СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жастар -ел дамуының болашағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақалада жастар туралы айтылған. Медицина саласында білікті мамандар даярлайтын Арқалық медицина колледжі жайлы айтылған.

Просмотр содержимого документа
«Жастар -ел дамуының болашағы»

ЖАСТАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

Қазақстанның болашағы – саналы әрі

талапты ұрпақтың қолында

Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев




Жастар – елдің болашығы. Ертеңгі күннің жарқын, сәулелі болуы да соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздіктің белбалалары басатын болады. Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи процесс, объективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды, жаңа идеяны қоса әкеледі. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Мемлекет басшысы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз беруде. Олармен нақты жұмыс істеудің үлгісін көрсетіп келеді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде заман ауысып, үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ескіні қиратып, жаңа тұрмыс құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артқан болатын.

Ал, жиырма бірінші ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отанына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған»,-деп жастарға арнайы үн қатқан болатын. Ел аумағында мың екі жүзге жуық жастар ұйымы жұмыс жасап, мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлігінің бірі – жастарға көп көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1-қыркүйекте жолдаған Жолдауының 3-бағдарыда ел болашағына арнаған болатын. Себебі болашағымыз білімді, ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласына да түбегейлі өзгерістер қажет екенің мемлекет басшысы осы Жолдауда атап кеткен болатын. Өйткені медицина саласы – инвестиция салуға өте қолайлы сала болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде 650 елді мекенде емдеу мекемелері тапшы. Демек, алдағы уақытта медицина қызметкерлері ауадай қажет. Осы салада аянбай білім мен тәрбие беріп келе жатқан Қостанай облысы, Арқалық медициналық колледжінің алар орны ерекше. Аталмыш оқу орыны 1972 жылдан бастап медицина саласы бойынша үздік мамандарды даярлап шығаруда. Аталмыш оқу орнын бітіріп, медицина саласында қызмет атқарып жүрген білікті мамандар жетерлік. Олар Нұр-Сұлтан, Қостанай, Арқалық қалаларында медицина мекемелерінде қызмет атқарып, ұлт денсаулығы үшін аянбай тер төгуде. Оқу орыны заманауи техникалық базалармен жабдықталған, кітапхана қоры жеткілікті, оқимын деген әрбір студенттерге жағдай жасалынған.

Білім бар жерде тәрбие де қатар жүреді. Студенттердің колледждегі өмірі қызықты әрі мағыналы өту үшін түрлі мерекелік іс-шаралар, жарыстар, дебаттар, спорттық-мәдени іс-шаралар, конференциялар, кездесулер жоспарға сай өтіп тұрады. Сонымен қатар колледжде жастар комитеті, студенттік кеңес, тәртіптік кеңес, «Жігер» жастар ашық алаңы орталығы жұмыс жасауда. Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында колледжде түрлі үйірмелер кестеге сай жұмыс жасап келеді. Бұл дегеніміз ел болашағы үшін жасалып жатқан еңбек.

Жастар үлгі болатын АРМАН, ЕҢБЕК, СЕНІМ ұғымдарын басты мақсат етіп алса, олар армандаған мамандық иесі атынып, еліне аянбай еңбек етіп, болашаққа сеніммен қарайды деген үкілі үміттемін.

Ендеше, Арманымыз алатаудай асқақтап, Еңбегіміз елеулі де табысты, Сеніміміз баянды да берік болғай.





Маженов Б.А.

Арқалық медициналық колледжі

Жастар ісі жөніндегі инспектор

«Жас-Отан» жастар қанаты ІІ-съезінің делегаты

Қостанай облысы, Арқалық қаласы