СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілінен 7 сынып бойынша жаңартылған бағдарлама бойынша әдістемелік көмек

Нажмите, чтобы узнать подробности

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз................

4

1.Диктант: түсініктеме, түрлері

5

1.1

Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы.............

5

1.2

Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы....

6

1.3

Диктантты жаздыру техникасы........

17

1.4

Диктант нормасы.............

17

1.5

Бағалау нормасы............

18

1.6

Диктанттағы қателерді талдау жүйесі.......

18

1.7

Қатемен жұмыс жүргізу ережесі........

19

2.Диктантқа арналған мәтіндер

2.1

5-сыныпқа арналған мәтіндер.........

20

2.2

6-сыныпқа арналған мәтіндер.........

24

2.3

7-сыныпқа арналған мәтіндер.........

29

2.4

8-сыныпқа арналған мәтіндер.........

39

2.5

9-сыныпқа арналған мәтіндер.........

52

2.6

10-сыныпқа арналған мәтіндер.........

58

2.7

11- сыныпқа арналған мәтіндер........

66

3.Өздік диктантын жазуға арналған жадынама

3.1

Өздік диктантына арналған өлеңдер.......

77

3.2

Өздік диктантына арналған қанатты сөздер.....

80

Пайдаланылған әдебиеттер..........

98

АЛҒЫ СӨЗ

Бұл диктант мәтіндері жинағында жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне, сонымен қатар қазақ тілін үйренушілерге арналған түрі тәрбиелі, мағыналы, мазмұнды мәтіндер іріктеліп жинақталған. Жинақта диктант жаздырудың әдістемесі, талаптары, оқушыларға арналған ережелер берілген. Диктант мәтіндерінің мөлшері, бағалау нормалары көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілін оқыту бағдарламасы басшылыққа алына отырып, 5-11 сыныптарға арналған диктант жазуға арналған мәтіндер оқушылардың тілді меңгеруіне байланысты берілген.

Заман талабына сай диктант жазудың да ережесі мен түрлері түрленіп отырады. Дәстүрлі диктанттар бақылау түрінде тоқсан барысында тақырыптық және қорытынды бақылау диктанты болып жаздырылатын болса, қазіргі өлшемдегі диктанттар түрліше болып жаздырылуда.Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып отыр.Соңғы кезде қазақтілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Оқушының алған білімін өмірде қолдана білуді негізге ала отырып жеке тұлғаны дамыту мақсатында сандық диктанты, жүгіру диктанты, сөздік диктанты, көру диктанты, терме диктанты, жатқа жазу диктанты, ескерту диктанты, өздік диктанты, ерікті диктанты, түсіндірме сүйеніп отыру диктанты, диктанты, графикалық диктанты, бақылау диктанты, жүгіру диктанты, шығармашылық диктанты, ысқыру диктанты, модельдеу диктанты, т.б. түрлерін жаздыру тиімді болып отыр. Сондықтан да жинақта әрбір диктант түріне қысқаша болса да түсінік беріп кетуді жөн санадық, сонымен қатар мұғалімдердің көп ізденері, көп қолданатыны бақылау диктанты болғандықтан басымдылықты осы диктантқа аудара отырып бірнеше мәтіндерді жинақта ұсынып отырмыз.

Бұл жинақта дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы туралы да айтылады. Дәстүрлі диктантта жазылым негізге алынса, қазіргі диктанттарда тыңдалым дағдысына баса назар аударылған.Диктанттың өмірге қажеттілігі мен ұтымдылығы да өте маңызды. Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды,тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйретеді. Оқушы лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.

Қорыта айтқанда, диктант өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!

ДИКТАНТ: ТҮСІНІКТЕМЕ, ТҮРЛЕРІ

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады.

А. Байтұрсынұлы

Диктант – латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен, ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді.

Атап айтқанда:

- сөздік диктанты

- көру диктанты

- терме диктанты

- жатқа жазу диктанты

- ескерту диктанты

- өздік диктанты

- ерікті диктант

- түсіндірме диктанты

- графикалық диктант

- шығармашылық диктанты

- бақылау диктанты

- жүгіру диктанты

- сүйеніп отыру диктанты

- ысқыру диктанты

- модельдеу диктанты

- сандық диктанты т.б.

1.1 Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы

1-кесте

Дәстүрлі диктант

Қазіргі өлшемдегі диктант

1

Жазылым дағдысы;

Тыңдалым дағдысы;

2

Мұғалім басты рөлде;

Оқушы басты рөлде;

3

Грамматикалық, пунктуациялық қателіктері тексеріледі;

Тыңдау дағдысы және сауаттылығы тексеріледі;

4

Білім диктант нәтижесімен өлшенеді.

Өмірге қажеттілігі ескеріледі.

1.2 Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:

  • Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;
  • Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;
  • Лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.

Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.(1-кесте) Соңғы кезде қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашы- лық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Кейбіріне тоқталатын болсақ:

Сандық диктант

Берілген сөздерге қатысты сандарды қойып жазады:

Зат есім - 1

Етістік - 2

Сын есім - 3

Сан есім – 4

Бірінші кезең

көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазады

Ең бірінші... – Халқым менің,

Соған берем.... алтын кенін.

...., мен бармын,.. болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан...

менің.

Екінші

кезең

Модель-сызбаны толтырып,

диктантты жалғастыр

Не істедім?.......

.......

.......

Үшінші

кезең

Диктантты үзбей жалға.

Бақытым бар үшінші -...................

Төртінші

кезең

Тәуелденіп тұрған сөзді теріп жазып, сөз құрамына талда

..............

Категория: Прочее
13.11.2017 08:17


Рекомендуем курсы ПК и ПП