СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сын тұрғысынан ойлау

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Практикалық тапсырмалар беру арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабаққа тиімді пайдалануына ықпал жасау.

-қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.

Просмотр содержимого документа
«Сын тұрғысынан ойлау»

Коучинг-сессия жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары

Жалпы мақсаты

Практикалық тапсырмалар беру арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабаққа тиімді пайдалануына ықпал жасау.

Оқу нәтижелері

-қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.


Түйінді идеялар

  • Сыни тұрғысынан ойлау туралы түсінік;

  • СТО стратегияларының тиімділігі;

  • Әріптестерімен тәжірибе алмаса алуы;

Сабақта қолданылатын материалдар

слайд-презентация, тренингтер, түрлі-түсті стикерлер,

маркерлер,

Оқыту әдістері

«Ассоциация», « Екі жұлдыз, бір тілек» «Сауалнама»

Дерек көздері

мұғалімге арналған нұсаулық,

Тапсырмалар

топтық талдау, салыстыру, сыни ойлау, зерттеу.

Кезеңдері

Мазмұны

Уақыты


1.Ұйымдастыру кезеңі


«Сен қайдасың?» тренинг өткізу

·        Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·        Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

·        Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·        Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

·        Сен келдің (қолдарын жаяды)

·        Жақсы болды (қатты құшақтайды)


2мин

2. Топқа бөлу

Түстер бойынша топқа бөлу. Әр қатысушы өзіне ұнаған стикер алады.


2 мин


3. Ой шақыру

Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, есімдер.....себеті»

Сұрақтар:

  1. «Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білесіңдер?

  2. Блум таксономиясы туралы не білесіздер?

  3. Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс?

Тақырыпты топтық талқылауға салу.

Түйінді идеяларды стикерлерге жазып себетке салу, идеялар қайталанбауы керек.


  1. мин



4.Презентация

СТО тәсілдері.

3 мин

Тапсырма №1

СТО кейбір элементтерімен танысу.

«Кластер», «Фишбоун», «Инсерт» сипаттамасымен танысады. Үш топқа бір элементтен беріледі, соны сабақта қалай қолдануға болатынын көрсету. СЛАЙД

5 мин

Тапсырма №2

Ақпараттық материал

Блум таксономиясы 


Топтық жұмыс

Берілген сұрақтарды Блум таксономиясы бойынша жіктеу






Рефлексия

1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?
2. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
3. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз
4. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
5. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?
6. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге
СЛАЙД
Бұл сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастыруға болады? Сұрақтарды Блум таксономиясына бөлген кезде қандай қиындықтар туындады? 

5 мин








15 мин









3 мин

Сергіту кезеңі

Би жаттығуы

2 мин

Тапсырма№3

Блум Таксономиясы бойынша сұрақтарды дайындау..

«Блум Ромашкасы». тәсілі

«Қаңбақ шал» ертегісіне сұрақтар дайындаңдар. Сұрақтар жеңілден күрделіге қарай. Кестені пайдалан. (Сұрақтар-қарапайым,дәлелдеу, қолдану, шығармашылық, бағалау, практикалық)


дағды

оқушылар не істейді

қимыл-етістіктер

Білу

тыңдайды, есте сақтайды, біледі

ата, айт, атап шық

Түсіну

түсіндіреді, аударады, көрсетеді

сипатта, өз сөзімен айтып бер,

түсіндір, талқыла, салыстыр.

Қолдану

мәселені шешеді, білімдерін көрсетеді


қолдан, пайдалан, түсіндір,

таңда,


Анализ

сараптайды, талқылайды, ашады

жауап бер неге,

диаграмма жаса, салыстыр,

сұрастыр.


Синтез

қорытындылайды, жоспарлайды

құрастыр, құр, ойлан, қарастыр,

жаса, жоспарла.

Бағалау

талдайды, бағалайды, таңдайды

бағала, салыстыр, ең жақсысы

не, кімдікі дұрыс, бұл неге

ең маңызды



-Қандай сұрақтарды құрастыру жеңіл?

-Қандай сұрақтарды құру қиынға түсті? Неліктен?

-Оқытуда жоғары және төмен деңгейдегі сұрақтар қандай роль атқарады?

15 мин

Тапсырма №4







Бір сабақ тақырыбын алып, жуан, жіңішке сұрақтар құрастырады.

Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолданып бір сабаққа жоспар құрастырады.

Әр топ бір-бірін бағалайды.

2 жұлдыз 1 тілек

15 мин

Рефлексия

Сауалнама толтыру. Сөйлемдерді аяқта .............

Мен семинарға қатыстым, жалпы ол _________

Менің ойымша, біз _____________________

Әсіресе қызықты болғаны_________________

Мен жұмысқа келгенде, ең бірінші мен___________

Менің мынадай тілегім бар__________________

2-3 мин