СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жеңіл атлетика"

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Жеңіл атлетика"»

А деңгейінің тапсырмасы

  1. Á әрпінің емлесін жазыңыз.

Ә

А-деңгейі

Сұрақтар:

  1. Тіліміздегі қандай қандай құбылыс дыбыс үндестігі деп аталады?

  2. Дыбыс үндестігінің қандай түрлері бар?

  3. Сөз соңындағы қандай қатаң дауыссыздар өзінен кейін дауысты дыбыс келгенде, өзгереді, қандай қатаңдар өзгермейді?

  4. Дыбыс үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.

  5. Түбір және қосымша. Қосымшаның түрлері.

  6. Жұрнақ оның түрлері.

  7. Жалғау, оның түрлері.

Жауаптар:

1. Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.

2. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінін үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

3. Қазақ тілінде қ, к, п деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшалар жалғанған кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г, б (кейде у) дыбыстарына айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазуда да, айтуда да ескеріледі. Мысалы: тарақ+ым – тарағым, күрек+і – күрегі, доп+ы- мыз – добымыз, тап+ып – тауып, кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп т.б.

Ал п, х дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздер бұл ережеге бағынбай, соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айтылады және солай жазылады. Мысалы: принцип+і – принципі (принцибі емес), грипп+і – грипі (оның грипі жұқты, грибі емес), тип+і – типі (тибі емес), кинескоп+ы – кинескопы (кинескобы емес), цех+ы – цехы (цеғы емес), шейх+ы – шейхы (шейығы емес), шах+ы – шахы (шағы емес).

4. Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:

Көмектес септік жалғау. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен т.б.

Нікі, дікі, тікі, тай, тал, дар, еке, тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал т.б.

Бей, би, кер, гер, қор, паз, қой, кеш, хана, кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, арбакеш, емхана т.б.

Ов, ова, ев, ева, ин, ина. Мысалы: Жұмабаев, Әуезов , Жұмағазина т.б.

5. Қосымша– түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема. Мағыналық, тұлғалық дербестігі, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана қолданылады. Қосымшалар түбірге белгілі бір грамматикалық категорияларға тән заңдылықтар бойынша жалғанады. Түбір сөзбен дыбыстық, әуездік жағынан үйлесіп тұрады. Бір қосымша әр түрлі түбірге жалғанғанмен, түрлі мағына бермейді. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді.

6. Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

  1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

  2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.

7. Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.


В деңгейінің тапсырмасы

1. А. Байтұрсынов жасаған алғашқы қазақ әліпбиі

Жауап: төте

В- деңгейі

2. Мәтінді мәнерлеп оқы.

JASYMNAN JETIK BILDIM

Jasymnan jetik bildim túrik tilin, 
Sol tilge aýdarylǵan barlyq bilim, 
Erinbeı eńbek ettim, eńbek jandı, 
Jarqırap qarańgydan týyp kúnim.

Oıatqan meni erte - Shyǵys jyry, 
Aınadaı aıqyn boldy álem syry.
Talpynyp orys tilin úırenýmen 
Nadandyqtyń tazaryp, ketti kiri.
Tanbaımyn, shákirtimin Tolstoıdyń, 
Aldampaz, aram sopy kápir qoıdyń.
Janymen súıdi ádilet ardyń jolyn, 
Sondyqtan ol ıesi tereń oıdyń.
Tolstoı kápir emes, kápir óziń, 
Din emes – bári aldau aıtqan sóziń.
Kóńiliń soqyr, nadansyń, beıiliń qara, 
Nur, jaryǵyn qalaısha kórsin kóziń.
Kónbeımin dindi teris burǵanyńa, 
Sopynyń bara qoıman qurbanina.
Haqıqat syrymdy aıtsam - Tolstoıdyń 
Myń sopyny almaımyn tyrnaǵyna


С деңгейінің тапсырмасы

3.Мәтінді латын графикасына негізделген әріптермен жазып шығыңыз: Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді.

Жауап: Adamzat balasy jasaǵan mádenıet ekі túrge bólіnetіnіn bіlesіzder. Bіrіnshіsі – rýhanı mádenıet, ekіnshіsі – materıaldyq mádenıet. Rýhanı mádenıetke mýzyka, ádebıet, sáýlet ónerі, sýret ónerі, keskіn ónerі jatsa, adam balasynyń sharýashylyqqa baılanysty kúnkórіsіnen týǵan dúnıelerі materıaldyq mádenıettі quraıdy. Zııaly qaýym arasynda, tіptі oqymysty ǵalymdar arasynda mádenıet jáne órkenıet uǵymdaryn shatastyrýshylyq álі de kezdesedі. Osy arada olar sharýashylyq júrgіzý mádenıetіnіń, saıası mádenıettіń, ekonomıka mádenıetіnіń taǵy sol sııaqty mádenıetterdіń bolatyndyǵyn eskermedі..

С- деңгейі

jetik bildim, barlyq bilim, eńbek ettim, eńbek jandı, týyp kúnim, kápir qoıdyń, – ілгерінді ықпал

beıiliń qara, teris burǵanyńa, qoıman qurbanina- кейінгі ықпал.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!