СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдармалары аясында бірінші(ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтаған Кунгратбаева Мунираның ІІ жартыжылдықта өткізген коучинг сессияларының рефлексиясы.
Жыл басында өз жұмысымды іске асыру мақсатында алдымен бірінші деңгей бағдарламасының міндеттерін негізге ала отырып, жоспар құрдым.Жоспарға сай жұмыстың орындалуы үшін өзімді және әріптестерімді шабыттандырып отырдым.
Өз жұмысымды нақтылай түсу барысында және де әрбір жұмысты саралау мақсатында,«Оқытудың 7 модулі және сыныптағы диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздім. Дөңгелек үстел басында мұғалімдер құнды пікірлерін айтты.Атап айтқанда : «Қарқынды өзгеріп жатқан өзгерістерден де, деңгейлік бағдарламаның 7 модулі,оның ішінде диалогтік оқыту туралы хабардар болып,қызығушылық танытып отырмыз.Енді бізге осы әдіс-тәсілдерді сабақта қалай қолданамыз,қалай нәтижесін көре аламыз,сол жайлы кеңінен коучингтер өткізсеніз»Ең алғашқы болып «Коучинг пен тәлімгерлік» тақырыбында коучинг сабағын өткіздім. Мұғaлiмдерге кoyчинг caбaқтaрын өткiзyде caбaқтaрымның бaрыншa қaрaпaйым, қызықты, түciнiктi және мaзмұнды жүрyiне, кoyчингке қaтыcқaн әрiптеcтердiң менiмен және өзaрa жaқcы aтмocферaдa бoлyынa баса назар аудардым.
Сессия барысында мұғалімдерге жаңа технологияның тиімділігін көрсету үшін белсенді және белсенді емес сыныпта көрініс табатын жағдайларға салыстырмалы түрде баға бергіздім. Салыстырмалы түрде бірлесіп талқылау нәтижесінде мұғалімдер белсенді емес сыныптағы жағдай дәстүрлі әдіспен өтілген сабақ барысын сипаттайтындығын, ал жаңа технология әдісімен оқытылатын белсенді сыныптағы сабақтың тиімді екендігіне көз жеткізгендігін, бұл әдісті өз сабақтарында міндетті түрде қолданатындықтарын айтты. Әрiптеcтерге кoyчинг өткiзy aрқылы кoyчтың aтқaрaтын қызметiн, oның бoйындa қaндaй қacиеттер бoлy керектiгiн түciндiм. Кoyчтың рyхaни жетекшi, шынaйы дoc екенiн, aдaмдaрдың мәселелерін, тереңде жaтқaн oйлaрын көре aлaтын және oны шешy жoлдaрын тaбa aлaтын мaмaн екенiн ұғындырдым. Өзім өткізген коучингтерде «өрмекші торы», «сұрақтар шынжыры», «Т кестесі» сияқты бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаландым.
Қатсушылардың қызығушылығы арта түсті ІІ жарты жылдықта пәндер бойынша ҰМЖ,ОМЖ жоспарларын жасадым.МДЖ жоспарын әріптестеріммен бірлесе отырып жасадық.
Өзіме біріктірілген мұғалімдер мен бірге апта да бір рет коучинг сесиялар өткізіп отырдым. Өткізген алғашқы сессия барысында жетістіктермен бірге біршама кедергілер болды. Әр топ мұғалімдері ойланып қалды, белсенділігі жоғары мұғалімдері тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда кейбір мұғалімдер тапсырманы орындай алмай жатты. Топқа бөлген кездеде кедергілер болды мұғалімдер отырған орындарынан қозғалғылары келмей ренжіп отырды. белсенділігі жоғары мұғалімдердің іс әрекеті: барлық тапсырмалар қызық болды, ұнады. Әр тапсырмаға белсенді жауап берді, өз ойларын айта бастады.
Кедергілерді шешу жолдары: Келесі сабақта кедергілерді шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізу, жеке жұмыстар жүргізіп, оларды жеке, топпен орындауға үйрету.
Оқудан күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер оқыту мен оқытудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді. Жаңа әдіс тәсілдерін қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашты, сыни тұрғыдан ойлауына, өз бетімен жұмыс жасауына, тапсырмаларды тиянақты орындай отырып, өзінің білім деңгейін жоғары екенін көрсете білді, өз пікірін топ алдында қорғай білу қабілеті артты.
Не сәтсіз болды? Мұғалімдер берілген тапсырманы бірден түсіне алмай уақыт жоғалтып алды.
Қандай күшті жақтарға сүйенесіз? жоспарлаған уақыты жетуі, Тақырыпты алдын ала болжауды орындауы көңілден шықты, уақытын үнемдеді, сыныптағы әр мұғаліммен қатынасы жақсы болды. Барлығы өз ойларын жеткізе алды.
Не жақсарта аласыз? Топпен жұмысты жақсарта алады
Нені өзгерткіңіз келеді? Мұғалімдер көбірек өз ойларын ашық жеткізу қажет.
Одан әрі не істемексіз? Мұғалімдерді топқа бөлуде темпераментін ескеру, Жауап алу үдерісіндегі уақытты үнемдеу,Мұғалімдерді осы жаңа әдіс тәсілге толығымен бейімдей алатындай сабақ жоспарын құру керек.
Рефлексия "Екі жұлдыз, бір тілек" және "Шығу парағын" толтыру арқылы жүрді.Рефлексияда әріптестерім өздерінің сабақ туралы ойларын жеткізген: топтық жұмыс ұнады және осыны сабағымда пайдаланамын, жаңа әдіс-тәсілдермен таныстым,топтық жұмыс балалардың жауапкершілігін арттырады, оқушылар өзін тұлға ретінде сезінеді, т.б
Мұғалімдер сессия барысында меңгерген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолданып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра алды. Атап айтқанда биология пәні мұғалімі А.Жұманова,бастауыш сынып мұғалімі Ш.Үсенова,Б.Акинбаевалар сабақтарын жаңа технология мен өтіп аз ғана болсада өз жұмыстарының нәтижесін көре алды.
Әріптесіміз Усенова Ш топтық жұмысты тиімсіз деп білер едім,себебі жақсы оқитын оқушылар белсенді қатысып,ұяң балалар шетте қалып қояды деп ойлаушы едім.Алайда олай емес екен, ұяң оқушылар өз құрдастарымен пікір алмасу арқылы жауап беруге талпынады екен деген пікірді айтты.Сәтсіз тұстары әріптестерім әлі де әдістерді жүйелі қолдана алмауы,бағалауды дұрыс бағалай алмауы.Жұмыс барысында сәтсіз тұстарды жеңіп,жестістіктерге қол жеткізе аламыз деген сенімдемін. Басқа мектептермен желілік қоғамдастық құрып,байланыста боламыз.Т.Қалқаұлы мектебінің мұғалімдері де коучинг сабақтарға қатысып,жаңа технология әдіс-тәсілдерін үйреніп келеді. Өз сабақтарында әдіс-тәсілдерді қолданып ашық сабақтар өтті.Сөзімнің дәлелі ретінде «Оқытудағы жаңаәдіс тәсілдер» атты коучинг сессиясының ркфлексиясын келтіріп өтейін. Сессия барысында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренді.Коучингтің барысы төмендегідей болды. Шаттық шеңберінде,топқа бөлүде қатысушыларды диалогқа тарта отырып, коучинг тақырыбы ашылды. «Екеуі қонақта,біреуі үйде», «Айналмалы бекет»әдістері арқылы төмендегідей іс-әрекеттер орындалды.Топтарға бейнероликтер арқылы тапсырмалар берді. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы тоқталды. Әр топқа жаңа әдіс-тәсілдер бойынша сахналық көрініс дайындау тапсырылды.Топтар бірін –бірі бағалады.Өтілген сабақтар барысында,жоғарыда айтылған үдеріс кезінде көптеген сәтті және сәтсіз тұстарыда көрініс тауып жатты.Сәтті жағы мұғалімдердің өз ойларын жүйелі жеткізе білуі.Ұстаздар қауымы коучинг үдерісінен хабардар екендігін байқатты.Рефлексия,кері байланыс беруде өз шеберліктерін көрсете алды.Алайда сәтсіз деп айтуға болатын жәйт әріптестердің топтық жұмысты бәсекелестік пен ажырата алмауы.Уақытты тиімді пайдаланбауы.Топ ережесінің жасалмауы. Топ мүшелерінен кейбіреулерінің белсенділік танытпай шетте қалуы.Сондықтан мен кейінгі коучингімді «СТО да топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру» деп алдым.Мақсаты;Топтарда бірлесіп жұмыс жасау ережесін жасау.Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырудыңтиімділігі мен әдіс-тәсілдерін түсіндіру.Топта ынымақтастықпен бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жолдарын үйрету.Табыс критерийлері.Топтық,жұптық жұмысты дағдыға айналдырады.Мұғалімдер бір-бірімен қарым –қатынас жасауға дағдыланады.Топтық жұмыстың әдіс-тәсілдерін меңгереді және оны өздері қолданады.Коучинг үдерісінде пайдаланған әдістер «Сұрақтар шынжыры»,«Т кестесі» «Құмырсқалар» бейнеролигі көрсетілді.Бейнероликті көре отырып, қатысушылар жүйелі пікірлер айтып, тақырыпты аша алды.Әр топқа үлгерімі төмен оқушылардың оқуын жақсарту үшін не істейсіз сұрағына алдымен жеке өз ойларын жазуды,кейін жұпта талқылауды,содан соң топта бірге талдап ортақ ойларын жазу тапсырылды. Осы тапсырманы орындау арқылы қатысушылар топтық жұмыстың тиімділігіне көз жеткізе алды.Өз жауаптарына SWOT талдау жүргізді.Өздерінің күшті,әлсіз жақтарын,кедергілермен оларды жою жолдары туралы бір-бірін диалогқа тарту арқылы пікір алмасты.Қатысушылар коучинг барысында әр тапсырманы орындауда, сергіту сәтін өткізуде де топтық жұмыстардың тиімділігін алға тартып отырды. Тәлім алушы Усеноыа Шахадат топтық жұмысты тиімсіз деп білер едім,себебі жақсы оқитын оқушылар белсенді қатысып,ұяң балалар шетте қалып қояды деп ойлаушы едім.Сөйтсем ұяң оқушылар өз құрдастарымен пікір алмасу арқылы жауап беруге талпынар екен деген пікірді айтты. Сәтсіз тұстары әріптестерімнің әлі де әдістерді жүйелі қолдана алмауы, бағалауды дұрыс бағалай алмауы. Рефлексия "Екі жұлдыз, бір тілек" және "Шығу парағын" толтыру арқылы жүрді.Рефлексияда әріптестерім өздерінің сабақ туралы ойларын жеткізген: топтық жұмыс ұнады және осыны сабағымда пайдаланамын, жаңа әдіс-тәсілдермен таныстым,топтық жұмыс балалардың жауапкершілігін арттырады, оқушылар өзін тұлға ретінде сезінеді, т.б. Мұғалімдердің жазған рефлексиясы негізінде,мұғалімдердің қажеттіліктеріне байланысты келесі коучинг сессия тақырыбын «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп алдым.»
Сессияның тақырыбы: Оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың мәні Сессияның мақсаты: Бағалау мақсаты мен мәнін түсіне отырып, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың маңызын түсіну
Күтілетін нәтиже: Бағалау мақсатын, мәнін және маңызын түсінеді. Бағалау әдістерін қолданады
Сессияның түйінді идеялары: Оқу үшін бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын рәсім ретінде дәстүрлі қабылдауға үйренген мұғалімдердің ұғымын түбегейлі өзгертіп, бағалау үдерісін оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екендігін менгерткім келді.
Сессияның әдіс-тәсілдері: “ Екі әншіні бағалау ” бейнефильм “Миға шабуыл” стратегиясы, “Социометрия” әдісі, “Айналмалы бекет” әдісі
Уақыты |
Сабақтың кезеңдері |
Коучтің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау |
Қолданылатын ресурстар |
3мин 5мин 3мин |
Кіріспе |
Саламатсыздар ма құрметті әріптестер! Ең алдымен жағымды ахуал құрып алайық. -Шеңбер құрып, «жүректен жүрекке» жаттығуын орындап, бір-бірімізге тек қана жағымды тілектер айтамыз. Суреттердің қиындылары беріліп, Мозайка әдісі арқылы топқа бірігеді. Сұрақтар: -Қандай әсер алдыңыздар? - Сабақтарыңызда топқа біріктірудің қандай түрлерін пайдаланасыздар? |
Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды, бір-бірінің қолдарынан ұстап, ізгі тілектерін білдіреді. Сурет құрастырады, топқа бірігеді Топ мүшелерінің жауаптары тыңдалады |
Сурет қиындылары |
|
7мин |
Таныстыры лым |
Миға шабуыл әдісі. Бейнежазба көріп, “Екі әншіні ” тыңдайды Сұрақтар: - Екі әнші сіздерге несімен ұнады? - Қандай баға бересіздер? -Бағаны неге сүйеніп бердіңіздер? -Оқу үдерісін бағалау қажет пе? - Сіз сабақта нені бағалайсыз? -Сыныпта сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз? Социометрия жүргізу. Шкала арқылы жаңа тақырыпты мұғалімдердің қаншалықты дәрежеде білетінін анықтау |
Екі әншінің өлеңдерін көріп, тыңдайды, салыстырады, баға береді. Қойылған сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдіреді 10 балдық жүйеге негізделген шкала бойынша мұғалімдер өздерінің қаншалықты білетінін шынайы белгілеу |
Әншіні бағалау Өзінің деңгейін бағалау |
Бейнежазба Социометрия парақшасы |
20мин |
Негізгі бөлім |
“Айналмалы бекеттер” әдісін түсіндіру. Өздеріне қайта айтқызу. 2 топқа тапсырма берілді. 1 топ тапсырмасы: бағалаудың мақсаты мен мәні 2 топ тапсырмасы: жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың маңызы Тапсырма орындауға 20 минут уақыт берілді Слайд: “Критериалды бағалау |
Топ мүшелері өз міндеттерін бөлііседі (бақылаушы, көшбасшы, түсіндіруші, тыңдаушы) |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3-деңгей 52-54 бет үшінші басылым Оқу құралдары” таныстырылымы |
|
7мин |
Қорытынды |
Сұрақ-жауап. “крестиктер, нольдіктер” әдісі Топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. “ Басбармақ” әдісі арқылы өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Керібайланыс Post-It «жапсырмалар» арқылы алынды |
Тақтадағы кестені сұрақтарға жауап бере отырып белгілейді, жеңімпаз топты анықтайды. “ Басбармақ” әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды. Post-It «жапсырмалар» кестесін толтырады |
Өзін- өзі бағалау |
“Сабақтың аяқталуы” таныстырылым |
Осы коучингтен кейін мұғалімдер бағалау түрлерімен танысты. Бағалауды дұрыс жүргізу оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра түсетінін сезінеді,жәнеде оқушылар арасында түсінбеушіліктер орын алмайтынына көз жеткізді.
-80%
© 2016, Кунгратбаева Мунира Убайдуллевна 651