СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Үлкенге - құрмет, кішіге -ізет."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.  - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;  - сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;  - үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.   

Просмотр содержимого документа
«"Үлкенге - құрмет, кішіге -ізет."»

Тақырыбы: «Үлкенге –құрмет, кішіге - ізет» 
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 
- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; 
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; 
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. 
1-жүргізуші:

Ата-анаңның тілегі – адам болып өскенің;

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.

Үлкендерді құрметтеп,

Көрінер кіші ізетің.

2-жүргізуші:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.

1-жүргізуші: «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.

2-жүргізуші: Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес. Құдайға шүкір, ер азаматтар мен көне көз қарияларымыздың жөн-жосық тәлімдері арқылы мұндай өрескел істерге жол берілмейді.

Балалар, ата-аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? 
Ендеше, балалар, сыйластық отбасынан басталады. 
Балалардың үлкендерді сыйлауға және үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында сұрақтар қою: 
— Балалар, ата, әжелерің сендерге қандай ақыл-кеңестер айтады? 
— Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіңдер? 
3. Тапсырма 
— Балалар, сендер өздеріңнің ерекше сыйлайтын адамдары туралы және оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық екенін ойланып, айтып беріңдер. 
(оқушылардың жауаптары) 
«Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы) 
— Балалар, құрмет — үлкен адамдарға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет — үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Өзің сыйласаң, сен де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы болып өтерсің. «Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» деген сөздің мағынасы осы. 
6. Тыныштық сәті 
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. 
Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді аш— саңдар да болады. 

Кішілік пен кісілік. 
— Балалар, өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер. 
— Кішілікке тән қасиеттерді іріктеп айтыңдар. 
8. Дәптермен жұмыс 
— Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерлеріңе жазыңдар. 
— Берілген сөздердің шеңбер ішінде берілген отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін тауып белгілеңдер және айтып беріңдер. 
9. Жүректен жүрекке 
— Балалар, біз шаттық шеңберге тұрып, бір бірімізге жүрегімізден шыққан жақсы тілек айтайық (жұмсақ жүректі қолдан қолға беріп). 
— Сонымен, балалар, адамдар өзара сыйласып, бір — бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін құрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді. Өзін — өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі.