СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Даярлық топ балаларына сауат ашу сабағы. Б дыбысымен таныстырып, таңбасын жазғызу. сабақта жаңа әдіс тәсілдерді қолдану

Просмотр содержимого документа
«Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.»

Ашық сабақ

Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі:

Сеилханова Жанат Сейтжановна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі : Сауат ашу және жазу



Тақырыбы: Б дыбысы және әріпі.

Мақсаты: Б дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.

Балаларды Б дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына

назар аудару сөздік қорынына мән беріп, қиялын дамыту.

Ұқыптылыққа,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бөрік,барабан

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта,плакат, үлестірмелі материалдар,суреттер,смайлик,шарлар.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі; саяхат.



Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық



Дөңгеленіп тұрып бәріміз бір-бірімізге жылы лебіз білдірейік:

Амансың ба.алтын күн!

Амансың ба,жер ана!

Амансың ба,достарым!

Сендерді көріп қуандым.



ІІ. Топқа бөліну.



Қажетті оқу- құрал жабдықтарын әзірлету



ІІІ. Өтілген материалдарға шолу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Қай ай?

-наурыз.

-Аптаның қай күні?

-Жұма.

-Көктем айларын атаңдаршы ?

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір аптада 7 күн бар.

-Атаңдаршы (Атату)

-Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-М дыбысымен таныстық.

-М дыбысы қандай дыбыс екен?

-Дауыссыз.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбысты айтамыз, естиміз.

-Әріп дегеніміз не?

-Әріпті көреміз, жазамыз.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-2ге бөлінеді дауысты, дауыссыз

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Созылып, кедергісіз айтылады.

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

-Ауаға кедергіге ұшырап шығады.



-Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина , ұшақ, кеме)

-Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы





6

7

5

3 4







2 1

Балалар бұл не? (кеме)

Не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Суда жүзу үшін.

Ал кеме қайда жүреді?

Суда .

Оның жүргізушісі кім?

Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып ,сол аралмен танысамыз.



1- арал.Қайталау

Сиқырлы жазу

Жақсы музыка



М Ы С Ы Қ

(текшемен белгілеп)

Балалар мына тапсырмада жасырын сөз беріліпті. Осы сөзді тауып көрейік .Сіздер айтыңдаршы үйде біз қай жануарды ұстаймыз? Қандай ---- түстерді көріп тұрмыз? (қызыл,көк) Оларды ажыратып беріңдерші?

Мысық сөзін буынға бөлейікші ? (2 буын). Қай әріптен басталып жазылады? (М) Жақсы балалар енді екінші аралға барайық.



2- арал.

Жұмбақ жасыру:

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды.

(Балық)

Өзі біреу ,көзі үшеу. (Бағдаршам)



Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

(Бор)

Ол суда жүреді.

(Балық)

Осы балық,бағдаршам,бор сөздеріндегі алғашқы дыбыс қандай?

-Б дыбысы.

-Ендеше бүгін біз Б дыбысымен танысамыз. (Видео көрсету)

Б дыбысының айтылуын,қанлай дыбыс енкенін түсіндіру,көрсету.(слайд)

-Осы сөздердің барлығында Б дыбысы қай жерде тұр?

-Басында.

-Өте дұрыс.

-Енді осы Б дыбысын айтып көрейікші,не байқадыңдар?

- Айту кезінде еріндер бір-біріне тиеді

-Б дыбысын созып айтып көрейікші,Созып айтуға келеме екен?

-Жоқ ,Б дыбысын созып айтуға келмейді.

-Олай болса Б дыбысын қандай дыбыс екен,дауысты ма,әлде дауыссыз ба?

-Дауыссыз.

Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық)

Қараңдаршы ол қандай? (Сиқырлы,алтын)

Ендеше бүгін бізге қонаққа алтын балық келіпті.

Осы сөзді буынға бөліп көрейікші?

  • 2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2)

Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. Алтын балық маған тағы бір арал бар деп сыбырлайды , ол аралда да тапсырма бар екен.

3- арал.

«Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б – әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді алтын балық.

Р

О

Б







Сиқырлы әріптер шашу : Б.А.Р.Л.Қ.О.Ы.А . Балық. Бор. Бала.

Талдап кету. Әр баланы сөйлету. Оқытып шығу.

  • Өте жақсы балалар. 3- аралдың тапсырмасын жақсы орындадық . Алтын балық тағы ары қарай барайық деп тұр , ендеше алтын балықтың соңынан жүрейік.

4- арал. Сергіту сәті

Балық,балық балықтар,

Қане қатар тұрыңдар.

Қанаттарыңды ашыңдар,

Бұлай –бұлай малтыңдар.

Бір, екі,үш,төрт ,бес,

Орыңдарыңды табыңдар тез.

Өте жақсы, бұл тапсырманы өте жақсы орындадық.

Балалар балық тағы сыбырлайды , енді біз сиқырлы балықпен келесі аралға барғанда ойын ойнаймыз дейді.

  • Ойнаймыз ба?

-Иә.

5- арал. Топтық жұмыс. «Қатені тап» ойыны.

Балаларды үш топқа бөліп ,әртүрлі суреттер беру.Сол суреттерден Б және М әрпіне байланысты сөздерді тауып тақтаға ілу.

(бақа, балық, бала)(мысық, машина,маймыл,т.с)

6- арал. Алтын балықтың келесі тапсырмасы ,Б әрпін жазу. Тақтаға жазбаша түрін жазып көрсету.Ауада жазу. Дәптерге бастырып жаздыру.Өте жақсы балалар,бұл тапсырманы да жақсы орындадық.

Топ басшыларына сөз беру.Топтық бағалау

.

7- арал.

Енді біздің соңғы тапсырмамыз , әр қайсыңыз балыққа арнап б – әрпі бар тақпақ айтып беріңдер. Осы тақпағымызды жақсы айтсақ , ол балықтың сіздерге арналған сыйлығы бар екен.

Әр оқушыға балық жапсырылған шар тарату.( аттарына байланысты көк, қызыл)

.

  • «Сіздер құрлыққа барғанда мына шармен ойнап жүріп мені естеріңе алыңдар.Әр қайсыңыз аттарыңызды айтып отырып соған байланысты шарды алыңыздар».

8-арал.Қорытынды.

Сұрақ-жауап.

«Менің көңіл-күйім» (смайликпен көрсету)

  • Рахмет.

  • Осымен саяхатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!