СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепті дамыту бағдарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Проблемалық тақырыбы: Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануды отбасы тәрбиесімен ұштастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

  • Фокус тобының мақсаты: Жаңа педагогикалық-психологиялық әдістерді және қалыптастырушы бағалауды тәжірибеге енгізе отырып, жақын арадағы даму аймағын құру және білім беру жүйесін дамытуға арналған серіктестік ортаны ұйымдастыру.

Фокус тобының міндеттері:

  • Фокус тобының мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру, қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру, кәсіби қызығушылықтары бойынша мұғалімдердің жұмыстарын жандандыру, кәсіби-әдістемелік біліктілігін жетілдіру;
  • Жаңа әдіс-тәсілдерді және «Оқыту үшін бағалауды» тәжірибеге енгізу үшін әдістемелік қолдау көрсету;
  • Фокус топтың жаңа әдіс-тәсілдерді және «Қалыптастырушы бағалауды» тәжірибеге енгізу бойынша әдістемелік жұмыстарын тарату.

Күтілетін нәтиже: Оқыту мен оқуды оңтайландыру бойынша жаңа ұсыныстар жасайды, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді және оқыту үшін бағалауды тәжірибеге енгізе отырып, оқушы уәждемесін арттырады.

Фокус тобының тиімділігін бағалау критерийлері:

  • Мақсат –міндеттерге сәйкес іс-әрекеттің әр түрлілігі;
  • Іс-шаралар бойынша кері байланыс ұсыну;
  • Сауалнамаларды диагностикалау;
  • Қоғамдастық мүшелерінің оң пікірлері.

Фокус тобының құрамы: әр түрлі санаттағы 7 мұғалім.

Ұйымдастырушы топ : Мектеп әкімшілігі, 1-деңгей мұғалімдері, тәлім алушы.

Бұл топтың міндеті: қоғамдастық жоспарында көрсетілген шаралардың орындалуын басқарып, бақылайды. Желілік қоғамдастық жоспарына сәйкес коучингтер және тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастыру.

Үйлестіруші топ: 3- деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқада пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ата- аналар кеңесі.

Бұл топтың міндеті: Мұғалімдердің 7 модульді сабақтарында қолданып, жұмыс жасауына ықпал етеді.

Жұмыс істеу қағидаттары: сенімділік, жауапкершілік, өзара қолдау.

Категория: Всем учителям
30.05.2017 14:28


Рекомендуем курсы ПК и ПП