СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ауылға саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға ауыл туралы мағлұмат беру. Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, оларды бір-бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды бекіту.

Дұрыс айтасыңдар,әтеш ауылда өмір сүреді,ол үй құстарына жатады.Ендеше балалар ауылға саяхатқа барайықшы.Ол үшін біз автобусқа отырамыз,ал оған міну үшін бізге билет қажет.Мен сендерге түрлі пішіндерден жасалған билет таратып беремін,соған сәйкес әр бала өз орнына отыруы керек.(балалардан пішіндерді және түстерін сұрау) Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бұл әтеш.Ол үй жануарына жатады және жем,тарымен қоректенеді.Әтеш өзінің әдемі дауысымен таңертең біздерді оятады.Қараңдаршы оның дауысынан тіпті басқа да үй жануарлары оянды. Естідіңдер ме,бірінші сиырдың,екінші қойдың,үшінші мысықтың,төртінші иттің дауысы шықты.(балалар дауысын ажыратып айтады) Балалар тыңдап жауап береді. Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,дұрыс айтасыңдар.Бұлардың бәрі үй жануарына жатады. Себебі,олар өздері күн көре алмайды,сондықтан адамдардың қамқорлығында тіршілік етеді.Олардың бізге берер пайдасы өте көп.Айта кетсек,жеп отырған етіміз,ағарған тағамдарымыздың барлығы осы үй жануарларынан алынады. Қәне,балалар шаршадық па? Балалар: Ия Тәрбиеші: Ендеше орнымыздан тұрып серігіп алайық. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп -кішкентай балалар, Үп –үлкен болып өседі. Тәрбиеші: Жарайсыңдар,орнымызға отырайық. Балалар тақтаға назар аударайық. Не көріп тұрмыз? Балалар: Әтеш,ит,қой,мысық,сиыр. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар өте жақсы.Ендеше осы үй жануарларының дауысын салып көрейікші?(балалар айтылған жануарлардың дауысын салуы керек) Тәрбиеші: Бәрекелді,балалар, жарайсыңдар.Енді осы сурет бойынша жұмыс жүргізейік.(суреттермен жұмыс) Балалар ойын ойнағыларың келе ме? Балалар: Ия Тәрбиеші: Ендеше ойын ойнайық, Балалар қараңдаршы күннің шуағы неге жоқ ? Балалар: Қазір күн суық. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар,жарайсыңдар.Балалар! Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс мезгілі. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілі болғандықтан күннің шуағы яғни бізге берер жылуы аз.Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі келе жатыр.Көктемде күннің шуақтары жарқырап,бізге берер шуағы мол болады. Ойын: «Күнге шуақ жасайық» Шарты: Берілген шуақсыз күнге, балалар шуақтарын жапсыру қажет. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,өте жақсы сендерге ойын ұнады ма? Балалар: Ия,ұнады. Тәрбиеші:Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма? Балалар: Ия,ұнады. Тәрбиеші:Біз саяхатқа қайда бардық? Балалар: Ауылға бардық. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Ауылда қандай жануарларды көріп,дауысын салдық? Балалар: Ит,мысық,әтеш,сиыр,қой. Тәрбиеші: Бәрекелді.Қандай ойын ойнадық? Балалар: Күннің шуағын жапсырып. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне барлықтарыныңыз өте жақсы қатыстыңыздар.Келесі ұымдастырылған оқу қызметінде бұданда жақсы қатысып,биіктерден көріне беріңдер.

23.02.2019 12:32