Жомарт күз» атты ертеңгілік
Мектепалды даярлау тобы.
Қолдарына қызыл, жасыл жапырақ ұстаған балалар музыка әуенімен
залға кіреді.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, әріптестер!
Бүгінгі мектепалды даярлау тобының балалары дайындаған «Жомарт күз»
атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Бұлттар төніп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады
Шөп сарғайып өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кез болады.
Балалар: Күзде
(Сырттан дыбыс естіледі,желдің шуы)
-Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!
(Балалар хормен амандасады)
Уа халайық,дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқының алғысын.
Жүргізуші: Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы:
- Әрине,мен мұнда өте өнерлі балалар бар деп естідім.
- Қанекей сендердің тапқырлықтарынды байқайын!
Күз ханшайымы:
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырып көрейін,
сендер шешуін табады ма екенсіңдер?
- Ал мені мұқият тыңдаңдар!
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың (жаңбыр)
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары (жапырақ )
- Ой жарайсыңдар балалар! Сендер өте тапқыр балалар екенсіңдер!
Жүргізуші :
- Күз ханшайымы біздің балалар өте өнерлі,енді сізге арналған
«Күз жомарт» әнін ұсынамыз! (Хор).
Күз ханшайымы,балаларымыздың өнерін тамашалаңыз!
Біздің бүлдіршіндеріміздің күз мезгіліне арналған
Тақпақтарын тындайық!
Қабыл алыныздар!
Тақпақтар:
Бекзат
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Ернияз
Ел егінің жинайды,
Қырманга дән сыймайды.
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Айлин
Қарлығаштар қораға
Ұя салмас ал енді
Күн суытып далада
Жел айтады өленді
Сапар шегіп құс легі
Жабырқайды атырап
Жерге үзіліп түседі
Сары алтындай
Жапырақ.
Айша
Қызыл күрең дидары
Көзге жылы ұшырап
Күз келді қызыл бидайды,
Құшағына қысып ап.
Аяжан
Көлдің бетті кілегей
Жер сап сары бірегей
Тырау, тырау тырналар
Жылы жаққа бұрды олар.
Ажар
Алма пісті,алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды
Құстар кеттіп қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Нұрай
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп
Аружан
Қарашы күз келді,күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Неліктен көңілсіз күз енді
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өлең шумақтарын қандай мәнерлі еді,иә балалар күз мезгілі өте құбылмалы келеді,жарқырап күн шығып тұрса,артынан сіркіреп жауын жауып кетеді
Жауын –жауын жауа бер
Қорықпаймыз біз сеннен
Қолымызда қолшатыр,
Келші, биле бізбенен.
Олай болса қыздарымызды ортаға қолшатырмен биге шақырайық.
Балалар « Қолшатыр биін» билейді.
Бақ қорғаушы әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Сен кімсің?,қайдан келдің№,не іздедің?.
Бақ қорғаушы:
Бақ қорғаушы-мен болам!
Бақшамда мен өсірдім.
Қияр менен сәбізді
Және жасыл пиязды
Бау-бақ пісті,
Қоян келіп сәбіздерге тиісті.
Бақ қорғаушы: Балалар көрмедіңдерме қоянды?
Балалар: Жоқ.
Бақ қорғаушы: Қап бәлем қолыма түстің бе?
Қандай қоян пәлесін
Өз пайданды білесін,
Қиярменен сәбізді
Ұялмай қалай тересін
Жан-жағына қарашы
Бәрін басып тастадын
Біреудін бұл еңбегі
Сыйлау керек оны да.
Қоян:Кешір мені қорғаушы. Енді бәрін түсіндім, жинасамын мен саған.
Жүргізуші:Бақ қорғаушы,қоянды бір жолға кешіріңіз балалар бірге бау-бақшанызды жинап береді.
Ойын «Жемістермен көкөністерді жинау»
Жүргізуші:Бақ қорғаушы біздің балаларың бақтагы ойын-сауық әнің сізге сыйға тартмыз.
- Құрметті қонақтар биші ұлдарымыздын саңырауқұлақ өнерін тамашалайық!
Би: «Саңырауқұлақтар» орындалады.
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеге ән салайық
Өнерпаз өреңдерге тамсанайық,
Мәнерлеп тақпақ айтып бересің бізге
Ортаға балаларды шақырайық!
Тақпақтар :
Сабина
Нартай қызыл алмам бар
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем.
Амира
Тіл үйірген шырыным
Жемістердің бірімін.
Мен маржандай шиемін
Ұнатамын күн нұрын.
Қызжибек
Көктемде ерте гүлдеймін
Кешігуді білмеймін
Піспей тұрған кезімде
«Менен аулақ жүр деймін»
Уылжыған өрікпін
Мен бау-баққа көрікпін.
Амина Ж
Бақ ішінде алмалар
Бар жемісін бағалар
Көрген адам таңданар
Көздің жауын алады.
Амина Б
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
Балаларға бақтағы
Жемісімді ұсындым.
Айдана
Бағымда менің қарағым
Жеміс-жидек тағы бар
Қарақат анар,құлпынай
Дастарханан табылар
Агылшын тілінде тақпақтар
Орыс тілінде тақпақтар
Жүргізуші: Мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында
Құлпынай биі орындалады.
Даудын дыбысын білдіретін музыка.
Жүргізуші: -Қандай шубұл не болды екен?
-Тусіндім.
-Бір себетке түсіп қалған көкөністер дауы ғой.
Асел:
Өнім биыл тамаша
Көз тоймайды қараса
Пияз, картоп қызанақ
Қырыққабатқа қарашы.
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер:
Жиналып қалыппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз ,Ішіміздең адамға тиеді көп пайдамыз.
Бұршақ:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне.
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріне.
Қызылша:
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борыщ та болмайды.
Винегретте үстелде.
Қырыққабат:
Мақтанғанан не пайда
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейди тамсана
Қияр:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Шалқан:
Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көрмендей дарханды.
Қызынақ:
Піскен кезде қызанақ
Көз тартады қызарап
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген
Қарбыз:
Жаздың әрбір таңында
Өзіңнің бау бағында
Жайылып жасыл желегі
Қарбыз өсіп келеді
Күні ертең- ақ, міне біз
Сонан ауыз тиеміз
Сонан кейін майға да
Қарамаймыз шайға да
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш
Барлық барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын.
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар
Бос айтысты қояайық,
Дауласуды тоқтатайық.
Асел
Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер
Оларды жақсы көріңдер.
Келесі кезекте балалардың «Күз жапырақтар» әнін ұсынамыз.
- Ал сендердің ата-аналармен бірге ойын ойналық.
Ойын «Тосап қайнату»
Балалар екі команда,жеміс алып жүгіреді, обруч ортасына тұрып жемісті лақтырады. Екінші обручта ата-ана тұрады қолында ыдыс жемісті қағып алу керек.Ыдыстағы жемістерді санаймыз.
Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар,ата-аналар! Ендігі кезекті биылғы2016жылғы «Жомарт күз» атты кешіміздің сән үлгілеріне кезек берейік.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар №63Әсемай балабақшасының Ақбұлақ шағын орталығының әдіскері Румхан Балғабайқызына сөз кезегін берейік.
- Бүгінгі күз мезгіліне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды!
Амандықпен жүздескенше аман сау болыңыздар!