыптастырады, бұл оқушыларға мектептен тыс өмірде қолдануға болатын дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Осындай дағдыларға сауаттылық, математикалық ойлау қабілеті, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау кіреді, бірақ бұл тізім бұлармен шектелмейді.
Бастауыш сыныптардағы тілдік мақсаттар
Әр пәннің өзіндік тілдік стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады. Академиялық тілді дамыту тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.
Академиялық тілді үйренуде тілдік мақсаттар маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың олардан қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдерге оқушылардың оқуға деген уәжін арттырып, оларды бағамдауға және қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді.
Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:
оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін ұсыну (мысалы, топтық жұмыс жүргізуге, сұрақты дұрыс қоюға, жағдайды талдап, пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану;
түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт түрін түрлі комбинацияда (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы;
оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап беруге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы үшін оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса алуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);
тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша тұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);
тіл туралы сыни ойларын дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау);
сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың есте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегі тақырыпшаларда ұсынылған:
пәнге тән арнайы лексика және терминология;
диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері. Егер пәннің тілі анық әрі оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды белгілеу үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру,
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол жауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады.
Тілдік емес пән сабақтарында оқу мақсаттарының басым бөлігі мазмұнға бағытталғанымен, кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек.
Пәнаралық байланыс
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрридің (Kerry, 2007) пайымдауынша пәнаралық байланыс тәсілі білімді өзара байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Пәндер бойынша білімді ықпалдастыру оқушылар үшін оқу үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға бағытталған. Бастауыш сынып оқушылары бастауыш сынып пәндерін өзара байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді модельдеуіне мүмкіндік береді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРОқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс- тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің мысалын Хименес-Александренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et al, 2011 сілтемесі):
Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды.
Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі тиіс.
Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қолдануды талап етеді. Нұсқаулықта «Критериалды бағалау» тарауында қарастырылатын бағалау стартегиялары маңызды болып табылады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда: қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің
«дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы педагогикалық тәсілдер белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді (Savery & Duffy, 1994; Jonassen and Rohrer-Murphy, 1999). Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл оқушылардың белсенділігін арттыратын қуатты құрал болып табылады. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады.
Белсенді оқу
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (Hattie, J., 2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойын түрлері кіреді (Peters, 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолданылатын тағы да бірқатар тәсілдер:
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;
Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);
Ашық сұрақтарды пайдалану;
Дәлел ұсынуға ынталандыру;
Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;
Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ортасын қалыптастыруға;
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерлі қолдануға;
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті де анық, қарапайым тілді пайдалануға;
оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуы тиіс.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым- қатынастың орнауына жол ашады.
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары
Тілді оқытудың тәсілдері көп екені белгілі, алайда әлеуметтік-лингвистикалық тәсіл тілдің әлеуметтік моделіне назар аударады. Оқушылар үшін қандай да әлеуметтік жағдайда қандай тіл орынды екенін түсіну маңызды (жазбаша және ауызша). Оқушылар тиісті әлеуметтік тілді, соның ішінде нақты жағдайға сәйкес келетін грамматиканы, құрылымды және лексиканы таңдай алу үшін мұғалімдер мәтіннің мақсатын және оның кімге, қандай аудиторияға арналғанын түсінуге көмектесу керек (Winch, Johnston, Holliday, Ljungdahl & March, 2001). Оқушылар қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі мәнмәтіндермен таныстыруы маңызды болып табылады.
Тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы дағдыларды барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады (Wallace, Stariha & Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін.
Бастапқы кезеңдерде оқушылардың осыған дейін меңгерген білімін қазіргі кезде оқып жатқан көптеген жаңа түсініктерімен байланыстыру маңызды болып табылады. Білім мен дағдыларды қарапайымнан бастап күрделіге қарай және нақтыдан абстрактіге қарай қалыптастырған маңызды. Алдымен мұғалім қажетті түсініктерді оқушылар бір-бірімен сөйлескен кезде пайдаланатын тілдің көмегімен енгізу керек. Сонымен қатар, материалдардың табиғатымен байланысты тілді пайдаланған орынды болмақ. Оқушылар нақты тілді пайдаланып, нақты заттар арасында байланыс орнату үшін материалдарды пайдалануға немесе әрекеттерді іске асыруға қатыстырылуы керек. Оқушылар тақырыппен танысқаннан кейін ғана түсінікпен байланысты техникалық тіл немесе терминология оқытылуы тиіс. Жаратылыстану және математика сияқты пәндерде оқушылар ұғымдарды нақты түсінгеннен кейін ғана формулаларды ұсынуға болады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән
немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым оқудың сындарлылық теориясына негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Мұғалімнің жетекшілігімін жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып және бағамдай отырып, тапсырманы орындардың алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады (Marchand-Martella, Martella & Lambert, 2014). Мүмкіндіктері бірдей оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар оқылым/жазылым әдіс-тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.
Муни (Mooney, M., 1995) мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымды былай сипаттайды: «сіз және балалардың шағын тобы... оқып отырған әр адамға белгілі бір деңгейде күрделі болып табылатын мәтін туралы әңгімелесу, ойлану және оны оқу. Бұл кездегі мұғалімнің рөлі оқушылардың түсініп оқып жатқанына кепілдік беру үшін қолдау көрсетуге бағытталған. Балаларды назарда ұстау және тыңдау. Оқылымның мақсаты – мәтін мағынасын түсіну немесе анықтау».
Мұғалімдер пайдалана алатын аса бір тиімді әдістердің бірі «Дауыстап ойлану» деп аталады. Мұғалім мәтінді оқиды және «дауыстап ойлайды», сол арқылы оқушыларға мәтінді түсінуге көмектеседі (Blair-Larsen & Vallance, 1999).
Дәлелдеу
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану бастауыш сыныптың оқу бағдарламасының өзекті аспектісі болып табылады. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр. Бұл сондай-ақ Қазақстандағы жаңартылған оқу бағдарламасында басым болып табылатын бірнеше құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылатын, өзара әрекеттесудің түрлі жағдайларында қалыптасатын және жүретін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік (Alro & Skovsmose, 2002). Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді және де бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас болса білімді оқу барысында жүретін үдеріс ретінде, дәлелдеу барысында, яғни пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастырады. Дәлелдеудің үлгісі мен күрделілігін сипаттау жөніндегі Тулминнің (Toulmin, 1958) жемісті жұмысы білім
беру саласындағы зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті (мысалы, Simon et al., 2006; Katchevich et al, 2013). Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады (Goos, 2004).
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздері көріп зерделеген көрнекі материалды қайталап сипаттау ұсынылады. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытуда әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987; Brown&Renshaw, 2000). Осындай сабақтарда оқушылар басқа оқушыларға тұжырымдаманы өз сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың берген түсініктемелеріне құрметпен қарайды және оның құнды екенін түсінеді, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері басқа оқушыларға мәселені түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Бірлесіп дәлелдеу
бірлескен тұлғааралық өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал.
Оқу бағдарламаларында оқушылардың дәлелдеуді қолдану дағдылары (ақпарат дереккөздерін талдау, өздерінің зерттеу нәтижелерін таныстыру және талқылау) сыныптан сыныпқа көшу шамасына қарай күрделеніп отырады. Бастауыш сынып оқушылары зерттеу тапсырмаларын орындау барысында әртүрлі ақпарат көздерінен деректер іздейді.Алдағы уақытта оны пайдаланып, қорытынды жасайды. 4-сыныпқа қарай оқушылардың дәлелдеу дағдылары дами түседі; олар жиналған деректердің негізінде өз көзқарасын ортаға салып, талқылауға қатысады.
Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу. Поляның (Polya, 1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл:
шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу және мағынасын түсіну;
рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу;
формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу;
жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ болжам жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім олар үшін тақырыпты білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген қате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін:
елестету;
салыстыру;
түсіндіру және дәлел келтіру;
мақұлдау (келісу).
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін, мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы «елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және «мақұлдау (келісу)» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
Оқушыларға бастауыш сыныптарда проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың Пиаже сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте сақтауы керек. Осы жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер абстарктілі, ойдан шығарылған нәрселермен жұмыс істегеннен гөрі, қарапайым бірақ нақты
мысалдарды пайдаланғаны абзал. Физикалық материалдар мен шынайы өмірден алынған мысалдарды жиі пайдалану оқу үдерісін тиімді етеді (Soylu, Y., 2010).
Бастауыш сыныптың оқу бағдарламалары оқушыларға ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында проблемаларды шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы оқушылардың бұрын меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады.
Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушылардың алдыңғы меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа түсініктерді қалыптастырып, оқу қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәндердің оқу бағдарламасы оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді:
зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;
өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Бастауыш пәндерін оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Оқыту үшін мұның маңызы қандай?
Бастауыш оқу бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады: проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу бөлімінің құрамдас бөлігі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп оны табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді (4- кесте).
4-кесте. Проблемаларды шешу тапсырмаларының мысалдары
Пән | 1-сынып оқушылары... | 3-сынып оқушылары... |
Математика | Бірдей сандар мен фигуралар бар жұмбақтарды шешеді | Ықтималдық негіздерін біледі және оны тапсырмаларды, проблемаларды және әртүрлі күнделікті мәселелерді шешу үшін пайдаланады |
Жаратылыстану | Адамзаттың салауатты дамуы мен өсуі үшін талап етілетін қажеттіліктерді анықтайды (мысалы, тамақ, ұйқы) | Мекендеу жағдайларындағы өзгерістер жануарлар санының өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін екендігін түсіндіреді |
Дүниетану | Мектептегі арнайы орындарды зерттейді | Қазақстандағы тұрғындардың мәдени, жергілікті, аймақтық, ұлттық, этностық, діни мәнмәтініндегі сәйкестігімен танысады. |
Жаттығуларды орындаған кезде оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқа пәндер бойынша алған білімдерін еске түсіруі және қолдана алуы маңызды болып табылады. Бұл оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш сынып пәндері арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бұған көмектесетін әртүрлі тәсілдер бар.
Бастауыш сыныптардың оқу жоспарындағы ортақ тақырыптар сынып бойынша барлық пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді:
5-кесте. Бастауыш сыныпқа арналған ортақ тақырыптар
1 - сынып | 2 - сынып | 3 - сынып | 4 - сынып |
Өзім туралы | Өзім туралы | Тірі табиғат | Менің Отаным - Қазақстан |
Менің мектебім | Менің отбасым және достарым | Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен | Адами құндылықтар |
Менің отбасым және достарым | Менің мектебім | Уақыт | Мәдени мұра |
Бізді қоршаған әлем | Менің туған өлкем | Сәулет | Мамандықтар әлемі |
Саяхат | Дені саудың – жаны сау | Өнер | Табиғи құбылыстар |
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | Атақты тұлғалар | Қоршаған ортаны қорғау |
Тағам және сусын | Қоршаған орта | Су – тіршілік көзі | Ғарышқа саяхат |
Дені саудың – жаны сау | Саяхат | Демалыс мәдениеті. Мерекелер | Болашаққа саяхат |
Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға
«ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде мұғалімнің тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлуі орынды (мысалы, жазылым құрылымы, жауаптар модельдері және тағы басқалары). Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлайша тура нұсқау беруді азайып, мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруына болады. Оқушыларды мұғалімге және сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандыратын топтық жұмыс, зерттеуге негізделген оқуға арналған жаттығулар және ашық сұрақтарды енгізу мұғалімге сыныптағы өз рөлін өзгертуге көмектесе алады. Алайда уақыт өте келе оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет. Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болып табылады.
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;
жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.
Оқушыларды уәждеу
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Алайда, оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде қарастырған орынды болады (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер Б.Ф. Скиннер (Skinner, B.F., 1953) ұсынған бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез- құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты (соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003).
Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды, ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахат алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады.
Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда, ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай
алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде, мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал. Мысалы, Деки (Deci, E.L., 1971) оқушыларға басқатырғышты шешуге өте қызықты жаттығу беріп, алдын ала кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін сый алатынын айтады. Эксперимент өткізуші экспериментке қатысушыларға бұл тапсырманы әрі қарай орындамай, пазл және өзге де кедергі келтіріп, көңілді бөлетін нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындай еркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманы орындауға аз ғана уақыт бөлуді ұйғарып, ал марапат туралы білмегендер жұмыстарын жалғастыра берген. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы уәждеуші фактордың болуы оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті. Осы бір негізгі жаңалық басқа да бірқатар зерттеулерде дәлелденді (Ryan and Deci, 2000). Білім беру саласы үшін мұның айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау теориясына сәйкес (Ryan and Deci, 1985), жеке тұлға өзінің мүмкіндігінің жетпейтінін немесе дербестігі шектеулі екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады. Айта кетерлік жайт, керісінше болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзінің құзыреттілігі жететінін сезетін оқушы ішкі уәжі мол екенін көрсете бермейді (Ryan and Deci, 2000).
Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі факторлар туралы зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E., 2001) барысында да анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерінің уәжіне ықпалы бар екеніне сенеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, оқушылардың білімге құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті өшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын қолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады. Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі уәжге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан
оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін үдеріс деп санаған жағдайда;
мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда;
оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады.
Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж.Аймауытұлы, 1929).
Бастауыш сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс.
Кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқуға қызығушылығы төмен оқушыларды оқу үдерісіне тартып, қолдау көрсету болып табылады. Оқуға құштары төмен оқушыларды қалай ынталандыруға болады?
Осы салада кеңінен қолданылатын әдістер негізінен мадақтау және жазалау жүйесін қолдануға негізделуі мүмкін. Олар, әдетте, «сыртқы» уәж немесе «оқу керек» деген
талаппен байланыстырылады. Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын пайдалануға сақтықпен қараған жөн. Негізінде, оқушылар оқу керек болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, ынталандырушы, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде оқуға деген ынтасы артады және шынайы өмірден алынған жағдаяттармен байланысты тапсырмаларды ұнатады.
Бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар арқылы оқу үдерісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Бұл оқушыларды оқуға ынталандырып, ішкі уәжін арттырады. Мұғалімдер төменде аталған бірқатар маңызды мәселелерді ескерсе, оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді:
белсенді оқу арқылы оқушылардың ұсақ моторикасы мен қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін сабақтарды қызықты әрі тартымды етіп құру;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты ресурстарды қолдану,
әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып, сабақтардың мазмұнын түрлендіру;
оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды қолданады, бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға ұмтылуына жақсы ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты «сыртқы» уәж түріндегі мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұндай жолмен ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі уәжін төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері байланыс салдарынан оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі тиіс:
тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну;
өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімнің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі
кестеде (6-кесте) мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған.
6-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар
УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР | УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР |
түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім | негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім |
көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар | аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар |
белгілі бір мағынасы бар және осының алдында өткен тақырыппен байланысты жаттығулар | айқын емес, түсініксіз және осының алдында өткен тақырыптармен байланыспайтын жаттығулар |
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған | сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе қабілеті жоғары оқушылардың мүмкіндіктері ескерілмейді |
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады – сабақ қызықты әрі мазмұнды | оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады – сабақтың қандай болатынын алдын ала болжап білуге болады |
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту | сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді |
әр оқушыға жеке қолдау көрсету | оқушылар мұғалімнен көмек күтеді, мұғалім тарапынан қолдау болмайды |
орынды мақтау және мұғалімнің пайдалы кері байланыс ұсынуы | мақтау айтылмайды және мұғалім оқушыларға тиімсіз кері байланыс береді |
оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан күтілетін нәтижені біледі | оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің нені үйренетінін білмейді |
Зерттеуге негізделген оқу
Бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламалары тақырыптық бірліктерді құру және іске асыруды көздейді. Бұл тәсіл бастауыш сыныптардағы кіріктірілген оқу мен оқыту тәсілінен көрініс табады, бірақ зерттеуге негізделген тәсіл тәрізді педагогикалық тәсілдер қолданылмаған жағдайда бұл оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмауы мүмкін.
Зерттеуге негізделген оқу сындарлы оқу теориясына сүйенеді. Оқушыларға бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын
«жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез-келген пән үшін негіз бола алады, сонымен қатар, «дүниетану» сияқты әлеуметтік мәселелермен байланысты пәндер үшін керемет сай келеді (Hamston, J. and Murdoch, K., 1996).
Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады:
Құрылымдалған зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын шешімдер мен тәсілдерді
егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа біреудің) тапқан жаңалықтарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды жасайды деп күтіледі.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу. Мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар тізімінен зерттейтін мәселені таңдау). Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады.
Ашық зерттеу. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің тәсілін өздері таңдайды.
Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі. Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда қолданған орынды болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі толыға бастағанда, мұғалім жетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Оқушылардың негізгі мақсаты анағұрлым жоғары деңгейлі дағдыларын дамыта отырып, ашық зерттеу жүргізу болып табылады (Krystyniak and Heikkinen, 2007). Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының аясында зерттеуге негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты педагогикалық құрал болып табылады. Сонымен бірге, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп талқылап, құрып, талдай алатын тиімді орта бола алады (Katchevich et al, 2013). Алайда, бұл ашық зерттеу оқуға сай келетін жалғыз педагогикалық тәсіл деген сөз емес.
Зерттеуге негізделген оқу әдісін кез келген пәнде қолдануға болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекшіге ауысып, басты рөлге оқушы шығады.
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі
«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» (Hamston & Murdoch, 1996) деп аталады. Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды (7-кесте).Зерттеу барысында болжамдарға, зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады.
7-кесте. Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі
Кезеңдер | Жаттығулардың негізгі тақырыбы | Сұрақтардың түрлері |
Ретке келтіру | Оқушыларға тақырыппен танысуға мүмкіндік беру. Тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратын мәселелерді анықтау. | Тақырып қандай? Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет? |
Зерттеуге дайындық | Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау. Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу. Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға көмектесу. | Біз ілгеріден бұл тақырып туралы не білеміз? Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар? Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың? |
Зерттеу | Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыру. Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну. Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсыну. Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру. Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу. | Біздің нақты нені білгіміз келеді? Мұны істеудің ең тиімді жолы қандай? Ақпаратты қалай жинаймыз? |
Сұрыптау | Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпарат пен идеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну. Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру. Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беру. | Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз? Қандай байланыс орната аламыз? Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз? |
Алға ілгерілеу | Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру. Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну. | Біз қандай қорытындыларға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Алынған нәтижелермен не істейміз? Біз келесі әрекеттеріміз қандай болу керек? |
Байланыс орнату | Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауына көмектесу. Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік беру. | Біз қандай қорытындыға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелерді қалай пайдаланамыз? |
Шара қабылдау (әрекет) | Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу. Оқушылардың таңдау жасауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндіктер жасау. Тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында оқушылардың түсінігін ескеру. | Біз қандай әрекет жасай аламыз? Тақырып туралы енді не ойлайсыз? |
Кестедегі ақпарат Хэмстон мен Мердоктың еңбегінен алынды (Hamston, J. and Murdoch, K.,1996).
ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндердің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі.
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын ресурстар ұсынылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу
Мұғалім орта мерзімді жоспар бойынша қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған жеке сабақтың жоспарын дайындайды.
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын басшылыққа алу;
сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
мұғалім өзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім осы сабақтың мақсаты қандай болатынын анықтайды. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы,
«Математика» (1-сынып) пәні бойынша «Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімшесіндегі ұзындық/масса/ көлем (сыйымдылық) /уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл:
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
оқуды бағалауды жеңілдетуге;
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Сабақты жоспарлау
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, тұлғалық дербестігін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.
Мысал ретінде математика бойынша жоғарыда қарастырылған оқу мақсатына байланысты мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын әзірлей алады:
оқушылар сызғыштың көмегімен сантиметр арқылы нені өлшеуге болатынын қарастырады;
жұмыс дәптерінің ұзындығы мен енін өлшеп, парталас көршісінің нәтижесімен салыстырады ;
өзі отырған партаның ұзындығын өлшеп, қандай қиындыққа кездескенін айтады (партаны сантиметрмен өлшеу қиын), дециметрге көшеді;
қасықтың ұзындығын және өшіргіштің биіктігін өлшейді;
жасыл және қызыл баудың ұзындықтарын өлшеп, қайсысы ұзын екенін жұпта талқылайды;
сызғыштың көмегімен ұзындығы 1 см және 1 дм жолақтар сызып, бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімдер барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескергені жөн:
Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек.
Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болу қажет. Мысалы, оқушылар бастапқыда жаттығуды бүкіл сынып болып орындап, кейіннен жұптасып оның орындалуын шыңдай алады. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
Сыныппен өзара әрекеттестік стилін өзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ барысында өзінің қанша сөйлейтіні туралы ойлануы қажет. Егер мұғалім тым көп сөйлесе, оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Оқушыларға сұрақ қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін бағдарлаған дұрыс. Сабақта жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану тиімді болады.
Сабақ жоспарында мұғалім:
сабақ мақсатын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуы (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
логикалық жағынан реттелген және оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуы;
мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуы;
қажетті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауы тиіс.
Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:
Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге жетелей ме?
Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның барлығын қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?
Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?
Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:
Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?
Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?
Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа қандай әдістер қолдануым керек еді?
Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?
Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылық танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?
Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына қарай бейімдей алдым ба?
Оқушыларым сабақта бірігіп жасаған қорытындыларымызға қалай қарады? Сабақтан қандай көңіл-күймен шықты? Сыныптағы орта оларға жайлы болды ма?
Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің қандай әрекеттерім жақсы шықты, қандай әдістерім сәтсіз болды? Неліктен? Нені басқаша жасауым керек еді?
Сабақта менің көңіл-күйім біркелкі болды ма? Мен өзімді ұстай білдім бе? Болашақта нені ескеуім керек?
Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Қандай жағдай ерекше назар аударуымды қажет етті? Неге? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек?
Сабақтағы оқу әдістерім сәтті болды ма? Оқушылардың меңгерген білімдері менің үйрету тәсілдеріммен байланысты ма? Келешекте нені есепке алуым керек?
Бұл сабақты басқаша өтуге болатын ба еді? Қалай? Сабақтың қандай жағына көбірек көңіл бөлу керек: мазмұнындық, әдістемелік, эмоциялық?
Сабақта мен оқушыларымды ынталандыра алдым ба? Оқушылардың ішкі уәжін ескердім бе? Оқушыларды табысқа бағыттаудың тағы да қандай жолдары бар?
Бағалауда мен қаншалықты шынайы болдым? Бағалау оқушыларға қалай әсер етті?
Оқушыларға сабақта өздерін басқаруға мүмкіндік болды ма? Бұл қайдан, калай көрінді?
Сабаққа дайындалғанда оқыту теорияларына сүйендім бе? Өткізген сабағым таңдаған теорияма қаншалықты сәйкес болды?
Осы сабақтан кейін мен өзіме қандай жаңалық аштым, нені жетік түсіндім? Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек?
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) мен жиынтық бағалауды (ЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарыны қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда балл, баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері оқу үдерісі барысында ата-аналарға ұсынылады. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына негізделеді.
Бағалау тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралдары дайындалған. Бұл әдістемелік құралдарды критериалды бағалауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі бойынша дайындалған материалдармен бірге «Жүйелі-әдістемелік кешен» порталынан алуға болады (http://smk.edu.kz.)
Қалыптастырушы бағалау
Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;
ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу үдерісін ұйымдастыру;
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;
оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
оқыту және оқу үдерісінде бірлескен оқуды қолдайтын ынтымақтастық ортасын құру;
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
кері байланыс ұсыну;
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларындағы бөлім/ортақ тақырып және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда жүргізілетін бағалау түрі. Жиынтық бағалау нәтижелері мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға балл, баға арқылы ұсынылады. Бұл оқушының белгілі бір кезеңдегі оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыпты аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жүргізу тәртібі жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік нұсқаулықтарда ұсынылған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқушының оқу бағдарламасының мазмұнын білуі, түсінуі, игерген дағдылары туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу оқушының оқу жетістігін критериалды бағалау ережесіне сәйкес жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы ойлау дағдылары деңгейлерін, соның ішінде жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) бағалайтын түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім/ортақ тақырып бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау), нәтижелерді талдау, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау үдерісін ұйымдастыру және өткізу жолдары толық сипатталған.
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау үдерісін ұйымдастырады. Модерация барысында мұғалімдер жиналып, оқушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін балл қою кестесіне сәйкес талқылап, қорытынды шығарады. Қажет болған жағдайда балл қою кестесіне өзгеріс және/немесе толықтыру енгізуге болады. Модерация қорытындысы бойынша хаттама толтырылады. Хаттамаға сәйкес жиынтық бағалау балдары қайтадан тексеру нәтижесінде өзгертілуі мүмкін. Модерация нәтижесінде тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесі көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.
Оқушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын мұғалім жыл бойы сақтайды.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, олардың өз дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеген кезде қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылуын ескеру керек.
Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалану
Жоғарыда сипатталғандай, оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталады. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы, оқу жоспары және «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралында көрсетілген. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты біріктіруге болады. Сабақ жоспарлаған кезде бұл құжаттардың үшеуі де қолданылады (2- сурет).
2-сурет. Оқу үдерісін жоспарлауда қолданылатын құжаттар
Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай бағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланыстың болуы шарт.
Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады. Демек оқушылардың бірігіп талдау мәдениеті қалыптасады; сыни және шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтарды қолдайтын орта қалыптасады; өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту сенімі нығаяды; күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мұғалім:
оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау критерийлерін анық жазады;
оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларға тиісті
дескрипторлар құрастырады;
оқушыларға уақтылы әрі тиімді кері байланыс ұсынады;
оқыту және бағалау үдерісіне түзету енгізеді.
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді араласа отырып, бағалау критерийлерін/ дескрипторларын түсініп, өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын игереді
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды ықпалдастыру барысында оның төмендегі қағидаттарын ескерген жөн:
ол оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);
бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады;
әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
бағалау нәтижелері оқыту мен оқу сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Сабақты өткізуге дейін сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің қызметіндегі жақсы тәжірибе болып саналады. Сабақтан кейін сабақ жоспары бойынша қысқаша түсініктеме жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре түседі. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді, жаттығуларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл басқа мұғалімдермен ақпарат алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады.
ОҚУЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІМЕН ЖҰМЫСОқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – оқушының пән бойынша білім мазмұнын игеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы.
Пән бойынша ОӘК оқулық, жұмыс дәптері және мұғалімге арналған нұсқаулықтан тұрады. Тілдік пәндер бойынша кейбір ОӘК-те дискілер қамтылған. Компоненттердің әрқайсысы өз оқу мақсатын көздейді.
Оқулықпен жұмыс
Оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу пәні бойынша білім мазмұнын ашатын және оқушының білімін кеңейтіп, терең меңгеруге көмектесуге арналған оқу кітабы. Ол белгілі бір жолмен сұрыпталған жүйеленген материалдан тұрады. Оқу материалы оқушылардың дайындық деңгейіне және жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқудың белгілі бір сатысында зерделенеді. Оқулықпен жұмыс істегенде оның мақсатты-ынталандырушы, функционалдық,
құрылымдық-мазмұндық белгілерін ескеру қажет: Оқулықтың мақсатты-ынталандырушы қыры:
оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияны, әдістер мен тәсілдерді қолдану ережелерін үйрету;
оқушыларды өз бетінше ақпарат іздеуге, сараптамалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға үйрету;
әлеуметтік тұрғыдан белсенді азамат тәрбиелеу, ізгілік мұрат және демократиялық құндылықтарды, қазақстандық патриотизм сезімін, ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.
Оқулықтың функционалдық қырын дидактикалық функциялардан көруге болады. Осыған байланысты оқулықтың негізгі және қосымша функцияларын атап көрсетуге болады. Негізгі функция ретінде оқу мақсатына сәйкес келетін үш функцияны атауға болады: оқыту, тәрбие беру және дамыту.
Оқулықтың басты функциясы болып табылатын оқыту функциясы сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылықпен қолдану қабілетін, проблемаларды шешу қабілетін, ғылыми-зерттеу дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын (тілдік дағдыларды қоса алғанда), топта немесе жеке жұмыс істеу қабілетін, АКТ саласындағы дағдыларды қоса алғанда, оқушыларда білім, білік және дағдылардың барлығын қалыптастыруға, олардың қабілеттері мен дарынын дамытуға бағытталған.
Тәрбие беру функциясы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзге мәдениет пен көзқарастарға құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық, маңайындағы адамдарға қамқорлық таныту, өмір бойы білім алуға дайын болу және т.б. рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Дамыту функциясы жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, психикалық әлеует пен эмоциялық зиятын, жеке тұлғалық қасиеттерін, ынталандырушы ортасын және т.б. дамытуға бағытталған.
Қосымша функциялардың арасынан мыналарды атап өткен жөн:
білімнің көрнекі-ауызша мазмұнын бейнелейтін ақпараттық функция;
оқу пәнінің қисынында материалды міндетті түрде жүйелі және тізбектеп баяндауға қойылатын талапты жүзеге асыратын жүйелеу функциясы;
оқушыларды сол пәнді оқуға ниеттендіретін, оқуға деген танымдық қызығушылығы мен жағымды көзқарас қалыптастыратын ынтаның пайда болуына бағытталған ынталандырушы функция;
меңгерілуі тиіс ғылыми білімді педагогикалық тұрғыдан өңдеуді көздейтін
трансформациялық функция;
оқушыға оқулықта баяндалған материалдан іргелес ғылымдар бойынша қосымша ақпарат алуға көмектесетін ықпалдастырушы функция;
оқу материалымен жұмыс істеу барысында әртүрлі оқу құралдарын қолдануды (анықтамалықтарды, есеп жинақтарын, карталарды, көрнекіліктерді, фильмдерді, оқу құралдарын, электрондық ресурстарды және т.с.с.) қамтамасыз ететін және олардың тиімді әрі оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ететін үйлестіруші функция;
оқу барысын тексеруге, өзін-өзі және өзара бағамдауға және оқу нәтижелерін түзетуге көмектесетін, сондай-ақ қажетті икемдер мен дағдыларды қалыптастыру үшін машықтандыру жаттығуларын орындауға ықпал ететін бақылаушы-түзетуші функция;
оқушылардың білімді өз бетінше алуға (табуға) ынтасы мен икемін қалыптастыруға, біліміндегі олқылықтарды өздігінен толтыруға көмектесуге бағытталған өздігінен білім алу функциясы.
Оқулықпен жұмыс істеудің негізгі мақсаттары: мәтіннің таңдалған үзіндісіндегі ақпаратпен танысу, ақпаратты түсіну, есте сақтау, ақпаратты түрлі оқу және өмір жағдайларында қолдану, оқылғанды немесе бұрыннан білген нәрсені растау, мысал іздеу, ғылыми фактілерді растау, көрнекіліктермен (сурет, сызба, диаграммалар) жұмыс.
Оқулықтың құрамдас бөліктері:
алғысөз;
негізгі бөлім (бөлімдер, бөліктер, тараулар, параграфтар және т.с.с.);
электронды қосымша.
Оқулықтың негізгі құрылымдық компоненттері:
мәтін:
негізгі мәтін – материалдың негізгі мазмұнын жеткізеді және оның міндетті минимумы болып табылады;
қосымша мәтін – рубрикалар, мәтіндік үзінділер;
түсіндірме мәтіндер – ескертпелер, сілтемелер, кестелер, сызбанұсқалар, рубрикалар, шартты белгілерге берілген түсініктемелер, қосымшалар, анықтамалық материалдар, сөздіктер және т.б.);
мәтіннен тыс аппарат:
игеруді ұйымдастыру аппараты– қайталауға, бекітуге, өзіндік және топтық жұмыс ұйымдастыруға, өзге адамдармен әрекеттесуге, қосымша ақпарат көздерін пайдалануға арналған сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар;
көрнекі материалдар– сызбанұсқалар, суреттер, кестелер, тірек конспектілер, алгоритмдер және т.б.;
бағдарлау аппараты – шартты белгілер, рубрикаторлар, қаріптер, графикалық таңбалар және т.б.
Оқулықтарда ереже, әрекеттерді орындау алгоритмдері сияқты ерекше мағынаға ие маңызды элементтер түрлі түстермен және қаріптермен ерекшеленеді, бұл оқушыларға маңызды бөлімдерді, параграфтың түйінді жерлерін алдымен байқап, кейін оны оқулық мәтінінен өздігінен таба алу қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Оқулықтың құрылымдық бөлігі, яғни мәтіннен тыс компоненттері де маңызды. Мәтіннен тыс компоненттерге қабылдауды ұйымдастыру аппараты, бағыттаушы аппарат және оқыту және бақылау функцияларын атқаратын көрнекі материалдар жатады.
Параграфтың алдындағы сұрақтар мен тапсырмалар жаңа тақырыпты зерттеуге қажет болатын тірек білімді анықтауға және еске түсіруге септігін тигізеді. Мәтіндегі сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың ойларын жаңа материалды игеруге бағыттайды. Параграфтың соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар білімді бекітуге, оны тәжірибеде қолдануға және қаншалықты игерілгенін бақылауға арналған. Білімді жалпылап, жүйелеу мақсатында сұрақтар мен тапсырмалар үлкен тақырып пен бөлімдерден кейін берілуі мүмкін.
Күрделілігі мен дидактикалық мақсаты жағынан жаңа ғана оқығанды қайталауға, негізгі ойды анықтауға, байланыс орнатуға, дәлел келтіруге, білімді таныс және жаңа оқу жағдайына қолдануға арналған сұрақтар болады. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау түрлі білім көздеріне сүйенеді: мәтін, карталар, графиктер, диаграммалар, суреттер және фотосуреттер, сызбалар және профильдер т.б. Тапсырмалар әртүрлі тұжырымдалуы мүмкін және оқушылардан әртүрлі әрекеттерді талап етеді: мәтіннен тыс компонент бойынша анықтау, мысал келтіру, салыстыру, ұғымның анықтамасын беру, түсіндіру, картаға түсіру, дәптерге жазу, кестені толтыру және т.б.
Оқулық мәтінінде басты ережелер (түсініктер, заңдылықтар және олардың анықтамалары, т.б.) қалың, көлбеу қаріптермен және басқа түспен ерекшеленуі мүмкін. Бұл – игеріліп, есте сақталуға тиісті оқу материалы.
Күрделендірілген сұрақтар мен тапсырмалар ерекше таңбалармен – символдармен белгіленеді.
Көрнекі материалдар оқулықтың маңызды мәтіннен тыс компоненті және ажырамас бөлігі болып табылады. Олар: мәтіндік карта-сызбалар, графиктер, диаграммалар, суреттер, кестелер, фотосуреттер, профильдер және т.б. Олар мәтінді нақтылап, толықтырады немесе жаңа ақпарат береді. Көрнекі материалдар – оқушылар үшін оқу материалын көрнекі түрде елестетуге мүмкіндік беретін білім көзі.
Көрнекі материалдардың тәрбиелік мәні де зор. Олар суреттердің сюжеттері жайлы ой қозғап, олардың мазмұнын талдауды ұсына отырып, оқушының жеке тұлға ретіндегі қасиеттеріне әсер етеді. Көрнекі материалдардың мазмұны және әсемдеп орындалуы белгілі бір сезім туғызады, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Көрнекі материалдарды 3 топқа біріктіруге болады:
жетекші көрнекіліктер – мәтінмен қатар өздігінен оқу материалының мазмұнын ашады;
тең дәрежелі – мәтінмен бірдей дәрежеде білімді игеру үшін қызмет атқарады;
қызмет көрсетуші – мәтінді қуаттайтын, оған қызмет көрсететін, оның мағынасын ашатын және мәнін түсіндіретін және сол арқылы мәтінді тиімді түрде қабылдауға және оқу барысында игеруге көмектесетін көрнекіліктер (мұндай көрнекіліктер оқулықта көп кездеседі).
Оқулықта пәнді оқуға қажет сандық көрсеткіштер де болады. Сандар зерделенетін басты объектілерге қатысты беріледі және де негізінен жаттауға емес, онымен жұмыс істеуге арналады.
Көптеген оқулықтардың соңында пән тақырыбы бойынша маңыздырақ ақпарат қамтылатын қосымшалар, терминдер мен ұғымдар сөздіктері, атаулар сөздіктері болуы мүмкін. Мұның барлығы оқу үдерісінде пайдаланылуы қажет. Пән бойынша оқу тиімділігі оқушылардың оқулықпен жұмыс істей алуына, ондағы материалды игере алуына да байланысты болады. Оқулықпен жұмыс істеу қабілетінің негізінде оқушылар бағдарламалық білімді игеріп, мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта өздігінен білім алуға дайындалады.
Өзінің міндеті белгілі бір балаға өз бетінше дамуға жағдай жасау деп санайтын мұғалім ерте ме, кеш пе мынадай проблема кездестіреді: «Оқушыларды оқулық мәтінімен өздігінен жұмыс істеуге қалай үйретуге болады». Бұл мәселенің шешімінің бірі – әрбір сабақта және үйде оқулықпен жүйелі түрде үш саты бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру: оқуға дейін, оқу кезінде және оқып болғаннан кейін. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысы кейіннен әрбір оқушыға өз бетінше білім алуда көмектесуге арналған.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту әдістемесі)
Мұғалімге арналған нұсқаулық оқулықпен және ОӘК-пен қалай жұмыс істеу керектігі және сабақты қалай өткізу керектігі туралы қысқаша түсініктеме берілген әдістемелік құрал болып табылады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы тапсырмалар пән бойынша оқу
бағдарламасының белгілі бір бөлімі (бөлімшесі) үшін белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Мұғалімдер:
оқу бағдарламасының басқа пәндерімен байланыс орнатуға;
пән мұғалімдерімен мазмұн бойынша байланыстыруға болатын мәтіндер, тапсырмалар, жаттығулар жөнінде ой алмасуға;
пәнді оқудағы қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен жұмыс істеуге;
оқушылар үшін әлеуметтік, педагогикалық және функционалдық маңызы бар тақырыптардың таңдалуына жағдай жасау қажет.
Мұғалімге арналған нұсқаулықта төмендегідей ақпарат қамтылған:
оқу мақсаттары;
оқу ресурстары;
пән бойынша оқулық пен жұмыс дәптеріне сілтемелер;
тақырыпты қандай тәсілмен қарастыру керектігі;
тиісті негізгі ақпарат;
оқулыққа сәйкес қызметті қолдау үшін мұғалімге арналған қадамдық жазбалар;
пәнаралық байланыс;
дамытушы тапсырмалар.
Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған жазбаларда қалыптастырушы бағалау (мұғалімнің сауалнаманы, бақылау және қадағалауды тиімді жүргізу дағдыларын қоса есептегенде) мен оқуды саралау жолдары қамтылған.
Жұмыс дәптері (оқушы дәптері)
Жұмыс дәптері – тәжірибе жүзінде орындауға арналған түрлі жаттығулар мен тапсырмалар жинақталған әдістемелік құрал. Жұмыс дәптерінің мақсаты сабақта алынған білімді іс жүзінде бекіту болып табылады. Пәнге және сыныпқа қарай жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды сыныпта немесе үйде орындауға болады.
Жұмыс дәптері балаға өз бетінше оқуға мүмкіндік береді және пән бойынша білім мен дағдыларды бекітуге және дамытуға арналған материал ұсынылған жұмыс парақтарынан тұрады. Сонымен қатар, жұмыс парақтарында қалыптастырушы бағалау мен оқуды саралау жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, әр бөлімше бойынша оқушының әрекетін шолу парағы бар. Ол бағалау үшін (онда өзін-өзі немесе өзара бағалау көзделген), оқушыларға бағалау нәтижелері туралы хабар беру үшін қолданылады, не болмаса қамтиды.
Оқушыларға оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша жұмыс істеуге көмектесу үшін мұғалімдерге жұмыс парақтарын өз қалауы бойынша қолдану ұсынылады.
ЖҮЙЕЛІ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНМЕН ЖҰМЫС
«Жүйелі-әдістемелік кешен» порталы (бұдан әрі – ЖӘК порталы) орта білім мазмұнын жаңарту аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, пилоттық және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін әзірленген ауқымды онлайн платформа болып табылады. Портал smk.edu.kz веб-сайтында орналасқан.
Бұл интернет-ресурс бүгінгі таңда мұғалімдерге өздерінің үздік жұмыстарын жариялай отырып, білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісуге бірегей мүмкіндік беріп отыр. Порталда әдістемелік материалдар, қысқа мерзімді жоспарлар, дидактикалық және зертханалық жұмыстар, қалыптастырушы және жиынтық бағалау материалдары, дыбыс және бейнематериалдар, таныстырылымдар және мұғалімге пайдалы болатын басқа да көптеген жұмыстар бар. Бұл материалдар мұғалімге қажетті компоненттерді қолдана отырып, оқу үдерісін шапшаң ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар сабақты жоспарлау кезінде оқу пәнінің нақты бөлімі бойынша ақпарат іздестіру мәселесін жеңілдетеді.
ЖӘК порталының бөлімдері:
Жұмыста қолдануға арналған ҚҰЖАТТАР (МЖМБС, Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ), оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, нұсқаулық-әдістемелік материалдар, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, ақпараттық материалдар);
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ (сабақ жоспарларын әзірлеуде үлгі ретінде қолдануға болатын пән бойынша сабақ жоспарлары, қысқа мерзімді жоспарлар, таныстырылымдар, дыбыс/бейне және дидактикалық материалдар);
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН (бастауыш мектептің пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, ОӘК-ке бейненұсқаулықтар, мұғалімдердің шеберлік сабақтары, мақалалар);
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ (критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, бейне және көрсетілім ресурстары, жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар, электронды журнал, нұсқаулық-әдістемелік құжаттар);
ОНЛАЙН СЕМИНАРЛАР МЕН САБАҚТАР (онлайн семинарлар мен сабақ бойынша бейнематериалдар мен таныстырылым ресурстары);
ФОРУМ (жаңартылған білім мазмұнының өзекті бағыттары бойынша сұрақтар және жауаптар (ұйымдастыру мәселелері, оқулықтардың мазмұны, оқушыларды бағалау және т.б.).
Аталған бөлімдердегі файлдарды қарауға және жүктеуге болады.
ЖӘК порталында тіркелу
Порталға кіру үшін алдымен тіркелу керек. Бұл үшін порталдың бастапқы бетіндегі
«Тіркелу» батырмасын басу қажет. Содан кейін ашылған терезеде тиісті мәліметтерді енгізіп, тіркеу нысанын толтыру қажет. Жүйе енгізілген ЖСН-ның дұрыстығын алдын ала тексереді. ЖСН дұрыс болған жағдайда, тіркеу нысанының келесі көзшелері іске қосылады.
Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлармен (КТЖ) жұмыс
КТЖ-мен жұмыс істеу үшін мұғалімдер:
Интернет-браузерлердің бірінде http://sk.nis.edu.kz адресін теріп, жүйелі-әдістемелік кешен порталын ашады; ЖСН немесе e-mail және құпиясөз арқылы сайтқа кіреді;
Порталда «Құжаттар» модулін табу;
Тиісті пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарды (КТЖ) табу, мысалы:
«Жаратылыстану» пәні, 1-сынып;
Пән бойынша қазір қолданыстағы КТЖ және ЖӘК-те ұсынылған КТЖ арасында салыстырмалық талдау жүргізеді;
Орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарына сәйкес КТЖ құру сызбасын зерделейді;
КТЖ жөнінде сұрақ пайда болып немесе айырмашылық анықталған жағдайда сол КТЖ-ны әзірлеушілердің атына порталда пікір қалдырады немесе сұрақ қояды.
Курстың үлестірме материалдарына ЖӘК порталымен жұмыс істеу бойынша толық нұсқаулық және бейнематериалдар енгізілген.
ОҚУ ЖОСПАРЫ
Күн | Күн тақырыбы | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
1-апта. Жаңартылған білім беру бағдарламасына кіріспе және бағдарлама аясында қолданылатын терминдермен таныстыру | |||
1 | Жаңартылған білім беру бағдарламасына кіріспе | 1. Курсқа кіріспе | 2 |
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы | 2 | ||
3. Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының құрылымы | 2 | ||
4. Тілді дамыту | 2 | ||
2 | Тиімді оқыту және оқу | 1. Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері | 2 |
2. Белсенді оқу | 2 | ||
3. Белсенді оқу | 2 | ||
4. Оқу ортасы | 2 | ||
3 | Критериалды бағалауға арналған негізгі тәсілдер | 1. Бағалау қағидаттары | 2 |
2. Критериалды бағалау моделі | 2 | ||
3. Қалыптастырушы бағалау | 2 | ||
4. Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ), Нәтижелерді жариялау, КБ- ға дайындық және КБ материалдарын шолу | 2 | ||
4 | Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау | 1. Бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасына шолу | 2 |
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы: оқу бағдарламасы және оқу жоспарлары | 2 | ||
3. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау | 2 | ||
4. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау | 2 | ||
5 | Дүниетану | 1. Дүниетану пәнінің оқу бағдарламасының ерекшеліктері | 2 |
2. Дүниетану пәні бойынша ресурстар | 2 | ||
3. Дүниетану пәні бойынша зерттеуге негізделген оқу | 2 | ||
4. Бағамдауға арналған жаттығулар: Жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну; Пән бойынша педагогикалық білім | 2 | ||
Күн | Күн тақырыбы | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
2-апта. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер | |||
6 | Математика | 1. Математика пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері | 2 |
2. Ресурстар (1) - Арифметика және алгебра | 2 | ||
3. Ресурстар (2) - Геометрия және математикалық модельдеу | 2 | ||
4. Бағамдауға арналған жаттығу: Ойлау сипаты | 2 | ||
7 | Математика | 1. Проблемаларды шешу | 2 |
2. Математика пәні бойынша оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру | 2 | ||
3. Математикадағы критериалды бағалау | 2 | ||
4. Бағамдауға арналған жаттығу: Критериалды бағалау | 2 | ||
8 | Жоспарлау | 1. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлау | 2 |
2. Математика сабағын жоспарлау Бағамдауға арналған жаттығулар: Жоспарлау; Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; Пән бойынша педагогикалық білім | 2 | ||
3. Бағамдауға арналған жаттығулар: Жоспарлау; Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; Пән бойынша педагогикалық білім | 4 | ||
4. Бағамдауға арналған жаттығулар: Жоспарлау; |
|
| Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; Пән бойынша педагогикалық білім |
|
9 | 1-сынып. Сауат ашу | 1. Сауат ашу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері | 2 |
2. Айтылым және тыңдалым: белсенді оқу | 2 | ||
3. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым | 2 | ||
4. 2-4-сыныптарға арналған тілді оқыту бойынша білім беру бағдарламасындағы алға ілгерілеу | 2 | ||
10 | 2-4-сыныптарға арналған қазақ тілі және әдебиеттік оқу | 1. Қазақ тілі және әдебиеттік оқу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын салыстыру | 2 |
2. Қазақ тілі бойынша білім беру бағдарламасындағы тиімді оқу | 2 | ||
3. Әдебиеттік оқу – Айтылым және тыңдалым | 2 | ||
4. Әдебиеттік оқу – Оқылым және жазылым | 2 | ||
Күн | Күн тақырыбы | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
3-апта. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер. Ілгерілеуді бағалау және келесі қадам туралы ойлану | |||
11 | 2-4-сыныптарға арналған қазақ тілі және әдебиеттік оқу (2) | 1. Қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабақтарын жоспарлау | 2 |
2. Ықшамсабақ жаттығуын жоспарлау Бағамдауға арналған жаттығулар: Белсенді оқу; Пән бойынша педагогикалық білім | 2 | ||
| 4 | ||
12 | Жаратылыстану | 1. Жаратылыстану пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері | 2 |
2. Жаратылыстанудағы белсенді оқу жаттығулары 1 | 2 | ||
3. Жаратылыстанудағы белсенді оқу жаттығулары 2 | 2 | ||
4. Жаттығуларды жоспарлау | 2 | ||
13 | Жаратылыстану | 1. Ғылыми-зерттеу дағдыларын үйрету | 2 |
2. Тәжірибелік жаттығуларды ресурспен қамтамасыз ету | 2 | ||
3. Ғылыми-зерттеу дағдыларын бағалау | 2 | ||
4. Ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығуларды жоспарлау | 2 | ||
14 | Жаратылыстану | 1. Жаратылыстану сабағының моделі | 2 |
| 4 | ||
4. Ықшамсабақты жоспарлау | 2 | ||
15 | Ықшамсабақ | 1. Мұғалімдерге арналған ықшамсабақты жоспарлау | 2 |
| 4 | ||
4. Біліктілікті арттыру курсына шолу | 2 | ||
1 академиялық сағат – 45 минут. Барлығы – 120 академиялық сағат. |
Оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру
бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына сәйкес берілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТАймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек). Қазақ баспасы, 1929
Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы /«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 бет.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 48 б.
Бизяева А.А. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия (Ойланатын мұғалім психологиясы: педагогикалық рефлексия)- Псков: ПГПИ им. С.М. Кирова, 2004. - 216с.
Брунер Дж. Процесс обучения (Оқу үдерісі): Пер. с англ./Под ред. А.Р.Лурия. – М.: АПН РСФСР, 1962. – 82 с.
Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.
Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.
Кусаинов Г.М. Педагогическая технология современной школы (Заманауи мектептегі педагогикалық технология). – Астана: РНПЦ «Учебник», 2012. – 355 с.
Кусаинов Г.М., Сагинов К.М., Конурова-Идрисова З.К. Основы дидактики (Дидактика негіздері). – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 348 с.
Құдайбердіұлы Ш. Шығармалар жинағы. – Алматы, Жалын баспасы, 1988.
Avalos, B. (2011). Teacher professional development in Teaching and Teacher Education over ten years [Он жылдағы оқыту мен мұғалімдерді даярлау саласындағы кәсіби даму]. Teaching and Teacher Education 27 (1), 10-20.
Alrø, H., & Skovsmose, O. (2002). Dialogue and Learning in Mathematics Education: Intention, Reflection. Critique [Математикалық білім берудегі диалог пен білім алу: ұмтылыс, рефлексия, сын], 29.
Bergen, D. (2002). The Role of Pretend Play in Children's Cognitive Development [Балалардың танымдық дамуындағы ойын баламаларының рөлі]. Early Childhood Research & Practice, 4(1).
Black, P., & Wiliam, D. (1998). Inside the black box: Raising standards through classroom assessment [Қара жәшік ішінде: сынып жұмысын бағалау арқылы стандарттарды арттыру]. Phi Delta Kappan, 80(2), 139-148
Black. P et al. (2003). Assessment for learning, Putting it into practice [Оқу үшін бағалау.
Тәжірибеге енгізу]. Open University Press, Maidenhead
Black et al. (2011), ‘Can teachers’ summative assessments produce dependable results and also enhance classroom learning?' [Мұғалімдердің жиынтық бағалауы сенімді нәтиже беріп, оқыту тәжірибесін кеңейте ала ма] Assessment in Education: Principles, Policy & Practice, 18(4), 451-469.
Blair-Larsen, S.M. & Vallance, K.M. (1999). Comprehension instruction in a balanced reading classroom [Теңестірілген оқылым барысында ұғымдарды түсіну]. In S. M. Blair Larsen &
K.A. Williams (Eds.). The balanced reading program: Helping all students achieve success, (Pp.37-52) Newark, DE: International Reading Association.
Brodie, K. (2000). Teacher intervention in small-group work [Шағын топтық жұмыстағы мұғалімнің үлесі]. For the Learning of Mathematics, 20(1), 9-16.
Brown, R. A. J., & Renshaw, P. (2000). Collective argumentation: A sociocultural approach to reframing classroom teaching and learning [Дәлел жинау: оқыту мен оқудағы әлеуметтік- мәдени тәсіл]. In H. Cowie & G. van der Aalsvoort (Eds.), Social interaction in learning
and instruction: The meaning of discourse for the construction of knowledge (pp. 52-66). Amsterdam: Pergamon Press.
Cavagnetto, A. R., Hand, B., & Norton-Meier, L. (2011). Negotiating the inquiry question: A comparison of whole class and small group strategies in grade five science classrooms [Зерттеу сұрағын келісу: 5-сыныпқа арналған жаратылыстану пәніндегі бүкіл сынып және шағын топ стратегияларын салыстыру]. Research in Science Education, 41, 193-209.
Changing patterns in the world of work [Әлемдегі жұмыс үлгісін өзгерту]. International Labour Conference 95th Session (2006) recovered from http://www.ilo.org/public/english/standards/relm/ilc/ilc95/. The concept of educational work, NIS, Astana (2011).
Clarke, S. (2005). Formative Assessment in the Secondary Classroom [Орта мектептегі қалыптастырушы бағалау].
Coe, R., Aloisi, C., Higgins, S. and Major, L.E. (2004). What makes great teaching?: Review of the underpinning research. [Оқытуды не үздік етеді? Негізін қалаушы зерттеулерге шолу]. The Sutton Trust and Durham University.
Darling-Hammond, L and Pecheone, R. (2010). Developing an Internationally Comparable Balanced Assessment System That Supports High-Quality Learning [Жоғары сапалы оқуға жол ашатын халықаралық теңестірілген бағалау жүйесін құру], National Conference on Next Generation Assessment Systems. Content Provided by the Center for K – 12 Assessment & Performance Management
Deci, E. L. (1971). Effects of externally mediated rewards on intrinsic motivation [Сыртқы
мадақтаудың ішкі уәжге ықпалы]. Journal of Personality and Social Psychology 18, 105– 115.
Deci, E. L. and Ryan R. M. (1985). Intrinsic motivation and self-determination in human behaviour
[Адам мінезіндегі ішкі уәж және өзін-өзі тану]. Plenum, New York.
Dweck, C. (2012). Mindset: How You Can Fulfil Your Potential [Сіз өз әлеуетіңізді қалай орындай аласыз?] Robinson.
Gardner, J. et.al. (2010). Developing Teacher Assessment [Мұғалімнің бағалауын дамыту]. Open University Press, Maidenhead.
Glaser, R. (1963). Instructional technology and the measurement of learning objectives [Оқыту технологиялары және оқу мақсаттарының өлшемдері]. American Psychologist, 18(8), 519-521.
Goos, M. (2004). Learning mathematics in a classroom community of inquiry [Сынып қоғамдастығы аясында математиканы үйрену]. National Council of Teachers of Mathematics, 35, 258-291.
Hamston, J. and Murdoch, K. 1996, Integrating Socially: Planning Units of Work for Social Education [Әлеуметтік ықпалдасу: әлеуметтік білім беруде жұмыс тармақтарын жоспарлау], Eleanor Curtin, Melbourne.
Hattie, J. (2009). Visible Learning: A synthesis of over 800 Meta-analyses relating to achievement
[Көзге көрінетін оқу: 800 метаталдаудың синтезі]. Routledge, Abingdon, UK.
Hattie, J. (2011). Visible Learning for Teachers: Maximizing Impact on Learning [Мұғалімдерге арналған көзге көрінетін оқу: оқудың ықпалын арттыру]. Routledge, London
Hattie, J. and Yates, G. (2014). Visible learning and the science of how we learn [Көзге көрінетін оқу және қалай оқу керектігі ғылымы]. Routledge, London.
Hayes, D. (2000). Cascade training and teachers' professional development [Каскадты оқыту және мұғалімдердің кәсіби дамуы]. ELT Journal Volume 54(2), Oxford University Press, Oxford.
Jiménez-Aleixandre, M. P. (2008). Designing argumentation learning environments [Дәлел ұсына білуге үйрену ортасын қалыптастыру]. In S. Erduran & M. P. Jiménez-Aleixandre (Eds.), Argumentation in science education: Perspectives from classroom-based research (pp. 91– 115). Dordrecht: Springer.
Jonassen, D. H., & Rohrer-Murphy, L. (1999). Activity theory as a framework for designing constructivist learning environments [Қызмет теориясы – сындарлы оқу ортасын құруға арналған үлгі ретінде]. Educational Technology Research and Development, 47(1), 61-79.
Katchevich, D., Hofstein, A. and Mamlok-Naaman, R, (2013) Argumentation in the Chemistry Laboratory: Inquiry and Confirmatory Experiments [Химиялық зертханадағы дәлелдеме: Сауал және нақтылаушы эксперименттер]. Research in Science Education, 43. 317-345.
Knowles, M. S., Holton, E. F. and Swanson, R. A. (2012). The adult learner (7th Ed) [Ересек оқушы (7th басыл.)]. Routledge, London and New York.
Kolb, D.A. (1984). Experiential learning: experience as the source of learning and development [Тәжірибелік оқыту: тәжірибе оқу және даму көзі ретінде]. Prentice Hall, Englewood Cliffs, NJ.
Krystyniak, R. A. and Heikkinen, H. W. (2007) Analysis of verbal interactions during an extended open-inquiry general chemistry laboratory investigation [Химия зертханасындағы кеңестілген ашық зерттеу аясындағы ауызша қарым-қатынасты талдау]. Journal of Research in Science Teaching, 44(8), 1160-1186.
Lemov, D. (2010). Teach like a champion [Чемпион сияқты оқыту].
Marchand-Martella, N.E., Martella, R.C. and Lambert, M.C. (2015). Targeted management tips to enhance the effectiveness of Tier 2 guided reading instruction [Мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылымның тиімділігін арттыруға арналған мақсатты кеңестер]. Intervention in School and Clinic, 50 (3), 169-172.
Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E. (2011). Classroom instruction that works: research- based studies for increasing student achievement [Тиімді оқыту тәжірибесі: оқушының үлгерімін арттыруға бағытталған зерттеулер]. Association for Supervision and Curriculum Development: Alexandria, VA.
Miller, M. (1987) Argumentation and cognition [Дәлелдеу және таным]. In M. Hickmann (Ed.), Social and Functional Approaches to Language and Thought (pp. 225-249). London: Academic Press.
Mooney, M. (1995). Guided Reading: The Reader in Control [Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым: бақылаудағы оқырмандар]. Teaching K-8, 25, 57-58.
Mourshed, M. et al. (2010). How the worlds most improved school systems keep getting better. [Айтарлықтай жетілдірілген мектеп жүйелерін жақсарту жолында қалай ұстап қалуға болады]. McKinsey & Company retrieved from http://mckinseyonsociety.com/how- the-worlds-most-improved-school-systems-keep-getting-better/
Nardi, B. A. (1996). Studying context: A comparison of activity theory, situated action models, and distributed cognition. Context and consciousness: Activity theory and human-computer interaction [Мәнсәтінді зерттеу: қызмет теориясын, орын алған іс-шаралар моделін және бөлінген танымды салыстыру. Мәнмәтін және сана: қызмет теориясы және адам мен компьютердің өзара әрекеті], 69-102.
Nunan, D. (1989).Designing tasks for the communicative classroom [Қарым-қатынас жасауға арналған тапсырма әзірлеу]. Cambridge: Cambridge University Press.
OECD Policy brief, November 2005.Formative Assessment: Improving Learning in Secondary Classrooms [Қалыптастырушы бағалау: орта мектепте оқуды жетілдіру]. http://www.oecd.org/edu/ceri/35661078.pdf
Peters, S. (1998). Playing games and learning mathematics: The results of two intervention studies [Ойын арқылы математиканы үйрену: екі өзгеріс енгізу үдерісінің нәтижелері]. International Journal of Early Years Education, 6(1), 49-58.
Polya, G. (1945). How to solve it: A new aspect of mathematical model [Мәселенің шешімі: математикалық модельдің жаңа қырлары].
Rata, E. (2012). The politics of knowledge in education [Білім берудегі білім саясаты]. Routledge, Abingdon, UK
Ryan, R. M. and Deci, E. L. (2000). Intrinsic and Extrinsic Motivations: Classic Definitions and New Directions [Ішкі және сыртқы уәж: әдеттегі анықтамасы және жаңа
тұжырымдамасы]. Contemporary Educational Psychology 25, 54–67.
Rychen, D.S. & Salganik L.H. (Eds.) (2003). Definition and Selection of Competencies Project [Құзыреттілік анықтамасы мен іріктеу жобасы], Organization for Economic Cooperation and Development. (OECD).
Savery, J. R., & Duffy, T. M. (1994). Problem based learning: An instructional model and its constructivist framework [Проблемаға негізделген оқу: оқыту моделі және оның сындарлылық құрылымы].
Schlager, M.S. & Fusco, J. (2003). Teacher professional development, technology, and communities of practice: Are we putting the cart before the horse? [Мұғалімнің кәсіби дамуы, технологиялар, қоғамдастық] The Information Society, 19(3), 203-220.
Simon, S., Erduran, S. and Osbourne, J. (2006). Learning to teach argumentation: research and development in the science classroom [Дәлелдеуге үйретуді үйрену: жаратылыстану сабағындағы зерттеу]. International Journal of Science Education, 28 (2-3), 235-260.
Skinner, B.F. (1953). Science and human behaviour [Ғылым және адам табиғаты]. The Free Press, New York.
Soylu, Y. (2010). The models used by elementary school teachers to solve problems [Проблема шешу үшін австралиялық бастауыш сынып мұғалімдері қолданған модель]. Australian Journal of Teacher Education 35(4) 25-40.
Tomlinson, C. A. (2008). Differentiated instruction helps students not only master content, but also form their own identities as learners [Саралап оқыту оқушыларға мазмұнды терең меңгеріп қоймай, оқушы ретінде өзінің ерекшеліктерін қалыптастыруға көмектеседі]. Educational Leadership.
Toulmin, S. (1958). The uses of argument [Дәлелдерді қолдану]. Cambridge University Press, Cambridge.
Walford (2003) Classroom Teaching and Learning [Сыныптағы оқыту мен оқу] in Beck, J. and Earl, M. (Eds) Key Issues in secondary education (2nd Edition), Continuum, UK, 53–59.
Wallace, T., Stariha, W.E. and Walberg, H.J. (2004). Teaching speaking, listening and writing [Айтылым, тыңдалым мен жазылымды үйрету]. Geneva: International Bureau of Education.
Wei, R. C. et al. (2009). Professional Learning in the Learning Profession. A Status Report on Teacher Development in the U.S. and Abroad. Technical Report [Мамандықты зерделеудегі кәсіби оқу. АҚШ пен шетелдегі педагогикалық дамудың күйі туралы баяндама. Техникалық есеп]. National staff development council, Dallas.
Willelm te Velde, D. (2005) Globalisation and Education: What do the trade, investment and migration literatures tell us? [Жаһандану және білім: сауда, инвестиция және көші-қон туралы әдебиет не дейді?] Overseas Development Institute, working paper 254.
Winch, G., Johnston, R., Holliday, M., Ljungdahl, L., & March, P.(2001). Literacy: Reading, writing and children’s literature [Сауаттылық, оқылым, жазылым және балалар әдебиеті]. (Pp.184- 216). Melbourne: Oxford University Press.
Vallerand, R. J. (2000) Deci and Ryan’s Self-determination Theory: A View From the Hierarchical Model of Intrinsic and Extrinsic Motivation [Деки мен Райанның өзін-өзі анықтау теориясы: ішкі және сыртқы уәж иерархиялық моделі туралы көзқарас]. Pschological Inquiry 11 (4), 312–318.
Vygotsky, L. (1978) Interaction between learning and development. Mind and Society [Сана мен қоғам] (pp 79-91), Harvard University Press, Cambridge, MA, reprinted in Gauvain, M., and Cole, M. (1997) Readings on the development of children (2nd Edition), Freeman and Company, New York.
ГЛОССАРИЙ
Әлеуметтік білім алушы | субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету барысында өз еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin & Associates мамандары әлеуметтік оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс (connection), бірлескен жұмыс (collaboration), контент (content), [контентті] пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі (contribution). |
Бағамдау | (ағылш. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді жүйелі зерттеу және баға беру. Бақылаушы және қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық жинақтау және талдау негізінде, белгіленген мақсаттармен, критерийлермен және құндылықтармен жүйелі түрде салыстыру негізінде ұйымның жұмысының тиімділігін анықтау және жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы сарапшыларды тарту арқылы өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге бағдарлау, диалог түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді «тексеруге» емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған. |
Белсенді оқу | шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады. |
Бірлескен оқу | бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген. |
Дарындылық | қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). Жалпы дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен |
| де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу – психологияның маңызды міндеті. |
Джигсо әдісі | Ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімін терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренеді. |
Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) | – Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін. |
Жиынтық бағалау | Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі |
Инклюзивті оқыту | білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу. |
Кері байланыс | – белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция. |
Критериалды бағалау | оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды. |
Қалыптастырушы бағалау | мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді. |
«Қара жәшік» | ғылым мен техника саласынан алынған метафора, онда «қара жәшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, беру сипаттамалары тұрғысынан қарастыруға болатын құрылғы, жүйе не объект ретінде қарастырылады. Кез келген затты (құбылысты) «қара жәшік» деп атауға болады: транзистор, алгоритм немесе адам санасы. Ал педагогика ғылымында «қара жәшік ішіндегі жұмыс» деген метафора сыныпқа қатысты қолданылып, білім беру мекемесінің құрылымымен шектелген жағдайды меңзейді. |
Қарым-қатынас дағдылары (айтылым, жазылым) | қабылдаушы адам ол хабарламаны түсінгендей етіп әңгіме барысында немесе жазбаша нысанда өз ойын білдіру қабілеті. |
Құндылықтар | баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың әлеуеті және қоршаған адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым- қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды. |
Қысқа мерзімді жоспар | мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің оқытылатыны, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. |
Метатану | «Таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология ғылымына бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын (J.H. Flavell, 1976). Автордың айтуынша метатанудың маңызды қызметінің бірі өздерінің танымдық қызметтерінің ерекшеліктері туралы білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін реттеуге мүмкіндік беретін танымдық қызметті рефлексиялық бақылау болып табылады. |
Метатану стратегиялары | білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті). |
Модельдеу | 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. 2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі. |
Мұғалімнің жетекшілігімен жаңалық ашу | бұл тәсіл индукциялық тәсіл ретінде де белгілі, ол әдіс бойынша мұғалім оқушыларға тіл бірліктерін пайдалану бойынша мысалдар келтіреді және оны пайдаланудың ережелерін өз бетінше құруға көмектеседі. |
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым | сындарлы оқу теориясына негізделген. Оқушылар бағалау арқылы алынған ақпараттың негізінде оқудағы қажеттіліктеріне қарай келесі қадамдарды бірге орындау үшін топтарға біріктіріледі. Оқушылар мағынасын ашу, бұған дейінгі білімімен байланыстыру, жаңа түсініктер туралы сын тұрғысынан ойлау үдерістеріне тартылады. Бұл тәсіл кезіндегі мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлануға жетелеп, жаңа білім алу үдерісінде қолдау көрсету болып табылады. |
Оқу үдемелілігі | танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты ұғым, себебі бұл саналы жүретін және адамның еркінен тыс жүретін оқудың, сондай-ақ жаттығулардың ықпалдасуы. Оқу үдемелілігінде күрделілік деңгейі біртіндеп артып отырады: қарапайым тапсырмалардан басталып, әр қадам сайын тапсырмалар күрделене береді. |
Оқу жоспары | белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір пән аясында осы пән бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға болатыны ұсынылады. |
Оқу мақсаты | оқу бағдарламасына сәйкес белгілі бір пән аясында оқытылатын оқушылардан күтілетін білім, дағдылар, түсінік және біліктерін көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрсе. |
Оқылым дағдылары | көптеген факторлар арқылы анықталатын және бастапқы жетістікке жетіп, одан кейінгі оқуын соған негіздеу үшін ерте кезден оқыту арқылы белгілі бір дағдыларды дамытуды қажет ететін оқылым қабілеттері. |
Оқытуды саралау | Әрбір оқушының жеке қабілеттеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді т.б. іріктеу үдерісі. |
Орта мерзімді жоспарлау | белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау. |
Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту | мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелер жүйесі. Негізгі функциялары: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету. Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді. |
Рефлексия | (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. |
Сындарлылық теориясы | лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия) – таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін) белсенді құруы ретінде қабылданатын тәсіл. Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай білім алып шығатыны осыған байланысты болады. |
Сыни бағалау | әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын түсіндіру қабілеті. |
Сыни талдау | егжей-тегжейлі және сараптамалық тәсілмен бағамдау. |
Сын тұрғысынан ойлау | қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін. |
Сыныптағы ахуал | бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне тарту негізінде қалыптасатын сыныптағы ахуал. |
Табыс критерийі | мұғалім қай оқушының оқу мақсатына «жеткені» және қай оқушының әлі де «талпынуда» екені туралы қалай шешім қабылдайтынын сипаттайды. Әр оқу мақсатына арналған нақты бір табыс критерийлері мұғалім іздеуге тиіс дәлелдер туралы барынша толық ақпарат ұсынады. |
Талант | ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы. Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің нәтижелері өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрад |
Түйіндеме | Қысқаша қорытынды. |
Түсіну дағдылары (тыңдалым) | Тыңдау арқылы түсіну; хабарланып жатқанды естіп, естігенімізді түсіну. |
Ұжымдық диалогтік оқыту | ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. |
Теруге 25.04.2017. берілді. Басуға 25.04.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8 Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т. 9,97 . Таралымы 55 дана. Тапсырыс № 601
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.
e-mail: [email protected].