СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаттығу жұмысы 71-74 жаттығулар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға қосымша жалғанғанда сөздің өзгеретінін меңгерту

Просмотр содержимого документа
«Жаттығу жұмысы 71-74 жаттығулар»

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға қосымша жалғанғанда сөздердің соңғы дыбысының өзгеретінін меңгертуге мүмкіндік туғызу;

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту әдісі

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

68-жаттығу, 135-бет. Жаңылтпашты жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: күрегі- күрек.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 71-жаттығу. :Сәйкестендіру тесті. Берілген қосымшалы сөздерге тиісті түбір сөзді сәйкестендір:

Халық құлпы

Ерік халқы

Құлып бөркі

Құлақ орны

орын құлағы

бөрік еркі

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

69-жаттығу жақшының ішіндегі тиістісін қойып мәтінді көшіріп жазу. Неліктен сол әріпті таңдадың? Өзгерген әріптің астын бір, жалғаудың астын екі рет сыз. Неліктен бұл әріптер өзгерді?

70-жаттығуда берілген жұмбақты шешу(түйе), қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Мойны-мойын. Түбір сөздегі ы дыбысы неліктен түсіп қалды?

72-жаттығу мақалды оқу:Ел көркі – мал, Өзен көркі – тал.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: көркі – көрік. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерісті түсіндір.

ҮІ.Бекіту: 73-жаттығу Тізбектің басында тұрған сөзді тауып, көп нүктенің орнына жазу:

Жақ – жағу, жағады, жағып.

Сөк – сөгу, сөгеді, сөгіп.

Тақ – тағу, тағады, тағып.

Данияр, отты жақ! Жіпті сөк! Әсел, қуыршаққа шолпы тақ.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 74-жаттығу, 137-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау