Күні: Сынып: 1 | Мұғалім:Талғатбекқызы Аида Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Кеңістік фигуралары |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр,конус, пирамида) ажырату жəнеоларды қоршаған ортаныңзаттарымен байланыстыру |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Кеңістік фигуралардың түрлерімен таныстыру арқылы “фигура” ұғымын түсінеді Кейбірі: кеңістік фигу-раларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 5 минут | Оқушыларды кеңістік фигураларының түрлерімен: цилиндр, конус, пирамида, шар және текшемен таныстыру. Оқушылар сабақта негізінен кеңістік фигурасы дегеніміздің заттың пішініне байланысты айтылатын ұғым екенін түсіндіру. Айналадағы заттарды көріп, байқау арқылы кеңістік фигураларының пішіндерін тани білуге жаттығады. Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Тапсырма бойынша оқулықтағы Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді тап. Ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсетемін. Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табуды ұсынамын. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
Сергіту сәті 1 минут | | Видео |
Қызықты тапсырма 14 минут | Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигу-раларды партаның үстінде домалатып көруді ұсы-ныңыз. Цилиндрдің алға да, артқа да домалай-тынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрап біліңіз. Жауаптарын тыңдаңыз. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызыңыз. (Оқушыларға пирамиданың қыры деген ұғымды әзір айтпаймыз.) Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырыңыз. Ол фигура қалай аталатынын сұра-ңыз. Оның текше деп аталатынын айтыңыз. Текшені домалатып көруді сұраңыз. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді. Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұ-рап пысықтаңыз: — Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде? — Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кей-біреулері домаламайды? Алдында жасалған қорытындыны қайталап ай-тыңыз. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар. Сынып бөлмесіне зерттеулер жүргізіп, цилиндр, конус, шар, текше пішіндес заттарды тапқызыңыз. Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатыңыз. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді ұйымдастырыңыз. | Түрлі тапсырмалар |
Аяқталуы 8 минут | Кеңістік фигурасы мен оған сәйкес атауды сызықпен қос. Құлтемірлер Суретке қара. Әрбір құлтемірде қанша көлемді фигура барын сана. Нәтижесін жаз | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Смайликтер |